fbpx

Біз Назарбаевтың БИЛІГІ МЕН ҚУЛЫҒЫНАН ШАРШАДЫҚ, дейді Киев кеңесіне қатысушылар

Әле­умет­тік желілер­де бұдан бұрын хабар­ланған­дай, Укра­и­на аста­на­сы Киев қала­сын­да өздерін «Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның өкіл­дері» деп таны­сты­рған бір топ аза­мат­тың жиы­ны өткен еді.

Осы жиын­ның ұйым­да­сты­ру тобы ақпа­рат қыз­метінің хабар­ла­у­ы­на қараған­да, Киев­те кеңес­кен оппо­зи­ци­я­шыл топ­тың құра­мын­да елге таны­мал қай­рат­кер­лер­ден Бал­таш Тұр­сын­ба­ев, Серік­бай Әлі­ба­ев, Рыс­бек Сәр­сен­бай, Уәли­хан Қай­са­ров, Қуа­ныш Мұқтай болған. Олар­дың қата­рын­да сая­си қуғын­ның сал­да­ры­нан елден қашып, Укра­и­на­ны пана­ла­у­ға мәж­бүр болған Айдос Сады­қов, Ермек Нарын­бай, Ардақ Әшім, Ержан Тұрғын­бай бол­ды.

Киев­те­гі кеңе­сте не айтыл­ды, қан­дай тұжы­рым жасал­ды? Бұған орай жиын­ды ұйым­да­сты­ру тобы­ның ақпа­рат қыз­меті мына­дай ақпа­рат тарат­ты: «…Іште­гі және сырт­тағы Отанға, мем­ле­кет­ке жана­шыр­лы­қ­пен қарай­тын адал ниет­ті аза­мат­тар­дың бар­ша­сы ұлы мақ­сат жолын­да бірі­гуі тиіс. Оппо­зи­ци­я­лық, демо­кра­ти­я­лық күш­тер Қаза­қстан­да бей­біт жол­мен өзгеріс жаса­удың баста­ма­сы ретін­де халық құры­л­тай­ын өткізу­ге дай­ын­да­луы қажет… Ынта­лы топ /осыған байланысты/ құры­л­тай жиы­нын үсті­міз­де­гі жылғы 1 мау­сым күні Қаза­қстан аста­на­сын­да баста­уға шешім қабыл­да­ды».

Еске сала кетей­ік, бұл құры­л­тай тура­лы хабарға әле­умет­тік желі­де біре­гей қол­дау бол­ма­ды. Мәсе­лен, «бұл қан­дай тобыр», «басты көңіл­ді сай­ла­у­ға ауда­рай­ық», «қай­дағы-жай­дағы­мен халы­қтық құры­л­тай­дың қадірін кетір­мей­ік» деген сияқты пікір­лер жазыл­ды.

Желі арқы­лы тара­ты­лған ақпа­рат­та айты­лған­дай, бұл құры­л­тай­да мына­дай мәсе­ле­лер қара­ла­тын көрі­неді: «Халық –мем­ле­кет­тік билік­тің қай­нар көзі; Елде­гі әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сар­ту; Пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да дауыс беру­ге бой­кот жари­я­лау; Қытай­дағы қаза­қтар мәсе­лесі және ҚХР мен ҚР ара­сын­дағы қарым-қаты­нас; Тәу­ел­сіздік­ті, мем­ле­кет­тілік­ті, демо­кра­ти­я­ны қорғау».

Осы жиын­да аста­на­да өтетін құры­л­тай­ды ұйым­да­сты­ру тобы­ның төраға­сы болып, бел­гілі сая­сат­кер Уәли­хан Қай­са­ров сай­ланған екен. Біз төмен­де ынта­лы топ­тың құры­л­тай өткі­зу тура­лы үнде­уін cәл-пәл ықшам­дап, жари­я­лап отыр­мыз. Ескер­те кетей­ік, бұл үнде­у­ге жоға­ры­да аталған бел­сен­ді аза­мат­тар қол қой­ған. Ал мәсе­ленің толық мән-жай­ын газет­тің келесі санын­да бел­гілі қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­дың газет тіл­шісі­мен болған сұх­ба­тын­да жари­я­лай­тын бола­мыз.

«D»

  •  Бір адам билеп-төсте­ген қазақ елі тұй­ы­ққа тірел­ді. Назар­ба­ев­шыл­дар халы­қ­пен сана­спас­тан және оны қажет деп тап­пас­тан, біл­ген­дерін жаса­ды. Олар­дың кел­тір­ген зала­лы зіл бат­пан. Ең басты­ла­ры мына­лар:

Мем­ле­кет­тілік­тің іргесі шай­қал­ды. Басқа­ру­дың бар­лық тар­мақта­ры өзін «елба­сы» атан­ды­рған жеке дара билік құру­шы Н.Назарбаевтың қолы­на тиді. Заң шыға­ру­шы пар­ла­мент, атқа­ру­шы үкі­мет, сот, бар­лық күштік құры­лым­дар соның қала­у­ы­мен жасақта­ла­ды. Сай­ла­у­лар сай­қы­ма­за­ққа, сот­тар сахна­лық қой­ы­лы­мға айна­лып, баста­пқы мәнін жой­ды. Мем­ле­кет­тік орган­дарға аза­мат­тар­дың сені­мі қал­ма­ды. Басқа­ру­шы­лар халы­қтан алы­ста­ды.

Тәу­ел­сіздік­ке қатер төн­ді. Қос көр­шінің құшағы­на өз еркі­мен бері­ле құлаған Қаза­қстан эко­но­ми­ка­лық және сая­си дер­бес­ті­гін әлсірет­ті. Шикі­зат беру­ші арт­та қалған афри­ка­лық елдер­дің кебін киді. Мұнай мен газ­дың, уран мен алтын­ның негіз­гі қожа­сы болу­дан қал­ды. Дай­ын өнім өндіріп, оны тиім­ді баға­мен сыр­тқа шыға­ру қол­дан кел­меді. Тәу­ел­сіздік­ке тұсау сала­тын әртүр­лі одақтар мен ұйым­дарға кіру­ге құл­шы­ны­стың, инве­сти­ци­яға, мил­ли­ард­тап қарыз алуға әсі­ре құмар­лы­қтың сал­да­ры осы­ған жет­кізді. Мем­ле­кет­ті басқарған Назар­ба­ев сіңір­ген тәу­мен­ділік қыз­меті үшін мара­патқа бөлен­ді, кеудесін тол­ты­ра орден тақты. Тәу­ел­сіздік жеке бастық атақ пен даңққұ­мар­лы­қтың бода­уын­да кет­ті.

Жемқор­лық айы­қ­пас дерт­ке ұшы­рат­ты. Мем­ле­кет­тік басқа­ру­дан бастап, пер­зент­ха­на, бала­бақ­шаға дей­ін жемқор­лық жай­ла­ды. Сатқын, пай­да­кү­нем шене­унік­тер ұлт­тық мүд­дені ақшаға айыр­ба­ста­ды. Жер­ді, оның асты-үстін­де­гі бар бай­лы­қты өза­ра бөлісті. Өндіріс нысан­да­рын, кен орын­да­рын сырт­тан жет­кен пысы­қай­лар­дың май­лы алақан­да­ры­на салып бер­ді. Қаза­қстан жемқор­лық бой­ын­ша аты шыққан, алды­ңғы қатарға ілік­кен ел бол­ды. Адал­дық, таза­лық, ар мен абы­рой сияқты ада­ми құн­ды­лы­қтар аяққа басыл­ды.

Жері­мізді саудаға сал­ды. Ата-баба­дан қалған қаси­ет­ті мұра – Жер-ана­ны сатуға шығар­ды, шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге кірісті. Айна­ла­дағы мем­ле­кет­тер­мен шека­ра­ны нақты­лап, бел­гілеу бары­сын­да ұты­лы­сқа түсті. Жер тура­лы заң­дағы жөн­сіздік­тер­ге қар­сы тұрған пат­ри­от аза­мат­тар­ды қуғын­да­ды, сот­та­ды.

Жұмыс­сыздық жұрт­ты жүн­жіт­ті. Тоқы­ра­уға ұшы­раған өндіріс орын­да­ры – зауыт­тар мен фаб­ри­ка­лар жабыл­ды. Олар алып-сатар­лы­қтың орны­на айнал­ды. Кеше­гі өнім өндіретін, тұты­ну бұй­ым­да­рын шыға­ра­тын жүз­де­ген мың кәсі­пқой жұмыс­шы­лар дала­да қал­ды. Рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның едәуір бөлі­гі кедей­лен­ді. Қай­ыр­шы­лар күн санап көбей­іп бара­ды.

Ауыл адам­да­ры босқын бол­ды. Асты­ғы мен ет-сүті тоқ­шы­лы­қтың, орас­ан зор табыст­ың көзі болған ауыл шару­а­шы­лық жүй­есі талқан­дал­ды. Ауыл тұрғын­да­ры күн­көріс үшін қала жаға­лап, босып кет­ті. Бас­па­на­сыз, жұмыс­сыз қалған қазақ өз Ота­нын­да «аут­сай­дер» атан­ды.

Мәң­гүрт­тен­ді­ру бастал­ды. Министр ауы­сқан сай­ын өзге­ретін сау­ат­сыз рефор­ма­лар жас ұрпақтың білі­мі мен тәр­би­есіне кері әсерін тигізді. Жоға­ры оқу орын­да­рын­да тегін оқы­ту мүм­кін­ді­гі шек­тел­ді. Мың­даған жастың маман­дық алуға ұмты­лы­сы қол жет­пес арман күй­ін­де қал­ды. Елі­міз­де білім­сіздік пен біліксіздік үстем­дік құра­тын кезең бастал­ды.

Аза­мат­тық құқық аяққа тап­тал­ды. Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған өмір сүру, еңбек ету, сай­лау, сай­ла­ну, бей­біт жиын­дар, сөз бостан­ды­ғы құқы­қта­рын пай­да­ла­нуға шек­те­улер, кедер­гілер қой­ыл­ды. Қар­сы пікір біл­діру­ге, нара­зы­лық таны­туға, ұсы­ныс, талап қой­ғанға қар­сы жаза­лау шара­ла­рын ойлап тап­ты. Қуда­лау мен қысым көр­се­тудің шек­тен шыққан түр­лері қол­да­ныл­ды. Алаң­дар­да, көше­лер­де, тіп­ті үйінің қасын­да адам­дар­ды заң­сыз ұстау, поли­ци­я­лар­дың сүй­ре­ле­уі тұрақты және жек­көріні­шті сипат алды. Сот­тар мен про­ку­ра­ту­ра, поли­ция, ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті сая­си тап­сы­ры­сты орын­да­у­шы, жаза­ла­у­шы ролін атқар­ды.

Халы­ққа қар­сы оқ атыл­ды. Жаңаө­зен­де және Шет­пе­де билік басын­дағы­лар­дың бұй­ры­ғы бой­ын­ша бей­біт адам­дарға оқ ату құрал­да­ры қол­да­ныл­ды. Жазы­қ­сыз жан­дар қырғы­нға ұшы­ра­ды. Одан бұрын оппо­зи­ция жетек­шілерінің өміріне сая­си тап­сы­ры­спен қастан­дық жасал­ды. Билік қан­ды қол қыл­мыс­кер­ден асып түсті. Қаза­қстан авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық елдер­дің қата­ры­на қосыл­ды.

Іріп-шірі­ген билік жүй­есі құрыл­ды. Н.Назарбаев отба­сы­лық, оли­гар­хи­я­лық, тота­ли­тар­лық билік жүй­есінің негізін қала­ды және оны дамыт­ты. Билік арқы­лы өзі де, айна­ла­сын­дағы­лар да мил­ли­ард­таған бай­лы­қты иелен­ді. Халы­қтың несі­бесіне, үлесіне аяу­сыз қол сұқты. Билік­тен айы­рыл­мау үшін Ата заң­ды, басқа да заң­дар­ды өз мүд­де­леріне лай­ы­қтап өзгерт­ті. Алдағы пре­зи­дент сай­ла­уы да сол мақ­сатқа қыз­мет ете­ді.

Мұның бәрі құл­ды­ра­удың шегіне жет­кенін айғақтай­ды. Ел басы­на төн­ген ала­пат қатер­ді әркім күн­делік­ті өмір­де көріп, түсініп отыр. Ота­нын сүй­ген, ұрпағын ойлаған ақни­ет­ті аза­мат­тар­дың бар­ша­сы­на біз үндеу тастай­мыз:

Біз отыз жылға жуық уақыт Н.Назарбаев басқарған мем­ле­кет­те өмір сүр­дік және оның орын­дал­май­тын уәде­леріне той­ып бол­дық. Қулы­ғы­на да қаны­қтық. Үміт күту­мен және оның халық қамын ойла­май­тын, өзінің шексіз билік құру үшін жасаған қитұрқы әре­кет­тері­нен шар­ша­дық. Билік жүй­есін бей­біт жол­мен өзгерт­пей­ін­ше, бар­ша­мы­здың жағ­дай­ы­мы­здың жақ­сар­май­ты­ны анық. Біз­дер, осы үнде­у­ге қол қою­шы­лар, Киев қала­сын­дағы ынта­лы топ­тың бас қосуын­да үсті­міз­де­гі жылғы 1 мау­сым күні рес­пуб­ли­ка аста­на­сын­да ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН шақы­ру тура­лы баста­ма көтер­дік! Қол­даңы­здар! Үн қосы­ңы­здар! Бәрі­міз бір­ге өз Ота­ны­мы­зды авто­ри­тар­лық биле­уден, жемқор­лы­қтан құтқа­рай­ық! Тәу­ел­сіздік­ті, мем­ле­кет­тілік­ті қорғай­ық! Құл­дық сана­дан ары­лып, еркін­дік­ке, бостан­ды­ққа ұмты­лай­ық! Әділет­тілік­тің орны­ғуы­на күш салай­ық! Халық – ҰЛЫ КҮШ. Біз ЖЕҢЕМІЗ!

Ілес­бек Бай­жа­нов:

  • Жетім сатқан, жер сатқан, азғын қоғам орнатқан­дарға зауал кел­сін! Алла-Таға­ла­мыз жар бол­сын халқы­мы­зға!

Иса Иса­ев:

  • Қол­дай­мын! Жай ғана сөз­бен қол­да­май, іспен, қара­жат­пен қол­да­уға дай­ы­н­мын! Не істе­у­ге бола­ды? Құры­л­тай­ға қаты­суға қалай бола­ды? Қай­да бару керек? Туы­ста­ры­мы­зды, жол­даста­ры­мы­зды да қаты­суға шақы­рай­ық.

Ғазиз Қай­мол­дин:

  • Е‑е, қаза­ғым, сая­си бөлін­ген демей­сің­дер ме осы­ны, нағыз анау ұры шал­ды қол­даған­мен бір­дей мына­ла­рың! Қоса­но­вты пай­да­ла­нып, билік­ті әлсірет­кен­нің орны­на, сіз­дер шет елге кетіп, сырт­тан не бітірей­ін деп жүр­сің­дер? Өкіні­шті! Билік­ке қар­сы күш­тер­ді әлсірет­тің­дер.
Республиканский еженедельник онлайн