Пятница , 4 июля 2025

ЖАҒДАЙ теңсіздіктен ТУҒАН

Теңіз­де­гі про­бле­ма еңбек жағ­дай­ы­ның әртүр­лілі­гі­нен туын­дап отыр, деп мәлім­деді Аты­рау облы­сы­ның әкі­мі Нұр­лан Ноғаев. 

«Бұл мәсе­ле еңбек жағ­дай­ы­ның әртүр­лілі­гі­нен туын­дап отыр, бұл жүй­елі мәсе­ле, оны ТШО бас­шы­лы­ғы­на да («Теңіз­шев­ройл» ЖШС), бар­лық мер­ді­гер­лер­ге де шешу керек. Біз өз тара­пы­мы­здан барын­ша қол­дау көр­се­ту­ге дай­ын­быз. Инве­стор­лар біздің елдің аумағын­да жұмыс жасай оты­рып, заң­на­ма­ны, сон­дай-ақ ешкім­нің ар-намысы­на тимей­тін­дей мораль­дық-эти­ка­лық нор­ма­лар­ды сақтау қажет­ті­гін түсі­ну­лері керек. Жақын ара­да біз бар­лық жоба қаты­су­шы­ла­ры­мен кез­де­су өткі­зе­міз, оған ком­па­ни­я­ның бар­лық бірін­ші бас­шы­ла­ры қаты­са­тын бола­ды. Бұл мәсе­ле­лер­ді шешетін бола­мыз. Оның бірі – еңбек жағ­дайы бар­лы­ғы үшін бір­дей болуы тиіс», – деді Ноға­ев Теңіз жұмыс­шы­лар кен­тіне барған­да ТШО бас­шы­лы­ғы­мен болған жиналыста. 

Аты­рау облы­сы әкім­ді­гінің ақпа­рын­ша, Ноға­ев жина­лы­стан кей­ін CСЕР ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры­мен кез­дескен. Кез­де­су бары­сын­да ком­па­ния қыз­мет­кер­лері әкім мен ТШО бас­шы­лы­ғы­нан адам­дар өз мін­дет­терін орын­да­уға кірі­су үшін жоба жұмысын тоқтат­па­уды сұрады. 

«Біз облыс әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры­ның бас­шы­лы­ғы­мен ведом­ство­ара­лық комис­сия құр­дық, ол еңбек жағ­дай­ы­ның тең болуын қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­лері­мен айна­лы­са­тын бола­ды. Сіз­дер комис­сия құра­мы­на өз өкіл­деріңізді кір­гі­зе ала­сыздар, біз­ге жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша өз ұсы­ны­ста­ры­ңы­зды беріңіз­дер. Біздің жұмыс кесте­месіз­де ешқан­дай өзгеріс бол­май­ды, жұмыс стан­дарт­ты режим­де жалға­са­ды», – деді Ноғаев.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн