Вторник , 1 июля 2025

ДАТЫҢ БОЛСА АЙТАРҒА

«ДАТ»-қа жазыл, ағайын!

Алда келе жатқан 2022 жыл­дың газет-жур­нал­да­ры­на жазы­лу бастал­ды. Елде­гі дағ­да­рыс пен пан­де­ми­я­лық кри­зис дің­ке­лет­кен «ДАТ» газеті бұл науқан­да кемін­де 20–30 мың оқыр­ман жинай алма­са, келесі жылғы жағ­дай жаман болай­ын деп тұр. Тіп­ті, газет­тің жабы­лып қалу қау­пі де жоқ емес.

Біз бұған дей­ін «ДАТ»-қа жазыл деп, ешқа­шан және ешкім­ге өтініш қыл­маған газет едік. Бірақ енді­гі жағ­дай жал­ба­ры­нған күй кешу­ге мәж­бүр етіп оты­рға­нын жасырмаймыз.

Бірін­ші­ден, үлкен қала­лар­дағы (әсіре­се Аста­на мен Алма­ты­да) газет-жор­нал сауда­лау дүң­гір­шек­тері жап­пай жабыл­ды. Бұдан біз 10 мыңға жуық тираж жоғалттық.

Мәсе­лен, Алма­ты мен Аста­на­да газет сауда­лау ісін­де моно­по­ли­яға айналған Дариға Назар­ба­е­ва­ның иелі­гін­де­гі «Кара­ван» киос­кілері «ДАТ»-ты сауда­ла­удан үзіл­ді-кесіл­ді бас тарт­ты. Моно­по­ли­яға қар­сы заң­ды­лы­қтар­ды бұзу­дың бұл әре­кетін біз сотқа бере­рміз, бірақ Дариға дөкей­ге заң жүре ме?!

Екін­ші­ден, газет қаға­зы­ның құны қым­бат­таған соң (тон­на­сы 250 мың тең­ге­ден асты), бас­па­ха­на қыз­меті де қым­бат­та­ды. Газет­тің бір дана­сын басу құны 30 тең­ге­ге жет­ті. Апта сай­ын шыға­тын газет­ке жар­ты мил­ли­онға жуық (айы­на 2 млн.) ақша жинау оңай бол­май барады.

Үшін­ші­ден, қар­жы тап­шы­лы­ғы сал­да­ры­нан редак­ци­я­ның шта­ты тақыр-таза қысқар­ды. Қалға­ны – 5 адам, оның еке­уі ғана жур­на­лист. Мұн­дай жағ­дай­да қоғам­дық тақы­рып­тар­ды жан-жақты қам­ту мүм­кін емес!

Төр­тін­ші­ден, «ДАТ»-та деме­уші (спон­сор) жоқ, соңғы 10 жыл­да болған да емес. Ал нарық тары­қты­рған Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да деме­ушінің қол­да­уын­сыз газет­ті аймақтарға жет­кі­зу – қия­мет-қай­ым машақатқа айнал­ды. Газет­тің интер­нет нұсқа­сын қам­та­ма­сыз ету де – деме­ушісіз жүр­мей­тін әурешілік.

СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, ЕГЕР СІЗ:

  • билік­ке бүге­жек­те­мей­тін тәу­ел­сіз сөз қоғам мен халы­ққа қажет десеңіз;
  • елде­гі жалғыз оппо­зи­ци­я­лық газет­ті сақтап қалуға мүд­делі болсаңыз;
  • билік пен қоғам­дағы оқиға­лар мен жағ­да­ят­тарға бай­ла­ны­сты бала­ма ақпа­рат алып тұрғы­ңыз келсе;
  • қалып­тасқан сая­си режим­ді өзгер­ту­ге құштар, қуғын-сүр­гін­де жүр­ген аза­мат­тарға қаты­сты жай-жап­сар­ды үне­мі наза­рда ұстағы­ңыз келсе;
  • елде­гі аза­мат­тық қоғам­ның жай-күй­іне жана­шыр болсаңыз;
  • сот пен оттан тап­паған ақиқат пен әділет­ке жүгі­нудің қажет­тілі­гі туса,

«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді.

Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескертеміз.

Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген (Дін­мұ­хам­мед Сей­тқа­зы) +7–707-615–81-20 Кас­пий-голд номеріне тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;
  2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді
  4. жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз
  5. жазы­лу баға­сы төмен­гі таб­ли­ца­да көрсетілген.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­саб-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

«ДАТ»-тың ұзақ жыл­дарғы тұрақты оқыр­ма­ны сүй­ік­ті газетіне жазы­ла­ты анық. Бірақ бүгін­гі дағ­да­ры­сты жағ­дай­да бұл аздық ете­ді. Газет­ті сақтап қалу үшін, келер жылға ең кемін­де 20 мың жазы­лу­шы қажет.

Әлбет­те, біз жақ­сы түсі­не­міз: бір жылға жазы­лған сіздің 4,5 мың тең­геңіз­ге екі-үш күн­дік азық-түлік сатып алуға бола­ды. Таң­дау өзіңіз­де – екі-үш күн­нің тамағын ала­сыз ба, жоқ әлде бір жыл бойы үйіңіз­ге газет жаз­ды­рып алу қажет пе?

Сон­ды­қтан әр тұрақты оқыр­ман өзінің тұрғы­лы­қты жерін­де және еңбек ұжы­мы ара­сын­да газет­ке жазы­лу науқа­нын ұйым­да­сты­ру­ды сұраймыз.

Ол үшін:

құда-жег­жатқа

дос-жаранға

көр­ші-қолаңға

сіз тани­тын әрбір әділет­шіл ада­мға қолқа салы­ңыз!

БІЗДЕ ГАЗЕТТІ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ БАСҚА АМАЛЫ ҚАЛМАДЫ, АҒАЙЫН!

СОНДЫҚТАН ОСЫНДАЙ «ӨЛЕРДЕГІ СӨЗДІҢ» НАУҚАНЫН ЖАРИЯ ЕТТІК!

«DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Республиканский еженедельник онлайн