Воскресенье , 22 июня 2025

АЙТЫҢДАРШЫ, ағалар мен апалар!

  • «Тыны­шты­қ­бек аға, Қай­нар аға, Исра­ил аға, Бал­таш аға, Бей­сенға­ли аға, Бақыт­жан аға, Жаса­рал аға, Марат аға, Өмір аға, Хай­рул­ла аға, Ермұрат аға, Рыс­бек аға, Серік аға, Сая апа, Жанат апа, Сәу­ле апа, Айгүл апа, Анар апа, Роза апа!» деп, елге бел­гілі біраз тұлға­ны жеке-жеке атап, әле­умет­тік желінің таны­мал бло­гері Ася Асет­ки­на Фейс­бук­та үндеу жари­я­лаған екен. Жаз­ба­ның мән-маз­мұ­ны – Аягүл Ман­тай­ды өлім­ге душар еткен жәдү­гөй желік­ке тый­ым салу­дың, жазы­қ­сызға жала жабу­шы тобы­рға тоқтау айту­дың ама­лы. Пост иесі желінің тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­нып, аты-жөн­дерін «аға­лап», «апа­лап» атаған ағай­ын­дар­дан ара­ша сұрайды.

Төмен­де біз сол жаз­ба­ны ықшам­дап, экс­прес­сив­ті лек­си­ка­дан аршып, қоға­мға тіке­лей қаты­сы бар бөлі­гін жария етіп отыр­мыз. Жари­я­ла­ным­ның ықшам­да­луы себеп­ті қара­пай­ым оқыр­манға ескер­те­міз: бұл жаз­ба­да және Бану Оңда­сы­но­ва­ның Фейс­бук-постын­да (төмен­де) Аяның ажа­лы­на себеп­кер болуы мүм­кін деген кей­іп­кер­лер аталады.

Менің Сәу­ле Әбе­ди­но­ва­да (Әбіл­да­ханқы­зы – фото) ешқан­дай жеке басым­ның кегі жоқ!.. Тіп­ті, өзін көр­мей, таны­май тұрып, ол кісіні жақ­сы да көру­ші едім, сен­сеңіз­дер! Оның жалғыз ұлы қай­тқан­да үйіне өзім көңіл айтып барып, бірін­ші рет көр­дім. Көріп, өз-өзім­нен жақын қабыл­дай алмаға­ным, іштей жақ­сы көр­мей қалға­ным да рас, “бір­түр­лі, сұп-суық, аура­сы ауыр әйел екен” деп қоя салғам (…).

Сәу­ле мен оның тобы жасаған шабуы­лы­нан осы уақы­тқа дей­ін өзім ғана қорға­нып, өзім ғана күресіп кел­дім, әлі де күре­су­де­мін. Бұлар Аягүл марқұ­мға /қарсы/ жасаған­да­ры­нан екі есе, үш есесін жасаған маған. Оның бәрін Ая да білетін еді. Аягүл марқұм мені қай­та үне­мі жұба­тып: “Кеші­ре салы­ңыз­шы, кішісіз ғой…” деген сияқты басу­ла­рын айтып жүретін. Өзінің оны /Сәулені/ “жақ­сы көретінін де” жиі айтатын. 

Кеше, дүни­е­ден қай­та­рын­да, «Ася, мен адам таң­дай алмай­ды екем, сізді тың­да­мап­пын. Өзім жақ­сы көр­ген Сәу­ле апай мені жазы­қ­сыз қара­ла­ды, аямай жара­ла­ды. Мен сіз сияқты мықты бола алмай­ды екен­мін, мен жеңіл­дім. Мен әділет­сіздік­тен жеңіл­дім, мен өзім сүй­ген, өзім сен­ген еркек­тің өзі­ме жасаған сатқын­ды­ғы­нан жеңіл­дім…» деп кетті.

Аға­лар, апа­лар! Сәу­ленің шабуы­л­шы­ла­ры /жасаған/ кибер­бул­лин­гісі­нен мен де өткен­мін. Менің Аягүл­мен айыр­ма­мыз – мен сын­ба­дым, мұқал­ма­дым, ал Аяш сынып кетті…

Аға­лар, апа­лар! Мүм­кін менің үлкен қателі­гім – бұл кибер­бул­линг­ші топ­пен осы уақы­тқа дей­ін жалғыз күрес­кенім шығар? Мүм­кін, сол уақыт­та осы­лай ортаға, қоғам­дық талқы­ға салу керек пе еді?..

Аяның басын­да болған күй – осы­лар­дың әрбірі мені негіз­сіз, жала­мен қара­лап жатқан­да мен­де де бол­ды. Негіз­сіз жала­дан мен де талай өлгім кел­ген, мүм­кін мен де асы­луым керек пе еді? Сон­да бәл­кім, бұлар айы­зда­ры қанып, тоқтап, мына­дай екі­жүзді аяр­лар­дың дәуірі жүріп тұрған қоғам тыны­шта­лар ма еді? 

Сіз­дер сен­сеңіз­дер, бір Сәу­ленің басын­да 20 шақты фей­к­ак­ка­ун­ты бар, бәрі жан-жақтан жабы­лып, күйе жаққанға Аяштай жаны нәзік, жүре­гі әлсіз адам­дар­дың төтеп бере алма­сы анық қой! Аяш Сәу­ленің шабуы­лы­нан ғана емес, өзінің Мәди Манат­бек­пен (Шым­кент­тің ішкі сая­са­тын басқа­рып оты­рған) ара­дағы /желідегі/ сыр­ла­рын сол Мәдидің Сәу­ле­ге скрин­деп беріп, Сәу­ле оны Аягүл­ге “желі­ге жари­я­лай­мын” деп қорқы­тқа­ны­на да шыдай алмады! 

Сәу­ленің фей­к­ак­ка­нут­та­ры­мен бірік­кен шабуы­лы­на да төтеп бере алмай, күй­іп кет­ті ғой…

Кеше сіз­дер осын­да “Аягүл­дің әру­ағын қозғай бер­мең­дер, тыны­штық берің­дер” деген соң, бәрі­міз сабыр сақтап отыр­мыз, ал мына аяр­ларға (…) тоқтау айта­тын адам бар ма? Бұл топ мұны­мен тоқта­май­ды, тоқта­май­ты­ны­на дәлел – Сәу­ленің өз парақ­ша­сын­да «көт», «боқ», «көк шыбын», «боқ шыбын» деп оты­рға­ны. Мұның бәрі аздай, “Аяны пері­ш­те емес екенін жари­я­ла­сам, ұялып қала­сы­ң­дар” деп қоқан-лоққы жасап оты­рға­ны – қай бет­пақты­ғы? Аяштың азғын­ды сүй­іп қалып, ақтарған сырын жари­я­ла­у­ға Сәу­ленің қан­дай ақы­сы бар, айтыңдаршы? 

Бұл топқа «әй, қой­ы­ң­дар!» дей­тін, қаза­қта ақсақал­дық жасай­тын адам қал­маған ба? Жоқ, бәріңіз «ажа­лы кел­се бәрі де өледі,бәлелі жер­ге бар­мақ тық­пай­ық» деп, үнде­мей отыр­сыздар ма?! Ал сол “ажалға не жете­леді, қызғал­дақ ғұмыр неге ерте үзіл­ді?” деген сұраққа неге үңіліп көрмеске? 

Қазақ қоға­мы неге шіріп бара­мыз? Неге біз осын­дай “тәу­ба­мы­здың, шүкірі­міздің” айна­ла­сы­нан шыға алмай­тын бой­күй­ез­біз? Себебі мен сал­да­рын салы­стыр­мақ түгілі, сара­ла­у­ға құлы­қ­сыз, қоғам­дағы құбы­лы­старға немқұрай­лы, нем­кет­ті қарап оты­ра беретін, томы­рық ойлы, әлсіз-әлжу­аз­быз ба?

Әлде бәрің де “маған қаты­сы қан­ша?” деген­дей, әрқай­сың өз ман­сап­та­ры­ң­ды ойлау, “артым не болып кетер” деген қара бастың қамын жеу ғана ма?

Ася АСЕТКИНА

КИБЕРТЕРРОРИЗМ!

Фейс­бук – еркін, кім бол­са, сол – айтқы­сы кел­генін айтып, оғын оңды-сол­ды қалаған ада­мы­на қара­тып ата беретін алаңға айнал­ды. Менің­ше, шын пат­ри­от, шын іскер, шын қоғам жана­шы­ры күні бойы бұрқы­ра­тып пост жазып, фейс­бук­та отыр­май­ды. Пат­ри­от­та адам­гер­шілік, ар, ақыл, бай­ып­ты­лық болады. 

Қаза­қтың Фейс­бу­гы бір ада­мға неме­се жал­пы тағ­ды­ры­на рені­ші бар, соны шыға­ру­дың ама­лын ізде­ген­дер­дің алаңы­на айнал­ды. Бел­гілі бір адам­ның жаны­на батқан қай­ғы­сы бол­са, күй­е­уі тастап кет­се, өмір­де жолы бол­май жүр­се, ояна сап, фейс­букқа кіріп алып, мың­даған адам­ның жүй­кесіне шабуыл жасау – оның көңілін көтеріп, сер­гітіп, бақыт­ты­рақ ете ме?

Өкіні­штісі, біздің Фейс­бук осын­дай кек қай­та­ру, өш алу, кеке­ту, бірін-бірі боқа­уыз, была­пыт сөз­дер­мен қор­лау құра­лы­на айнал­ды. Жазып оты­ра­тын­дар­дың көбі қыры­қтан асып, елу­ге таяған, ақыл тоқтатқан адам­дар. Топ-топ болып, біріне бірі тас атып, зәрін шашып жатады. 

Ақша үшін біре­уді қара­лап, оңды-сол­ды оқ ата беретін оппо­зи­ци­о­нер-бло­гер­лер өз алды­на. Жұмысқа орна­ла­сып, адал еңбек­теніп, нан тапқы­сы кел­мей­тін­дер Фейс­бук­те сая­си пост жазып, табыс таба­ды. Жұмыс­сыз жүр­ген­дер­дің біра­зы елде болған жағ­дай тура­лы “мен бүй­тіп ойлай­мын, сөй­тіп ойлай­мын” деп, Фейс­бук­та пост жазып, өзін-өзі қоғам бел­сен­дісі сай­лап алды. Сон­дай қырт­тар­дың бәрі жабы­лып, Фейс­бук­ты шірітіп, тозды­рып, ақы­лы бар, арлы адам кір­мей­тін қоқыс алаңы­на айнал­дыр­ды. Шын мәнін­де, ол адам­дар жүй­кесін­де ақа­улық бар, пара­сат­сыз, адам­гер­шілі­гі төмен кибертеррористер. 

Сон­дай фейс­бук­тағы кибер­ша­буы­л­шы­лар­дың оқ боп қада­ла­тын ауыр сөзі­нен, «ана қылы­ғы­ң­ды елге жария қылам» деген боп­са­сы­нан неме­се бел­гілі бір әре­кетін видеоға түсіріп алып жари­я­лаған «кибер­тер­ро­ры­нан» қан­ша­ма адам күй­зеліс­ке түсіп, қина­ла­ды. Тіп­ті өзіне қол салады. 

Осы жер­де орын­ды-орын­сыз, была­пыт, дау, көл­дей-көл­дей шабуыл-пост жазып оты­ра­тын Фейс­бук бел­сен­ділерін қаза­қтың жана­шы­ры, зия­лы, мәсе­лен, ел басқа­ру ісіне ара­лас­са, үлкен шаруа тын­ды­ра ала­тын тұлға деп мүл­де санамаймын! 

Олар кім-кім екенін өздері біліп отыр. 

Сәу­ле Әбіл­да­ханқы­зы, сіз менің /Фейсбук/ досты­ғым­да жоқ­сыз. Бірақ осы санат­тағы­лар­дың бірі – сіз!

  • Бану Оңда­сы­но­ва­ның Фейс­бук парақшасынан.

Кто-то дол­жен был УМЕРЕТЬ 

Кого-то уби­ли. Я чув­ство­ва­ла отча­я­ние и боль; чело­ве­ка зажи­во ели. Зло акти­ви­зи­ро­ва­лось, вы заме­ти­ли? И выполз­ни ста­ли напа­дать на людей, отни­мая энер­гию жизни… 

И пла­чу­щая девуш­ка, кра­си­вая ази­ат­ка, кото­рую я вижу мыс­лен­но – это про­ек­ция моих лич­ных чувств. Меня отвлек­ли. Я отби­ва­лась от кле­щей и чер­вей с помо­щью друзей. 

А она умер­ла. Умер­ла писа­тель­ни­ца Ая Ман­тай из Казах­ста­на. Не спра­ви­лась с кибер­бул­лин­гом. Она неж­ная была, рани­мая. И не смог­ла выдер­жать поток гря­зи и оскорб­ле­ний. Ушла из жиз­ни. Я толь­ко что об этом узнала. 

«Люди хотят убить и похо­ро­нить тех, кто не похож на них», – горь­ко писа­ла она недав­но. Вскользь. Она не про­си­ла помо­щи у дру­зей и под­пис­чи­ков. Ей стыд­но было просить. 

И защи­щать­ся она не смог­ла. Ушла из жизни. 

Будь­те про­кля­ты, сете­вые кле­вет­ни­ки. И те, кто жад­но чита­ет кле­ве­ту, репо­стит ее и лай­ка­ет. Пусть про­кля­тие при­дёт в ваш дом! Вы сами его созда­ли. Вы уби­ли человека! 

Про­рок гово­рил, что нель­зя про­кли­нать часто. И он же гово­рил, что кле­вет­ни­ки и те, кто слу­ша­ет кле­ве­ту подоб­ны тем, кто пита­ет­ся чело­ве­чи­ной. Они попа­дут в ад. 

Неж­ные и рани­мые умирают. 

Силь­ные оста­ют­ся. Но ожесточаются. 

Они доби­лись сво­е­го. Иман­ды бол­сын, Ая Мантай! 

А мы пока ещё дер­жим­ся. И будем дер­жать­ся. Вместе.

Анна КИРЬЯНОВА, рос­сий­ская писательница

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн