Вторник , 1 июля 2025

Айман ОМАРОВА: СЕРІКЖАНСАТҚЫН ЕМЕС!

Бес айдан астам үйқа­мақта оты­рған, тір­кел­ме­ген «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның жетек­шісі Серік­жан Біләш бостан­ды­ққа шықты. Алма­ты­дағы Әуе­зов аудан­дық соты­ның үкі­мі­мен Серік­жан Біләш ҚР Қыл­мыстық кодексінің 174-бабы­ның 1‑бөлігі (көп­шілік­ке жария түр­де және БАҚ-ты пай­да­ла­на оты­рып, ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру) бой­ын­ша айып­ты деп таны­лға­ны және про­ку­рор­мен про­це­стік келісім­ге келуіне бай­ла­ны­сты оған бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы кесілмеді.

Сот ғима­ра­ты­нан шыққан Серік­жан Біләш өз ісінің «пре­зи­дент кеңес­шісінің ара­ла­суы­мен ерекше жағ­дай­да шешіл­генін» және сот үкі­мі­мен өзіне 110 мың тең­ге (шама­мен 288 дол­лар) айып­пұл салы­нға­нын айтқан бола­тын. Оған дей­ін Білә­штің адво­ка­ты Айман Ома­ро­ва про­ку­рор­дың Білә­шқа таққан айы­бын мой­ын­дап, про­це­стік келісім жаса­су­ды ұсы­нға­нын, алай­да қорға­у­шы­ның өзі мұн­дай келісім­ге қар­сы болға­нын мәлім­де­ген еді. 

Деген­мен осын­дай «ерекше жағ­дай» әле­умет­тік желілер­де әртүр­лі әңгі­ме туғы­зды. Істің заң мен адам­гер­шілік тұрғы­сын­дағы ара-жігін ажы­ра­ту үшін және мән-жай­ды оқыр­ман қауы­мға ақ-қара­сыз жет­кі­зу мақ­са­тын­да адво­кат Айман ОМАРОВАНЫ «ДАТ!» айда­рын­дағы ашық сұх­батқа шақы­рған едік. 


Қаза­қстан­дық сот елдің абы­рой­ын Қытай­дың таба­ны­на салып берді.

– Айман ханым, соны­мен Серік­жан­ның соты қан­дай нәти­же­мен аяқтал­ды: әле­умет­тік желі тағы да екі­ге жары­лып тұр – бірі Серік­жан билік­тің дегеніне көн­ді, «саты­лып кет­ті» десе, екін­шілері – бостан­ды­ққа шыққа­ны дұрыс бол­ды дей­ді. Осы екі текетіре­стің қақ орта­сы қандай?

– Екі түр­лі пікір­дің артын­да тұрған шын­ды­қтың бай­ы­бы­на бар­маған­дар қашан да елдің ішін ала­тай­дай бүл­діреді. Бұл ара­да Серік­жан­ның қалай сот­ты болған­ды­ғын емес, сот пен про­ку­ра­ту­ра­ның аза­матқа жасаған қыса­сты­ғын сөз етуі­міз керек. Мәсе­лен, өзім қорға­у­шы­ла­ры болып жүр­ген, зор­лы­ққа тап болған қыздар­дың ісін­де жәбір көр­ген­дер­ді кінәлап, зор­лық жасаған қыл­мыс­кер таса­да қала­ды. Сол сияқты зардап шек­кен Серік­жанға жала жауып, заң­ды белі­нен басып оты­рған­дар тура­лы ешкім сөз қозғап оты­рған жоқ. 

Қоғам­да елді екі­ге бөлетін мәсе­ле туын­да­мауы керек, сол себеп­тен де дұрыс қой­ыл­маған екі түр­лі сұраққа дұрыс жау­ап беру­ге мүм­кін­дік жоқ. Алды­мен Қаза­қстан­да осын­дай сотқа неге жол беріл­гені жөнін­де мәсе­ле көтерілуі керек деп ойлаймын. 

Серік­жан – адво­кат емес, оның қорға­у­шы­сы – мен! Ол – заң­сыз, әділет­сіз зардап шек­кен аза­мат. Қоғам­да заң­ды­лық нор­ма­ла­ры­ның дұрыс жұмыс істе­ме­уінің кесірі­нен осын­дай сот болды. 

– Алма­ты­да өткен Серік­жан Бәлі­штің сотын сіз заң­сыз деп атап, «келісім­ге келетін­дей негіз жоқ еді» деуіңіздің себебі де сол ма? Осы жағ­дай­ды тара­тып айтып берсеңіз…

– Оның себебін тара­тар бол­сам, бірін­ші­ден, аста­на­лық Алма­ты ауда­нын­дағы шіл­денің 29-ындағы сот­та судья бұл істі Алма­ты қала­сын­да қара­ла­ты­ны тура­лы шешім шығар­ды. Сол шешім бой­ын­ша, үйқа­мақта оты­рған Серік­жан­ның тұрақтай­тын орны ғана ауы­сты. Екін­ші­ден, біз аста­на­дан оны алып кетуі­міз үшін, заң бой­ын­ша он бес күн­нің ішін­де енетін шешім­ді күттік. 

Сөй­тіп, тамы­здың 15‑і күні поли­ция қыз­мет­кер­лері­мен бір­ге аста­наға барып, Серік­жан­ды Алма­ты­ға алып кел­дім. Іс сотқа сол он төрт күн­нен кей­ін түсуі керек еді, бірақ ертеңін­де сот бола­ты­ны тура­лы хабар­ла­ма­ны кел­ген күні кеш­кісін алдым. Бір күн­нің ішін­де сот болуы – таң­да­на­тын жағ­дай. Таңер­тең сотқа бар­сам, Серік­жан жоқ, оны сотқа алып кел­ме­ген. Сот­ты кеш­кі 19.30-ға, яғни жұмыс уақы­ты­нан тыс мез­гіл­ге бел­гілеп­ті. Сотқа алып келу үшін, кеш­кі 5‑те Серік­жанға бар­дым. Бір­ге шығай­ық деп жатқа­ны­мы­зда, поли­ция қыз­мет­кері Ерлік деген жігіт кел­ді. Бір­ден таны­дым, Вла­ди­мир Коз­ло­вқа қорға­у­шы болған кезім­де оны сол абақты­да көр­генім бар еді. Демек, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің қыз­мет­кері. Сол жігіт Серік­жан­ды алып кету­ге келіп, еке­умізді бір көлік­ке оты­рғы­з­бай қойды. 

Сотқа кел­сек, Серік­жан жоқ, күзет­шілер мені сот ғима­ра­ты­ның артқы жағын­дағы қақ­па­дан кір­гізіп, есі­гін тарс жауып, құлып­тап қой­ды. Мен бол­сам, Серік­жан­ды іздеп, таба алмай­мын: қай­да кір­гіз­ген­дері бел­гісіз. Бір жарым сағат күт­тім, мені ешқай­да жібер­мей­ді. «Есік­ті ашпа­саңы­здар, сотқа жиналған жұрт­ты шула­та­мын», – дедім. Содан кей­ін ғана сот ғима­ра­ты­ның ішіне кір­гізді, қай­дан кел­гені бел­гісіз – Серік­жан да келді. 

Түрі өзгеріп, сұр­ла­нып кет­кен, екі сағат бұрын хабар­ласқа­ным­дағы көңіл-күйі басқа еді, мына жер­де мүл­де өзгер­ген. Оңа­ша­да қысым көр­сет­кеніне күмәнім бол­ма­ды. «Айман Мұра­тов­на, жабық сот бола­ды, мені 7 жылға сот­тай­тын бол­ды», – дей­ді. Мен заң бой­ын­ша алдын ала сот бола­ты­нын, оның қаулы­сы шыққан соң, он бес күн­нен кей­ін істің қара­ла­ты­нын, әрі жабық өтпей­тінін айттым. 

Сотқа кір­дік, судья басын көтер­мей­ді, про­ку­рор түк бол­маған­дай отыр. Судья алдын ала сот про­цесі бола­ты­нын хабар­ла­ды. Про­ку­рор орны­нан тұрып, куә­гер­лер­ге қысым көр­сетіл­ме­уі үшін, сот­ты жабық өткі­зу тура­лы өтініш жаса­ды. «Кім қысым көр­се­те­ді, Серік­жан­ның үсті­нен арыз жазған куә­гер­лер келуі керек қой», – десем: «Біз­ге сон­дай бір ақпа­рат келіп түсті», – дей­ді. «Жалған сөй­ле­меңіз­дер, дәлел­деріңіз жоқ», – дедім. Про­ку­рор бол­са: «Серік­жан келісім­ге қол қой­ғы­сы кел­се де, адво­ка­ты қар­сы болып отыр», – деп, өсек айтқан­дай, сот про­цесін сахна­лық қой­ы­лы­мға айналдырды. 

Өздері жан-жақтан қау­ма­лап, көн­бесіне қой­маған­да­рын жасы­рып, Серік­жан келісім­ге өзі келісіп отыр деген­дері – жалған сөз. Алдын ала бәрін дай­ын­дап, басқа адво­кат­ты да тауып қой­ған. «Егер өзі келісім­ге кел­се, мен қар­сы емес­пін, бірақ сот сон­дай келісім бой­ын­ша басқа шешім шыға­руы керек. Заң­сыз келісім­ге қан­дай шешім шыға­руға бола­ды? Бұл істе қыл­мыстық құрам жоқ, демек Серік­жан­ды сот залы­нан ақтап шыға­ру­ла­ры тиіс еді. Мен мұн­дай заң­сыз әре­кет­тер­ді көре тұрып, қол қой­ға­ным­ның өзі заң­сыз бола­ты­нын ескерт­тім. Серік­жанға Тоқа­ев­тың көмек­шісі арнайы келіп, келісім­ге қол қой­ма­са, жеті жылға сот­та­ла­ты­нын айтқан. 

«Қол қой­ма, ол заң­сыз», – деп Серік­жанға ескерттім. 

«Алды­мы­зда өмір жалға­сып жатыр, тарих­та осы сот­тың заң­сызды­ғы жазы­лып қала­ды. Про­ку­рор да, сот та өздерін мәж­бүр­ле­ген­дерін, бұй­рық беріл­ген­дерін айтып, ақта­луға тыры­са­ды. Ал мен не деп ақта­ла­мын? Сон­ды­қтан қол қой­май­мын, заң­сыз әре­кет­теріңіз­ге мені қаты­стыр­май, өздеріңіз өткі­зе беріңіз­дер», – дедім. Мені сот залы­нан шығарғы­ла­ры жоқ, оның үстіне Серік­жан­ды мені­мен сөй­ле­стір­гілері кел­мей­ді. «Сау бол!» деп айтай­ын дегені­ме әрең рұқ­сат бер­ді. «Өзің шештің бе, мен ескер­тіп айт­тым. Сені келісім­ге қол қой­ма­саң да шыға­ра­тын еді. Мені түсін­сең бол­ды, өкініп қал­ма!» – дедім де, шығып кет­тім. Көзім жасқа тол­ды, жылап алдым. 

Серік­жан – сатқын емес. Ол бол­ма­са, Қытай­дағы қазақ мәсе­лесін ешкім көтер­мес еді, ешкім біл­мес еді. Ештеңе­ден хабар­сыз қала­тын едік. Өзім қол қой­маға­ны­ма өкінбеймін! 

– Сіз сот­тан шыға сала, Серік­жан өз құқын заң­ды түр­де қорғай алмаға­нын мәлім­дедіңіз. Қаза­қстан­дық сот арқы­лы өз құқын заң­ды түр­де қорғай алуы мүм­кін бе еді?

– Дәл бүгін­гі жағ­дай­да мүм­кін емес! Тіп­ті сот­тағы судья Шар­дар­бе­ко­ва­ның сот­ты жүр­гіз­генінің өзі заңға қай­шы. Пре­зи­дент­тің бұй­ры­ғы­мен ол 2016 жылы судья­лық қыз­меті­нен боса­ты­лған. Осы мәлі­мет­ті әле­умет­тік желіні қол­да­ну­шы­лар да жария етті. Жоғарғы сот­тан жаз­ба­ша сұраға­ным­да, сот жүй­есі тура­лы жаңа заң бой­ын­ша, сотқа судья жетіс­пей жатқан кез­де қыз­меті­нен кет­кен судья­лар­ды алты айдан кей­ін қай­та­дан шақы­ра­тын­да­ры жөнін­де­гі өзгерістер енгізіл­генін айт­ты. Бұл Кон­сти­ту­ци­я­ның қай нор­ма­сын­да жазы­лға­нын сұрап, әрі Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы келетінін де жаз­дым. Сон­дай-ақ кері шақы­ры­лған судья­лар­дың жұмыс тәр­тібі қан­дай? Қыз­мет­те жүр­ген­дер биз­не­спен, адво­кат­тық қыз­мет­пен айна­лы­са алмай­ды. Дема­лы­сқа кет­кен­дері биз­несін, жеке кәсібін жүр­гізіп жүріп, сот про­цесіне қаты­са бере ме? Жау­ап бер­ген ешкім жоқ. 

Сот про­цесі­нен кей­ін ғалам­тор­дан қара­сам, Білә­штің соты өрес­кел бұр­ма­ланған екен. Алма­ты­дағы сотқа іс 9 тамы­зда түс­кен, он бес күн­нен кей­ін қара­ла­тын іске алдын ала тың­да­уды 16 тамы­зға қоя салған. Бір күн­де істің бес рет қаралға­ны тай­ға таң­ба басқан­дай, сот­тың күн тәр­тібіне жазы­лып қой­ған. Бұл іс алдын ала тың­да­лып барып, он бес күн­нен кей­ін қара­луы керек еді. Ешкім­ді хабар­дар етпе­стен, өздері қарап, өздері шеші­мін шыға­рып қой­ған. Осын­дай сотқа сену­ге бола ма? Бұл сот емес – паро­дия болды! 

– «Фейс­бук­та» тараған соңғы видео­мәлім­де­меңіз­де сіз Серік­жан­ды Қытай­ға қар­сы шыққа­ны үшін сот­та­ды дедіңіз. Серік­жанға қар­сы­лар біле жүр­сін: осы пікіріңізді тарқа­тып берсеңіз… 

Сот­тың мақ­са­ты – Серік­жан­ды Қытай­ға қар­сы аузын аштыр­мау еді, сол мақ­сат­та­ры­на жет­ті. Айып­тау актісін­де қыл­мыстық құрам жоқ. Серік­жан Қытай билі­гінің қаза­қтар, қырғы­здар, ұйғыр­лар, т.б. ұлт­тарға қар­сы жасап оты­рған қыл­мысы­на қар­сы шықты. Ол сол үшін сотталды!

– Сіз тағы да ҚР пре­зи­ден­ті Тоқа­ев пен ҚР ЖС-ның төраға­сы Аса­нов мыр­за­ларға сұрақ жол­даған екен­сіз: оның толық мән-жайы қалай? 

– Сұрақты жол­даға­ны­ма көп уақыт өте қой­ған жоқ. Бірақ тіке­лей эфир­де қой­ы­лған сұрақтарға нақты жау­ап берілетін­ді­гіне сені­мім жоқ. Серік­жан­ның өзінің келісі­мі бой­ын­ша, бұл заң­ды түр­де шешіл­ген іс деген ақпа­рат тара­ты­луы мүм­кін. Менің сұрағы­ма берілетін жау­ап маған емес, елге, қоға­мға керек. Маған бәрі де түсінік­ті. Пре­зи­дент Тоқа­ев шыны­мен де өзінің штат­тан тыс кеңес­шісін осы сотқа жібер­гені рас па? «Кеңес­шілер» сот­тың ісіне ара­ла­су құқы заң­ды­лық нор­ма­сын­да көр­сетіл­ген бе? Бұл сұраққа да жау­ап беріл­месі белгілі. 

– Бұл іске «пре­зи­дент өкілі» ара­ласқа­нын ел-жұрт естіп-біл­ді. Тіп­ті Серік­жан­ның өзінің айтқа­ны әле­умет­тік желі­де жария бол­ды. Сол өкіл Білә­штің адво­ка­ты ретін­де сіз­бен жолы­қты ма? 

– Жоқ, мені­мен кез­дескен­де, жағ­дай басқа­ша болар ма еді?! Мен адво­кат­пын, мені­мен кез­десіп, сөй­лес­кен­дері өздері үшін ұтым­ды болар еді. Тіл табы­са қой­мас­пыз, бірақ заң­ды­лық шең­берін­де сөз бола­тын еді. Өйт­кені олар заң нор­ма­сын толық біл­мей­тін менің қорға­уым­дағы аза­мат­ты «қысқан­нан» гөрі, заң­гер-адво­кат­тың кеңесін тың­даған­да­ры дұрыс еді. 

– Соны­мен, алты айға созы­лған Серік­жан­ның соты аяқтал­ды: «100 жылға сот­та­са да өз ісім­нен бас тарт­пай­мын» деген аза­мат соңғы сәт­те билік­пен келісім­ге неге бар­ды деп ойлай­сыз? Оған қат­ты қысым бол­ды деген пікір­ді қол­дай ала­сыз ба? 

Басын бәй­ге­ге тік­кен аза­мат­ты келісім­ге кел­ті­ру үшін, қан­дай қысым жаса­ла­ты­ны айт­па­са да түсінік­ті. Енді Серік­жан жеті-сегіз жылға дей­ін «қысым болған жоқ» деп айту­дан танбайды.Жазықсыз түр­ме­ге қама­лу – Серік­жан үшін, кез кел­ген адал аза­мат үшін азап. Екін­ші­ден, билік­тің ойын­да небір қитұрқы амал­дар бар, ол жағы біз­ге бей­мәлім. Сон­дай-ақ жеке басы­на, отба­сы­на қауіп-қатер төн­дірудің алдын алу үшін де осы келісім­ге барған шығар. 

– Біләш алдағы уақыт­та Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі­мен жеті жылға дей­ін айна­лы­са алмай­ты­нын айт­ты. Билік­ке де кере­гі Серік­жан­ның аузын жабу еді, сол мис­сия орын­дал­ды. Қытай­дағы қаза­қтар­дың мәсе­лесі – Қаза­қстан билі­гі үшін «артық» шаруа еді, соңы не болар екен деп ойлайсыз? 

– Қытай­дағы қаза­қтың мәсе­лесі­мен тіке­лей ара­ласқан Серік­жанға тосқа­уыл қой­ыл­ды. «Ата­жұрт ерік­тілерін» де заң­ды тір­ке­уден өткі­зе қой­мас деген күдік басым. Сотқа бер­дік, сот­тың қан­дай шешім шыға­ра­ты­ны да бел­гілі. Егер осы істің сая­си аста­ры бол­ма­са, бұл ұйым баяғы­да тір­ке­лер еді. 

Егер Қаза­қстан билі­гі шет­те жүр­ген, әсіре­се Қытай­дағы қаза­қтар­дың қамын жей­тін бол­са, құқын қорға­уға дипло­ма­ти­я­лық жол­дар арқы­лы ықпал ететін бол­са, Серік­жан атқа мін­бес еді, «Ата­жұрт ерік­тілері» бел­сеніп шық­пас еді. Бұл мәсе­ле­ге әлем­дік қауым­да­стық ара­ла­сып, «Қытай гено­ци­ді» деген атпен дүние жүзіне әшке­ре бол­ды. Өз қаза­ғы­на ара­ша түсу – билік­тің қолы­нан кел­меді. Ал халқы­на ара­ша түс­кен өзге­ге де жол бер­ме­генін қалай түсі­ну­ге болады? 

– Әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­лар­да өзіңіз­ге қаты­сты да әңгі­ме қозға­лып жатыр. Жеке басы­ңы­зға жаса­лып жатқан қастан­дық әре­кет­тер, одан кей­ін адво­кат­тық лицен­зи­яңы­зды тар­тып алу қау­піне қаты­сты да айты­лу­да. Осы төңіре­гін­де­гі ойы­ңы­зды білсек…

– Алды­мен адво­кат­тық лицен­зи­яға қаты­сты айта­рым – қолым­дағы құжа­тым­ды тар­тып ала ма – ол жағы бел­гісіз. Өзім­нің заң­гер ретін­де­гі жасаған қыз­метім үшін өкін­бей­мін. Заң­сыз құжатқа қол қой­ып, елдің алдын­да қара­бет болған­ша, жұмыс істе­мей-ақ қояй­ын! Сон­ды­қтан Серік­жан­ды сөк­пе­ңіз­дер, ол заң­гер емес, біліп тұрып, қол қоя­тын. Мен заң­ды біл­ген­дік­тен, осы қада­мға бардым. 

Ал маған жасалған қысым, қастан­дық тура­лы ешкім­ге жария еткен жоқ­пын. Серік­жан­ның соты бола­тын күні көлі­гім­нің теже­гі­шін кесіп тастап­ты. Құдай сақтаған­да, бұл оқиға үйге кел­ген кезім­де бол­ды. Сол күні көлік­ке отыр­маған едім, ертеңін­де қара­сақ, көлік­тің асты­нан теже­гі­штің майы ағып жатыр екен. Поли­ци­яға барып, ары­здан­ба­дым, тек­серіп, тер­гей қоя­тын­да­ры­на сені­мім жоқ, бекер­ге уақы­тым кете­ді. Итім­ді де өлтір­ді, бұл жағ­дай дәл Сай­ра­гүл шетел­ге кететін күні болған оқиға. Серік­жан мен Сай­ра­гүл­ге қаты­сты мәсе­ле­де осы жағ­дай кез­дей­соқ болған оқиға емесі анық. Одан басқа да ірілі-ұсақты қастан­ды­қтар­ды, қоқан-лоққы­ны тізе бер­гім жоқ…

– Сіз­ден Қытай­дағы туы­сын іздеп, заң­ды­лық шең­берін­де қорға­уды өтін­ген­дер бар ма? 

– Олар­дың саны өте көп. «Уат­са­бым­да» «Тірі жесір­лер» деген топ бар, 17–18 жылға сот­талған қаза­қтар­дың әйел­дері шын­дық іздеп шырыл­дап жүр. Бала­сы – осын­да, ата-ана­сы – Қытай­да неме­се керісін­ше, бір-бірін іздеп, сабы­лған қазақ қан­ша­ма? Осы мәсе­лені өтірік деп кім айта алады? 

Сұх­бат соңын­да айта­рым, Серік­жан­ның өмірі – өзінің өмірі. Егер оның ісін­де қыл­мыстық құрам бол­са, өзім-ақ қол қоюға келісім берер едім. Ақта­лып шыға­тын жер­ден жаза арқа­лап шығу қай қисы­нға сыя­ды? Кінәсіз адам­ды айып­тап, көз алды­ң­да заң­сыз әре­кет­тер болып жатқан сәт­те мен заң­сыз келісім-шар­тқа қол қой­ма­дым. Оны қат­ты сынамаңыздар. 

Мені лақты­рған – Серік­жан емес, судья мен про­ку­рор! Әле­мік қауым­да­стық алдын­да Қаза­қстан­ның беделіне нұқ­сан кел­ді. Қаза­қстан­дық сот елдің абы­рой­ын Қытай­дың таба­ны­на салып берді. 

– Қаза­ққа еткен еңбе­гіңіз жана бер­сін, ашық айты­лған әңгі­меңіз­ге рах­мет, Айман ханым!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн