Воскресенье , 22 июня 2025

Жүзге бөлінуге ТЫЙЫМсалынуы керек

  • Талғар­дағы өз Ота­ны­ма кел­дім деген орал­ман бауыр­ла­ры­мы­зға жер­гілік­ті қаза­қта­ры­мы­здың қолы­мен істел­ген жан­түр­ші­гер­лік жауы­зды­қты үстір­тін қара­уға бол­май­ды. Оның түп-тамы­ры терең­де жатыр. Кеңес өкі­меті ар жағын­дағы Ресей импе­ри­я­сы­нан келе жатқан отар­лау сая­са­тын жалға­сты­рып, сана­мы­зға өмір бойы басы­мы­зды бірік­тір­мей­тін сепа­ра­ти­стік идео­ло­ги­я­ны сіңіріп кет­ті. Ол – халқы­мы­здың бұрын-соң­ды бол­маған «жүз­ге» бөлінуі.

Қаза­қтың жүз­ге бөлі­ну тарихы негізі­нен Октябрь рево­лю­ци­я­сы­нан кей­ін пан­тюр­кизм деген таң­ба­мен түр­кі халы­қта­ры­ның зия­лы­ла­рын қуда­лап, тұтас халы­қтар­ды депор­та­ция жасап, тарихы­мы­зды бұр­ма­лап, сонау Бабыр зама­ны­нан келе жатқан «моғол» деген ұғым­ды «моңғолға» өзгер­тіп қай­та жазған кез­дер­ден баста­ла­ды. Біздің ғалым­да­ры­мы­здың қолы­мен шежіре­лері­мізді жаз­ды­рып, «жүз» деген ұғым­ды тара­тып, ақын-жазу­шы­ла­ры­мыз нешетүр­лі аңыз-әңгі­ме­лер ойлап тауып, ұйқас өлең­дер шыға­рып, халы­қтың сана­сы­на сына­лап қағып сіңіріп жіберген.

Жүз­ге бөлі­ну қай­дан шықты, қай уақыт­тан бері бар екен деп зерт­теп қара­саң, біз­ден басқа бір­де-бір түр­кі халы­қта­ры­ның ішін­де жоқ екенін көресің. Сонау Сақ, Ғұн дәуір­лерін­де, Түрік қаға­на­ты, Дешті қып­шақ бір­ле­сті­гі, Алтын Орда, Қазақ ханды­ғы құры­лған кез­дер­де де кез­дес­пей­ді. Әбіл­хай­ыр хан­ның хандық құрған кез­дерін­де жүз демей, Орда делін­ген. Осы тақы­рып­ты әдейі зерт­теп, бүкіл Ресей архив­терін түгел ақта­рып шыққан т.ғ.д. Болат Насе­нов аға­мыз да тіп­ті ХІХ ғасыр кезін­де де архив­тер­ден кез­де­стір­ме­генін, бар­лық құж­жат­тар­да тек Орда дегенін көр­гені тура­лы кезін­де үлкен мақа­ла жазып, кей­ін Назар­ба­евқа хат жазған. Ол оқып, «иә, бұл дұрыс екен» деген­нен басқа ештеңе істе­меді, оның да неге деген себебі бар.

Елді бөліп ұстап оты­ру жеңілірек. Кеңес өкі­меті кезін­де жүз­ге бөлуді жақ­сы пай­да­лан­ды, орта­лы­қтың қадаға­ла­у­ы­мен қолға алып, бас­шы­лар­ды әдейі «бірін­ші бас­шы мына жүз­ден, екін­ші бас­шы ана жүз­ден» деп тағай­ын­дау – жазыл­маған заң­ды­лық ретін­де қалып­та­сты, сол жүйе әлі де жалға­су­да, нәти­же­сін, міне, Талғар­да көріп отыр­мыз. Сол кез­дері Қаза­қстан­ды ұзақ уақыт басқарған Қона­ев­тың өзінің жүз­ге бөліп оты­рға­нын, Кіші жүзді «кіш­ке­не­лер» дей­тінін өзім сол жер­де бір­не­ше жыл істе­ген­дік­тен біле­мін. Елі­міз­де кадр­лар қалай тағай­ын­далға­ны әлі есім­де. Оңтүстік өңір­де­гі ізі анек­до­тқа айналған «ҚТ-сың ба, ДТ-сың ба?» деген­дер естеріңіз­де болар?!

Тәуел­сіздік алға­лы мем­ле­кет басқа­рыл­ма­ды, ұлт­ты бірік­тіретін идео­ло­гия бол­ма­ды, жаңа жұмыс орын­да­ры ашы­лып, халы­қтың жағ­дайы жасал­ма­ды. Ең басты­сы – нешетүр­лі үнде­улер, жыл сай­ын халы­ққа жалаң жол­да­у­лар жаса­лып, рефор­ма жасай­мын деген сөз­дер бос сөз болып қалып отыр­ды. Басқа­ру­сыз мем­ле­кет өз беті­мен келе жатыр. Негіз­гі идео­ло­гия ретін­де бар­лық сала­ны жай­лаған кор­руп­ция, бюро­кра­тия, билік­ке тек мини­стр­лер­дің, әкім­дер­дің, депу­тат­тар­дың бала­ла­ры келуі керек деген ұғым қалып­та­сты. Сен­бе­сеңіз­дер, билік­те­гілер­ді бір-бір­леп тал­дап қарап шығы­ңы­здар, сон­да кім­дер оты­рған­да­рын көресіз­дер. Бюд­жет­тен ұрлық жасау, жағым­паз­дық, қан­дай жол­мен бай­ы­саң да баю керек деген­дер­ді күн­де естіп жатқан­ды­қтан, бұл әре­кет­тер таңқал­май­тын үйрен­шік­ті іске айнал­ды. Елба­сы­дан бастап, облы­стар­ды, қала­лар­ды, аудан­дар­ды, ауыл­дар­ды басқа­рып оты­рған оның өкіл­дері – әкім­дер, пар­ти­я­лар халы­қ­пен ара­ла­сып, ел бір­лі­гіне жұмыс істеп, әділ­дік орна­туы керек еді. Бар­лық уақыт­та әртүр­лі аран­да­ту­лар жасап, ел нара­зы­лы­ғын туды­рып оты­ра­тын – билік­тің өзі екенін көріп отырмыз.

Мыса­лы, осы Талғар­дың Бесағаш ауы­лын­да 2009–2010 жыл­дар шама­сын­да бір ұйғыр жігіті 17 жасар қазақ қызын зор­лап өлтіреді. Бұн­дай қыл­мыстық істер қай жер­де бол­май жатыр?! Мына жақта ел жина­лып қай­ғы­рып, жылап-сықтап жат­са, қызды өлтір­ген жігіт қай­тып келіп, ештеңе бол­маған­дай тал­таң­дап жүр дей­ді. Оған ашу­ланған халық көтеріліп, оны жел­тоқ­сан­шы­лар қол­дап және үйрен­шік­ті сце­на­рий бой­ын­ша поли­ция, ОМОН қор­шап, бір жас про­ку­рор мені итеріп жібер­ді деп, Сай­лау деген әділ­дік­ті талап етіп барған қоғам қай­рат­керінің үсті­нен қыл­мыстық іс қозғап, 6 айға сот­тай­ды. Қыл­мыс­кер­ді қама­май, қан­дай жол­мен екені бел­гісіз, бірақ сезе­міз, боса­тып жіберіп оты­рған – поли­ция, про­ку­рор­лар­дың өздері халық көтерілісіне әкеліп отыр. Одан бері қан­ша уақыт өтсе де, ештеңе өзгер­ме­ген, дәл солай қай­та­ла­нып отыр. Қыл­мыс­кер­ді құқық қорға­у­шы­лар­дың өздері қамқо­ры­на алды дегені – ол жер­де ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тар (ОПГ) бар деген сөз. Халық ашты­қтан көтеріл­мей­ді, көтеріл­се – тек осы­ған ұқсаған әділет­сіздік­тер­ден ғана көтеріледі. Оған тек бір дәлел – Талғар­да болып жатқан осы жағ­дай. Жер­гілік­ті халық көшіп кел­ген орал­ман­дар­ды қабыл­да­ма­ды, шет­тет­ті. Билік те, құқық қорғау меке­ме­лері де неқұрай­лы қара­ды, мұн­дай көзқа­рас­ты бар­лық жер­де көріп жүрміз.

Шет­те­ту деген­нің нешетүрін мен өз басым­нан өткеріп келе­мін. Ешкім­ге бас имей, «ә» десе, «мә» деп, басым­нан сөз асыр­май, өз қаза­қта­рым­мен күре­су­мен келе­мін. Тарихы­мы­зда тұңғыш рет шыққан, айна­лы­мға енуі­мен нағыз тәу­ел­сізді­гі­мізді алып бер­ген тең­ге­мізді 1994 жылы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа ұсы­нған­да, сол кез­де­гі мем­ле­кет­тік хат­шы Ахмет­жан Есі­мов: «Тең­ге бола ма, бол­май ма, әлде рубль­ге өте­міз бе?» – деп, лақты­рып жіберіп­ті. Себебі менің Қаза­қстан­да туыл­маға­ным­ды көріп тұр. Сол сияқты, кім бол­са сол алып жатқан «еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер» атағы­на алға­шқы Ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­ны шыға­руға қосқан үлесім үшін сегіз рет ұсын­ды. Алай­да Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне жет­кен­нен соң, сол жер­де­гі мәң­гүрт­тер туы­лған жерім­ді көріп, өздерінің тамыр-таны­ста­рын тыққы­штап, сызып тастап отырды.

Сырт­тан кел­ген қаза­қтар­ды шет­те­туді біз Ата заңы­мы­з­бен, Кон­сти­ту­ци­я­мы­з­бен заң­да­сты­рып қой­ған­быз. Егер сен Қаза­қстан аумағын­да тума­саң, пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсе алмай­сың. Демек, сен қазақ бола тұра, нағыз толық қаза­қ­пын дей алмай­сың, құқы­ғың шек­те­улі жарым­жан ада­мға ұқсайсың.

Біз­де өз ұлты­мы­здың ара­сын­да келіс­пе­ушілік болып қала ма деп қоры­қ­пай­ды, ал өзге ұлт­тар­ды рен­жітіп қоя­мыз ба деп, ұлта­ра­лық нара­зы­лық туды­ру­дан зәре-құт­та­ры қал­май қорқа­ды. Сон­ды­қтан сырт­та туып, ұлтым деп, ұлтым­ның бола­шағы деп қызыл кеңір­дек болып күресіп жүр­ген­дер­дің, «есек­тің еңбе­гі адал, өзі арам деген­дей», құны бір тиын. Елім деп халы­қтың бола­шағы үшін үлкен мәсе­ле­лер­ді көтеріп жүр­ген­дер­ге мына жақтағы­лар: «Ә, ана Қытай­дан кел­ген жігіт пе, бол­ма­са Өзбек­стан­нан кел­ген жігіт пе?» деп, шай­ла­рын ішіп оты­ра береді. Жер­гілік­ті халы­қты басқа­рып оты­рған тамыр-таны­сты­қ­пен кел­ген тәжіри­бесіз жас ауыл әкім­дері елдің басын бірік­ті­ре алмаған соң, кеше­гі «Хутор­ды» жақтап сөй­ле­ген ауыл үлкен­дерінің «болар іс бол­ды» деп тұрған­да­ры­на қарап, бұлар­дан басқа не күту­ге бола­ды деген ойға қаласың!

1992 жылы Шелек­тің ар жағын­дағы Қаза­қстан деген ауы­лға көп бала­лы, облыс дең­гей­ін­де қыз­мет­кер болған бөлем көшіп кел­ді. Қаза­қтың салт-дәстүрі­мен ол мал сой­ып, елді жинап, ауыл әкі­мін, сол ауыл­дың құр­мет­ті ақсақал­да­рын, көр­шілерін шақы­рып таны­сып­ты. Зыр жүгіріп қыз­мет істеп жүр­ген еңбекқор бала­ла­рын, иіліп сәлем беріп, шай құй­ып жүр­ген келін­дерін, адам бойы өсіп кет­кен қурай­лар­дан тап-тұй­нақтай етіп таза­лап қой­ған аула­сын көріп таңқа­лып, бар­лық жер­де сөз болып, кей­ін көп ұза­май көр­шілері қай­та-қай­та тиісіп, шыдат­пай, ақы­ры көшіріп жібер­ген. Бұн­дай жағ­дай тек бір жер­де ғана емес, Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірін­де кездеседі.

Әділет­сіздік­тен зардап шек­кен­дер­дің ары­зда­нып бара­тын жері жоқ, әкім­нің өзінің көзқа­ра­сы дұрыс бол­маған соң, оның ары­зын ешкім қара­май­ды, жауып тастай­ды. Отыз жыл­дан бері Кон­сти­ту­ция гаран­ты деген адам­ның өзі ара­ла­сып, бір қыл­мыстық істі ашқа­нын есті­медік, ал кей­ін­гісі мүл­дем қара­май­ды. Мен көп жер­лер­ден бай­қай­мын, жасы үлкен­дері бол­са да, «көп жасаған­нан сұра­ма, көп көр­ген­нен сұра» деген­дей, көп жер­лер­де дұрыс ақыл айта­тын ақсақал да жоқ.

Кей­де өткен күн­дер­ді еске алып оты­рып, жұрт­тың бәрі дүние қуып, биз­нес жасап жүр­ген­де, біз­дер тапқан-таянға­ны­мы­зды елге керек деп, біре­улер өзіне үй сала алмай жүр­ген­де, бір емес, екі мешіт салға­ным үшін алғы­стың орны­на біт­пей­тін дауға қалып, ұлт­тық пат­ри­о­тизмді көте­ру үшін ұлт тарихын жаза­мын деп мені пай­да­ла­нып, май­шел­пек­ке айнал­ды­рған қуларға жексұрын бол­дым. Осын­ша­ма ұлан-бай­тақ жер­ге ие болған­мен, өз қан­даста­рын сый­ғы­з­бай­тын іштері тар тобыр­лар сенің жақ­сы­лы­ғы­ң­ды түсін­бей­тінін енді біліп отырмын.

 Ел басқа­рып оты­рған адам істі қолға ала­мын десе, әлі де кеш емес. Тарих инсти­ту­ты­на тап­сыр­ма беріп, терең де жан-жақты зерт­тетіп, мем­ле­кет­тің қаулы­сын шыға­рып, біз бәрі­міз – бір­тұ­тас қаза­қ­пыз деп, жүз­ге бөлі­ну­ге тый­ым салы­нуы керек. Әйт­пе­се ат төбелін­дей аз ғана қаза­қтар бірін-бірі сый­ғы­з­бай қыры­лы­сып жүр­ген­де, бәрі­нен айы­ры­лып қалуы­мыз мүм­кін! Сон­ды­қтан Қаза­қстан­ның жері – бар­лық қаза­ққа ортақ, кез кел­ген қазақ қалаған жерін­де өмір сүру­ге хақы­сы бар деген­дей қау­лы шыға­рып, қатаң қадаға­лау керек. Қай­рол­ла ҒАБЖӘЛИЛОВ, қоғам қай­рат­кері

Республиканский еженедельник онлайн