Воскресенье , 22 июня 2025

АҚСАРБАС!

Соңғы екі-үш күн­де әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де Назар­ба­ев Гам­бург­те­гі (Гер­ма­ния) кли­ни­каға түсіп­ті деген хабар тара­ды. Неге? Қан­дай жағ­дай­да? Про­фи­лак­ти­ка ма, жоқ әлде «басқа» хабар ма? Анық-қаны­ғы бей­мағлұм. Билік­тің көде­дей көп ақпа­рат «ауы­зда­ры» ләм-мим демейді.

Енде­ше ақпа­рат­тың анық-қаны­ғы айтыл­маған жер­ден қаңқу сөз шыға­ды. «Жел тұр­ма­са…» деген­ді қазақ сон­дай­да айтқан. Ертең­гі күні бұл ақпа­рат­тың арты «груз 200» күтіп отыр­мыз деген дүдә­мәл дол­барға айна­лып кетуі де мүмкін.

Бірақ сол ақпар­ды айнал­ды­ра қуған адам дол­барға дәй­ек дерекке дес бере­рі тағы нақ. Мәсе­лен, осы хабар тараған күні пре­зи­дент Тоқа­ев кенет­тен пре­мьер Мамин мен сенат спи­кері Дариға-ханым­ды қабыл­да­ды. Еке­уі­мен екі бөлек кез­де­су­ге жеке-жеке уақыт тап­шы болған­дай, қосақтап қабыл­дап­ты. Тағы да «неге»? Қан­дай жағ­дай қауырт сөз­ге тақы­рып бола қал­ды? Ол жағы тағы да күң­гірт. Тағы да еріксіз дол­барға дес бересің: Гам­бург­те бір «гәп» бар-ау деген.

Ол аз десеңіз, кеше Нұр-Сұл­тан­дағы бас мешіт құры­лы­сын ерекше рет­теу режи­мі арқы­лы жыл­дам­да­ту қажет деген тағы бір ақпа­рат атып шықты (Қаз­ТАГ). Елде­гі бас­па­на­сыздар мен көп бала­лы ана­лар аңы­рап, үкі­мет­тен әле­умет­тік көмек күтіп жүр­ген­де, меңірей­ген мешіт­тің құры­лы­сын жедел­де­ту қан­ша­лы­қты қажет еді? Ғалам­ды жаратқан­нан бері «жау алмаған» Құдай Нұр-Сұл­тан­нан қашып кетер дей­місің: үкі­мет үде­ре тұрып, оның үйін апыл-ғұпыл тұрғы­зуға қан­дай зор­лы­қтың зоба­лаңы кел­ді? Әлде сол Құдай­дан бір «хабар» келіп қал­ды ма?

Айт­пақ­шы, мешіт пен Гам­бург­те­гі «гәп­тің» ара­сын­да қан­дай бай­ла­ныс бар деген қаза­қты құлағ­дар етей­ік: Назар­ба­ев биы­лғы 14–15 науры­зда Араб Әмір­лі­гін­де­гі кли­ни­ка­да қара­лып кел­ген соң, ара­да екі күн өткен­де, кенет аста­наға 60 мың адам­дық мешіт салу керек деген шешім шығар­ды. Бірақ соңғы хабарға қараған­да, оның сый­ым­ды­лы­ғы бір мезет­те сәж­де­ге жығы­ла­тын 30 мың ада­мға азай­ып­ты. Шама­сы, жұрт­шы­лық жалы­ға күт­кен жана­за­ға жина­лар жамағат жарыт­пай­ды деген болу­ла­ры керек… Ақыр аяғы кет­кен-кет­пе­генін көз­бен көрей­ік дегені бол­ма­са, 30 мың­ның өзі де аз «аңы­раған» адам бол­ма­са керек. Деген­мен бас мешіт­тің өзгеріс­сіз қалған басқа габа­ри­ты «гәпқа» сай: жал­пы ауда­ны 57 мың шар­шы метр, мұна­ра­сы­ның биік­ті­гі 130 метр, күм­безінің диа­мет­рі – 63 метр. 

Ал енді бұны да қораш көр­сеңіз, тағы да кеше Тараз­дағы орта­лық алаң­ның ата­уын Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев аты­на ауы­сты­ру жөнін­де шешім шықты. Бәл­кім, бұл да Гам­бург­тен келетін хабар­дың «құр­метіне арналған» өзгеріс болуы ықтимал…

Иә, «ықти­малға» ыңғай­лы хабар көп. Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қабыл­да­уы­нан шыққан Дариға Нұр­сұл­танқы­зы тағы да аяқ асты­нан «сена­тор­лар кеңесі» деген ата­уы бар жиын өткізді. Онда болған әңгі­ме­де ала-құла оға­штық бол­ма­са да, шақы­ры­лған­дар ара­сын­да бүгін­гісі бар, бұған дей­ін ұмыт қалған экс-сена­тор­ла­ры бар, алқа­лы оты­ры­стың оқыс жина­луы да «Гам­бург гәбіне» тұс­па-тұс келе қалды. 

Айт­пақ­шы, басқа күн құрып қалған­дай, «Томи­ри­стің» тұса­у­ке­сері де «кли­ни­ка­лық қау­е­сет­ке» дөп кел­ді. Бер­гі Дома­лақ-Ана­ны әдірам қал­ды­рып, арғы Тұмар-пат­шай­ым­ның тарихын мем­ле­кет­тік қалың қар­жы­ға қопарған фильм­нің тұса­уын Гам­бург қонағы аман-есен қай­тар кез­де кес­кен жөн бе еді? Ежел­гі түрік түгілі, бүгін­гі қаза­қтың тілін толық түсін­бей­тін Дариға-спи­кер киноға «жақ­сы екен» деп баға беріп­ті. Жақ­сысы – кино­ның өзі ме, жоқ әлде актри­са­ның түр-түсі енді­гі тақ­мі­нер­ге тақа­у­ла­тып таң­да­лып алы­нған бас кей­іп­кер ме – ол жағын Дариға-пат­шай­ым ашып айт­паған екен… 

Осын­ша­ма «кез­дей­соқты­қтың» бар­лы­ғы бірер күн­нің төңіре­гін­де топ ете қалға­ны қалай? Бұлар­дың бар­лы­ғы Назар­ба­ев­тың Гам­бург кли­ни­ка­сы­на қара­луы­на қарап қалған ба? Түп-төр­кіні жалғыз ғана ойды мең­зей­тін апыл-ғұпыл ақпа­рат­тар ауру адам­ның тамы­рын бір мезет­те басқан­дай бола қалға­ны қалай?

Міне, анық-қаны­ғы аз хабар тараған жер­де осын­дай оғаш сұрақтар қап­тай­ды. Әлбет­те, біздің бұған анау-мынау деп, ала­бө­тен айта­ры­мыз жоқ: бір сәт­ке тоғы­са қалған ұқса­сты­қтар бола береді… Қалай болған­да да, сан­сы­раған сұрақтарға сай жау­ап­тың соңын жақ­сы­лы­ққа жориық.

Енде­ше, е, Тәңірім, ақсар­бас! Тіле­уі­мізді бере гөр! 

Айт­пақ­шы, «ақсар­бас» – жақ­сы­лы­қтың сөзі. Оң тілеу тілеп, ақ ниет­пен Құдай­ға сой­ы­ла­тын мал­ды ерте­де­гі ел осы­лай атаған. Егер «Уйки­пе­ди­я­ның» сөзіне сен­сек, «ерекше қуанған­да, қат­ты шошы­ған­да неме­се әлде­не­ден тосын қатер­ге тап болған­да, жаратқан­ның жебе­уі үшін арнайы атап шалы­на­тын» мал­ды ежел­гі қазақ «ақсар­бас» атаған дей­ді. Ақсар­басқа түсі біры­ңғай ақ не боз, басы сарғыш не қасқа мал ата­ла­ды екен.

…Тәй­ірі, «атап шаларға» аянып қалар жоқ: ағы не, бозы не – жақ­сы хабар үшін қазақ қолын­дағы­сын сой­ып салуға даяр. Отыз жыл­да көр­ген бір құр­бан­дық. Ақсарбас!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн