«Общественная позиция»
(проект «DAT» №16 (380) от 27 апреля 2017 г.
Апта аптығы
Сәуірдің 20-сы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік «Союз МС-04» зымыраны ұшырылғаны мәлім. Аспан кеңістігін тесіп өткен зымыран сол күні-ақ Қазақстан аумағында зілзалаға пара-пар табиғат апатын тудырды.
Мұндай ұшырулар кезінде ауа райының күрт бұзылатынын білетін «Қазгидромет» мекемесі алдын ала дауылды ескерту жариялады. Ертеңінде – сәуірдің 21-22-інде Алматы, ОҚО және Жамбыл облыстарында нөсер жаңбыр жауып, аймақтарды топансу тасқыны басып қалды. Су-дренаж жүйесі әбден тозған немесе жасалмаған Алматыда күні бойғы нөсерден қала көшелерін тасқын су басты. Жүргінші тұрғындар түгілі, автокөліктің жүрісін қиындатқан топансу салдарынан қаланың төменгі бөлігіндегі жеке үйлердің ауласы өзен-көлге айналды.
Зымыранның ұшу траекториясында орналасқан Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер мен қар суының салдарынан өзендерде су деңгейі күрт көтерілді. Жекелеген аймақтарда қатты дауыл тұрып, ауыл шаруашылығы нысандарына залал келтірді.
Мамандардың пікіріне қарағанда, «Байқоңыр» космодромын Ресейге жалға беруден түсетін 20 млн доллар бір ғана ұшырылым кезінде пайда болатын табиғат апаты зардаптарына пара-пар екен. Ал жыл көлемінде бұл айлақтан қаншама «Союз» бен «Протон» ұшырылатынын ескерсек, бұл саяси сауда Қазақстанға қып-қызыл шығынға түсетінін есептеп шығу қиын емес.
«D»