Воскресенье , 4 мая 2025

БАРЫМТА жалғасып жатыр

«Елтұтқа» деп аталған, қалы­ң­ды­ғы кір­пі­ш­тей кітап шыққан. 2001 жылы. Оны тараз­дық қарт жур­нал­шы Сағат Ары­нұлы­ның «Ару­ақтар­ды ала­лаған зиян­ды кітап» («Азат» газеті) және «…Күл­дір-күл­дір кісі­нет­кен Ақтам­бер­ді жырау най­ман­нан ошақты­ға қалай ауды?» («Жұма-таймс» газеті) деген сын мақа­ла­ла­ры­нан біл­дім (Сәкең был­тыр қара­ша айын­да көз жұм­ды – топы­рағы торқа болсын!).

Бұл кітап­та небір қитұрқы бар деген­ді бұрын да есті­ген­мін, бірақ мән бер­ме­ген­мін. Сәкең сол қитұрқы­лар­ды тізіп атап, дәлел­ді нара­зы­лық айтқан екен. Кітап­ты жазған­дар еске­рер, ағат­ты­қта­рын мой­ын­дар деп ойла­дым. Жазған­дар: Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, Ақсе­леу Сей­дім­бе­ков, Қой­шы­ға­ра Салға­раұ­лы. «Көштің» жетек­шісі Сәкең айтқан ошақты Мыр­за­тай екені өзі­нен-өзі түсінік­ті. «Білі­мі бір басы­нан асып жүр» делі­ну­ші бұл үштік­тің «тари­хи жаңа­лы­қта­ры­на» еріксіз таңқал­дым. Орта жүз най­ман­ның Қара­ке­рей руы­ның сыбан тар­мағы­нан шыққан, аты аңы­зға айналған батыр, қол­ба­сы, дипло­мат, қаза­қтың көне жыра­у­лар мек­тебінің көр­нек­ті өкілі Ақтам­бер­ді Сары­ұлы­ның әйгілі ақын-жырау Дулат Баба­тай­ұлы­ның «Ер Еспем­бет» даста­нын­да сипатталға­нын, Мұх­тар Әуе­зов, Сәбит Мұқа­нов, Бей­сен­бай Кен­же­ба­ев, Ханға­ли Сүй­ін­шә­ли­ев, Мұх­тар Маға­у­ин, Өте­ген Күмі­с­ба­ев сын­ды үлкен-кіші білім­дар­лар­дың еңбек­терін­де дерек тілі­мен айты­лға­нын мынау үштік біл­меді емес, бірақ «біл­ме­ген» бола салу оп-оңай ғой.

Шыңғыс хан­ның да, ақын қытай Ли Бай­дың да руын дулат деп «дәлел­деп» жүр­ген ағай­ын­дар «Ақтам­бер­ді – үйсін­нің ошақты­сы» деген­ді әлі де оқтын-оқтын қай­та­лап қояды. «Ошақты етпей, қой­май­ық!» деп серт­тес­кен сияқты. «Бәрін­біл­гіш» Мыр­за­тай бастап ашқан «жаңа­лық», сірә, кезін­де пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы шық­пай, заң­да­сты­рыл­май қалған сияқты.

Қолы­ма кешірек түс­кен дәу кітап­тағы бет­сіздік­ті «Елтұтқа» мен ерік­ті ауыз» атты мақа­лам­да мінедім («Жас Қазақ», 2008 ж.). Автор­ла­ры үн қатар деп сен­дім. Иә, сені­мім «ақтал­ды»: М.Жолдасбеков «ұстаған жер­де қолым қал­сын, тісте­ген жерім­де тісім қал­сын­ның» өзі екен, «Ақтам­бер­ді өзінің ата­ла­сы, ошақты болға­нын» шірене айтып, шылп етпей жаза берді.

Мыр­за­тай мыр­за­ның мең­зе­уін­ше, оның марқұм баба­ла­ры­ның бірі ағай­ын ара­сын­дағы әлдебір келіс­пе­ушілік­тен соң, Семей­дің Аягөз маңы­на ауып кетіп, сон­да тұрақтап қалып­ты («Қалқаман–Мамыр» хисса­сы­ның желісі дер­сің!). Қаза­қтың содан бер­гі үш ғасыр шама­сын­дағы ауыз­ша тарихын­да, ауыз әде­би­етін­де жоқ дерек Мыр­за­тай­дың ми қат­пар­ла­ры­ның біре­уі­нен табыл­са керек.

«Елтұтқа­дағы» шылғи өтірік аягөздік­тер­ді – Ақтам­бер­дінің бүгін­гі ұрпақта­рын ашын­тып­ты. Олар­дың бір тобы Алма­ты­ға келіп, газет­тер­ге шағым-мақа­ла ұсы­нған. Аста­на қала­сы­на барып, Бұқа­ра­лық ақпа­рат және мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін­де­гі, өкі­мет пен үкі­мет­те­гі тиісті шене­унік­тер­де болып, баба­ла­ры Ақтам­бер­дінің ару­ағы­нан аттап кет­кен­дер­ге шара қол­да­ну­ды талап еткен, бірақ біз­де орын­ды талап­тың ескерілуі сирек емес пе, ешқан­дай оң өзгеріс естіл­меді. Содан кей­ін мен де ақиқат­ты іздеп, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Қаза­қстан» газет­теріне мақа­ла жаз­дым (2008–2009 ж.). Нара­зы­лық көп­шілік­ке жет­сін, құзыр­лы орын­дағы шене­унік­тер­дің бірі бол­ма­са бірі селт етер: «Бұл қалай?!. Тарих­ты тәл­кек ету­ге бол­май­ды ғой?!» дер деп біл­дім. Жоқ, қазан­ның қақ­пағы мықтап жабыл­са керек, бу шықпады.

«Ақсақал­ды ауыл азбасқа» жүгініп, үйсін ағай­ын­да­ры­мы­здың бүгін­гі жөн айтар екі ақсақа­лы ғой деп біліп, Сей­дәлім Тәне­ке­ев пен Шер­хан Мұр­та­за аға­ла­ры­ма «Қаза­қстан» газеті бетін­де (2009 ж.) «Өтірік өшер емес» деп атап ашық хат жаз­дым. Содан бір үзінді:

«…Ақтам­бер­ді баба­мы­здың сүй­е­гін «жаңа­ла­уды» көк­се­ушілер­ге нен­дей дауа бар? Егер мен көне тарих­ты өздеріне иіп, қай­та жазуға тыра­шта­нып жүр­ген­дер­ге ілесіп, мыса­лы, Мыр­за­тай­дың тәсілі­мен: Сүй­ін­бай ақын­ның әкесі Арон – пәлен­бай­ын­шы ғасыр­да Жеті­суға келіп орны­ғып, қаза­ққа сіңіп кет­кен сая­хат­шы еврей­дің тұқы­мы. Қаза­қта «Арон» деген ат оған дей­ін бол­маған. «Арон» – еврей­лер­ге тән есім! – деп, өзге де нешетүр­лі «тари­хи деректер­ді» ойым­нан шыға­рып сапы­рып жаз­сам, не бола­ды? Менің кім болға­ным?!. Шынын­да, Арон жары­қты­қтың жам­ба­сын ары-бері ауда­ра бер­гі­ш­тер табыл­са (әлбет­те, ондай көр­ген­сіздік­тен құдай сақ­та­сын!), не беті­мізді айтар едік?!. («Қаза­қстан» газеті, 2009 ж.).

Хатым­ды жол­даған­нан кей­ін, ара­да екі ай өткен­де, Сей­дәлім аға­ны кез­де­стіріп, сәлем беріп, хал-аху­ал білі­су бары­сын­да Шер­хан еке­уіне арнаған хатым­ды алған-алмаға­нын сұра­дым. «Иә, кей­ін естіп, өзім­нің оқуым қиын­дап кет­ті, ден­са­улық болы­ңқы­ра­май жүр, бала­ма оқыт­тым, бірақ мен сол Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков деген­ді біл­мей­мін, ал Шер­хан­мен сөй­ле­сей­ін, жау­ап жаза­тын шығар» деді. Ләм-мим бол­ма­ды. Сахна­ның мыр­за­тай­лар жапқан шымыл­ды­ғы ашыл­ма­ды. Мен: қытай мен мон­гол­дан дулат жасағы­штар, егер Ақтам­бер­ді жақ­сы атақ-даңқы исі қаза­ққа тараған жырау, шешен, батыр бол­май, үш жүз­ге бел­гілі жама­нат­ты барым­та­шы бол­са, Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков оның ару­ағы­на өлер­дей жабыспас еді… Иә, солай… өтірік керек екен, деп мақа­ла жазу­мен тындым.

«Табан­ды» Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, әрине, тын­бай, елден естуім­ше, бір жолы 3–4 атқос­шы­сы­мен Аягөз­ге жетіп барып, «Ақтам­бер­ді ата­сы­ның сүй­е­гін алып қай­туға, не бол­ма­са қабірін жаңа­лап, құл­пы­тас орна­тып қай­туға» кел­ген­дерін сызда­на айтып­ты. Ыза­ла­ры іште жатқан аягөздік­тер: «Олай бол­са, сенің сүй­е­гің де осын­да қал­сын!» деп, дүр көтеріл­ген­де, мыр­зе­кең­дер мәшін­деріне міне қашып, әрең құтылыпты.

Менің қолы­ма қалам алып, осы оқиға­лар­ды айтуы­ма мына жәйт себеп бол­ды: осы­дан екі апта бұрын жоба­лы мақа­ла­ма Ақтам­бер­ді жыра­удың бір өлеңі керек болып, бүгін­де көп­шілік­тің кіта­п­ха­на­сы­на да айналған интер­нет шір­кін­ге иек артып едім, қажетім­ді есе­леп тауып бере қой­ды. Жыра­удың өмір­ба­я­ны жеке беріл­ген, өмір­ба­я­ны мен шығар­ма­шы­лы­ғы қоса өріл­ген де мате­ри­ал­дар жет­кілік­ті екен. Есі­ме «елтұтқа­лы­қтар» түсе қалып, Ақаң­ның өмір­ба­ян­да­ры тура­лы­ларға үңіліп едім: тари­хи шын­дық айты­лға­ны бірен-саран да, М.Жолдасбековтің: «Ақтам­бер­ді Сары­ұ­лы үйсін­нің ошақты­сы­нан» деген мақау тұжы­ры­мы­нан алы­нға­ны сөз­сіз мәлі­меті нөпір. Автор­ла­ры бел­гісіз: 1–2 әріп, неме­се 1–2 цифр жазу­лы. Демек, сонау барым­та астыр­тын жалға­сып жатыр.

Тарихы­ң­ды сый­ла­мау – еліңді, халқы­ң­ды сый­ла­мау. Ақиқат­ты ада­сты­ру­ды көк­сеу – арам­тер­лік. Интер­нет желілері­мен, сайт­тар­мен бай­ла­ны­сты ағай­ын­дар, әсіре­се жастар, осы­ны ескергей!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн