Пятница , 4 июля 2025

«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін ҚОРҒАУ ҚАЖЕТТІГІНЕН ТУДЫ

Бұл апта­да Пар­ла­мент Мәжілісі қоғам тара­пы­нан біраз дау туды­рған «Масс-медиа тура­лы» заң жоба­сын мақұл­дап, сенатқа жол­да­ды. Атап айтқан­да, заң жоба­сын талқы­лау жөнін­де­гі жұмыс тобы­на қаты­сқан бірқа­тар депу­тат­тар мен сарап­шы­лық қауым­да­сты­қтың тала­бы ескеріліп, бас­пасөз өкіл­дерін аккре­дит­теу мәсе­лесін­де Ақпа­рат мини­стр­лі­гі ұсы­нған медиа-кар­та жүй­есі заң жоба­сы­нан алы­нып тастал­ды. Осы заңға қаты­сты ілес­пе заң­дар аясын­да Қаза­қстан­ның Қыл­мыстық, Кәсіп­кер­лік кодек­с­теріне және 12 заңға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіл­ді. Осы және басқа да тақы­рып­тар төңіре­гін­де жұмыс тобы­ның жетек­шісі Жанар­бек Әшім­жан «Дат» газетіне бер­ген сұх­ба­тын­да айтып берді.

– Жанар­бек мыр­за, «Масс-медиа тура­лы» заң­ды қабыл­да­уға не түрт­кі бол­ды? Бұған дей­ін­гі «БАҚ тура­лы заң» бұл жоба­дан қан­ша­лы­қты олқы еді?

– «Масс-меди­аға» қаты­сты бұры­нғы қол­да­ны­стағы заң тәу­ел­сіздік алған жыл­да­ры қабыл­данға­ны мәлім. Одан бері қан­ша­ма уақыт өтті? 2000-жыл­дар­дан бері елі­міздің эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік жағ­дай­ы­нан бөлек, тәу­ел­сіз басы­лым­дар мен мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры­ның сая­си аху­а­лы да өзгер­ді. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік тіл жағы­нан бол­сын, ақпа­рат­тық сая­сат жағы­нан бол­сын, қол­да­ны­стағы заңға өзгерістер енгі­зу қажет­тілі­гі туды. Нәти­же­сін­де тіп­тен жаңа заң қабылданды.

Тәу­ел­сіздік дәуірін­де дәстүр­лі БАҚ-тан бөлек, түр­лі медиа-ресур­стар қол­да­ны­сқа еніп, халы­қа­ра­лық қоғам­да­сты­қтың ақпа­рат кеңісті­гінің алдын­да үлкен жау­ап­кер­шілік пай­да бол­ды. Бүгін­гі таң­да Мәжілісте­гі ең үлкен жұмыстың бірі осы заң­ды қабыл­дау бол­ды. Жал­пы жиы­ны 100-ден аса адам жұмыс тобы­ның мүше­сі ретін­де талқы­лау про­цесіне қаты­сты. Пар­ла­мент­тің қоғам­дық пала­та­сы­ның Алма­ты қала­сын­дағы көшпе­лі оты­ры­сын­да жаңа заң­ның жоба­сы бар­лық тарап­тар­дың қаты­суы­мен ашық талқыланды.

– Деген­мен, бұл заң­ның жоба­сын талқы­ла­у­ға елде­гі жур­на­ли­стер қауы­мы кеңі­нен тар­тыл­ды деген тұжы­ры­мға күді­гі­міз бар…

– Күдік кел­ті­ру – әркім­нің өз таң­да­уы. Ал мен нақты деректер кел­тірей­ін. Салы­стыр­ма­лы кесте негіз­гі заң жоба­сы бой­ын­ша – 200, іле­с­пе заң жоба­сы бой­ын­ша 43 қабыл­данған пози­ци­ядан тұра­ды. Заң жоба­ла­ры бой­ын­ша Коми­тет «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Масс-медиа тура­лы» заңы жоба­сы­ның приз­ма­сы арқы­лы медиа­сфе­ра­ның даму тен­ден­ци­я­ла­ры» тақы­ры­бын­да дөң­ге­лек үстел (2023 жылғы 19 мау­сым), «Мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­сат­ты жетіл­ді­ру және өңір­лік бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын, оның ішін­де бас­па басы­лым­да­рын мем­ле­кет­тік қол­дау» тақы­ры­бын­да кеңей­тіл­ген Тақы­рып­тық оты­рыс өткізді (2024 жылғы 28 наурыз), сон­дай-ақ жұмыс топ­та­ры­ның қызу пікір­та­ласқа толы 34 оты­ры­сы мен Коми­тет­тің 2 кеңей­тіл­ген оты­ры­сы ұйымдастырылды.

Бұның алдын­дағы заң­да олқы­лы­қтар бол­ды деп айта алмай­мын. Жал­пы заман ағы­мы­на қарай бей­ім­де­лу керекті­гі – уақыт тала­бы. Пар­ла­мент­те Коми­тет төраға­сы­ның және жұмыс тобы­ның мүше­лерінің қаты­суы­мен ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостан­ды­ғы жөнін­де­гі ресми өкілі Тере­за Рибе­ро ханым бастаған деле­га­ци­я­мен де заң жоба­ла­ры­на қаты­сты келелі талқы­лау бол­ды. Халы­қа­ра­лық қоғам­да­стық өкіл­дері аталған заң жоба­сы­на өздерінің қол­да­у­ла­ры­мен қоса, нақты ұсы­ны­ста­рын да айтты.

Бұдан бөлек, халы­қа­ра­лық ұйым­ның өкіл­дері­мен, елшілер­мен, жур­на­ли­стер­мен, депу­тат­тар­мен арнайы осы заң жоба­ла­рын талқы­ла­дық. Іле­с­пе заң жоба­сы аясын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық, Кәсіп­кер­лік кодек­с­теріне және 12 заңға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізілді.

– Жаңа заң қабыл­дау жөнін­де­гі уақыт тала­бы қоғам тара­пы­нан туды деп айта ала­мыз ба?

– Бірін­ші кезек­те бұл баста­ма елде­гі рефор­ма­лық талап­тар негізін­де туды. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2022 жылғы 16 науры­зда Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да «Мем­ле­кет ашық ақпа­рат­тық кеңістік­ті, сұра­ны­сқа ие және қуат­ты меди­а­ны құруға ерекше назар ауда­руы тиіс», – деп ерекше атап айтқан бола­тын. «Масс-медиа тура­лы» және «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне масс-медиа мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­ла­ры ел Пре­зи­ден­тінің сол тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет мүд­де­лерін, қоғам­ның сұра­ны­ста­рын және медиа-сала­ның даму үрдістерін еске­ре оты­рып, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры сала­сын­дағы заң­на­ма­ны жетіл­діру­ге бағытталған.

– Енде­ше жаңа заң­да не өзгер­ді? Әсіре­се жур­на­ли­стер қауы­мы­на бұл заң не жақ­сы­лық әкеледі?

– Негіз­гі заң жоба­сын­да жур­на­ли­стер­дің мәр­те­бесін арт­ты­ру, жур­на­ли­стер­дің құқы­қта­рын нығай­ту және мін­дет­терін қай­та қарау, жур­на­ли­стер­дің арты­қ­шы­лы­қта­рын кеңей­ту үшін нақты ұсы­ны­стар көзделген.

Заң жоба­сы бой­ын­ша депу­тат­тар енгіз­ген бірқа­тар түзе­ту­лер­ге тоқталсам:

– «Бас­пасөз кар­та­сы»; «Бұқа­ра­лық ақпа­рат»; «Діни теле­бағ­дар­ла­ма»; «Жур­на­ли­стер­дің құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­ның сақта­луы тура­лы Ұлт­тық баян­да­ма»; «Теле‑, радио арна­ны есеп­ке қою тура­лы куәлік» ұғым­да­рын алып тастау;

– «Жур­на­ли­стің ерекше мәр­те­бесі» және «Аккре­дит­те­удің оңай­ла­ты­лған тәр­тібі» ұғым­да­рын енгі­зу; «Жур­на­ли­стер­ді (бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның өкіл­дерін) аккре­дит­теу» және «Масс-медиа мони­то­рин­гі» ұғым­да­рын нақтылау;

– Желілік басы­лым­дар мен ақпа­рат­тық агент­тік­тер­ді БАҚ түр­лерінің бірі болып табы­ла­тын «интер­нет-басы­лым» біры­ңғай ұғы­мы­на бірік­ті­ру. Бұл рет­те интер­нет-басы­лым­дар бар­лық дәстүр­лі БАҚ сияқты мін­дет­ті түр­де есеп­ке қойылады;

– Масс-медиа қыз­метінің негіз­гі мін­дет­терін нақтылау;

– Үкі­мет­тің мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­рын әзір­леу және олар­ды іске асы­ру­ды ұйым­да­сты­ру жөнін­де­гі құзы­ретін толықтыру;

– Қосым­ша құзы­рет­тер беру:

Уәкілет­ті органға – масс-медиа мони­то­рин­гін жүзе­ге асы­ру жөніндегі;

­– облы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дың және аста­на­ның, аудан­ның (облы­стық маңы­зы бар қала­ның) жер­гілік­ті өкіл­ді органдарының;

– Үлгілік қағи­да­ларға сәй­кес тиісті әкім­шілік-аумақтық бір­лік­тің аумағын­да тұрғын үй кешен­дерін­де жеке спут­ник­тік және эфир­лік қабыл­дау құры­лғы­ла­рын, кабель­дік ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды орна­ла­сты­ру жөнін­де­гі талап­тар­ды бел­гілеу жөніндегі;

– облы­стар­дың (рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дың, аста­на­ның) жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­да­ры­ның қоғам­дық көлік­те мем­ле­кет­тік теле-радио өнім­дерінің транс­ля­ци­я­сын қам­та­ма­сыз етуі және бақы­ла­уы жөніндегі;

– Жур­на­ли­стің (бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры өкілінің) кәсі­би қыз­метіне құқы­қтық кепіл­дік­тер белгілеу;

– Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі теле-радио бағ­дар­ла­ма­лар­ды тара­ту және отан­дық кон­тент көле­мі бой­ын­ша талап­тар­ды 2025 жыл­дан бастап – 55 пай­ы­зға, 2027 жыл­дан бастап теле-радио бағ­дар­ла­ма­лар­дың жал­пы көле­мін 60 пай­ы­зға ұлғайту; 

– Құқы­қтар­дың бұзы­луы­на бай­ла­ны­сты БАҚ-қа қой­ы­ла­тын талап­тар бой­ын­ша ескі­ру мерзі­мін үш жыл­дан бір жылға дей­ін қысқарту;

БАҚ қыз­метін өзін-өзі рет­теу мәсе­ле­лері бой­ын­ша қоғам­дық-кәсі­би кеңе­стер­дің негіз­гі функ­ци­я­сы ретін­де жур­на­ли­стер­дің Әдеп кодексін әзір­ле­уді айқындау;

– Бала­лар басы­лым­да­ры мен өңір­лік газет-жур­нал­дар­ды қар­жы­лай қол­дау (грант тағай­ын­дау);

– Отан­дық теле-радио арна­лар­дың апта сай­ы­нғы хабар тара­ту көле­мін­де шетел­дік теле-радио арна­лар­дың теле-радио бағ­дар­ла­ма­ла­рын ретранс­ля­ци­я­ла­уды 20 пай­ы­здан 10 пай­ы­зға дей­ін қысқарту;

– «Онлайн плат­фор­ма­лар және онлайн жар­на­ма тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңы­мен рет­те­летін онлайн плат­фор­ма­лар­да ақпа­рат­ты орна­ла­сты­ру, тара­ту жөнін­де­гі қаты­на­стар­ды рет­теу ерекшелік­тері тура­лы нор­ма­ны енгі­зу қарастырылған.

Осы орай­да жұмыс тобы­ның бар­лық мүше­леріне, қоғам өкіл­деріне, жур­на­ли­стер қауы­мы­на заң жоба­ла­рын талқы­ла­у­ға және жетіл­діру­ге бел­сен­ді қаты­сқа­ны үшін шын жүрек­тен алғы­сым­ды біл­дір­гім келеді. Өйт­кені бұл заң жоба­сы бірін­ші кезек­те кәсі­би жур­на­ли­стер­дің кедер­гісіз жұмыс істе­уіне, ақпа­рат­тық кеңістік­тің ашы­қты­ғы мен ықпал­ды­ғын, тиім­ділі­гін арт­ты­руға, ақпа­рат тара­ту­да бәсе­ке­ле­стік­тің дұрыс бағыт­та дамуы­на, жал­пы қоғам­дық-сая­си өмірі­міздің тұрақты­лы­ғы мен мем­ле­кет­тік сая­сат­тың ілгері жыл­жуы­на әсер ететіні даусыз.

– Жаңа заң бой­ын­ша, дәстүр­лі БАҚ неме­се интер­нет-ресурс қан­дай жағ­дай­да жабы­луы мүмкін?

– Бұл жер­де нақты «мынан­дай жағ­дай­да жабыл­сын» деген нор­ма жоқ. Әрине, тиісті дең­гей­де мем­ле­кет­тің кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­мы мен елдің мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гіне тіке­лей әсер ететін неме­се шабуыл жасай­тын, Кон­сти­ту­ци­яға нұқ­сан кел­тіретін жағ­дай­да ақпа­рат құрал­да­ры­на құқы­қтық баға берілуі керек.Ал нақты осын­дай жағ­дай­лар­да жабы­ла­ды деген сөз жоқ. Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі мен кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­мы­на қауіп төн­діретін ақпа­рат құрал­да­ры­на қаты­сты нор­ма да қоғам­да резо­нанс тудырды.

Бұл «Азаттық» радио­сы­на қаты­сты жасақталған нор­ма емес. «Азаттық» радио­сы – қоғам­дағы түйт­кіл­дер­ді жет­кізіп, елде өзінің бір­кел­кі жұмысын жасап жүр­ген ақпа­рат құрал­да­ры­ның бірі. Қоғам­дағы келеңсіздік­тер­ді асы­ра сіл­теп, жалған ақпа­рат тара­тып, Қаза­қстан­ның жер тұта­сты­ғы мен ел тұта­сты­ғы­на кесірін тигізіп жатқан жағ­дай­лар­ды айта­мын. Оларға қазір­гі таң­да ешқан­дай шек­теу жоқ. Өзіңіз­ге мәлім, ақпа­рат кеңісті­гі­міз­ге әртүр­лі дең­гей­де ықпал етіп оты­рған түр­лі бөтен ниет­ті дүни­е­лер аз емес. Бұл соларға бағытталған.

– Заң жоба­сын талқы­лау бары­сын­да қоғам­дық ұйым­дар тара­пы­нан жиі айты­лған қар­сы­лы­қтың негіз­гі тақы­ры­бы қан­дай болды?

– Жұмыс қоғам­дық ұйым­дар­дың қаты­суы­мен және олар­дың пікірін тың­дап, жан-жақты ашық талқы­ла­у­лар жасау түрін­де жүзе­ге асты. Бір­не­ше пысы­қта­удан кей­ін басым дауы­спен мақұл­дан­ды. Заң жоба­сын­да жеке­ле­ген жур­на­ли­стер­ге оңай­ла­ты­лған аккре­дит­теу құқы­ғын беретін бас­пасөз кар­та­сын енгі­зу жөнін­де­гі нор­ма ұсынылды.

Ашы­ғын айту керек, бұл нор­ма жұмыс тобын­да, жал­пы қоғам­да үлкен пікір­та­лас тудыр­ды. Жұмыс тобы мүше­лерінің басым көп­шілі­гі бұл нор­ма­ны – демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­ге қай­шы, жур­на­ли­стер­ді ала­лау, жан-жақты ақпа­рат тара­туға кедер­гі кел­тіретін нор­ма деп баға­ла­ды. Сон­ды­қтан бұл нор­ма бой­ын­ша нақты шешім қабыл­дан­ды, бас­пасөз кар­та­сы тура­лы нор­ма жойылды.

Одан бөлек, үлкен резо­нанс туды­рған мем­ле­кет­тік тіл­ге бай­ла­ны­сты бөлі­мі. 2003-жыл­дар­да біз­де жал­пы ақпа­рат кеңісті­гін­де ақпа­рат тара­ту­да мем­ле­кет­тік тіл 50/50 деген нор­ма енгізіл­ген. Осы­ған бай­ла­ны­сты 6040 деген ұсы­ныс бер­дік. Бірақ бұл ұсы­ныс та біздің депу­тат­тар­дың көңілі­нен шыққан жоқ. 7030 болу керек деген оған қара­ма-қар­сы нор­ма ұсы­ныл­ды. Бұл нор­ма 100 пай­ыз дауы­спен қабыл­данған бола­тын. Бірақ Үкі­мет қоры­тындысы бой­ын­ша, 2025 жыл­дан бастап теле-радио­бағ­дар­ла­ма­лар­дың жал­пы көле­мінің 55%-ы, 2027 жыл­дан бастап 60%-ы мем­ле­кет­тік тіл­де және отан­дық өндірі­сте болуы қажет деп бекітіл­ді. Сон­дай-ақ Асхат Аймағам­бе­тов еке­уі­міз әзір­ле­ген «ЛГБТ-ны наси­хат­тау» тура­лы түзе­ту де алы­нып тастады. 

– Бюд­жет­тен қара­жат алуы үшін БАҚ-тарға қой­ы­ла­тын талап­тар қан­дай? Ақша жел­ге ұшып, жемқор­лық болған жағ­дай­да кім жау­ап береді?

– Оны қадаға­лап, әрбір тиын-тебеніне дей­ін бақы­лай­тын тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар бар. Бұл басқа заң­дар аясын­да шешілетін мәсе­ле. Жемқор­лы­қтың бол­мауы­на, бөлін­ген қара­жат өз орны­мен жұм­са­луы­на және сапа­лы кон­тент үшін мен де жур­на­лист ретін­де мүд­делі­мін. Бұл алаң­да­у­шы­лы­ғы­ңыз орынды.

– Cұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

Дина ӘДІЛ,

«DАТ»-тың пар­ла­мент­тік тілшісі

Республиканский еженедельник онлайн