АҚИҚАТТЫҢ АЙНАСЫ!

Әзіл-сықақ ауылымыздың дабылшысы, «Ара-Шмель» журналының редакциясында қаламды қатар ұстаған жолдасым Қажытай Ілиясовтың қуанышты кейіппен келіп: «Міне, «ДАТ» деген жаңа газет шықты!» деп ұсынған газетін алып, аударып-төңкеріп көріп, тақырыптарын оқып, шолып, бағытын байқап, адресін жазып алып, ертеңінде редакциясына жеттім ғой!

Газеттің үшінші санында мақалам шықты. Содан бастап газеттің тұрақты бір авторымын да, оқырманымын да.

«ДАТ – Ақиқаттың айнасы!

Елімізге тәуелсіздік бұйырып, билікті жылпостар иеленіп алып, парақорлар мен жемқорлар пайда болып, жеріміздің бетіндегі де, астындағы да байлығын өздері талтүсте тонап, алыс-жақын өзгелерге де ашық-жабық саудалап, берекеміз кете бастағанда, тәуелсіздіктен шеттетілген халықтың наразылығын, қарсылығын, орынды талаптарын дерек тілімен батыл айта шыққан «ДАТ» газетіміздің бүгінгі ширекғасырлық тойы – оны қостаушы, қолдаушы баршамыздың тойымыз! Құтты болсын!

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ,

қарт журналшы-жазушы

«ТАС»

Путиннің

АДАМЫ…

  • Батыс басылымдары бұл аптада Астананы өзіне жақ еткісі келетін Ресей Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа балама ретінде қарастыра ма деген сұраққа жауап іздеді.

Саясаттанушы Ақас Тәжуітов Eurasia review басылымындағы мақалада Мәскеу постсоветтік кеңістіктегі наразылық ошақтарын елдің ішкі ісіне араласып, қысым көрсетіп, мемлекетті сателлитке айналдыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде пайдаланатынын жазады.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы жақында кезекті рет наразылық ошағына айналды. Автор мұның себебіне үңіліп, АҚШ-та шығатын Diplomat басылымының бас редакторы Кэтрин Путцтың мақаласына қайырылады. Тәжуітовтің ойынша, бұған Путц мақаласындағы мына сөйлемдер жауап береді: «Жаңаөзен қаласы орналасқан Маңғыстау облысы – елдегі ең кедей аймақтардың бірі. 2015 жылы бұл аймақтағы кедейшілік елдегі орташа көрсеткіштен 22 есе жоғары болған».

Маңғыстау облысы − ел бюджетіне ақша құятын донор-аймақтардың бірі. Осы себепті әлеуеті бай, бірақ халқының тұрмыс мәселесі асқынған Жаңаөзенде әлеуметтік шиеленіс болғаны таңқалдырмайды. Автордың ойынша, мұндай қолайлы алғышарттар туған кезде Ресей Қазақстандағы ахуалдан ұпай жинау үшін амал-шарғыға бармаса, бұл оғаш дүние болар еді.

Мәскеу үшін Астана мен Минскіні өзінің төңірегіне топтастырған маңызды. Бұл ретте Минск онсыз да Путинді қолдайды, сондықтан оған қам жеудің қажеті жоқ. Ал қазіргі жағдайда Мәскеудің Астананы өзімен бір кемеге тарта алуы екіталай.

Қазақстан билігі Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған да, айыптаған да жоқ. Алайда қарапайым қазақ Ресей агрессиясын айыптап, Украинаны қолдайды. Ондай адамдардың саны көбейіп келеді. «Ресей билігі Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларға ықпал ету мен пропаганда машинасының қоғамдық пікірді қажет арнаға бұра алу мүмкіндігін асыра бағалағанын түсінгендей».

Автордың пайымдауынша, Тоқаев пен оның әкімшілігі Қаңтар оқиғасынан кейін қолға алған көп нәрсе 2010 жылы Украина президенті Виктор Януковичтің істерін еске түсіреді. Янукович президент болып сайланған соң, Мәскеу Украинада орыс тілінің мәртебесін күшейтіп, елді Еуроодақтан алшақтату арқылы Ресей ықпалына қайтарамыз деп үміттенді.

2012 жылы Янукович Украинаның бірқатар аймағында орыс тілін ресми тіл деп бекітетін заңға қол қойды (ол 2018 жылы Конституцияға қайшы деп танылып, күші жойылды). Киев 2012 жылдан бері Еуроодақпен қауымдастық және еркін сауда туралы келіссөз жүргізген, Янукович 2013 жылы пікірін күрт өзгертіп, Ресеймен экономикалық қарым-қатынасты күшейту жөнінде шешім шығарды. Мұның арты оны биліктен кетірген Еуромайданға ұласты.

Тоқаев та орыс тілін қолдайтын қадамдарға барды. Ол 2022 жылы қазанда Путинмен ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын және дамытатын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Былтыр желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен саммитте Тоқаев 2023 жыл ТМД ұйымы аумағында орыс тілі жылы болатынын мәлімдеді. Бұл елде екіұдай пікір тудырды. Сыншылар орыс тілімен қатар қазақ тілін дамыту керек деген уәж айтты. Тәжуітовтің жазуынша, бұл ретте «Тоқаев орысша сөйлейтін адам бола тұра, «қазақ тілінің қолдану аясы жыл сайын кеңейіп келеді» және «сондықтан оған алаңдауға негіз жоқ» деп есептейді».

Тәжуітов Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің бұрынғы төрағасы Әділбек Қабаның: «Совет үкіметі кезінде қазақшаға шалағай аударудың кесірінен орысшаның калькасы пайда болды. Бүгінгі жағдай одан алысқа ұзап кеткен жоқ. Шұрайлы тіліміз қазақы болмысынан ажырап, көз алдымызда қарабайырланып барады. Ұлт тамырынан айырылып қала ма деп алаңдаймыз» деген пікірін келтіреді. Автордың ойынша, Қабаның осы сөзі Тоқаевтың пікіріне кереғар.

«Қазақстан президентінің мұны білмеуі мүмкін емес. Бірақ ол мемлекеттік тілдің жай-күйі дұрыс деп есептейді және өзгелер де осыған иланғанын қалайды». «Қазақ тілі үшін алаңдауға негіз жоқ» дейтін Тоқаев бұл ретте қоғамдағы көпшілікпен келіспейді деген сөз. Автордың ойынша, бұл тағы бір наразылыққа әкеп соқтыруы мүмкін.

Астананы өз жағына тарту идеясынан бас тартпаған Мәскеу бұдан былай қатеге жол бергісі келмейді. Тәжуітов бұлай тұжырым жасауға Тоқаев үш жыл бұрын зейнетке жіберген Иманғали Тасмағамбетовтің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалуы және оның Батыс елдері жайлы Ресей риторикасымен үндес мәлімдеме жасауы себеп дейді. Оның үстіне Тасмағамбетовтің Атырау және Маңғыстау облыстарының халқы арасында беделі бар. Екінші жағынан, ол қазақ тіліне жетік, қазақ мәдени қоғамы мен зиялы қауым арасында қолдаушылары бар. «Осыны ескерсек, Кремль Тасмағамбетовті Тоқаевқа балама ретінде сүйреп жатқан тәрізді”» деп қайырады автор.

Елнұр ӘЛІМОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн