Среда , 2 июля 2025

«ЖАЙСЫЗ ХАБАР»

Оның қарай­ған халқы­мен емес, ең алды­мен ақыл­дасқан ада­мы – Путин пат­ша болға­ны көңіл­ге күлбіл­те ой сала­ды. Ақор­да­ның аула­сы­нан шық­пай­тын айнал­соқ ақсақал­дар­ды да көзіне ілмеп­ті. Қан­дай уәж Путин­нің «пой­дет» деген пәр­меніне сай кел­ді екен? Оған не айтуы мүмкін? 

Әрине, қан­ша­лы­қты «тыр­нақ асты­нан кір ізде­гіш» бол­сақ та, мұн­дай­да ел қамы­на қарай­лас қам­ды дәт­ке қуат дей­сің. Бәл­кім, оры­стың оғы­ла­нын осқыр­тып алмай­тын айла тап­ты ма екен? (Айлаға аяр адам емес еді…). Мүм­кін, тран­зит­тің көшіне Кремль­ді килік­тір­ме­удің ама­лын ойлаған шығар? Әлде Ресей­ге берер кепіл­ді­гін өз елі­нен жасы­рып, астыр­тын ымы­ра­ның ыңғай­ын ықшам­да­ды ма?

Қалай болған­да да, пре­зи­дент­тік билік­ті «өткізіп бер­ген» бір апта­дан бері иван­дар­дың истеб­лиш­мен­ті үн-түн­сіз жатқа­ны тегін емес. Әйт­пе­ген­де, оған деген талай жыл­дар жиналған, әлдеқа­шан тас­паға тар­ты­лған том-том копра­мат­ты Ресей теле­ар­на­ла­ры­ның оқпа­ны­на оқтап қой­ған оры­стың арт-атқы­ла­уы енді­гі баста­лып кетуі керек еді. Керісін­ше, өрісте­гі өгіздің жүре сигенін­дей ирек-сирек бол­са да, «Қаза­қстан­ның өз еркі – өзін­де» деген Кремль жақтың жақтау сөзі ара-тұра естіліп қал­ды. «Жын­ды» Жири­нов­ский­дің «келесі пре­зи­дент орыс болуы керек» деген делқұ­лы сөзі де Путин­мен ара­да болған уағ­да­ның уытын сездір­се де, бұл жолы бір түр­лі жылы естіл­ді.
Сон­да бұл оған не деді? Отыз жыл­дық «опы­ты» бар, сая­сат­тағы интри­га­ны иіріп те, шиы­рып та шырық үйіріп жүр­ген айла­кер­дің қай айтқа­ны Путин­нің пай­ы­мы­на пара-пар кел­ді? Неге ол өзінің нөкер­леріне «үнде­мең­дер» деген коман­да берді? 

Бұл сұрақтарға сай­ма-сай жау­ап Назар­ба­ев­тың 14 науры­зда Араб Әмір­лік­теріне барған сапа­ры­мен сара­лас келетін сияқты. Ақор­да­ның ресми сай­ты «жұмыс бабы­мен бар­ды», «арнайы олим­пи­а­да­ның ашы­луы­на қаты­сты» деп, аста­рын бүк­кен хабар­дың қалқа­сын­да бұл сапар­дың негізі мақ­са­ты жасы­ры­нып тұрған еді. Әлбет­те, Абу-Даби­дың тақ мұра­гері шейх Мұхам­мед Наһа­ян­мен кез­дескені де, олим­пи­а­да­ның ашы­луы­на қаты­сқа­ны да рас, бұл – жария ақпарат.

Ал жария емесі – оның Абу-Даби­дағы Жумей­ра­ның паль­ма желе­гіне оранған аме­ри­ка­лық кли­ни­каға барға­ны; ол жер­де оның баты­стық про­фи-дәрі­гер­лер­ге қаралға­ны. Дәу де бол­са, осы жер­де оған жай­сыз бір хабар айтыл­ды: «Буы­нып-түй­іне беріңіз, уақыт болып қал­ды…» деді ме екен – әйте­уір бір тықыр­дың таянға­нын өз құлағы­мен есті­ген болуы керек. Аны­ғын­да, аме­ри­ка­лық про­фи­лар оған Аста­на­дағы пре­зи­дент кли­ни­ка­сы қой­ған диа­гноз­ды дәл­деп бер­ді: «Бұдан ары­ға сізді сүй­реу мүм­кін емес»…

Бұдан кей­ін Абу-Даби­дағы жай­сыз хабарға даяр­лы­қтың жалға­сы ол оралған соң, науры­здың 18-інде Аста­на­да жалға­сты. Келе салып, Орта­лық Ази­яда тең­десі жоқ үлкен мешіт сала­ты­нын хабар­ла­ды. 2011 жылы салы­нған, сый­ым­ды­лы­ғы 5000 адам­дық «Хазірет Сұл­тан» мешіті де, қыз­меті­нен кетер алдын­да Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков салып бер­ген зама­на­уи үлгі­де­гі мешіт те аяқ асты­нан тар­шы­лық етіп­ті. Енді кенет­тен ғалам­дық ғиба­датха­на қажет болыпты. 

Алақан­дай Аста­наға 30 мың адам­дық алып мешіт неге ғана қажет бола қал­ды? Жау­ап – «жай­сыз хабар­дың» жалға­сы: буы­нып-түй­і­нетін кез кел­ді… Отыз жылғы билік­ке бас ұрған халы­қтан 30 мың жамағат бір мез­гіл­де сәж­де­ге бас ұра­тын мешіт керек. Бірақ ол жамағат сапқа тұрып, бір мез­гіл­де басты сәж­де­ге қашан ұра­ды? Оны да өзі айтып бер­ді: «Екі жыл­дың ішін­де салы­нып бітуі тиіс мешіт­тің құры­лы­сын өзім бақы­лай­мын», – деді.

Бұл енді өзінің қамы ма, жоқ әлде про­фи­лар айтқан кесім­ді уақыт па – оның мөл­шерін мешіт­ті мекен тұтар құдірет­тен басқа тірі пен­де біл­ме­се керек. Бел­гілісі бір жәйт: қапы­ға қазір даяр бол­сын деп, қызын үкілеп қой­ды; елде­гі бар­лық заң-зәкүн уысым­да бол­сын деп, етжақын шапы­ра­шты бауы­рын бас про­ку­рор етті… Билік­ті де бұры­нғы­дай бұты­на басты­рып қалға­ны – басқа әңгіме.

…«Сон­да біз­ге не қала­ды?» деп, Аягөз­де­гі Аман ағам­нан ақыл сұра­маққа теле­фон шал­дым. Қыр­сық шал қай түзуін айт­сын: «Тоқа­ев бірін­ші сапа­рын Мәс­ке­у­ге емес, қаси­ет­ті Түр­кістанға жасаға­нын дәт­ке қуат етіп отыр­мын…» – дей­ді, әлгін­де ғана жеген қазы-қар­та­сы­ның иісін теле­фон­ның труб­ка­сы­нан сездір­ген­дей кекіріп…

Республиканский еженедельник онлайн