ЗИЯЛЫ мен ЗИЯНДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №14 (285) от 09 апреля 2015 г.

 

Тураби тұғыры

 

Хамит Мектепұлы:

Елбасы ақ сұңқарына мініп алып, елді аралап, шауып жүр. Сайлау алдындағы бағдарламасына мемлекет құрушы ұлттың қамын жасайтын шараға орын жоқ. Оның болашағы, мемлекеттік тілдің қолданысы қалай болмақ? Естіп отыр­ғанымыз: «қазақстандық ұлт», «Мәң­гілік ел». Көріп отырғанымыз – орыс тілдің дә­у­ірі төрге домалап, қар­қындап барады. Кірпіге айналып, бүр­сеңдеп отыратын заман болды қазақ үшін. Қазақтың зарын тыңдайтын құлақ бар ма билікте? «Пир­дың тойы» деген белгілі афоризм бар. Маған солай болып көрінеді мынау керуен.

 

Меруерт Құсайынова:

Алматы облысы, Қарасай ауданына қа­расты Ақсеңгір ауылының маңында мұғалімдер «субботникте» жүр (кешелі бері). Сейсенбі күні қандай «сенбілік» екенін сұрап едік, «сайлауға дайындық, дөкейлер осы жолмен жүруі мүмкін, басшылар бұйырды, бағынуға мәжбүр­міз» деген сыңайдағы жауап алдық… Ұстаз­дары көше сыпырған мектептің оқу­шы­лары туралы сөз етудің өзі артық шығар, сірә?..

 

Айдар Ерғали:

Жақында Үрімшіге барып қайтқам. Қы­тайда бұрын да болғам, бірақ жергілікті қазақтармен алғаш танысқаным осы жо­лы. Тамаша адамдар. Оқымысты, са­у­ат­ты, мәдениетті, байсалды, көр­кем мінезді адамдар. Және тілдері ер­екше. Тілде­рін­де құлақты еріксіз елең еткізетін әдемілік бар. Жеткізу қиын. Қытайша судай, әри­не, бірақ өзара тек қазақша сөйлеседі. Нағыз қазіргі заман адамдары. Аса діншіл де емес, бір­ақ арақ ішпейді. Әрине, ішкі жағ­даймен жақсы таныс емеспін, дегенмен жалпы Қытайдағы қазақтар жақсы әсер қалдырады екен. Жеке телеарналары бар. Арна өте қызықты, деңгейі біздің арналардан артық болмаса, кем емес. Орыстардың қоқысын айдап, ула­нып жүр­генше, осыларды неге көр­сетпейді екен бізге деп қаласың. Жалпы, Қытайды мақтай бергеннен ау­лақ­пын, бірақ Ресей болмаса, Қытай бізге қаптап, жалмап, отарлап алады деген далбаса әңгіме еке­ніне көзім жетті. Ондай болса, Қытайдағы қазақ­тар бая­ғыда жоқ болып кетпес пе еді? Ал ол­ар қайта бізге қарағанда қазақ болып қалған. Тіпті «тәуелсіз» ата­жұрттан кел­геніңе ұялады екенсің.

 

Заңғар Кәрімхан:

Біз зиялы мен интеллигенцияны шатастырып жүрміз. Интеллигент – бір басына бірнеше ғылымды игерген, жан-жақты білімді адам. Ақыл-парасаты жағынан да ешкімге дес бермейді. Бірақ мұндай адамдарда бір «но» бар. Онысы – жүре­гі­нің жоқтығы. «Ғалым – ғылыммен ғана айналысуы керек, сая­сатта шаруасы бол­мауға тиіс» дейтін­дер осындай кісілер.

Ал зиялы бұдан бөлек. Зиялының да біл­мейтін нәрсесі болмайды, сонымен бірге өз еңбегінің дұрыс бағаланғанын қалай­ды, еккен ағашының жеміс беріп, дұрыс гүлдегенін көксейді. Ұлт тағды­рының қи­ын сәтінде дауысын шығарып, ненің бұ­рыс, ненің дұрыс екендігін тура айтады. Абай хакім айтатын «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректің» адамы – осындай кісілер. Бұл жағынан келгенде зиялы интеллигент өкілінен бір баспалдақ биік тұрады. Міне, осы екеуінің арасын айыра білмегендіктен, біз зиялыны «интеллигент» деп, ин­теллигентті «зиялы» деп ауыстырып айтып жүрміз.

 

(Пікірлер интернеттегі әлеуметтік желілерден алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн