Вторник , 1 июля 2025

БИЛІК КІНӘЛІ

Теңіз­де­гі оқиға – Қаза­қстан­да ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның мүл­де жоқты­ғы­ның сал­да­ры. Ұлт­тық идео­ло­гия – бұл өз халқын, өз аза­мат­та­рын жан-жақты қорғау деген сөз. 

Қаза­қстан билі­гі 30 жыл­да мем­ле­кет құра­у­шы қазақ халқын, бар­ша өз аза­мат­та­рын қорға­уға бай­ла­ны­сты сау­сағын қимыл­дат­па­ды десе де бола­ды. Егер ҚР Еңбек тура­лы заң­да­рын­да «шетел­дік жұмыс­шы­лар мен маман­дар­дың жалақы­сы қаза­қстан­дық жұмыс­шы­лар мен маман­дар­дың жалақы­сы­нан аспа­уға тиіс» деген заң бап­та­ры қабыл­данған жағ­дай­да мұн­дай теңсіздік құбы­лы­ста­ры орын алмас еді. 

 Жалақы­да айыр­ма­шы­лық бол­маған соң, шетел­дік «маман­дар» біз­ге ағыл­мас еді. Біздің жұмыс­шы­ларға шекесі­нен қарай­тын үстем­дік пси­хо­ло­гия тумас еді. Ели Дауд деген көр­ген­сіз араб жігіті сияқты құтыр­мас еді. 

«Билік­ті тоқ­шы­лық бұза­ды, қыздар­ды жоқ­шы­лық бұза­ды» деген. Қызда­ры­мы­зды лас жүріс­ке итер­ме­леп оты­рған да – сол жоқ­шы­лық. Эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы оңды бол­са, қазақ қызда­ры­ның ара­б­тар­да, жал­пы шетел­дік­тер­де несі бар? 

Заң жүзін­де қаза­қстан­дық жұмыс­шы­лар шетел­дік жұмыс­шы­лар­мен тең­дей жалақы ала­тын бол­са, эко­но­ми­ка­лық аху­ал­да­ры бүгін­гі­ден әлдеқай­да ілгерілері анық бола­тын. Әлгілер­дің қазір «шырт түкіріп» оты­рған орын­да­рын­да қаза­қстан­дық маман­дар оты­рар еді. 

 Бәленің бәрі өзі­міз­ден. Шетел­дік ком­па­ни­я­лар алдын­да жал­бақтаған билік өз аза­мат­та­рын жығып беретін заң­дар арқы­лы эко­но­ми­ка­лық (жалақы­лық), әле­умет­тік сала­лар­да теңсіздік­тер­ге жол ашты. Үкі­мет ұсы­нған заң жоба­ла­рын «шай­на­май жұтқан» сенат пен мәжіліс депу­тат­та­ры да бұған тіке­лей кінәлі. Соның сал­да­рын Аты­ра­удан тағы да көріп отырмыз. 

Иә, қаза­қтың ашу-ыза­сын туғы­зған оқиға­дан соң шын-өтірі­гі бел­гісіз ССЕР ком­па­ни­я­сы жұмыстан шет­тетіліп­ті. 237 араб, 780 қытай, 578 үнді жұмыстан бір­жо­ла шыға­ры­лып­ты дей­ді. Орны­на Қаза­қстан аза­мат­та­ры алы­на­тын болып­ты. Сон­да әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лерін шешу үшін қаза­қтар үне­мі біре­удің тұм­сы­ғын бұзуы керек пе?! Әлде Жаңаө­зен­де­гі­дей қырғы­нға ұшы­ра­уы керек пе? 

 Шетел­дік ком­па­ни­я­лар пай­да үшін қазақ жерін­де жұмыс істе­у­ге ынта­лы. Ал Қаза­қстан билі­гі, әлгі Қауіп­сіздік кеңесі деген­дер, депу­тат­тық кор­пус өзінің қамы­нан басқа халы­қтың қамын, қара­пай­ым жұмыс­шы өз аза­мат­та­ры­ның қамын қашан ойлайды?

Марат БАЙДІЛДӘҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн