Среда , 2 июля 2025

Жанбура БАЕКИН: РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУГЕ билікті мәжбүр етеміз

Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін елі­міз­де «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» деген жаңа сая­си-әле­умет­тік күш пай­да болды. 

Олар жер-жер­де өздерінің бір­ле­стік­терін құрып, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың рес­пуб­ли­ка­лық қауым­да­сты­ғын жасақтау қамын­да жүр. Әрине, олар­дың орта­сы­на да жарқы­шақ салып, тоз-тоз етіп бөл­шек­теу сая­са­ты билік тара­пы­нан қатар жүріп жатыр.

Бүгін­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың сон­дай бір бөлі­гі рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум өткі­зу баста­ма­сын қолға алды. Қаза­қстан­дық режим жағ­дай­ын­да бұл пле­би­ци­ст­тің түп­кі нәти­же­ге жетуі күр­делі бол­са да, баста­ма­шы аза­мат­тар­дың ерік-жігерін сөз етпес­ке бол­май­ды. Осын­дай оймен бүгін біз рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі баста­ма­шы топ­тың бір бел­сен­дісі Жан­бу­ра БАЕКИН мыр­за­ны сұх­батқа шақырдық.

Жан­бу­ра БАЕКИН:

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУГЕ

билік­ті мәж­бүр етеміз

– Жан­бу­ра мыр­за, соңғы бірер айда елде рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де баста­ма көтеріп жүр­ген бел­сен­ді аза­мат­тар­дың бірі ретін­де сіздің ой-пікіріңізді ел-жұр­тқа хабар­дар етей­ік деп едік. Ең алды­мен осы рефе­рен­дум­ның мән-мақ­са­ты мен басты тақы­ры­бы жөнін­де не айтасыз?

– Алды­мен «ДАТ» газетінің ұжы­мы біз­ден сұх­бат алып, рефе­рен­дум шақы­ру баста­ма­сын қол­даған­да­ры­ңы­зға рах­мет! Бұл – аяқ асты­нан туын­даған тақы­рып емес. Біз, өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на қаты­сқан тәу­ел­сіз бай­қа­у­шы­лар, сай­лау өтіп, пре­зи­дент сай­ланған­нан кей­ін туын­даған талай сұрақтар­ды талқы­лап, сарап­тан өткізіп, елдің наза­рын өзі­міз­ге аудар­тып, сай­ла­удағы заң­сызды­қтар­ды жари­я­лап, сотқа жүгін­дік. Сай­лау кезеңін­де­гі дөрекі заң бұзу­шы­лы­қтарға өзі­міз куә болған соң, қол қусы­рып оты­ра алма­дық. Сай­ла­удан кей­ін тарап кет­кен жоқ­пыз, ауы­з­бір­шілік­ке келіп, ұжым болып жина­лып, рес­пуб­ли­ка­лық «Тәу­ел­сіз бай­қа­у­шы­лар аль­ян­сын» құра­мыз деп шештік. Сол кез­ден бері уақы­ты­мы­зды босқа жоғалт­пау үшін, ақыл­да­сып, қан­дай іс-әре­кет­тер жасай­мыз, елі­міздің жағ­дай­ын, халқы­мы­здың тұр­мысын қалай жақ­сар­та­мыз, қан­дай жұмыс атқа­ра­мыз деп ойлан­дық. «Сай­лау тура­лы заң» мен «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заңға» рефе­рен­дум арқы­лы өзгеріс енгі­зу керек деп шештік. Бұрын мән беріп оқы­маған осы заң­дар­мен таны­сып, ондағы жіберіл­ген кем­шілік­тер­ді аңғар­дық. Соны жою үшін рефе­рен­дум шақы­ру­ды, оны қалай өткі­зу жай­ын біл­дік. Рефе­рен­дум­ды шақы­руға пре­зи­дент­тің, пар­ла­мент пен үкі­мет­тің, одан кей­ін халы­қтың құқы бар екен. Рес­пуб­ли­ка­лық «Рефе­рен­дум тура­лы заң­ның» 11-бабы 1‑тармағының 4‑тармақшасына сәй­кес, халық рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум баста­ма­сын көте­ре алады…

– Көте­руін – көте­реді-ау, бірақ оған билік мұр­ша бере ме?

– Мұр­ша беретін заң бар. Сол заң негізін­де­гі халы­қтың құқын пай­да­ла­нып, рефе­рен­дум өткізу­ге ұсы­ныс жасап отыр­мыз. Халы­қтың қол­да­уын тілей­міз, сол үшін үгіт-наси­хат жұмысын жүр­гізіп жатыр­мыз. Сай­ла­у­ға қара­пай­ым адам­дар­дың қаты­суы­на мүд­делі болуы үшін, сая­си пар­ти­ядан 50 пай­ыз қатыс­са, жар­ты­сы ел аза­мат­та­ры­ның қаты­су құқын енгі­зуі­міз керек.

«Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заңға» өзгеріс енгізілуін талап етіп оты­рға­ны­мы­здың бір­ден-бір себебі – бүгін­гі таң­да пар­ти­я­ны тір­ке­удің қиын­ды­ғы адам айтқы­сыз. Әсіре­се 40 мың адам­ның қолын жинау оңай шаруа емес. Сон­ды­қтан осы 40 мың­дық межені 1000-ға дей­ін азай­ту керек. Осы екі заңға өзгеріс енгі­зуді тала­пқа сай етсек, демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құруға негіз бола­ды деп санай­мыз. Сон­да ғана сая­си пар­ти­я­лар­дың қата­ры көбей­іп, бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашы­ла­ды, әр пар­тия бір-бірі­мен жары­сып, елдің сені­мін ақта­уға тыры­са­ды. Сені­мін ақтап, жаңа бағ­дар­ла­ма түзіп, әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сар­ту­дың жолын тапқан пар­ти­я­лар мен үміт­кер­лер­ге халық дауыс береді. 

– Қазір рефе­рен­дум­ды дай­ын­дау жөнін­де­гі ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры қай дең­гей­ге жет­ті? Басты­сы – рефе­рен­дум жөнін­де­гі заң­ды­лық негізін­де ҚР аза­мат­та­ры­нан 200 мың дауыс жинау науқа­ны қалай өтіп жатыр?

– Қазір­гі таң­да әр өңір­де­гі, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зды қала­лар­дағы әріп­те­стері­міз сай­ла­уды бақы­ла­у­шы болған аза­мат­тар арқы­лы ел ішін­де үгіт-наси­хат жүр­гізіп, түсін­ді­ру жұмыста­ры­мен айна­лы­сып жатыр. «Рефе­рен­дум өткі­зудің кере­гі не?», «Сай­лау тура­лы», «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» екі заңға өзгеріс енгіз­сек, қан­дай нәти­же береді?» деген елдің көкей­ін­де жүр­ген күп­ті сау­ал­дарға бай­ла­ны­сты наси­хат жүр­гі­зу­де­міз. Одан басқа бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткіздік, олар теле­ар­на­лар­дан көр­сетіл­ді. Сая­си пар­ти­я­ларға, әртүр­лі қоғам­дық ұйым­дарға, кәсі­по­рын­дарға хат жол­дап, ақпа­рат тара­ту­мен айна­лы­сып отыр­мыз. Батыс өңір­де­гі – Ақтө­бе, Аты­рау, Ақта­уда, оңтүстік өлке­де­гі – Түр­кістан облы­сы мен Шым­кент қала­сы, Шығы­ста – Семей, орта­лы­қта – Қарағанды­дағы аза­мат­тар бел­сене кірісті, рефе­рен­ду­мға 80 пай­ыз дай­ын­дық бар деу­ге болады. 

Қиын­дық туғы­зып оты­рған облы­стар: Сол­түстік­те – Қызы­л­жар мен Қоста­най, оңтүстік­те – Тараз қала­сы­ның тұрғын­да­ры бел­сен­ділік таны­тып оты­рған жоқ. Алда уақы­ты­мыз бар, жер­гілік­ті жер­де­гі халы­қ­пен жақ­сы жұмыс жүр­гізілу­де, рефе­рен­дум шақы­ру жөнін­де­гі үйле­сті­ру тобы штаб құрып, ел ішін­де түсін­ді­ру жұмыста­рын жалға­сты­ра береміз. 

– Бұған дей­ін Қаза­қстан­да 1995 жылы Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу жөнін­де бір ғана рефе­рен­дум өткені бел­гілі. Оның өзі сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың баста­ма­сы­мен өтті. Нәти­же­сін тағы білесіз – ел ішін­де «назар­ба­ев­тық кон­сти­ту­ция» деген атпен мәлім болған ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның негізін­де елде бір­те-бір­те авто­ри­тар­лық билік орна­ды. Бұдан кей­ін 2000-жыл­дар­дың басын­да «Азат» пар­ти­я­сы мен тір­кел­ме­ген «Алға» пар­ти­я­сы екі бір­дей рефе­рен­ду­мға баста­ма­шы­лық жаса­ды. Бірақ олар билік­тің қысы­мы­м­ен жол орта­да тоқтап қал­ды. Ал сіз­дер баста­ма­шы­лық жасап оты­рған бұл рефе­рен­дум­ның өтетініне сенім­дісіз бе?

– Біз басын­да билік қол­дай ма, жоқ па, халы­қтың сені­мін ақтай ала­мыз ба деп күмән­дан­дық. Деген­мен де өңір­лер­мен бел­сене жұмыс жүр­гіз­гені­міз­де, халы­қтың қол­дай­ты­ны­на сен­дік. Рефе­рен­дум арқы­лы екі заңға өзгеріс енгі­зуді қол­да­у­шы­лар қата­ры көбей­ді. Сон­ды­қтан тиісті кво­рум­ды Аста­на­дағы жина­лы­сқа жинай ала­мыз. Ол үшін әр облы­стан, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дан отыз адам­нан деле­гат келуі керек. Бар­лы­ғы – 510 адам, одан да көп келуі мүм­кін, әркім өз облы­сы­нан үш адам­ды рефе­рен­дум­ды ұсы­ну­шы баста­ма­шы топ құру үшін сай­лай­ды. Олар өз кезе­гін­де тиісті құжат­тар­ды Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на тап­сы­ра­ды. Біз өзі­міз­ге сенім­ді­міз, халы­қтың қол­да­уы­ның арқа­сын­да билік­ке рефе­рен­дум­ды өткізу­ге ұсы­ныс жасап, халы­қтың бетін қай­тар­май, біздің тала­бы­мы­зға мой­ын­сұ­нуға мәж­бүр бола­ды деп сенеміз. 

– Жан­бу­ра мыр­за, қоғам­дағы бір­лі-жарым пікір­ге ден қоя­тын бол­сақ, сіз­дер баста­ма­сын көтер­ген бұл рефе­рен­дум бос әуре­шілік бола­ды деген ой-жоралғы бар. Билік­тің басы­нан Назар­ба­ев кет­пей­ін­ше, мұн­дай аза­мат­тық баста­ма­ның жолы бол­май­ды, өл-тіріл – билік бұған жол бер­ме­у­ге тыры­са­ды. Сон­ды­қтан сіз­дер­дің аза­мат­тық ерік-жігер­леріңіз нақты нәти­же­ге жет­пе­уі мүм­кін ғой. Бұл орай­да не айтар едіңіз?

Қаза­қстан­ның жаңа пре­зи­ден­ті сай­лан­ды, бірақ қай жол­мен, қалай сай­ланға­ны жөнін­де туын­дай­тын сұрақ көп. Ол басқа сұх­бат­тың тақы­ры­бы. Қасым-Жомарт Тоқа­ев соңғы кез­де халы­қтың мұң-мұқта­жы­на көңіл аударған сияқты. Алдағы уақыт­та қан­дай қыз­мет атқа­ра­ты­нын көре­міз, біздің ұсы­ны­сы­мы­зға қаты­сты сұрақтар Ұлт­тық кеңе­стің (ҰҚСКРед.) оты­ры­сын­да талқы­лан­ды. Онда да рефе­рен­дум өткі­зу заң­да­ры­на өзгеріс енгі­зу тақы­рып­та­ры көтеріл­ді. Күді­гі­міз бол­са да, алған беті­міз­ден қайт­пай­мыз. Қалай да халы­қтың қол­да­уын иеленіп, рефе­рен­дум өткі­зу тала­бы­мы­зға жететіні­міз­ге сенімдіміз. 

Мәсе­лен, сіз­дер жинаған 200 мың қол­дың іші­нен әр аймақтан 10–15 адам­ның «мен қол қой­ған жоқ­пын» деп, рефе­рен­ду­мға қар­сы болуы мүм­кін ғой. Неме­се рефе­рен­дум­ның құры­л­тай­ы­на келе жатқан деле­гат­тар­дың бір облы­сы пой­ы­зға «ілін­бей» қалуы мүм­кін. «Азат» пар­ти­я­сы­ның рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі баста­ма­сы кезін­де ондай тәжіри­бе болған. Мұн­дай қатер­ді жоққа шыға­ра ала­сыз ба?

– Әрине, ондай жағ­дай туын­да­уы әбден мүм­кін. Оларға қысым көр­сетіл­се, тағы да басқа кедер­гі жасал­са, кей­бір аза­мат­тар бер­ген уәдесі­нен тай­қып кетуі мүм­кін. Қорқа бер­сек, ештеңе істе­мей, қол қусы­рып оты­руға тура келеді. Бәрінің алдын алу қиын, сон­ды­қтан үлкен жиын­ды өткізу­ге әр өңір­ден 30 адам келуі керек бол­са, біз 35–40 адам­нан жинай­ық деп отыр­мыз. Оның іші­нен таң­да­ла­ты­ны – үш адам. Содан кей­ін үлкен қол жина­удың кезін­де түсін­діре­міз, сөзі­нен тай­май­тын, ұста­ны­мы­на берік аза­мат­тар­дан қол жинау керекті­гін шеге­лей түсеміз. 

– Сіз­дер­дің Қаза­қстан­ды өзгер­ту­ге, билік­тің транс­фор­ма­ци­я­сы­на қол жет­кізу­ге күш салу жөнін­де­гі мақ­сат­та­ры­ңыз түсінік­ті. Деген­мен өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін билік аза­мат­тық қоғам­ның нара­зы­лы­ғын жік-жік­ке бөлу тех­но­ло­ги­я­сын жүзе­ге асы­руға кірісті. Мәсе­лен, елде­гі аза­мат­тық қоғам­ның бір тобы рефе­рен­дум иде­я­сы­мен жүр­се, билік екін­ші бір топ­ты оған қар­сы қою­дың қамын жаса­уда. Сол сияқты қазір­гі қоғам­дық қаты­на­стар­дан тәу­ел­сіз бай­қа­у­шы­лар ара­сы­на да іріт­кі салу сая­са­ты жүр­гізіліп жатқа­ны аңға­ры­ла­ды. Осы жағ­дай­да Қаза­қстан қоға­мын­дағы про­те­стік күш­тер­ді тұта­стан­ды­ру­дың басқа да сая­си-иде­я­лық бағыт­та­ры мен әдістеріне басым­ды­лық бер­ген жөн емес пе еді? Мәсе­лен, бүкіл қоғам болып, тәу­ел­сіз халы­қтық пар­тия құру қозға­лы­сы әлдеқай­да тиім­дірек бол­мас па еді? 

– Біздің негіз­гі ұста­ны­мы­м­ыз – тәу­ел­сіз бай­қа­у­шы бағы­тын­да қалу. Яғни, сай­ла­у­ға қаты­сып, ешқан­дай пар­ти­яға кір­мей, әділ сай­лау өтуіне үлес қосу. Қай пар­тия бол­сын, қан­дай үміт­кер бол­сын сай­ла­у­ға қатыс­са, халық қай­сысын қол­дай­ды, сон­дай аза­мат­тар биліккке келіп, үкі­мет­тің сая­са­тын жүр­гізу­ге мүд­делі болуы үшін, сай­ла­удың әділет­ті өтуін қадаға­ла­у­ға тыры­са­мыз. Пар­тия құра­мыз деген аза­мат­тар бар, бірақ оны тір­ке­ту қиын мәсе­ле. Тосқа­уыл көп, дауыс жина­удың машақа­ты көп. Сол үшін де рефе­рен­ду­мға пар­ти­я­лар жөнін­де­гі заңға өзгеріс енгі­зуді ұсы­нып отыр­мыз. Өзгеріс еніп, пар­ти­я­ны тір­ке­ту мәсе­лесі жеңіл­де­се, сон­да пар­тия қата­ры көбей­іп, елдің таң­дау мүм­кін­ді­гі туып, бәсе­ке­ле­стік жолы­мен ел ішін­де жұмыс жүр­гі­зу бел­сен­ділі­гі артады. 

– Ал рефе­рен­дум баста­ма­шы­ла­ры­ның жуық келе­шек­те бола­тын пар­ла­мент­тік және мәс­ли­хат сай­ла­у­ла­ры­на қаты­су мүм­кін­дік­тері тура­лы не айта аласыз?

Рефе­рен­дум­да ұсы­нып жатқан талап­та­ры­мы­здың бірі – сай­лау мен сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­дарға өзгеріс енгіз­бей тұрып, пар­ла­мент пен мәс­ли­хат сай­ла­у­ла­ры­ның мерзі­мін шеге­ре тұру. Рефе­рен­дум өткізіп, екі заңға демо­кра­ти­яға сай өзгеріс енгіз­сек, содан кей­ін ғана пар­ла­мент сай­ла­уы өту керек деп отыр­мыз. Егер билік сол сай­ла­уды ерте­рек өткі­зетін бол­са, қан­дай әре­кет­ке бара­ты­ны­мы­зды уақы­тын­да көре­міз. Негіз­гі мақ­са­ты­мыз – рефе­рен­дум өткі­зуді талап ету. ЖСДП пар­ти­я­сы­ның қата­ры­на ара­мы­здағы көп­те­ген бай­қа­у­шы­ла­ры­мыз мүшелік­ке өтпек­ші, пар­ти­я­ның ішін­де­гі түсініс­пе­ушілік мәсе­лесі шешіліп жат­са, ертең оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­яға сая­си жол­мен жүре­міз деген аза­мат­тар кіруі мүмкін. 

– Бай­қа­у­шы­лар­дың қоғам­дық ұйы­мын тір­ке­ту мәсе­лесі қалай шешіліп жатыр?

Сұх­бат басын­да айтып өткенім­дей, «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сын» құра­мыз деген баста­ма бой­ын­ша Әділет мини­стр­лі­гіне тиісті құжат­та­ры­мы­зды тап­сы­рған едік. «Үйле­стіру­ші топ­тың ара­сын­да айып­пұл тағы­лған адам­дар бар екен», – деп, құжат­та­ры­мы­зды қай­та­рып бер­ді. Одан кей­ін ол адам­дар­ды басқа мүше­лер­мен ауы­сты­рып, құжат­ты қай­та тап­сыр­дық. «Жарғы дұрыс емес» деп, тағы да қай­тар­ды. Жарғы­ға қаты­сты кем­шілік­ті алғаш рет тап­сы­рған­да неге ескерт­пе­ген? Ол жағы тағы да жұм­бақ. Жарғы­ны түзетіп, үшін­ші рет қай­та өткіздік. Сөй­тіп, қыр­күй­ек­тің 11-інде «ЦОН»-ға құжат­та­ры­мыз кел­гені жөнін­де хабар жет­ті, бар­сақ – тағы да кері қай­та­рып­ты, «дәл сіз­дер­дің атта­ры­ңы­зға сәй­кес «Рес­пуб­ли­ка­лық тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы» қоғам­дық ұйы­мы құрыл­ды деген жау­ап келіп­ті. Тағы да екін­ші рет Жарғы­да қателік­тер бар деген ескер­ту жасалыпты.

– ЖСДП-ны «Ақиқат» пар­ти­я­сы деп тір­ке­ту жөнін­де­гі ұсы­ны­сқа да осын­дай «отказ» кел­ген еді… 

– Аттас ұйым­дар құруға бол­май­ды деген сыл­тау табыл­ды. Қыр­күй­ек­тің 6‑сы күні біз­бен аттас «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық ұйы­мы тір­келіп­ті. Олар­ды іздеп, сұра­с­ты­ра кел­сек, тір­кел­ген мекен-жайы жас отба­сы тұрып жатқан жер екен. Өздері ондай ұйым­нан хабар­сыз болып шықты. Төраға­сы­мен сөй­ле­сей­ік десек, жал­та­рып жүр. Үйле­сті­ру тобы­ның мүше­лерін ізде­стір­сек, пав­ло­дар­лық бір жас қыз бала екен. Құжат­та­рын жоғал­тып алға­нын айтып, «ондай ұйым­нан хабар­сыз­бын, қаты­сым жоқ» деді. Тағы бір мүше­сі аста­на­лық аза­мат та қолын қой­маға­нын, тір­кел­ген ұйым­ды біл­мей­тінін айтты.

– Қоғам­дық ұйым тір­ке­ту­де ғана емес, тәу­ел­сіз газет тір­ке­ту мәсе­лесін­де де осын­дай жасан­ды кедер­гілер ойлап табы­ды. Тір­ке­у­ге жібер­ген өтіні­шіңе «Мой­ы­нқұм­ның Мың­шұңқыр мекенін­де мұн­дай тәу­ел­сіз пәлен­бай­ын­шы жылы газет тір­кел­ген» деген жау­ап алуы­ңыз мүмкін… 

– Сіз айтқан осын­дай «жасан­ды» мәлі­мет­тер­ді алған соң, про­ку­ра­ту­раға ары­здан­дық, олар тек­се­ру үшін, ары­здың екін­ші дана­сын Әділет мини­стр­лі­гі мен Ішкі істер мини­стр­лі­гіне жол­да­ды. Сотқа да жүгін­дік, сот­тың оты­ры­сы бүгін – қазан­ның 3‑інде бола­ды. Сот қан­дай шешім қабыл­дай­ты­ны біз­ге бел­гісіз. Бұл сәй­кест­ік деу­ге кел­мес, аттас ұйым­ның тір­ке­луі біз­ге жаса­лып оты­рған кедер­гі демес­ке амал жоқ. 

Үш ай Аль­ян­сты тір­ке­те алмай жүр­гені­міз­де, сот­тың шеші­мі шыққан­ша, бұл шаруа тағы да созы­лып кететін түрі бар. Қоғам­дық ұйым­ның ресми тір­ке­уі бол­маған­ды­қтан, рефе­рен­дум шақы­ру жөнін­де­гі баста­ма­мы­зда қиын­дық туып отыр, есеп­шо­ты­мы­зды аша алмай отыр­мыз, қар­жы мәсе­лесі де қол­ды бай­ла­ды. Бірақ алған беті­міз­ден қайтпаймыз!

– Жөн! «Шешін­ген судан тай­ын­бас» деген – билік­пен текетіре­сте жеңіс­ке жету­леріңіз­ге тілектеспіз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн