Воскресенье , 22 июня 2025

БАЙЗАҚТА Ресей НЕ ІЗДЕДІ?

Назар ауда­ры­ңы­здар, жары­лы­стан үш күн бұрын Кабулға бір топ кремль­дік десант түс­кен, оның ішін­де шұғыл хабар­лар бой­ын­ша маман Алек­сандр Коц та болған. Бел­гілі болға­нын­дай, тәліп­тер бұл десан­тқа Ауған­стан­ның кез кел­ген жеріне баруға бір­ден рұқ­сат береді, ал Тали­бан инфор­ма­ция мини­стрі Коц­пен жеке кез­де­седі. Келесі күні Кабул әуе­жай­ын­да жары­лыс бола­ды. Хабар сол бой­да бүкіл әлем­ге тара­ты­ла­ды. Әуе­жай­дағы жары­лы­сқа ең бірін­ші болып РФ СІМ хабар­ла­ма беріп бастайды.

Енді салы­сты­рай­ық. Жам­был­дағы жары­лыс бой­ын­ша ең бірін­ші хабар тара­та бастаған кім? Бүге-шігесіне шей­ін көр­сетіп, әлем­ді құлақтан­ды­рған кім­дер деп ойлай­сыз? Жарай­ды, ойлы адам­дар түсін­ді деп ойлай­мын, ал ойсызға, сірә, бәрібір – бас десең, құлақ деп оты­ра береді.

Енді осын­дағы Кремль­дің мақ­са­ты не? Мақ­сат – АҚШ-тың Ауған­стан­нан тыныш кетуіне барын­ша кедер­гі кел­ті­ру. Сірә, кетіп жатқан­нан кей­ін, енді содан барын­ша, мүм­кін болға­нын­ша өздеріне инфор­ма­ци­я­лық пай­да көріп қалу. Осы­ны пай­да­ла­нып, АҚШ-қа: «Бұларға сену­ге бол­май­ды, кез кел­ген уақыт­та сатып кете­ді» – деген репу­та­ци­я­лық шығын кел­ті­ру, Укра­и­наға сон­дай ым-иша­ра жасау. Оған РФ-ның досы Трамп та қосы­лып, екі жақтап дүни­е­жүзілік шу шығару.

Басын­да айт­тық, АҚШ-тың әу баста Ауған­станға келу себебі – Әл-Каи­да­ны інде­те қуу, тәліп­тер өз ара­сы­на жасы­рған Оса­ма бен Ладен­нің көзін жою бола­тын. Ол мақ­сат орын­дал­ды. Ерте ме, кеш пе, АҚШ-тың Ауған­стан­да қал­май­ты­ны анық, әйте­уір түбі бір шыға­ты­ны бел­гілі бола­тын. Сол кез Бай­ден­нің тұсы­на тап келіп тұр. Қай­тер­сің, өмір солай. Бұл Бай­ден­нің рей­тин­гін бір­ша­ма түсір­ді, 53%-дан 49%-ға дей­ін төмен­деді. Бірақ, әрине, РФ БАҚ-тары жазып жатқан­дай, ол ката­стро­фа емес. Ал Трамп­тың «Бай­ден доға­ры­сқа кетуі керек» деп бай­ба­лам салуы біз­дер үшін нағыз иттік, көр­ген­сіздік, демо­кра­ти­я­лық елдер үшін оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас қана.

Жарай­ды, Жам­был­дағы жары­лы­сты жари­я­ла­удағы мақ­сат не? Менің­ше, бірін­ші­ден, бұл РФ тара­пы­нан жал­пы Қаза­қстанға жаса­лып жатқан әзір­ге инфор­ма­ци­я­лық шабуыл­дың бір тар­мағы ғана. Екін­ші­ден, бұл бізді тәліп­тер­мен қорқы­ту, сөй­тіп Ресей­дің қол­ты­ғы­на тығы­ла түсу мақ­са­тын көз­де­уі мүм­кін. Былай­ша айтқан­да, бұл мем­ле­кет­тік мас­шта­б­тағы боп­са. Жігіт бол­саң, боп­саға шыда деуші ме еді қазақ? Ал шыдап қара, Тоқа­ев мырза!

Бірақ бұл Ермек­ба­ев сияқты РФ пре­зи­ден­тінің қолы­нан орден алып жүр­ген­дер жау­ап­кер­шілік­тен құты­лып кетуі тиіс деген сөз емес. Доға­ры­сқа кетіп, үн-түн­сіз көрін­бей кет­пе­уі керек. Он бес адам­ның қаны мой­нын­да, сон­ды­қтан ол сот­та­луы керек…

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН бауы­рын төрт күн күтті

Әске­ри бөлім­нің өрт­ке қар­сы күрес және құтқа­ру қыз­метінің бас­шы­сы, із-түс­сіз жоғалған кіші сер­жант Бауы­р­жан Дәуіт­ба­ев пен ТЖД өрт сөн­діру­шісі, кіші сер­жант Әділет Әділ­бе­ко­втің туы­ста­ры хабар күтіп оты­рға­ны­на төрт күн­нен асты. Соңғы дерек бой­ын­ша, 14 марқұм­ның денесі табы­лған. Тағы екі қыз­мет­кер ізде­стіріліп жатыр.

Бей­сен­бі­ден бері Қай­нар ауы­лы­ның кіре берісін­де күн астын­да туға­ны­ның хаба­рын тосу­мен жана­ры суалған Талғат Дәуіт­бай­ұ­лы жалғыз ұлы Бауы­р­жа­нын қимай­ды. Ауыр мұң жұты­нған әке ұлы­ның келін­ше­гі бесін­ші пер­зен­тіне жүк­ті екенін айта­ды. 33 жастағы Бауы­р­жан Дәуіт­ба­ев жары­лыс болар күні жұмыста болған.

Туы­ста­ры­ның бірі: «Бәріне бас­шы­ла­ры кінәлі, қой­ма­да қауіп­ті қару барын біле тұра, жігіт­тер­ді отқа айдап сал­ды! Сол­дат­тар­ды әске­ри бөлім­нен шыға­рып жібер­ген-дағы, ал келісім­шарт негізін­де жұмыс істей­тін өрт сөн­діру­шілер­ді алып қалған. Оларға шама­сы кел­мей­тінін біле тұра, қой­ма­дағы ала­пат қызыл жалын­ды өшіру­ге тап­сыр­ма бер­ген. Бас­шы­ла­ры қой­ма­да өте қатер­лі оқ-дәрінің сақталға­нын анық біл­ді ғой», – деп ашынды.

Әлі табыл­май жатқан екін­ші кіші сер­жант, 25 жастағы Әділет Әділ­бек Қанатұлы­ның туы­ста­ры ресми орган­дар­дан көңілі қалға­нын айтып, пікір біл­діру­ден бас тарт­ты. Екі жігіт­тің жақын­да­ры әске­ри про­ку­ра­ту­ра­ның түсінік беруін, алды­на келіп оқиға бары­сы мен тап­сыр­ма негіз­де­месін түсін­діруді талап етіп отыр.

Оқиға орнын­да ізде­сті­ру жұмысын жүр­гізіп жатқан Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің Бас инспек­ция басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы, пол­ков­ник Жұма­бек Хасе­нов «Қазақ-таймс» тіл­шісіне бер­ген жау­а­бын­да бүгін түс­ке дей­ін 3 мәй­іт­тің жеке бас дере­гі нақты­ла­на­ты­нын хабарлады.

Әске­ри бөлім­нің түбін­де­гі Қай­нар шағын ауы­лын­да 17 үйде 90-ға тар­та тұрғын мекен­дей­ді. Аудан көле­мін­де 118 үй-нысан бүлін­ген. Аймақтағы атқа­ру­шы билік өкіл­дері екі ай мерзім­де бар­лық мате­ри­ал­дық және инфрақұры­лым шығын­да­рын қалы­пқа кел­тіру­ге уәде берді.

Ондаған адам­ның өмірін жал­маған жой­қын жары­лы­сқа не себеп болға­ны әлі бел­гісіз. Қорға­ныс мини­стрі Нұр­лан Ермек­ба­ев­тың топ­шы­ла­у­ын­ша, жары­лы­сқа қой­ма­да қауіп­сіздік талап­та­ры­ның сақтал­мауы, я хими­я­лық реак­ци­я­мен өзді­гі­нен тууы неме­се дивер­сия себеп болуы мүмкін. 

Асан АНАРБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн