Среда , 2 июля 2025

КЕНЕСАРЫНЫҢ Орусия дәулетімен* ҰРЫС ҚЫЛҒАНЫ

  • Бел­гілі жас бас­па­гер, бір­не­ше кітап­тың авто­ры, «Forbes Kazakhstan» жур­на­лы қазақ нұсқа­сы­ның бас редак­то­ры Бақыт­жан Бұқар­бай­дың (сурет­те) «AmalBooks» бас­па­сы­нан «Кене­са­ры хан уа сұл­тан Сыдық» кіта­бы жарық көр­ді. Ахмет Кене­са­ры­ұлы­ның бұл кіта­бын ескі қадым жазуы­нан қазір­гі кирилл жазуы­на аударған – тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Аман­тай Исин.

Біз төмен­де осы бір аса құн­ды жәді­гер туын­ды­ның бірін­ші тара­уын жари­я­лай оты­рып, оқыр­ман­ның наза­ры­на сала­мыз: Ахмет Кене­са­ры­ұлы­ның 1887 жылғы қол­жа­з­ба­сы­ның түп­нұсқа­дағы ата­уы сақтал­маған. Жұмыстың маз­мұ­ны­на қарап және Ахмет зама­нын­да да кітап­тар­ды пар­сы­ша тақы­рып­та­удың кең тараға­нын ескеріп (қол­жа­з­ба бөлім­дері пар­сы­ша «фәзл» деп аталған), «Тау­а­рих Кене­са­ры хан уа сул­тан Сыдық» («Кене­са­ры хан және Сыдық сұл­тан тарихы») деп атау – ғылы­ми негізді деп білеміз.

Қазақ ара­сын­да мәшһүр өткен Абы­лай хан­ның отыз ұғлы бар еді. Абы­лай хан­ның орда­сы Көк­ше­тау мен­зелін­де [2] еді. Абы­лай хан офат болған соң, бәй­бі­ше хатұ­ны­ның бала­сы Ғұбай­дол­ла хан орны­на хан бол­ды. Он жыл хан болып тұр­ды. Ол уақыт­та Орыс дәу­летінің шет жер­де, яғни бұларға жақын Ақмо­ла облы­сын­да тұрған әкім­дері Көк­ше­та­уға орын сал­мақты ойлап, Ғұбай­дол­ла ханға адам жібер­ді. Хан: «Мен қала салуға ырза емес­пін. Абы­лай хан мен ақ пат­ша­ның орта­сын­да болған шар­тна­ма­сы муа­фиқ [3], әрқай­сы­мыз өз орны­мы­зда тыны­шты­қ­пен тұрай­ық, егер күшпен сала­мын десең, өзің білесің», – деп жау­ап бер­ді. Орыс әкім­дері мұның // [2‑п.с.] ырза­лы­қ­пе­нен қала сал­дыр­ма­сын аңдап, өзін шақы­рып, ұстап, қай­тып жібер­мей тоқтатты.

Одан соң оның орны­на Уәли хан бол­ды. Бұ кісі Көк­ше­та­уға қала салуға ырза бол­ды. Абы­лай хан­ның бала­ла­ры­ның бәрі ырза­лық берді.

Бірақ сұл­тан Қасым отыз ұғлы­ның кішісі еді. Қасым хан­ның кәт­та [4] зай­ы­бы­нан алты ұғлы бар еді: бірін­ші – Сары­жан сұл­тан, екін­ші – Есен­кел­ді сұл­тан, үшін­ші – Аға­тай сұл­тан, төр­тін­ші – Бофы сұл­тан, бесін­ші – Көшек сұл­тан, алтын­шы – Кене­са­ры сұл­тан. Екін­ші зай­ы­бы­нан бір ұғлы бар еді – Науры­з­бай сұл­тан. Аға­тай өліп, Науры­з­бай жас еді. Кене­са­ры ата­сы­на, төрт аға­сы­на айт­ты: «Орыс дәу­летінің Абы­лай хан­ның уақы­тын­дағы шар­тна­ма­ны бұз­бағы біз­дер­ге кем­шілік, егер құдай // [3‑п.] қабыл қыл­са, бар­ша қаза­қты бір қосып, Абы­лай хан­ның уақы­тын­дағы­дай болып тұрар­мыз, бол­ма­са, құдай­дың хуаһлаға­нын­ша [қалаға­нын­ша] бола­мыз», – деді.

Сұл­тан Кене­са­ры­ның бұл сөзі сұл­тан Қасым уа бала­ла­ры­на мақұл болып, бар­ша­ла­ры алы­нғақ қылып, Орыс дәу­летінің хүкі­метіне қар­сы бол­ды. Қаза­қтар­дың көбі бұлар­дың айтқан­да­ры­на қосылды.

Сұл­тан Сары­жан уа сұл­тан Есен­кел­ді, Кене­са­ры, ғай­ри [5] Қасым бала­ла­ры­ның бұл ниетін Уәлі хан [бала­ла­ры] орыс халқы­на мағлұм етіп, Ақмо­ла­дан әскер шығып, бұлар­дың ауы­лын, бұларға хақы­лы қаза­қтар­ды әскер үш рет шап­ты. Одан соң Қасым бала­ла­ры Көк­ше­та­удан өтіп, ауып, өздеріне // [3‑п.с.] тай­па Орта жүз ұрұғы Алтай тай­па­сы, Тоқа тай­па­сы, Керей, Уақ уа ғай­ри тай­па­лар­дан қосып, қырық мың шама­сын­да үймен Қоқанд хүкі­метіне, Түр­кістан мем­ле­кетіне қараған Шу өзеніне келіп мекен қылды.

Тәш­кент­тің әкі­мі Беклер­бек­ке екі аға­сы Сары­жан сұл­тан, Есен­кел­ді сұл­тан­ды жіберіп, сұл­тан Кене­са­ры өзі Қар­нақ қыстағын­да Рах­ман әзлер деген ишанға қол беріп, сопы­лық жолын тұтып оты­рып қал­ды. Мәз­күр [6] Беклер­бек «бұлар еш уақыт­та біз­ге қарап тұр­мас, бәл­кім, мұн­дағы қаза­қтар­ды бұ жер­ге ішке кіріп, бір ғауғаға [7] шыға­рар, Абы­лай хан­ның ұлда­ры болған соң, әлбет­те, қазақ халқы бұларға ерген­ше керек» деп, сұл­тан Сары­жан, сұл­тан Есен­кел­діні Әули­е­а­та шаһа­рын­да шей­іт қыл­ды. // [4‑п.] Хаз­рет Сұл­танға зия­ратқа кел­ген жерін­де Қасым ханды ұстап, шей­іт қыл­ды. Хаз­рет Сұл­тан­ның ішіне, Абы­лай хан­ның қасы­на жақын қойды.

Кене­са­ры­ны Қар­нақта ишан­ның мешіті­нен ұстап, Тәш­кент­ке алып барып, бенд­ге [8] сал­ды. Сары­жан, Есен­кел­дінің зағи­фа­ла­ры уа жас бала­ла­рын Тәш­кент­тің қасы­на көшіріп алып бар­ды. Көшек, Бофы уа Науры­з­бай көп елді алып және Сары­су өзенінің бас жағын­да Ұлы­тау, Кішіта­уға көшіп, Бірін­ші фәзл [34] Кене­са­ры­ның Ору­сия дәу­леті­мен [1] ұрыс қылға­ны [35] кет­ті. Сұл­тан Кене­са­ры бір жылға­ше Тәш­кен­де бен­д­ха­на­да жат­ты, ақы­ры біре­уден Қоқан­дқа, Мұхам­мед-Әли ханға ашу алған баян қылып арыз жібер­ді. Уа Мұхам­мед-Әли хан бұлар­дың ары­зын естіп, Беклер­бек­ке бұй­рық жаз­ды: «Олар хан әулет­тері, ақсүй­ек бол­са, егер кінәлі бол­са, миы­ңа сал­дыр­саң, менің әмірім­мен // [4‑п. с.] айла іс қыл­мағың ләзім еді. Сен бір құл­сың, құл­дың қожа­сын өлтір­ме­гі дұрыс емес, енді Кене­са­ры сұл­тан­ды бенд­тен шыға­рып жібер» деп.

Бұл бұй­ры­қты көріп, Беклер­бе­гі Кене­са­ры­ны шыға­рып, аға­ла­ры­ның бала-зай­ып­та­ры­ның қол­да­ры­на беріп қай­тар­ды. Һәм айт­ты: «Енді біз­дер­ге жаман­дық қыл­мағын, елдеріңізді көріп келіп, зекет уа салы­қта­рын беріңіз­дер». Әбді­шүкір жүз­бек­ті бас қылып, бір жүз кісі қосты.

Созақ қыстағы­на кел­ген соң [Кене­са­ры] еса­уыл­дар­ды уа аға­ла­ры­ның бала-зай­ып­та­рын мұн­да қой­ып, екі кісі еса­уыл іңір кештіріп, Ұлы­тау, Кішіта­удағы елдеріне келіп, елін Соза­ққа қарай көшіріп, Шу өзеніне бір күн­дік жер қалған­да екі еса­уыл­ды Соза­қтағы жүз­ба­сы­ға жібер­ді, біз­дер һәм сенен кей­ін көшіп, // [5‑п.] ертең Шуға құлай­мыз, олар һәм бала-шаға­лар­ды алып кел­сін, Шу өзенін­де зекет-салы­қта­рын бере­мін деп.

Ол екі адам жөнеліп кет­кен соң, көп елді қай­та­дан Ұлы­та­уға көшіріп жіберіп, ермелі жігіт­тен екі жүз жігіт алып, он бес ақ үйді түй­е­лер­ге артып, бес жүз жылқы айдап, сұл­тан Кене­са­ры Шу өзеніне кел­ді. Бесқұлан деген Шудың өткелінің өзіне он бес үйді бір жай­ға ауыл қонған­дай қылып тік­тір­ді. Жылқы­лар­ды уа үй артып кел­ген түй­е­лер­ді бір құм­ның басы­на бөліп, жай­ып қой­ды, елдің жай­ы­лып жатқан мал­да­ры сияқтан­ды­рып. Сұл­тан Кене­са­ры өзі екі жүз жігіті­мен Шудың Созақ жағы­на өтіп, // [5‑п.с.] екі ақ үйді тігіп, ішіне жақ­сы кілем­дер салып, бат­сайы көр­пе­лер төсеп, уа мамық жасты­қтар қой­ып, екі жүз жігіт­ті қамыстың ішіне жасы­рып қой­ып, сұл­тан Кене­са­ры­ның өзі он-оншақты адам­мен келетін мей­ман­дар­ды күтіп тұрды.

Мәз­күр жүз­ба­сы елдің хаба­рын есіт­кен соң, жүз ада­мы­м­ен Соза­қтан шығып, Шу бой­ы­на келіп көр­ді: ел келіп қонып­ты, бір құм­ның түбін­де ақ үйлер тігіл­ген, уа жай­ы­лып жатқан жылқы, түй­е­лер­ді көріп, хатыр [9] жамиғ [10] болып, көңіліне ешнәр­се кел­тір­мей, өздеріне тігіл­ген үйге келіп түсті. Уа қару­ла­рын шешіп, жай­ла­сып отыр­ды. Бар­ша­сы үйге кір­ген соң, сұл­тан Кене//сары [6‑п.] тысқа­ры­ға шығып, жігіт­теріне бұй­ыр­ды, келің­дер деп. Екі жүз жігіт қамыстың іші­нен жүгіріп келіп, үйден шығар­ма­стан, бір жүз кісі сарт­тың бәрін өлтір­ді. Үш кісінің орны­на сарт­тың бір жүз кісісін өлтіріп, сұл­тан Кене­са­ры құдай­ға көп шүкір­лер қыл­ды. Бір жүз кісінің ат-жарағын алып, аға­ла­ры­ның бала-шаға­сын алып, Ұлы­тау мән­зелін­де елдің арты­нан келіп жетті.

Торғай өзенінің бой­ы­на көшіп барып, ата­сы сұл­тан Қасым, аға­ла­ры сұл­тан Сары­жан, Есен­кел­ді­ге ас беріп, бәй­гі шап­тыр­мақ баһанасы//мен [сыл­та­у­мен] [6‑п.с.] Орта жүз, Кішік жүзді шақыр­ды. Бұлар келіп, бар­ша бас адам­да­ры жиы­лған соң, сұл­тан Кене­са­ры­ны қазақ рәсі­мі бой­ын­ша хан көтерді.

Әмма олар айт­ты: «Русия дәу­леті – зор дәу­лет-дүр. Біз­дер қазір бар­ша бір­ден көтеріліп, сіз­бен бір­ге көшіп жүр­мек те мүм­кін емес. Көш­кен­де һәм Орыс пен Қоқан­ның ара­сын­дағы азға­на бос жер­ге мұн­ша көп ел сый­ып жүре алмай­мыз. Сіз өзіңіз көш­кеніңіз­ше, біз­дер Русия пат­ша­сы­на тәбиғ [11] болып тұра­лық уа Сіз­ге зекеті­мізді беріп, күшейт­кі­зелік», – деп айт­пақ қыл­ды. Бұл сөз Кене ханға һәм мақұл болды.

Орта жүз уа Кішік жүздің еркөңіл­дік батыр адам­да­ры Кене­са­ры // [7‑п.] хан ере­р­ге барып, бір­ге көшіп жүр­ді, уа шаруа көп пақыр­ла­ры орыс пат­ша­сы­на табиғ болып, әрқай­сысы өз мекенін­де оты­рып, Кене­са­ры ханға жасы­рын зекет­терін беріп тұр­ды. Орыс тара­пы­нан әртүр­лі сөз бол­са, олар хабар жет­кі­зер еді.

Мұнан соң Кене­са­ры хан атал­ды. Хан­ның қия­лы – орыс пат­ша­сы қаза­қты үкі­мін өзіне беріп, Абы­лай хан­ның уақы­тын­дағы­дай шар­тна­ма бол­са, бір тара­пын Орыс дәу­летіне сүй­еп, Қоқан­мен айна­лы­сып, ата­сы уа аға­ла­ры­ның өшін Бірін­ші фәзл [36] Кене­са­ры­ның Ору­сия дәу­леті­мен [1] ұрыс қылға­ны [37] алса, уа Қоқан хүкі­мін­де­гі ұлы жүзді боса­тып алса, бәл­кім, Қоқан мем­ле­кетін ашып алмаққа тала­бы бар еді.

Осы ниет­пен Орын­борға жақын Ырғы­здан төмен­гі жер­лер­ге көшіп бар­ды. Бұл мудға­сы [12] бол­май, Орын­бор­дың уа Омскінің гене­рал//-губер­на­тор­ла­ры­ның [13] [7‑п.с.] әмірі­мен Кене­са­ры ханды ұста­уға Сібір тара­пы­нан уа Орын[бор] тара­пы­нан отряд­тар [14] шыға­ра бер­ді. Баз [15] хан мәз­күр тағы­лар­ша Орыс дәу­леті­мен ұры­спаққа кірісіп кетеді.

1840 жыл­дан 1847 жылға шей­ін орыс отряд[тар]ымен ұрыс-талас бол­ды. Бар­ша­сын айт­са, кемін­де бір жыл тәмам оты­рып жаз­са керек. Кене­са­ры хан­ның жігіт­тері оры­стың бағ­зы [16] қала­ла­ры­на от қой­ып, мал­да­рын талап уа бағ­зы отряд­тар­ды жеңіп, забун [17] қылар еді. Орыс әскер­лері һәм Кене­са­ры ханға қараған бағ­зы елдер­ді шауып, мал­да­рын талап, әскер­лерін қашы­рар еді. Бұл жеті жыл­дың ішін­де көп істер өтті. Кене­са­ры хан­ның елдері Ұлы­тау, Кішітау, Жылан­шық, Торғай, Біле­уті уа Бұлан­ты // [8‑п.] деген жай­лар­да көшіп жүрер еді.

1844 жылы Сібір тара­пы­нан отряд шығып, Кене­са­ры хан үйде жоғын­да, Ұлы­та­уға жақын Жездінің Ақши деген жер­ді қыстап оты­рған ауы­лын шауып, үлкен зағи­фы Күнім­жан ханым­ды ұстап алып кет­ті. Хан мәз­күр осы отряд келетін хаба­рын естіп, алды­нан әскері­мен шығып кетіп еді. Орыс әскері бұларға ұшы­ра­ма­стан бір тарап­пен өтіп кетіп­ті. Кене­са­ры хан Құдай­дың тағ­ды­ры­на мой­ын­сұ­нып, «әс-сабыр мұқтаж алғыр­шы» деген пай­ғам­бар ғалия ас-саләм­нің хади­стеріне амал қылып, сабыр етіп отырды.

Келер жаз өзінің қосы­нын жиып атта­нып, Тро­иц­кі [18] мен Орскінің орта­сын­дағы қаза­қ­ша Адыр­лы деген қала­ны талап, от қой­ып, ер-зағиф, жас бала – бір­не­ше адам­дар­ды ұстап // [8‑п.с.] алып кел­ді. Орын­бор гене­рал-губер­на­то­ры арқы­лы елші қаты­на­сты­рып, Адыр­лы­дан алған адам­дар­ды қай­та­рып беріп, өзінің сүй­ік­ті ханы­мын қолы­на алды. Мұнан кей­ін бір заман­да Орыс дәу­леті­мен орта­ла­рын­да тыны­штық болып тұрды.

Әмма Орыс дәу­леті Ұлы­та­уға, Торғай бой­ын­да Тоңқай­ма деген өткел­дің қасы­нан уа Ырғыз суы­на Жар­мо­ла деген өткел­дің қасы­на, Кене­са­ры хан­ның көшіп жүретін жер­леріне қала [19] сала бастады.

  •  

Түсінік­те­ме­лер:

1. «Дәу­лет» – пар­сы­ша «мем­ле­кет» мағынасында.

2. «Мен­зел» (парс.) – қоныс.

3. «Муа­фиқ» (араб.) – жарамды.

4. «Кәт­та» (парс.-шағ.) – үлкен.

5. «Ғай­ри» (араб.) – басқа, басқа да.

6. «Мәз­күр» (араб.) – айты­лған, аталған.

7. «Ғауға» (араб.) – қақты­ғыс, қырқыс. «Қауға» (араб.-ноғ.) – соғыс.

8. «Бенд» (парс.), «бен­д­ха­на» – түр­ме. «Бен­ді», «бен­ден» – тұтқын.

9. «Хатыр» (араб.) – ой.

10. «Жамиғ» (араб.) – бір­ге, бәрі.

11. «Табиғ» (араб.) – бағы­ну, тәуелді.

12. «Мудға» (араб.), «муд­даға» – талап, ой.

13. «Гене­рал-гүбір­на­тыр».

14. «Етрет», «әтрет» (орыс. «отряд».) – жасақ. Қол­жа­з­ба­ның басқа тұста­рын­да да осы­лай таңбаланған.

15. «Баз» (парс.) – қыран.

16. «Бағ­зы» (араб.) – кейбір.

17. «Забун» (парс.) – тұтқын.

18. «Тро­ис­кі».

19. Қол­жа­з­ба­да «қала» деп бекініс, казак ста­ни­ца­ла­ры да ата­ла береді.

  • Ахмет сұл­тан Кене­са­ры­ұлы­ның «Кене­са­ры хан уа сұл­тан Сыдық» кіта­бын «Мело­ман» дүкен­дері­нен неме­се +7 777 233 20 20 нөміріне хабар­ла­сып (уат­сап бар), тап­сы­рыс беріп, сатып ала аласыздар.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн