Воскресенье , 22 июня 2025

ЖҰТ ЖЫЛҒЫ ҚОЙЛАР

  • «Назар­ба­ев қаза­қты құл халы­ққа айнал­дыр­ды. Ол үшін ол тіп­ті ара­б­тың дініне дей­ін шебер пай­да­лан­ды. Шала сау­ат, надан мол­дар­ды мешіт пен ТВ-дан күні-түні сұңқыл­да­тып қой­ды. Олар халы­қты пат­шаға қар­сы шық­па­уға, басқа салғанға көну­ге, құлақ­кесті құл болуға шақыр­ды. Нәти­же­сі сұм­дық – қазақ Назар­ба­евқа ғана құл­дық ұрған көн­біс тобы­рға айналды.

Бала кезім­де аш қой­лар­ды көр­дім. Бір жылы шөп шық­пай, қыс қат­ты болып, жылқы қолға қарап қал­ды. Жылқы қолға қараған соң, елдің онсыз да аз шөбі тез тау­сы­ла баста­ды. Ел шөп­ті үнем­де­у­ге көшті. Сон­да бай­қаға­ным – аш қой­лар бірінің жүнін бірі жей­ді екен. Тіп­ті кей қой­лар­дың үсті ұста­ра­мен қырған­дай тып-тықыр, жып-жыл­тыр болып қала­ды. Азын-аулақ шөп шашқан кез­де шөп­ке таласқан қой­лар бірінің үстіне бірі шығып кетіп жата­ды. Сон­да тұяқ астын­да тап­та­лып қала­тын тағы да сол әлсіз қой­лар. Сол қой­лар ақы­ры көте­рем болып өледі. Өлме­гені ілініп-салы­нып көк­тем­ге жете­ді. Бірақ өріс­ке аман шыққа­ны­мен, жазғы­тұрғы жауын-шашын­да алды­мен суы­ққа ұшып өлетін осы көте­рем, жүн­сіз қой­лар. Көте­рем қой­лар қозы тастай­ды, қоз­даған күн­нің өзін­де төлін жарыт­пай­ды. Ақы­ры уызға жары­маған қозы өліп тынады.

 Қазір­гі қазақ қоға­мы­ның жайы да осы жұт жылғы қой­лар сияқты – бір-бірін түтіп жеп жатыр. Момын жұрт­тың бір-бірін түтіп жеуден арғы­ға шама­сы кел­мей­ді. Ақы­рып, теңдік сұрай­тын сер­кесі де қалмаған.

Үкі­мет бол­са, қаза­ққа қой сияқты қарай­ды. Азын-аулақ шөп шашқан бола­ды. Бірақ отыз жылға созы­лған кедей­шілік өтіп кет­кен жұрт аш қой­лар сияқты – тойынбайды.

 Аш халы­қты той­ды­ру, той­ды­рып қана қой­май, бақу­ат­ты қылу – билік­тің мін­деті. Бірақ билік қаза­қты той­ды­руға мүд­делі емес. Себебі тоқ халық теже­усіз билік­ке қар­сы шыға­ды деп ойлай­ды. Бұл әккі Назар­ба­ев­тың әрі­ден ойла­сты­рып құрған әпер­бақан жүй­есі еді. Халы­қты әбден кедей­шілік­тің шегіне жет­кіз­ген ол зор құл иеле­ну­ші­ге айнал­ды. Әсілі, қазақ қоға­мы басы­нан құл иеле­ну­шілік фор­ма­ци­я­ны кешір­ме­ген, қай­та Рим импе­ри­я­сы сияқты құл иеле­ну­ші мем­ле­кет­ті құлатқан халық еді. Әлі күн­ге дей­ін әлем жұрт­шы­лы­ғы көшпе­лілер көсе­мі Атти­ла­ны сол үшін құрметтейді. 

Назар­ба­ев бол­са, XXI ғасыр­да құл иеле­ну­ші қоғам орнат­ты. Қазақ халқы соци­а­лиз­мнен капи­та­ли­стік қоға­мға, одан фео­да­лизм­ге, фео­да­лиз­мнен құл иеле­ну­шілік қоға­мға екі-үш аттап, бір-ақ қарғы­ды. Назар­ба­ев режи­мінің осы­дан екі мың жыл бұры­нғы құл иеле­ну­шілік дәуір­ден бір ғана айыр­ма­шы­лы­ғы бол­ды. Ол – мұқым қаза­қты тегіс кре­дит­ке оты­рғы­зды. Алған кре­ди­тіңіздің пай­ы­здық өсі­мі дүние жүзінің бар­лық елдері­нен жоға­ры, әрі одан өлген соң да құты­ла алмай­сыз – әйеліңіз, ол өлсе, бала­ла­ры­ңыз өтей­ді. Ал ежел­гі құл­дық дәуір­де кре­дит деген болған жоқ, әм үш мез­гіл тамақ тегін беріл­ді. Ал Назар­ба­ев орнатқан озбыр жүй­е­де тегін нәр­се жоқ, жұтқан ауаңы­здан басқа­сы­ның бар­лы­ғы сатылады. 

Әлі есім­де Назар­ба­ев 1992 жылы теле­ди­дар­дан сөз сөй­леді, сөй­ле­ген­де бүй деді: «Осы уаққа дей­ін Қаза­қстан­ның ұлт­тық табысы­ның 93% Мәс­ке­у­ге жөнел­тіліп отыр­ды. Біз қалған 7%-ға күнелт­тік. Енді бар тапқан табысы­мыз өзі­міз­ге қала­ды», – деді асқақ пафоспен. Алай­да бәрі керісін­ше бол­ды. Назар­ба­ев билік құрған дәуір­де халқы­мыз ұлт­тық табыст­ың 1% пай­ы­зын ғана талға­жау етіп, өлме­стің күнін көр­ді. Айты­ңы­здар­шы, мұн­дай сұм­дық қай елде болды?! 

Осы­лай­ша Назар­ба­ев қаза­қты құл халы­ққа айнал­дыр­ды. Ол үшін ол тіп­ті ара­б­тың дініне дей­ін шебер пай­да­лан­ды. Шала сау­ат, надан мол­да­лар­ды мешіт пен ТВ-дан күні-түні сұңқыл­да­тып қой­ды. Олар халы­қты пат­шаға қар­сы шық­па­уға, басқа салғанға көну­ге, құлақ­кесті құл болуға шақыр­ды. Нәти­же­сі сұм­дық – қазақ Назар­ба­евқа ғана құл­дық ұрған көн­біс тобы­рға айнал­ды. Халық мешіт­тер­де пат­шаға құл­дық ұрып, одан қал­ды үйіне келіп, латын аме­ри­ка­лық, үнді, кәріс, түрік теле­се­ри­ал­да­ры мен сарт­танған без­дар­ный фанер­щик­тер­дің жын-ойнағын есі кете тама­ша­лап оты­рған­да, Назар­ба­ев пен оның жемқор уәзір­лері елі­міздің жер асты, жүр үсті бай­лы­ғын шетел­ге шұғыл сату­мен айна­лы­сты. Ел дәу­летін аяу­сыз тонаға­ны аздай, олар шетел­ден мил­ли­ард­таған дол­лар қарыз алып, қара бақы­ры­на шей­ін қал­дыр­май, жым-жылас жұтып қой­ды. Эко­но­ми­стер­дің айтуын­ша, ол қары­здар­ды біз түгілі неме­ре­лері­міздің өзі өтеп біте алмаған­ды­қтан, шөбе­ре­лері­міздің мой­ны­на ілі­нетін көрінеді.

Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сын жап­ты, елді ғылым-білім­сіз қал­дыр­ды. Ел қамын жеген ерлер­ді қуғын­да­ды, тіп­ті көн­бе­ген­дер­дің көзін жой­ды. Ал жағым­паз ака­де­мик шал­дарға өзінің сөзін сөй­летіп, мәңкіл­детіп қойды.

Стати­сти­ка деректеріне сүй­ен­сек, Қаза­қстан әлем­де­гі ең бай ел сана­ла­ды. Жері­міз­де Мен­де­ле­ев кестесін­де кез­де­сетін эле­мент­тер­дің түгел­ге жуы­ғы бар, тіп­ті бір гра­мы 200 мың дол­лар тұра­тын осмий сияқты сирек метал­дарға дей­ін Қаза­қстан­да өндіріледі. Алай­да қаза­қтың бұл бай­лы­қтың қызы­ғын жуық ара­да көрер түрі жоқ. Қытай тәрізді бір жарым мил­ли­ард бол­сақ – бір сәрі, Шан­хай сияқты бір қала­ның халқы­на жет­пей­міз, небәрі 20 мил­ли­онға жетер-жет­пес халы­қтың отыз жыл бойы кедей­шілік пен құл­дық қамы­тын киіп оты­руы – тіп­ті Нобель сый­лы­ғы иегер­лерінің ақы­лы­на сыяр емес. 

Нобель сый­лы­ғы демек­ші, сонау жыл­да­ры Маңғы­стау облы­сын­дағы Жеті­бай мұнай ұңғы­сы­ның ашы­луы­ның жүз жыл­ды­ғы­на Қазақ билі­гінің шақы­руы­мен Аль­фред Нобель­дің неме­ресі келіп­ті. Бай­ғұс, Дубай сияқты жарқы­раған, сән-сал­та­нат­ты бай елді көрем деп сонау Еуро­па­дан алып-ұшып жет­кен ғой. Содан ойқы-шой­қы жол­дар­мен Жеті­бай­ға әрең жет­кен сый­лы қонақ жол бойы сұрқай ауыл­дар­ды, ол ауыл­дар­дағы лашы­ққа бер­гісіз мыжы­рай­ған үйлер мен мұнай­лы өңір­дің кедей­шілік­тен әбден ыңыр­шағы айналған, жүз­дері қара­ла-тора­ла халқын көріп, алып-ұшқан көңілі су сеп­кен­дей басылыпты.

Сон­да мына сұм­ды­қтан жаны шошы­ған Нобель­дің неме­ресі Афри­ка елдерін­де ғана бола­тын осы­нау сұрқай көріністер­ге тұн­жы­рай қарап тұрып: «Бұл елде ұлы қыл­мыстар жаса­лу­да», – деп, бір ауыз сөз айтып­ты да, кел­ген ізі­мен кері қай­тып кет­кен деседі. «Сырт көз сын­шы» деген осы да.

Нобель­дің неме­ресі айтқан­дай, бұл елде ұлы қыл­мыстар жаса­лу­да, ең ауыр қыл­мыс – халы­қтың дәу­летін тонау, ол дегеніңіз – келе­шек ұрпақты несі­бесіз қал­ды­ру. Жемқор­лы­ққа аяу­сыз салы­нған шен­ділер­де ар мен ұждан қал­ма­ды. Кедей халы­қтың ішін де осы дерт­тер жай­ла­уда. Егер былай жалға­са бер­се, бұл кесел­дер­дің тамы­ры­на бал­та шаба­тын шұғыл һәм пәр­мен­ді рефор­ма­лар жасал­ма­са – Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қатер! Одан кей­ін­гі бола­тын сұм­ды­қты айту түгілі, болжа­уға ауыз бармайды.

Билік­те­гі ел аға­ла­ры! Сіз­дер­дің не ойлаған­да­ры­ңыз бар, сіз­дер де қаза­қтың бала­сысыздар ғой, туған халқы­ңы­зды осын­ша­ма кедей қылуға арлан­бай­сыздар ма?! Неге іс қыл­май­сыздар? Әлде Назар­ба­ев жүй­есін әке­ден мирас болып қалған­дай жалға­сты­ра бересіз­дер ме?

Егер былай жалға­са бер­се, жұт жылғы қой сияқты бір-бірінің жүнін жеп жатқан мына аш құр­сақ жұрт күн­дер­дің күнін­де өздеріңіз­ге ауыз сал­ма­сы­на, түтіп жемесіне кім кепіл?!

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн