Пятница , 4 июля 2025

ИТ қорыған жерге ӨШ

  • «Алтын Емел», «Көл­сай көл­дері» және «Шарын» ұлт­тық пар­кін­де­гі жер телім­дері туризм және сана­то­ри­я­лық емдеу қыз­метін дамы­ту мақ­са­тын­да үш инве­сторға ұзақ жылға пай­да­ла­нуға беріледі, деп хабар­ла­ды кеше «Азаттық». Инве­стор­лар бұл жобаға 14,5 мил­ли­ард тең­ге жұм­са­май­ды, дей­ді Эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ресур­стар министрлігі.

Қаза­қта «Ит қоры­ған жер­ге өш» деген сөз бар. Әлбет­те, біз инве­стор­ды «ит» деуден аулақ­пыз. Оның үстіне нарық эко­но­ми­ка­сы үстем­дік құрған жағ­дай­да тама­ша табиғи қоры­қтар­ды адам­заттың игілі­гіне пай­да­ла­ну­дың басқа­дай тиім­ді жолын табу қиын. Мем­ле­кет – жақ­сы қожай­ын бола алмай­ды. Ал Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­дағы мем­ле­кет – билік­тің иелі­гін­де­гі озбыр ордаға айналды.

Иә, айты­лар сөз қазақ үшін аса қаси­ет­ті «ЖЕР» деген тақы­ры­пқа тірел­ген кез­де жемқор­лық пен парақор­лық үстем­дік құрған әрбір әре­кет­тен иттік ізде­у­ге тура келеді. «Аузы күй­ген үріп ішеді» деген­дей, бұл сауда-сат­ты­қтың аста­рын­да алақол айла жатыр деген­ге қай­ыр­шы қоғам­ды илан­ды­ру да – иттірлік.

Соны­мен, қазақ жерінің үлбіре­ген үкісін­дей болған бұл қоры­қтар­дың құй­қа­лы қой­на­уы­на қожай­ын болып кім­дер кел­ді?  Мини­стр­лік таратқан мәлі­мет­ке қараған­да, биыл жыл басын­да ұйым­да­сты­ры­лған бай­қа­удың нәтижесінде:

  • «Шарын» ұлт­тық пар­кін – “Таун­тон Плюс” ЖШС-нің құра­мын­дағы кон­сор­ци­ум аты­нан QazaqGeography рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бірлестігі;
  • «Көл­сай көл­дері» ұлт­тық қоры­ғын – «Аты­рау-Рент» компаниясы;
  • «Алтын Емел» табиғи бағын – Asemtal ком­па­ни­я­сы құра­мын­дағы кон­сор­ци­ум аты­нан QazaqGeography рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі инве­стор ретін­де жеңіп алған екен.

Егер әзір­ге қол­да бар ашық мәлі­мет­тер­ді біз де «итше тіміскілеп» көретін бол­сақ, Шарын­ды шау­жай­ы­на алған QazaqGeography бір­ле­сті­гінің таса­сы­нан аты­шу­лы Вяче­слав Ким мен Миха­ил Лом­тад­зе иелік ететін Kaspi.kz ком­па­ни­я­сы­ның құлағы қыл­ти­яды. Бұл ком­па­ния осы­дан бес ай бұрын ғана (20 қара­ша 2020 жылы) QazaqGeography қоға­мы­м­ен ұлт­тық парк­тер­ді бір­лесіп иге­ру жөнін­де мемо­ран­дум жасасқан екен. Қаза­қ­ша­лаған­да, «Қаза­қ­Жағра­пия» ата­луы тиіс бұл бір­ле­стік осы­дан сегіз жыл бұрын (16.10.2012) құры­лған. (Содан бері әріп­тес Kaspi.kz қай­да жүр­ген?). Ұлт­тық қоры­қтар­ды «бір­лесіп иге­ру» келісі­мі өткен күз­де ғана жасал­са, табиғи парк­тер­ді жекенің қолы­на беру тен­дері биы­лғы қыстың басын­да ғана өткен екен. Таң­да­нар­лық шапшаңдық!

Ал Kaspi.kz ком­па­ни­я­ла­ры тобы­ның таса­дағы иесі –  Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісі Қай­рат Саты­бал­ды екені елде­гі екінің біріне бел­гілі жәйт. Осы «кез­дей­соқты­қтан» кей­ін қос қоры­ққа Қай­рат қожай­ын бол­ды деген дүдә­мәл сөз­ге ден қою­дың реті бар ма? Әлбетте!

«Қос қорық» дей­тін себебі­міз – Шары­н­мен бір­ге «Алтын Емел­ге» де егелік ету құқы­ғын QazaqGeography рес­пуб­ли­ка­лық бір­ле­сті­гі жеңіп алды. Қоры­қтар­ды иге­рудің инве­стор­лық жоба­сын жүзе­ге асы­ру кон­кур­сы­на түс­кен басқа 6 ком­па­ни­я­ның ара­сы­нан «QazaqGeography»-ның жағра­пи­я­сы тек­тен-тек­ке тура кел­ме­ген шығар…

Сол сияқты «Көл­сай көл­дері» ұлт­тық қоры­ғы­нан тіліп тұрып телім алған «Аты­рау-Рент» ком­па­ни­я­сы да күлбіл­те күдік­тің керін кел­тіреді. Жеті­су­дағы Көл­сай­дың көліне алыс Аты­ра­удағы Гай­дар көше­сінің 9‑үйінде тір­кел­ген ЖШС неге құштар бола қал­ды? Оның үстіне жыл­жы­май­тын мүлік­ті басқа­ру және жалға беру ісі­мен айна­лы­са­тын ком­па­ния көл беті­нен не іздеп жүр? Соңғы 11 жыл­да қазы­наға 8 мил­ли­он тең­ге ғана салық төле­ген ком­па­ни­я­ның был­ты­рғы жыл­дық табысы 4,8 мил­ли­он тең­ге ғана бол­са, «Көл­сай көл­деріне» құюы тиіс 5 мил­ли­ард тең­гені қай көкесі қал­та­сы­нан төлеп бермек?

Әсте, қоры­қтар­ды инве­стор­лар иелі­гіне беру жөнін­де­гі кон­кур­ста, мини­стр­лік желеу еткен­дей, «қабыл­данған шешім­дер­дің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін» құры­лған қоғам­дық кеңес мүше­лері әлде «жеңім­паз­дар­дың» ресми қар­жы­лық жағ­дай­ы­на мән бер­ме­ген, әлде «мән беру­ге» әкім­гер­лер әл бер­ме­ген. Бірақ біз бұған мән бер­мей тұра алмай­мыз. Қоры­қтар­дың қожай­ын­да­ры­на қаты­сты қой­ырт­паққа қай­та айна­лып соғамыз.

Ермұрат БАПИ    

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн