Суббота , 5 июля 2025

ӘЗІРБАЙЖАН ресейлік журналистерді ЕЛДЕН ҚУДЫ

Жарай­сың, туысқан!

 

Әзір­бай­жан­дық «Oxu.Az» пор­та­лы­ның мәлі­мет­теріне сүй­ен­сек, Тау­лы Қара­бақтағы жан­жал­дар тура­лы бір­жақты және шын­ды­ққа жана­спай­тын ақпа­рат таратқан «LifeNews арна­сы­ның тіл­шілерін үкі­мет елден қуып шыққан. Бұл тура­лы Әзір­бай­жан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сыр­тқы істер мини­стрі Хик­мет Гаджи­ев мәлімдеген.

 

Гаджи­ев­тің айтуын­ша, ресей­лік арна­лар қару­лы қақты­ғы­стар жүріп жатқан Әзір­бай­жан тер­ри­то­ри­я­сын­да аккре­ди­та­ци­я­сыз ақпа­рат тара­ту­мен, мәлі­мет­тер­ді бұр­ма­ла­у­мен және про­во­ка­ци­я­лық мате­ри­ал­дар жаса­у­мен айналысқан.

Біз осы­ның алдын­да Қара­бақтағы жан­жал­дарға қаты­сты мақа­ла жари­я­лаған бола­тын­быз (7‑бетті қараңыз). Онда Тау­лы Қара­бақтағы Арме­ния мен Әзір­бай­жан ара­сын­дағы жан­жал­дың ушы­ғуы­на Ресей мүд­делі екен­ді­гі айты­лған. Әсіре­се ресей­лік БАҚ-тың дез­ин­фор­ма­ци­я­лық сая­са­ты һәм ресей­лік про­па­ган­да дәп-дәл Укра­и­на жан­жал­да­рын еске түсіруі мүм­кін екен­ді­гі сөз болады.

Ал кеше РФ Дума­сы­ның дүм­ше депу­та­ты Жири­нов­ский Арме­ния мен Әзір­бай­жан ара­сын­дағы жан­жал­дар­ды рет­теу үшін Ресей қару­лы күш­терінің көме­гі керек екен­ді­гін айтып, Дума мін­берін­де сөйледі.

Abai.kz

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн