Среда , 2 июля 2025

Ермұрат Бапи: ҚҰРЫЛТАЙДЫ «БАЛАЛАТУ» – қоғамды бөлшектеудің кезекті амалы

– Ермұрат мыр­за, Құры­л­тай өткі­зу жөнін­де­гі ұйым­да­сты­ру коми­тетінің мүше­сі ретін­де сіз­ден анық-қаны­ғын біл­мек­ке бір­не­ше сұрағы­мыз бар еді…

– Жөн. Сұраңыз, біл­генім­ді айтай­ын. Бірақ бір­ден ескер­тетін ремар­ка – бұл жиын­ның «Үшін­ші Халық Құры­л­тайы» деген толық ата­уы бар. Алды­ңғы еке­уі бұған дей­ін Аста­на мен Алма­ты­да өткен…

– Енде­ше біз де бір­ден айтай­ық: бұл құры­л­тай­лар бірі­нен соң бірі неге «бала­лап» кет­ті? Өткен апта­да аста­на­да «Шару­а­лар құры­л­тайы» деген жиын өтті; енді­гі біре­уін алдағы жұма күні Бал­таш Тұр­сым­ба­ев пен Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы аға­ла­ры­мыз бастаған топ Алма­ты­да; Нұр­жан Әлта­ев­тың тір­кел­ме­ген «Ел тіре­гі» пар­ти­я­сы ертеңін­де – сен­бі күні аста­на­да өткіз­гелі жатыр екен…

– «Бала­лау» мәсе­лесін жақ­сы айт­тың, Қой­шы­бек (күл­ді). Бірақ мен «бала­ла­май» тұрған­дағы Бал­таш аға бастаған Үшін­ші Құры­л­тай өткі­зудің баста­ма­сы қалай пай­да болға­нын айтай­ын. Өткен қазан айы­ның басын­да «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның жетек­ші хат­шы­лы­ғы кезек­ті оты­ры­сын өткіз­ген кез­де Рыс­бек аға Сәр­сен­бай­ұ­лы кезек­ті Құры­л­тай өткі­зу жөнін­де баста­ма көтер­ді. Жиналған­дар біра­уы­здан келісті. Бірақ қара­ша айы­на бел­гі­лен­ген ІІІ Құры­л­тай­дың нақты өтер күні ол оты­ры­ста бел­гі­лен­бе­ген болатын.

Ал енді «Ел мен Жер» қозға­лы­сы ашық ұйым болған­ды­қтан, оның жұмыс­шы жиы­ны­на кез кел­ген бел­сен­ді аза­мат қаты­са ала­ды. Сол «кез кел­ген» біре­удің билік­ке жет­кіз­ген хаба­ры­нан «бала­лау» басталған сияқты…

– Сон­да көше­ден көл­де­нең өтіп бара жатқан адам да қаты­са бере ме?

– Қоғам­дағы кінәратқа жана­шыр­лы­ғы және соған қаты­сты айта­ры бол­са, неге қаты­спасқа? Менің­ше, Бал­таш аға мен оның орын­ба­са­ры Еркін Рақы­шев оты­ры­стан ешкім­ді қуып шыққа­нын көр­ген жоқ­пын. Өзім қаты­сқан бір­де-бір жиын­нан «көл­де­нең көк атты» қуы­лға­ны есім­де жоқ.

Деген­мен гәп­тің бір ұшы­ғын өзің де дәл бастың, Қой­шы­бек бауыр. Міне, Рыс­бек аға «Құры­л­тай өткі­зудің толғағы кел­ді» деген сол жиы­нға «көше­ден кел­ген» әлдекім «тиісті жер­ге» хабар жет­кіз­ген: «солай да солай, Бал­та­штар құры­л­тай өткіз­гелі жатыр» деп. Ал «тиісті» меке­ме­лер «халы­қтық» деген ата­уы бар Құры­л­тай­дың алдын алу үшін әре­кет қылған. Содан құры­л­тай­дың «бала­лау» науқа­ны басталды.

– Ол «хабар­шы­ның» кім екенін сіз нақты білесіз бе?

– Қолы­нан ұстап, атап берудің реті қиын… Олар­дың қасын­да «шам ұстап тұрған» жоқ­пын… Деген­мен, оты­ры­сқа қаты­сқан айнал­ды­рған оншақты адам­ның ара­сы­нан кім екенін тұс­пал­дап біліп отыр­мын. Ширек ғасы­рға жуық қоғам­дық қаре­кет­тің қақ орта­сын­да жүр­ген соң, кім­нің – кім екенін, оның қай­дан және қалай пай­да болған «жан­сыз» екенін пай­ым­дай­тын прак­ти­ка жина­дық қой…

«Құдай­ға шүкір» деңіз… Ал аты-жөнін атап бере ала­сыз ба?

Көзіне шұқып көр­се­тудің қажеті жоқ, «Бапи сені біліп отыр» деп «тиісті меке­месі» өзіне де ескер­те жатар… Мен әрбір осын­дай жиы­нға жетіп келетін «жан­сыздар­дың» жөн-жосы­ғын жақ­сы білем.

Ал біле оты­рып, айт­па­уым­ның себебі – мұн­дай «көз­ге шұқу­лар» қоғам­дағы жал­пы қозға­лы­сқа бере­кет әкел­мей­ді. Өйтетін бол­сам, қаза­қты қыры­ққа бөл­шек­те­у­ге бей­ім билік­тің диір­меніне су құй­ған бола­мын. Біз­де­гі ырың-жыры­ң­ның бар­лы­ғы осын­дай «анау – агент», «мынау «КНБ»-ның жан­дай­ша­бы» деген­нен шыға­ды. Ол «хабар­шы» бей­ша­ра­лар «тиісті меке­месі­нен» тиын-тебенін алып, жанын бағып жүр ғой – жүре бер­сін. Ар-абы­рой­ын сатып, халы­қтық істі астыр­тын кәсіп­ке айнал­ды­рған адам­ның к…ті қуы­ста­нып көр­ген күнін­де қай­бір қаси­ет бар дейсіз?!

Қысқа­сы, сон­дағы тобы­қтай түй­ін айт­пағым – билік нағыз халы­қтық жиын­ның бей-бере­кетін кеті­ру үшін, өзің айтқан­дай, құры­л­тай­ды «бала­ла­ту­дың» қамын жасап жатыр. Оған дал ұрып, дәлел ізде­удің қажеті жоқ: соңғы он күн­де­гі үш құры­л­тай­ды билік пен тиісті ведом­ство­лар­дың тех­но­ло­ги­я­сы туды­рып отыр. Құры­л­тай­дың қадірін кеті­ру сая­са­ты деген осы болады!

– Сон­да билік «туды­рған» сол үше­удің ішін­де сіз­дер өткі­зетін ІІІі Халық Құры­л­тайы да кетіп қалға­ны ма?

– Бар­лы­ғы­ның «бала­ла­у­ы­на» түрт­кі болған сол ІІІ Құры­л­тай ғой. Мұн­дағы ымы­рас­ыз оппо­зи­ци­я­ның өкіл­дері өткі­зетін жиын­ды бөл­шек­теп, билік оның мән-мағы­на­сын ыды­ра­тып жібе­рудің ама­лын жасап бақты. Түп­теп кел­ген­де, қоғам­да қалған-құтқан оппо­зи­ция мен про­те­стік қозға­лы­стың өкіл­дерін бір-бірі­мен қырқы­сты­рып қою­дың сасық айла­сы іске асқа­нын жасы­руға бол­май­ды. Енді келіп, сая­сат­тан аулақ жүр­ген қара­пай­ым жұрт­шы­лық бұлар­дың қай­сысы нағыз құры­л­тай, қай­сысы – жалған деп, бас қаты­рып жүр.

Бірақ бас қаты­ра­тын түгі де жоқ: оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­ста бұрын­нан жүр­ген, былы­қ­пен былған­баған, ешқа­шан билік­пен ауыз­жа­лас­паған жігіт­тер Алма­ты­да өткіз­гелі оты­рған Құры­л­тай – бұл нағыз халы­қтық жиын. Ал басқа­сын анау екен, мынау екен деп, күнібұрын таң­ба таққым кел­мей­ді. Бәл­кім, әлдебір аза­мат­тар қоғам­нан орын алу үшін, шынайы әре­кет қылып жатуы да мүм­кін ғой. Оның үстіне сол «анау-мына­удың» салқы­ны аза­мат­тық қоғам­ды одан әрі ыды­ра­туға әкеліп соғады.

– Сон­да қоғам бөл­шек­те­неді екен деп, кон­церт қой­ып жүр­ген­дер­ді әшке­ре­леу қажет емес пе?

– Егер әлдекім­дер халы­қтың миын қаты­рып, расы­мен де «кон­церт қой­ып» жүр­се, олар­ды уақыт­тың өзі-ақ әшке­ре­леп береді. Көп күтетін түгі де жоқ: алдағы жұма мен сен­бі күн­дері кім­нің – кім екені айқын­да­ла­ды. Өткелі оты­рған екі құры­л­тай­дың маз­мұ­ны мен рито­ри­ка­сы айқын­да­у­шы инди­ка­тор бола ала­ды. Қоғам­дағы бар­лық кінәрат­тың, халы­қты қай­ыр­шы­лық дең­гей­ге дей­ін жет­кізіп, елдің ұлт­тық қауіп­сізді­гін саудаға салған, мем­ле­кет­ті қары­зға баты­рған ең басты фигу­рант­тың аты-жөнін және оның қыл­мысын қай­сы құры­л­тай атай­ды – сол нағыз Халы­қтық Құры­л­тай бол­мақ. Ал сыр­ты­нан сылап-сипап, елде­гі қия­нат­тың иесі «билік» деп, жал­пы­ла­ма сөз­бен ғана шыға­рып салған құры­л­тай – ол «кон­церт­шілер­дің» кезек­ті қой­ы­лы­мы болмақ.

– Ал сіздің ЖСДП бұл құры­л­тай­лар­дың қай­сы жағында?

– Ол неге менің ЖСДП-ым болуы керек?! Менің оған ешқан­дай қаты­сым жоқ!

– Кешірерсіз, кезін­де сіз сол пар­ти­я­ның төраға­сы болға­ны­ңы­зды мең­зе­генім ғой…

– Бұл пар­тия тура­лы сөз қозғал­са, менің жыным келеді! Пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дей­ін қоғам­ды бір сатқан, соңғы пар­ла­мент­тік сай­ла­уда – екі сатып кет­кен бұл пар­тия әлдеқа­шан өліп қалған. Енді Кәрім Маси­мо­втың «кон­то­ры» оның көр­де жатқан қу сүй­е­гін суы­рып алып, 26 қара­ша күні ІІІ Халы­қтық Құры­л­тай­ға қара­ма-қар­сы мақ­сат­та әлдебір түсініксіз «ашық сабақ» өткізу­ге жұм­сап отыр екен. Ақыл-есі дұрыс адам сатқын­ның сабағы­нан қан­дай тәлім алсын? Бұл да Халы­қтық Құры­л­тай­дың маңы­зын шай­ып жібе­рудің ама­лы­нан туған қас­көй­лік әре­кет деп білем.

– Ере­ке, құры­л­тай­лар тақы­ры­бы­нан тыс тағы бір сұрақ: сей­сен­бі күні бірін­ші пре­зи­дент Назар­ба­ев «Нұр Отан» пар­ти­я­сын­дағы төраға­лық орнын Тоқа­евқа боса­тып бер­ді. Бұл «ауыс-түй­істің» астар­лы мағы­на­сын қалай түсін­діріп берер едіңіз?

– Расын­да, бұл күрт шешім бол­ды. Бірақ аста­рын­да қан­дай қитұрқы жатқа­нын әзір­ге дөп басып айта алмас­пын. Шама­сы, Назар­ба­ев әдет­те­гі­дей өзінің интри­га­лық иірі­мін­де­гі екі есеп – бір қисап­тың қулы­ғы­на басты ма деп ойлаймын.

Бірін­шісі – сая­си-пар­ти­я­лық билік­тің тұтқа­сын Тоқа­евқа бере оты­рып, өз орнын пре­мьер­лік постқа айыр­ба­ста­удың айла­сын жаса­уы мүм­кін. Келесі пре­мьер-мини­стр­лік­ке мәжілістің спи­кері Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­ді тағай­ын­да­тып, оның бос қалған орны­на қызы Дариға Назар­ба­е­ва­ны әке­луі ғажап емес. Егер мұн­дай сце­на­рий­дің жолы бол­са, билік­тің тран­зи­ті одан әрі жалға­са­ды, түбін­де Дариға­ны кезек­ті пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­дай­ды деп болжам жаса­уға болады.

Екін­ші нұсқа – пре­мьер­лік постқа өзінің қол­ба­ла­сы Бауы­р­жан Бай­бек­ті тағай­ын­да­тып, сая­си бас­шы­лы­қтан бұрын, өмірінің соңғы шағын­да өзінің эко­но­ми­ка­лық мүд­десін түбірі­мен шешіп кетудің айла­сын күйт­те­уі мүм­кін. Мәсе­лен, елде­гі жеке­ше­лен­дірудің үшін­ші толқы­ны «Самұрық-Қазы­на» арқы­лы жүріп жатқа­ны анық. Эко­но­ми­ка­ның қалған-құтқан ірі актив­терін осы қор­дың аты­мен сауда­лау науқа­ны жүріп жатыр. Енді­гі және соңғы қалға­ны – елдің энер­ге­ти­ка сала­сын жеке қолға сату. Соңғы кез­дері араб елдері­нен энер­ге­ти­каға инве­сти­ция келіп жатыр деген ақпа­рат жиі айты­ла бастады.

– Бай­бек­тің мүм­кін болар-бол­мас пре­мьер­лі­гі «Самұрық-Қазы­на» мен энер­ге­ти­каға қалай қаты­сты болуы мүмкін?

– Сауда-сат­ты­қтың құжат-қаулы­ла­рын үкі­мет дай­ын­дай­тын бол­са, пре­мьер­дің қаты­сы қалай бол­май­ды? Екін­ші­ден, араб елдері Қаза­қстан­ның энер­ге­ти­ка сала­сы­на неге қызы­ға қал­ды? Шама­сы, елге келіп жатқан және тағы да келуі мүм­кін осы инве­сти­ция ара­б­тікі емес, Назар­ба­ев­тың араб елдеріне тыққан капи­та­лы ма деп ойлай­мын. Ал ол мил­ли­ард­тар­ды инве­сти­ци­я­лық-мыс жол­мен орна­ла­сты­ру және арам ақша­ны жуып-шай­ып кері шыға­рып алу – үкі­мет­тің қаты­сын­сыз жүзе­ге аспай­ды. Бай­бек­тің мис­си­я­сы – осы афе­ра­ны ресми және қол­да­ны­стағы заң­ның негізін­де рәсім­деу болуы мүм­кін бе?!

– Кім біл­сін, мүм­кін шығар… Уақы­ты кел­ген­де көре­рміз… Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Қой­шы­бек МҮБӘРАК,

The Qazaq Times

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн