Воскресенье , 22 июня 2025

Жамила Айымбетова-Тоқмәди: Менің күйеуім ТЕКЕТІРЕСТІҢ құрбаны болды

Джа­ми­ля Айымбетова
  • «Нақақ ұйым­да­сты­ры­лған қыл­мыстық іс біздің бей­біт отба­сы­мы­зды тас-талқын қыл­ды, отаға­сын бас бостан­ды­ғы­нан айыр­ды, ден­са­улы­ғы сыр бер­ді, бүкіл биз­несі­міз құр­ды­мға кет­ті, бала-шаға­мыз зардап шек­ті, бөтен елде тұруға мәж­бүр бол­дық, біздің беделі­мізді түсір­ді. Мұның бәрі менің күй­е­уім ешқа­шан көр­ме­ген М.Әбілязов пен Н.Назарбаевтың ара­сын­дағы текетіре­стің кесірі­нен болды!

Бел­гілі кәсіп­кер, спорт­шы, қоғам қай­рат­кері, менің жұбай­ым Мұратхан Тоқ­мә­ди Еркін Тәті­шев­ті Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың тап­сы­ры­сы­мен өлтір­гені үшін заң­сыз сот­талған. Баста­пқы­да бәрі бұл «сая­си тап­сы­рыс» екенін түсін­ді, оның мақ­са­ты – ҚР бұры­нғы пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың бас қар­сы­ла­сы Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты /Қазақстанға/ экс­тра­ди­ци­я­лау еді. ҰҚК БП-мен бір­лесіп, істі өрес­кел бұр­ма­лап, оны бар­шаға жария етті! 

5 жыл­дан астам уақыт бойы біздің отба­сы­мыз шын­дық үшін күресіп келеді. Енді өткен жылы біз «тун­нель­дің соңын­да жарық пай­да бол­ды» деп ойла­дық: 2022 жылғы 2 мау­сым­да Алма­ты қала­сы­ның Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­меті біздің көп­те­ген хат­та­ры­мы­здан кей­ін, «ТұранӘлем Банк» АҚ Басқар­ма төраға­сы Е. Тәті­шев­ті «өлтір­гені» үшін мой­ын­дау айғақта­рын алу мақ­са­тын­да ҰҚК қыз­мет­кер­леріне Мұратханды азаптау фак­тісі бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғады.

Тер­геу 2,5 айға созыл­ды, біз 4 шағым мен 4 өтініш жаз­дық, бірақ олар­дың көп­шілі­гі қарал­ма­ды және 29 жел­тоқ­сан­да (2022 ж.) іс 35-бап бой­ын­ша, қыл­мыс құра­мы бол­маған­ды­қтан тоқта­тыл­ды. Алай­да біз бұл тура­лы тек 6 қаңтар­да ғана біл­дік. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­метінің тер­ге­ушісі Н. Құр­ман­бай, содан кей­ін Алма­ты қала­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Ауған­ба­ев жәбір­ле­ну­шілер­дің құқы­ғын өрес­кел бұзып, біз­ге /істі/ тоқта­ту тура­лы хабар­ла­май, тіп­ті оның мате­ри­ал­да­ры­мен таны­суға да жол бер­мей, шағым­да­ну мүм­кін­ді­гі­нен айырды!

Соны­мен, 2004 жыл­дың 19 жел­тоқ­са­нын­да күй­е­уім досы Ержан Тәті­шев­тің шақы­руы­мен Қор­дай ауда­ны­на аң аула­у­ға бар­ды, сол жақта Ержан қай­ғы­лы қаза тап­ты. Олар­мен бір­ге болған 2 поли­ция күзет­шісі­нен басқа, екін­ші көлік­те жеке күзет­ші Сер­гей Коз­ли­кин /Алматы шека­ра учи­ли­ще­сінің, РФ Әске­ри бар­лау ака­де­ми­я­сы­ның түлегі/ бол­ды. Менің күй­е­уім бір­ден басты күдік­ті бол­ды, өйт­кені ол артқы орын­ды­қта, джип люгін­де тұрды.

Бір жылға жуық тер­ге­уден, бір­не­ше тер­геу экс­пе­ри­мент­тері­нен, сарап­та­ма­лар­дан кей­ін, 21.11.2005 жылы Жам­был облы­сы Қор­дай соты­ның төраға­сы Шол­панқұ­лов оны «іс-әре­кетін­де қыл­мыс құра­мы­ның бол­маға­ны үшін» ақта­ды. 20.01.2006 ж. апел­ля­ци­я­лық алқа ағай­ын­ды Тәті­шев­тер­ге бір­не­ше мил­ли­он дол­лар төле­уден бас тар­тып, ақтау үкі­мін күшін­де қалдырды.

ҚР ҚІЖК 459-бабы­на сәй­кес, жеңіл қыл­мыстар бой­ын­ша үкім­нің күші /кейіннен/ жой­ыл­май­ды және ол жари­я­ланған сәт­тен бастап күшіне енеді. Алай­да соған қара­ма­стан, Жам­был облы­стық соты­ның сол кез­де­гі төраға­сы Иовов күшіне енген үкім­ді заң­сыз жой­ып, істі жаңа­дан қара­уға жібер­ді. Соған қара­ма­стан, 7.12.2006 ж. Қор­дай аудан­дық соты Мұратхан­ның іс-әре­кетін­де қыл­мыс құра­мы­ның бол­мауы­на бай­ла­ны­сты тағы да ақтады.

Соны­мен қатар ҚР ІІМ аты­на «ІІМ капи­та­ны С.Козликиннің жасалған қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғын тек­се­ру тура­лы» жеке қау­лы шыға­ра­ды. Ол сол кез­де де, одан кей­ін де өз жау­ап­та­рын бір­не­ше рет өзгерт­кен. Үшін­ші ақтау үкі­мін Иовов қадаға­лау тәр­тібі­мен күшін жой­ып, Тараз қала­лық соты­на жібе­реді. Сот 3.07.2007 ж. Тоқ­мә­диді «Тәті­шев­ті абай­сызда өлтір­гені үшін» кінәлі деп танып, 1 жылға шар­тты түр­де рақым­шы­лық қол­да­ну арқы­лы үкім шығарады.

Сол қай­ғы­лы аңшы­лы­қтан 13 жыл өткен соң, Тәті­шев­тер 2017 жыл­дың науры­зын­да Мұратхан қамауға алы­нғанға дей­ін, 3 ай бұрын, осы жыл­дар бойы олар­дың үйін­де сақталған мыл­ты­ққа сарап­та­ма жүр­гі­зеді және мыл­тық меха­низ­міне ара­ла­су­дың іздерін таба­ды. Үш айдан кей­ін, 12 мау­сым­да Мұратхан менің және біздің 10 жасар қызы­мы­здың көз алдын­да қамауға алынды.

Айып­тау – болжам бой­ын­ша, 2005 жылы Мұратхан осы жыл­дар бойы досы болған және /бірге/ жұмыс істе­ген өзінің серік­тесі С.Непропекиннің бір­лес­кен кәсі­пор­нын­дағы «үлесін сатуға мәж­бүр етті». Кей­інірек бел­гілі болған­дай, бұл «серік­тес» ҰҚК төраға­сы К. Мәсі­мо­втің аты­на арыз жаз­ды және бір күн­нен кей­ін (!) ҰҚК және ІІМ жоға­ры шен­дері­нен ведом­ство­ара­лық жедел-тер­геу тобы құрыл­ды. Соны­мен қатар біздің кең­се­лері­міз­де, үлкен бала­лар­дың пәтер­лерін­де «тін­ту­лер» өткізіл­ді, ал кеш­ке бар­лық теле­ди­дар арна­ла­ры арқы­лы «ҰҚТ бас­шы­сы» Мұратхан Тоқ­мә­диді қамауға алу тура­лы сюжет­тер өтті (бұл ешқа­шан дәлелденбеген).

Қамаудың және тағы­лған айып­тың бір-біріне сәй­кест­і­гі бізді және бүкіл қоғам­ды бұл іс қан­дай да бір түр­де М.Әбілязовпен бай­ла­ны­сты деген ойға бір­ден итер­ме­леді. Оның бұры­нғы ҚР пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевпен көп­жыл­дық қар­сы­ла­суы, оған жұм­салған мем­ле­кет­тік ресур­стар­дың орас­ан зор мөл­шері және жүз­де­ген зардап шек­кен адам тағ­ды­ры бар­шаға бел­гілі. Дәл солай бол­ды – сол күні менің жұбай­ы­ма, ал екі күн­нен кей­ін маған жау­ап алу кезін­де ҰҚК пол­ков­ни­гі Рус­лан Ысқақов (қазір қамауға алы­нған) былай мәлім­деді: «Күй­е­уіңе барып, Әбі­ля­зо­втың бұй­ры­ғы­мен Ержан Тәті­шев­ті өлтір­ген қыл­мысын мой­ын­да­сын деп айт, әйт­пе­се бәріңді тұқы­мы­ң­мен қоса құр­та­мыз». Әрине, мен мұн­дай талап­ты орын­дай алмадым…

Билік­ке Мұратхан­ның істе­ме­ген қыл­мысын «мой­ын­да­уы» қажет бол­ды. Мен «КНБ» талап­та­рын орын­да­удан бас тар­тқан кез­де және тін­ту бары­сын­да маған тапан­ша қару «ұстаған» деген айып­пен қыл­мыстық іс қозғал­ды. Тапан­ша­ның ресми рұқ­са­ты болған, «қару­ды заң­сыз сақтау» фак­тісі бой­ын­ша кей­інірек Мұратханға да іс қозғал­ды. Мұны біл­ген­нен кей­ін, мен кәме­лет­ке тол­маған екі балам­мен елден шұғыл түр­де кету­ге мәж­бүр бол­дым. Ал Мұратханды түр­ме­де және ҰҚК ауру­ха­на­сын­да азаптай бастады.…

Мен Поль­шаға барып, біздің және Мұратхан­ның қауіп­сізді­гін сақтау үшін, халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы­нан көмек сұра­дым, ЕҚЫҰ-да сөз сөй­ледім, Евро­пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның қол­да­уы­на ие бол­дым. 13 жыл­дан кей­ін адам кенет­тен ҰҚК түр­месін­де оты­рып, кісі өлтіруді «өз еркі­мен» мой­ын­дай алмай­ты­ны бәріне түсінік­ті. (Сол кез­де маған тағы 2 қыл­мыстық іс қозғал­ды және 15 жылға түр­ме­ге қамап, бала­ла­ры­мы­зды бала­лар үйіне жібе­ре­міз деп қорқытты).

5 жыл­дан астам уақыт ішін­де біз Мұратханды алғаш рет 2021 жыл­дың қара­ша­сын­да көр­дік. Ол тек мораль­дық және физи­ка­лық тұрғы­да ғана азапталған жоқ, осы жыл­дар ішін­де ол толы­ғы­мен оқша­у­ланған, хат алма­су құқы­ғын­сыз қал­ды. ҰҚК қыз­мет­кер­лері бүкіл ел мен халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа мәлім болған осы қорқы­ны­шты іс тура­лы бар­лық шын­ды­қты айта­ды деп қорықты!

Осы жыл­дың қаңтар айын­да осы істі ұйым­да­сты­ру­шы­лар – К. Мәсі­мов пен Р. Ысқақов мем­ле­кет­тік төң­керіс жасаға­ны үшін қамауға алын­ды. Наурыз айын­да біз Мұратхан­ның ҚР пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқа­евқа ашық хатын жари­я­ла­дық, Бас про­ку­ра­ту­раға, «Анти­корға» азаптау фак­тісі бой­ын­ша көп­те­ген хат­тар жібер­дік. Алай­да «бұл іс толық көлем­де тер­гел­ді» деген ресми жал­тар­ма жау­ап­тар алдық. 

Біздің «ісі­міз­ге» қаты­сы бар бар­лық /жауапты/ адам­дар әлі де билік­те екен­ді­гі және істің бар­лық фак­тілері бел­гілі болуы­на жол бер­гісі кел­мей­тіні бел­гілі бол­ды. Тек 2022 жыл­дың қазан айын­да ғана Мұратхан­ның ісі Алма­ты қала­сы­ның Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­метінің қара­уы­на түсті. Онда Мұратханды ҰҚК қыз­мет­кер­лері тара­пы­нан азаптау көр­ген жәбір­ле­ну­ші деп таны­ды. Алай­да бұл тер­геу толық қарал­ма­ды және заң­сыз аяқталды.

Осы­лай­ша менің күй­е­уім Мұратхан Тоқ­мә­ди бір іс бой­ын­ша 10 рет сот­тал­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 4‑бабы бой­ын­ша, «ешкім­ді бір қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық үшін қай­та қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­туға бол­май­ды… Қыл­мыстық заң­ды ұқса­стық бой­ын­ша қол­да­нуға жол берілмейді».

Бірақ соған қара­ма­стан, біз Мұратхан Тоқ­мә­ди – ірі шыны зауыт­та­ры­ның негізін қала­у­шы; энер­гия үнем­деу тех­но­ло­ги­я­ла­ры қауым­да­сты­ғы­ның, әуе­сқой три­ат­лон феде­ра­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­ті; «Алтын Сапа» сый­лы­ғы­ның, «Құр­мет» және «Бауы­р­жан Момы­шұ­лы» орден­дерінің, басқа да көп­те­ген мара­пат­тар мен медаль­дар­дың иегері; бок­стан КСРО спорт шебері, ҚР жат­ты­қты­ру­шы­сы ретін­де құр­мет­тей­міз. Оның 5 бала­сы, 4 неме­ресі, сүй­ік­ті жары, туған-туы­сы, доста­ры – Мұратхан жақын ара­да бостан­ды­ққа шығып қана қой­май, өзінің адал есі­мін қал­пы­на кел­тіреді деп үміттенеміз!

Нақақ ұйым­да­сты­ры­лған қыл­мыстық іс біздің бей­біт отба­сы­мы­зды тас-талқын қыл­ды, отаға­сын бас бостан­ды­ғы­нан айыр­ды, ден­са­улы­ғы сыр бер­ді, бүкіл биз­несі­міз құр­ды­мға кет­ті, бала-шаға­мыз зардап шек­ті, бөтен елде тұруға мәж­бүр бол­дық, біздің беделі­мізді түсір­ді. Мұның бәрі менің күй­е­уім ешқа­шан көр­ме­ген М.Әбілязов пен Н.Назарбаевтың ара­сын­дағы текетіре­стің кесірі­нен болды!

Мұны мен тағ­дыр­дың жазуы деп түсі­не­мін! Сон­ды­қтан біздің отба­сы­мы­здың аты­нан мен Қаза­қстан билі­гіне, жур­на­ли­стік қауым­да­сты­ққа, осы жыл­дар бойы бізді қол­даған бар­лық адам­дарға – әділ­дік­ті қал­пы­на кел­тіру­ге ықпал етіңіз­дер деп жүгінемін!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн