Воскресенье , 13 июля 2025

«АУЫЛМЕН ҚОШТАСУ» ҚАЛАЙ БОЛЫП ЖАТЫР?

  • Газет оқыр­ман­да­ры­на бұрын­нан таныс қоғам­шыл аза­мат, режис­сер Ермек Тұр­сы­но­втың көмек­шісі редак­ци­я­мы­зға қоңы­рау шалып, кино­гер­дің жаңа филь­мін түсірілім алаңын­да тама­ша­ла­у­ға шақы­руын қуа­на қабылдадық.

Өйткені Тұр­сы­нов түсір­ген әр фильм­ге деген тән­тілік тыны­штық бер­меді. Біз­ге қызы­ғы – кино не тура­лы екен, сюжет кей­іп­кер­лері кім, режис­сер бұл жолы не айтқы­сы кел­ді деген сұрақта­ры­мы­зды арқа­лап, Алма­ты­дан 120 шақы­рым жер­де, тау бөк­терін­де орна­ласқан Бесмой­нақ ауы­лы­на тар­тып тұрдық.

Ауыл ішін­де қызу қай­нап жатқан түсірілім тобы­ның жұмыс үсті­нен түстік. Бір­не­ше кино­ка­ме­ра­мен жүр­ген опе­ра­тор­лар, жарық шам­да­рын түзеп жүр­ген көмек­шілер, актер­лер­дің бет-әлпе­тін дұры­стап жүр­ген гри­мер­лар, раци­я­мен тиісті нұсқау беріп жүр­ген режис­сер, ауы­лға кел­гені­мізді біл­діріп тұрған мөңіре­ген сиыр мен маңы­рған қой дауы­сы біз­ге кино­ның ішіне кіріп кет­кен­дей әсер берді.

Кино­ның өзі де ауыл өмірі­мен бай­ла­ны­сты болып шықты. Сюжет кей­іп­кер­лері – кей­у­а­на әже мен қос қария. Жас кез­дерін­де еке­уі де бүгін­гі кем­пір – кеше­гі қызға ғашық болған екен. Бірақ таң­дау олар­дың үшін­ші досы­на түседі. Апа­мы­здың жүре­гін жау­лаған жары кей­ін дүни­е­ден өткен соң, енді екі шал­дың кем­пір­ге деген жастық махаб­ба­ты қай­та оянып, оның көңілін аулау үшін, еке­уінің ара­сын­да бәсе­ке баста­ла­ды. Еке­уі апа­мы­здың үйіне кезек-кезек келіп, үй шаруа­сын істеп, оны­мен шәй ішіп, әңгі­ме-дүкен құруға құмар болады…

Актер­лар­дың шебер ойы­нын тама­ша­лаған жур­на­ли­стер қауы­мы жазғы ұзақ күн­нің қалай зыр­лап өткенін бай­қап та үлгер­меді. Түскі үзіліс жари­я­ла­нып, кей­іп­кер­лер­ді сомдаған актер­лар мен фильм авто­ры­мен бей­ма­рал әңгі­ме­ле­су­ге мүм­кін­дік туды. Айта кететін жайт ­– фильм­ді «Тур­су­но­в­фильм» ком­па­ни­я­сы ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің тап­сы­ры­сы­мен Ұлт­тық кино­ны қол­дау мем­ле­кет­тік орта­лы­ғы­ның қол­да­уы­мен түсірілуде.

 «Бұл ауыл тура­лы кино, – деді Ермек Тұр­сы­нов мыр­за үзіліс ара­сын­да сұрақта­рын жауды­рған жур­на­ли­стер­ге. – Қара­пай­ым адам­дар­дың қара­пай­ым өмірі жай­ын­да. Күлетін де, ой сала­тын да жер­лері бар.

Біздің «кино­тілі­міз» бұры­нғы мек­теп­тің кино­сы болған­ды­қтан, ол астар­сыз бол­май­ды. Негіз­гі көз­де­ген мақ­са­ты­мыз – про­кат­тан ақша табу емес, бүгін­гі ауыл жағ­дай­ы­на қоғам­ның наза­рын аудар­ту. Ауыл­дың бүгін­гі жағ­дай­ын кино­ның сюжеті мен кей­іп­кер­лер­дің диа­ло­гы арқы­лы көр­сет­кі­міз кел­ді. Кіш­кен­тай ауыл­да болған оқиға­ның ар жағын­да бүкіл мем­ле­кет­тің жағ­дайы мен тағ­ды­ры көрініп тұра­ды. Осы фильм­ді көр­ген көре­рмен өзіне қажет­ті ақиқат­ты тауып алса деп тілеймін.

Фильм­нің сюжеті тура­лы бір ғана сөй­лем­мен қысқар­тып айт­сам, бұл – ауыл­мен қошта­су. Біз бұрын­нан білетін ауыл­дан айы­ры­лып қал­дық. Оны жасы­ра­тын ештеңе жоқ, бұл – шын­дық. Мен кино түсіре­мін деп жүріп, Қаза­қстан­ды талай айна­лып шыққам. Елі­міздің мен бар­маған түк­пірі жоқ шығар. Көп адам мені танып, үйлеріне қонаққа шақы­ра­ды. Қара­пай­ым елдің нанын жеп, шәй­ін ішіп, әңгі­месін тың­дай­сың. Одан өзіңе бір қоры­тын­ды жасай­сың. Бұры­нғы ауыл­дан айы­рыл­дық. Ауыл жыл сай­ын құл­ды­рап біт­ті. Осын­дай фильм­дер арқы­лы ауыл­дың шынайы жағ­дай­ын көр­сет­кім кел­ді. Ауыл адам­да­ры­ның ақкөңіл, даңғыр­лап қалған табиға­ты өзгер­ме­се де, ауыл қат­ты өзгер­ді. Ішер су, жүрер жол жоқ. Кей­де электр жары­ғы да бол­май қала­ды. Ауыл­дағы­лар­дың көбі үйлерін көмір жағып жылы­тып отыр», – деп, ойын ортаға сал­ды Ермек Тұрсынов.

Алдаб­ек ШАЛБАЕВғашық шал­дың бірі­Мус­со­ли­ни рөлін сомдаған актер:

«Мен сомдаған роль ауыл­дағы кәрі-құр­таң­ның тағ­ды­рын көр­се­те­ді. Бүгін­гі ауыл­дың мәсе­лесі бәріне бел­гілі. Соңғы жыл­да­ры ауыл­дан қалаға бір мил­ли­онға жуық адам көшіп кет­ті. Ауыл­да негізі­нен шал-кем­пір ғана қал­ды. Менің өзім­нің кәсі­би маман­ды­ғым өнер болға­ны­мен, тір­лі­гім – ауыл­да. Ауыл­да туып-өстім. Оның үстіне ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­ласқа­ны­ма 30 жыл бол­ды. Сон­ды­қтан ауыл­дың жағ­дайы мен үшін өте жақын.

Ермек Тұр­сы­но­втың істеп жатқан шаруа­сы – ауыл­дың бүгін­гі жағ­дай­ы­на назар аудар­ту. Бұл екінің бірінің қолы­нан келе бер­мей­тін игі іс. Осы кино­ның негіз­гі мағы­на­сы – көре­рмен­ге ой салу деп ойлай­мын. Фильм­нің сюжетін­де көп астар жатыр. Сол астар­ды біз жет­кі­зе біл­сек, ал көре­рмен оны көре алса, кино­шы үшін одан асқан бақыт жоқ».

«Менің кей­іп­керім зама­на­уи өмір­ден қал­мауға тыры­са­тын, мүм­кін­ді­гін­ше кітап пен газет-жур­нал­ды көп оқи­тын шал, – дей­ді екін­ші мұңлық шал Иса­бек­тің рөлін ойнаған актер Мұрат Бекқо­жин. – Қолым­нан кросс­ворд түс­пей­ді. Басқа­сы былай тұр­сын, әлем елдерінің аста­на­ла­рын жат­та­у­мен әлек­пін. Үне­мі қиял­дап, арман­дап жүретін адам­мын. Өзім­нің кем­пір махаб­ба­ты­ма сый­лық жасау үшін, біре­удің бақ­ша­сы­на түсіп, құл­пы­най да ұрлай­мын. Ал менің қар­сы­ла­сым – Мус­со­ли­ни керісін­ше – шару­аға пысық, еті тірі шал. Кем­пір-махаб­ба­ты­ма менің құл­пы­най­ым­нан гөрі Мус­со­ли­нидің әкел­ген балы көбірек ұнай­ды. Мен бол­сам, сон­да да мойымаймын».

Қысқа­сы, біз бола­шақ фильм­нің сюжет­тік өрбуін алдын ала айтып қой­сақ та, көре­рмен­нің кар­ти­на­дан түй­ер түй­сі­гі әркім­нің көңіл пат­ша­сы­на сай бол­са керек. Ең басты­сы – фильм­нің аста­рын аңдаған көре­рмен бұл жолы да Ермек Тұр­сы­но­втың қол­таң­ба­сы­на тән­ті бола­ды деген ойдамыз.

Айт­пақ­шы, қысқы табиғат­тағы түсірілім біраз бола­ты­нын ескер­ген режис­сер Ермек мыр­за фильм­нің нақты қай уақыт­та рес­пуб­ли­ка­лық экранға шыға­ты­нын дөп басып айта алма­ды. Қалай болған­да да, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен түсіріл­ген кино­кар­ти­на өз көре­рменіне көп кешік­пей жете­ді деген ойдамыз.

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн