Среда , 2 июля 2025

«ИТКЕ ТЕМІР НЕ КЕРЕК

  • Түр­кістан қала­сын­да Қаза­қстан­да бала­ма­сы жоқ спорт кешені бар ескек есу кана­лы салы­на­ды, деп жаза­ды Тurkystan.kz порталы.

 Халы­қа­ра­лық талап­тарға сай олим­пи­а­да­лық орта­лық өңір­де қолай­лы мик­ро­кли­мат қалып­та­сты­рып, сәу­лет жағы­нан көр­кін кел­тіріп, туризм сала­сын дамы­туға үлес қоса­ды, деп жаза­ды пор­тал Түр­кістан облы­сы әкім­ді­гінің бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап. Облыс әкі­мі Өмір­зақ Шөке­ев су кешенінің жаңа басталған құры­лыс алаңын­да бол­ды. Халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі ескек есу жəне бай­дар­ка спор­ты бой­ын­ша олим­пи­а­да­лық стан­дар­тқа сай орта­лық 100 гек­тарға жуық алаң­да орна­ла­са­ды. Канал­дың бет­кі ауда­ны – 47,9 гек­тар. Жал­пы ұзын­ды­ғы – 2 222 метр. Канал­дың ені – 260 метр, тереңді­гі – 4 метр.

Спорт кешені аумағын­да қонақ үй, вело­жо­лақ, бас­сейн, эллинг, каноэ­ге арналған пир­стер, көре­рмен­дер­ге арналған таб­ло, три­бу­на­лар, арал­дар­ды қоса­тын көпір және тағы басқа нысан­дар бола­ды. «Жаңа жоба Кен­сай – Қосқорған‑2 су қой­ма­сы­нан әкім­шілік-іскер­лік орта­лы­ғын­дағы 9 және 11 көше­де құры­лы­сы жүр­гізіліп жатқан канал арқы­лы келетін жет­кіз­гіш арна бола­ды. Есу кана­лы­нан Шошқа­көл су жүй­есіне дей­ін жет­кі­зу-шыға­ру арна­сы салы­на­ды», – делін­ген әкім­дік таратқан ақпа­рат­та. Соны­мен қатар қала­да дра­ма театр, облы­стық ғылы­ми-әмбе­бап кіта­п­ха­на, көпқа­бат­ты 14 тұрғын үй, екі даңғыл­ды қоса­тын жаңа көпір­дің құры­лы­сы қарқын­ды жүріп жатыр. Облыс орта­лы­ғын­да 27 гек­тар жер­ге денд­ро­бақ салы­нып жатыр. Ол жер­де сан түр­лі жеміс аға­шы мен көп­жыл­дық өсім­дік түр­лері өсірілетін болады.

Айта кетей­ік, Қаза­қстан үкі­меті Түр­кістан­ды дамы­ту­дың Бас жос­па­ры­ның жоба­сын мақұл­да­ды. Соған сай алдағы бес жыл ішін­де қала­да жасыл желек­тер алаңы ұлға­я­ды, мек­теп­тер, бала­бақ­ша­лар мен ауру­ха­на­лар салы­на­ды, сон­дай-ақ руха­ни-мәде­ни орта­лық дами­тын бола­ды, деп хабар­лай­ды Тurkystan.kz.

Дұрыс-ақ, Қаза­қстан­ның қай қала­сы бол­ма­сын, көр­кей­гені жақ­сы. Бірақ эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың бат­пағы­на батып, ит тір­лік­тің күнін кеш­кен ел үшін ескек есу ста­ди­о­нын салу – қай паңқу? 

«DАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн