fbpx

КҮМІСТЕН ЕДІ КҮЛКІСІ…

Өткен жек­сен­бі күні бел­гілі қаза­қстан­дық жур­на­лист, медиа-мене­джер және құқы­ққорға­у­шы Роз­ла­на Тау­ки­на мез­гіл­сіз қай­тыс бол­ды. Ол «ДАТ» жоба­сы­ның қазір­гі газеті «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің алға­шқы редак­то­ры болған. Соны­мен бір­ге Роз­ла­на 2002-03 жыл­да­ры «ДАТ» жоба­сы­ның «Жұма-таймс» және «Айна-плюс» газет­терін­де де қыз­мет еткен кәсі­би, шын­шыл, батыл, қай­сар қыз еді.

Роз­ла­на жарқын жүзді, көп­шіл, қоғам­шыл, өз елінің адал пат­ри­о­ты бол­ды. Аса жай­да­ры мінезі­мен өзі жүр­ген ортаға жылуын шашып, айна­ла­сы­на нұрын төгіп жүретін өте адал адам еді. Оның күміс қоңы­ра­удың үнін­дей кір­шіксіз күл­кісі біздің құлағы­мы­зда мәң­гілік­ке сыңғыр­лап қала­ды…

Ол көмек күт­кен, әділет ізде­ген ада­мға жанұ­шы­ра жәр­дем беру­ге асы­ға­тын… Осын­дай ашық және ада­ми аңғал мінезі­мен жүріп, өзінің ден­са­улы­ғы­на көмек жаса­уға уақы­ты бол­май кет­ті… Өкіні­шті!

Роз­ла­на Тау­ки­на 1955 жылы 30 қаңтар­да Орал қала­сын­да орден­ді соғыс офи­церінің отба­сын­да дүни­е­ге кел­ген. Орал педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты­ның фило­ло­гия факуль­тетін (1979) «Орыс фило­ло­ги­я­сы» маман­ды­ғы бой­ын­ша бітіріп, Мәс­ке­уде ВЛКСМ ОК жанын­дағы Жоға­ры ком­со­мол мек­тебі жастар бас­пасөзі редак­тор­ла­ры­ның факуль­тетін (1981) тамам­даған; Ломо­но­сов атын­дағы Мәс­кеу мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де оқы­ған (1985). Қаза­қстан Жур­на­ли­сти­ка ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты.

Әр жыл­да­ры теле­ви­зи­я­лық жур­на­ли­сти­ка сала­сын­да – Орал облы­стық теле­ви­де­ни­есі режис­серінің көмек­шісі (1974), жастар редак­ци­я­сы­ның редак­то­ры (1977−79); Мәс­кеу қала­сы Про­ле­тар аудан­дық ком­со­мол коми­тетінің нұсқа­у­шы­сы (1981−83), «Ком­со­моль­ская прав­да», «Мос­ков­ский ком­со­мо­лец» газет­терінің тіл­шісі болған. 1985–88 жыл­да­ры – «Остан­ки­но» Орта­лық теле­ви­де­ни­есін­де жастар редак­ци­я­сы­ның редак­то­ры; 1990 жыл­дан бастап Қаза­қстан­дағы тұңғыш тәу­ел­сіз «Мак­си­мум» радио­стан­ци­я­сы­ның бас редак­то­ры; 1992 жылы – «Тотем» ТРК-ның пре­зи­ден­ті және бас редак­то­ры; 1997 жыл­дан бастап «Кара­ван» радио­сы­ның дирек­то­ры; 1998–2000 жыл­да­ры – «Ассо­ши­эй­тед Пресс» АҚШ агент­ті­гінің мен­шік­ті тіл­шісі; 1999 жыл­дан бастап, Соғыс пен бей­біт­шілік инсти­ту­ты­ның Қаза­қстан­дық фили­а­лы­ның дирек­то­ры; 2001 жыл­дан бастап – «Репор­те­ры без гра­ниц» халы­қа­ра­лық ұйы­мы­ның мен­шік­ті тіл­шісі; 2004–2007 жыл­да­ры – «Жұма-таймс», «Айна-плюс» газет­терінің тіл­шісі; 2006 жыл­дан қазір­ге дей­ін жур­на­ли­стер­ге арналған «Қауыр­сын және сем­сер­мен» газетінің шеф-редак­то­ры; 2008-09 жыл­да­ры «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің бас редак­то­ры болған. Соңғы уақыт­та ол толы­қтай құқы­ққорға­у­шы­лық қыз­мет­пен шұғыл­данған еді.

Роз­ла­на­ның асыл ада­ми тұлға­сы біздің жүре­гі­міз­де мәң­гілік сақта­ла­ды. Қош бол, үлкен жүрек­ті адам, шын­шыл жур­на­лист, әділет­сүй­гіш әріп­тес!

«ДАТ» газет­тер жоба­сы­ның

редак­ци­я­лық ұжы­мы

Көңіл айту

«Ақиқат» Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның Сая­си кеңесі елі­міз­ге бел­гілі жур­на­лист, құқы­ққорға­у­шы және тама­ша адам, асыл жар, ардақты ана

РОЗЛАНА ТАУКИНАНЫҢ

мез­гілісіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на, құда-жек­жат­та­ры­на және бар­ша қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айта­ды. Арда қыздың ару­ақ рухы өзі жанын­дай сүй­ген қазақ елін желеп-жебеп жүр­сін!

***

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер, сая­сат­кер, жур­на­лист Әмір­жан Қоса­нов және оның сай­ла­у­ал­ды шта­бы Қаза­қстанға бел­гілі жур­на­лист

РОЗЛАНА ТАУКИНАНЫҢ

мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айта­ды.

Республиканский еженедельник онлайн