Вторник , 1 июля 2025

Бір естелік

Нақты уақы­ты есім­де жоқ: 2005 жылғы жаз­дың бір күні Заман­бек аға теле­фон соқты.

«Әй, сен бос­сың ба?».

«Бос­пын… Жай­шы­лық па?».

«Қазір үйіңнің жаны­нан өтем, менің маши­нам­ның соңы­нан еретін бол!».

«Қай­да барамыз?».

«…»

Зақаң әдет­те­гі шорт мінезі­мен сөзді шолақ доғарды.

Көше бой­ын­да қара «Мер­се­дес­сті» күтіп тұр­мын. Көлі­гі қасым­нан зу етіп өте бер­ген­де соңы­нан ердім. Сол жүйт­кі­ген бой­да Алма­ты­ның сыр­тын­дағы «Ала­тау» сана­то­рий­інің шлаг­бау­мы­на тірел­дік. Әдет­те­гі бір­лі-жарым күзет­ші емес, топыр­лаған кәстөм киген­дер толып жүр. Зәкеңнің маши­на­сын өткізді, маған «бол­май­ды» деді. Дау­ла­са­тын емес, түстері суық, қорған­ның сыр­тын­да қалдым.

Дереу теле­фонға жармастым.

«Мен… мені… өткізбеді…».

«Сол жер­де күт…».

Тағы да кел­те қайырды.

Бір сағат тұр­мын. Екі сағат… Үш сағат деген­де Зәкеңнің көлі­гі көрін­ді. Тағы да жаным­нан зу етіп өте шықты. Тағы да еріп келем. Теле­фо­ным безіл­дей жөнелді.

«Сағат бесте Мақ­пал­дың шай­ын ішем, содан соң үйге кел…».

Дауы­сы бір түр­лі. Доғал­дау діңін білем: «жарай­ды» дедім.

Айты­лған уақыт­та кел­дім. Үйінің іргесін­де­гі бүгін­де музейі болған штаб-пәтерін­де екен. Қызыңқы.

«Назар­ба­ев­пен жолықтым…».

«Иә…».

«Не иә?! Мас екен… Су ішіп оты­рған стақа­нын тол­ты­рып, арақ құй­ды да, «іш» деді. Әңгі­менің ауа­ны ауыр бола­рын сезіп, дем алмай тар­тып салдым…».

«Не қыл дейді?».

«Саған не керек: ақша ма, қыз­мет пе, нах…?» деп, боқтап сөй­леді. Мен де «кет­сең – кет» деп, тіз­гін­ді жібер­дім. Маған ештеңең керек емес, әділ сай­лау өткі­зей­ік дедім. Зағи­па­ның (Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы – Бали­е­ва) оры­нын маған бере тұр, таза сай­лау өткізіп берей­ін де, кетей­ін нах… Сіз де сай­ла­у­ға түсіңіз: жең­сеңіз – сіз жақта­мын, жеңіл­сеңіз – халы­қтың алдын­да абы­рой­мен кетесіз, сіз­ге соның өзі әбүй­ір бола­ды, тарих­та жақ­сы атпен қала­сыз дедім».

«Ол не деді?».

«Жеп­сің!.. Тарихы­ң­ды нетей­ін!» деді. Бірақ бірер күн­де хабар­ла­сам деді».

«Ал енді бұл нетісте­гі менің мін­детім қандай?».

«Үш күн күте­мін. Үш күн­нен кей­ін пресс-кон­фе­рен­ция өткізіп, жағ­дай­ды жай­ып салам… Сен Сей­тқазы­мен (Мата­ев) сөй­лесіп, пресс-клубқа заказ беріп қой…».

Бұл жек­сен­бі күні бола­тын. Ертеңін­де – дүй­сен­бі­де Зәкең теле­фон соқты: «Пресс-кон­фе­рен­ци­я­ны бүгін өткі­зе­міз…» деді.

«Не? Жау­а­бы дұрыс па?».

«Пошел он нах…! Өз оба­лы өзіне!».

Зәкең сағат 12-де бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, еке­уа­ра болған боқтық пен іші­стен басқа­сын жай­ып сал­ды: «Назар­ба­ев өлмей – кет­пей­ді, сай­лау әділ бола­ды деп ойла­маң­дар! Мен қолым­нан кел­ген­ді істе­дім…» деді.

Бұл – бұдан 15 жыл бұрын болған жағ­да­ят еді. Назар­ба­ев өлген жоқ, әлі отыр… Зақаң­ның көзін құртты…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн