Среда , 2 июля 2025

Мерейтой мезеті

Көрнек­ті ақын, жазу­шы, кино­дра­ма­тург, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Бақыт­жан Қана­пи­я­нов биыл жет­пістің қырқа­сы­на көтеріліп отыр. Оның шығар­ма­шы­лы­ғы өз елі­міз­бен қатар шетел­дер­де де кеңі­нен таны­мал. Поэ­ти­ка­лық туын­ды­ла­ры әлем­нің көп­те­ген тіл­деріне ауда­ры­лған. Бақыт­жан – Ресей, Укра­и­на, АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Фран­ция, Поль­ша, Арме­ния, Моңғо­лия, Малай­зия, т.б. елдер­де жарық көр­ген оты­здан аса поэ­зия және про­за кітап­та­ры­ның авто­ры. Жеке­ле­ген туын­ды­ла­ры алыс және жақын шетел­дер­дің әде­би анто­ло­ги­я­ла­ры­на енгізілген.

Оның ана тіліне арналған «Қостіл­ділік» атты өлеңі 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де кеңі­нен таны­лып, бұл үшін автор бел­гілі дәре­же­де қуда­ла­у­ға ұшырады.

Жал­пы, сая­си қуғын-сүр­гін нәу­бетінің зардабы Бақыт­жан­ның отба­сын да айна­лып өткен жоқ. Солақай сая­сат сал­да­ры­нан тұтқы­нға түс­кен ата­сы, өз зама­ны­ның көзі ашық, көкіре­гі ояу озық ойлы аза­ма­ты Қана­пия қажы Мұха­мед-Шыңғы­сов совет түр­месін­де опат бол­са, наға­шы­сы – ағар­ту­шы-педа­гог әрi дәрi­гер Жұмаға­ли Тіле­улин де репрес­сия құр­ба­ны­на айнал­ды. Жұмаға­ли Тіле­улин – Мір­жақып Дула­то­втың үзең­гілес, мұрат­тас досы, Ала­шор­да­ның бел­сен­ді мүше­сі болған қай­рат­кер. Мерей­той­ға орай газет оқыр­ман­да­ры наза­ры­на ұсы­ны­лып оты­рған халқы­мы­здың әйгілі ұлы Мір­жақып Дула­то­втың қызы Гүл­нәр апай­дың естелі­гін­де жазы­қ­сыз жалаға ұшы­раған аяу­лы аза­мат­тар мен олар­дың ұрпақта­ры жай­ын­да сыр шертіледі.

Бей­біт Қойшыбаев,

16.09.2021

Гүл­нәр Мiр­жақы­пқы­зы Дула­то­ва, еңбек арда­гері, дәрігер

Қазақ әде­би­етiнiң кере­гесiн қала­сып, шаңы­рағын көтерiс­кен­дер­дiң көген түбiн­де­гi көне көзi Ғале­кең­мен – кәдiм­гi қарт қалам­гер Ғалым Ахме­дов­пен бiз көп­тен берi дәм­дес-тұз­дас­пыз. Ол тiл өнерi­мiз­ге төл туын­ды­ла­ры­мен ғана емес, әлем әде­би­етiнiң озық үлгiлерiн ауда­руы арқы­лы да үлкен үлес қосты. Негiзi­нен аудар­ма­мен айна­лы­сып, бұл кәсiп­тi ғылы­ми дең­гей­ге көтер­ген жар-жол­да­сым, жазу­шы Әбен Саты­бал­ди­ев ол кiсiнi ұстаз тұтып, қат­ты қадiр­лей­тiн едi. Оның үстiне Ғале­кеңнiң әкем­дi көзi­мен көрiп, кезiн­де сыр­лас, сый­лас болға­ны және бар.

1952 жылы көк­тем­нiң бiр мизам шуақ күнi Әбен еке­умiз сол Ғале­кеңнiң үйiн­де­гi бiр қуа­ны­шқа бар­дық. Әлi есiм­де, төр­де құр­мет­тi қонақ болып Мұх­тар аға Әуе­зов отыр екен. Дастарқан үй иесiнiң алға­шқы неме­ресi, яғни Сей­iл­бек пен Кла­ра­ның тұңғы­шы дүни­е­ге келуiне орай жай­ы­лып­ты. Жаңа туған жас нәре­стенiң бауы берiк болып, өмiр нұры, көңiл гүлi боп өсуiне тiлек­тер айты­лған соң, кезек ат қоюға кел­дi. Ғале­кең қай­те­мiз деген­дей, Мұхаңа қарап едi, ол:

– Пәлi, сол да сөз болып па?! Тегi десең – тек­тi, көр­кi десең – көрiк­тi, күнi бүгiн­ге дей­iн құлын мүше­сi қаз-қал­пын­да мына Гүл­нәр оты­рған жоқ па?! Неме­реңiз осы Гүл­нәр­дай бол­сын, есi­мiн Гүл­нәр қоя­лық, – дедi.

Дуа­лы ауы­здан шыққан уәлi сөз бiр­ден қабыл­да­нып, дос-жаран­дар қол­дап, қол­паштай жөнелдi.

Содан берi жыл­дар зыр­лап, күн­дер жүйт­кiп, қан­ша­ма уақыт өттi десей­шi. Жауқа­зын­дай жел­кiл­деп, көздiң жауын алар­дай болып бала­ла­ры­мыз өсiп, ержет­тi. Менiң атта­сым, Ғале­кеңнiң көз ашып көр­ген алға­шқы неме­ресi Гүл­нәр да тал шыбы­қтай бұра­лып бойжеттi.

Күн­дер­дiң күнiн­де, шама­сы, жет­пiсiн­шi жыл­дар­дың орта шенi болуы керек, Ғале­кеңнiң өзi теле­фон шалып, той­ға шақыр­ма­сы бар ма! Гүл­нә­ры­мыз Бақыт­жан Қана­пи­я­нов деген бiр жас ақы­нға тұр­мысқа шыққа­лы жатыр дей­дi. Сәл кiдiрiп барып: «Күй­еу бала­ның әкесi Кере­ку төре­лерi­нен екен, ал шеше­сi Жұмаға­ли Тiле­улин­нiң iнiсiнiң қызы көрi­недi», – деп бiр сыр­дың ұшын алға тартты.

Тiле­улин­нiң аты аталған сәт­те елең ете қал­дым. Себебi Жұмаға­ли Тiле­улин – менiң әкем Мiр­жақып­тың айны­мас досы, өзiм де бiлетiн кiсiм. Ал туы­сқан­да­ры­мен кез­де­сем-ау деген ойы­ма келiп пе? Мұн­дай қат­ты қуан­бас­пын. Мiр­жақып пен Жұмаға­лидiң берiк досты­ғы жай­ын­да айту­дан бұрын, соған бай­ла­ны­сты есiм­нен шық­пай­тын жайт­тарға тоқталғым келедi.

Дула­то­втар­дың отба­сын­да шешем Қай­ни­жа­мал­дың өз үйi­нен кел­ген бiр қалың көлем­дi аль­бом бол­ды. Аль­бом өте әше­кей­лi, оның қиы­сқан бет­терiнiң шетi алтын жалатқан, күмiс топ­са­мен қысып бекiтiлетiн. Бұл аль­бом­да өңкей атақты ел бас­шы­ла­ры: Ата Түрiк­тiң, татар­дың асқан ақы­ны Тоқай­дың, өзбек жазу­шы­ла­ры­ның, өзi­мiздiң Ахмет Бiрiм­жа­но­втың Ресей Мем­ле­кет­тiк дума­сы­на мүшелiк­те түс­кен суретi, бел­гiлi ағар­ту­шы-мұғалiм Әбi­кей Сәт­ба­ев­тың, әкем­нiң сүй­iк­тi досы Жұмаға­ли Тiле­улин­нiң, оның үй-iштерiнiң сурет­терi болатын.

Тағы екi сурет­тiң хика­я­сын кел­тiр­гiм келедi. Ахмет атам «Қазақ» газетiн шыға­рып тұрған­да, жаз айла­рын­да жұмыстан шар­шап-шал­ды­ққан кез­дерiн­де, Орын­бор­дан күна­ра қалаға тиiп тұрған Бөр­те ауы­лын­да киiз үй тiк­кiзiп оты­ра­тын серiк­тес және туған iнiсiн­дей Мiр­жақы­бы­ның үйiне жеңiл авто­мо­биль­мен жететiн. Әкем еке­уiн Орын­бор­мен екi орта­да алып жүретiн австри­я­лық тұтқын шофер­лерi екен. Бірін­ші сурет­ке осы тұр­мыс түсiрiл­ген. Жұмыр­тқа­дай аппақ киiз үйдiң оң жағын­да жер­ге төсел­ген кiлем­нiң үстiне жай­ы­лған ақ дастарқан басын­да самау­рын­нан шай құй­ып оты­рған Қай­ни­жа­мал Дула­то­ва, қар­сы алдын­да Ахмет аға­сы тоғыз айлық менi шоқи­тып оты­рғы­зып қой­ып­ты. Ал үйдiң сол бетiн­де маши­на рулiн­де шофер, берi таман жер­де, Мiр­жақып аға­ла­ры­ның екi жағын­да Әли­хан атам­ның он үште­гi Лиза­сы мен Сер­гейi (Үгi­дей, кей­де Үкiтай дей­тiн. – Г.Д.) тұр.

Екiн­шi, бiз үшiн баға­лы сурет­те менiң әкем Мiр­жақып Дула­тов­пен крес­ло­да қатар оты­рған – жазу­шы-пуб­ли­цист, ағар­ту­шы-мұғалiм әрi дәрi­гер, әкем­нiң жанын­дай көретiн досы Жұмаға­ли Тiле­улин, екi аға­сы­ның орта­сын­да екi қолын кеудесiне қусы­рып түре­геп тұрған – ұлы ақын Мағ­жан Жұма­ба­ев. 1940 жылы Шым­кент­те тұрға­ны­мы­зда үйi­мiз­ге ұры түсiп, бiр­та­лай затта­ры­мы­з­бен қоса айты­лған аль­бом да қол­ды бол­ды. Соны ойла­сам, iшiм удай ашиды.

Осы сурет­тер тура­лы ойла­нып оты­рға­ным­да, есi­ме неме­ре апам Бота­гөз Асқарқы­зы қаси­ет­тi дұға­дай сақтап кел­ген әкем­нiң бiр хаты түстi. Онда мына­дай жол­дар бар едi: «Қызы­л­жарға кел­гелi бiр­та­лай кiсiлер­мен таны­стым, олар­дың iшiн­де тез тiл табысып кет­кенiм – Жұмаға­ли Тiле­улин деген дәрi­гер. Ол әрi қала­мы төсел­ген жазу­шы екен. Өнер­ден де құр еме­стi­гi ара­мы­зды жақын­да­та түстi. Оның үйiне барып тұра­мын. Осы қалаға кел­гелi орыс­ша оқы­тып жүр­ген Мағ­жан Жұма­ба­ев сын­ды ақы­ным бар. Оның менен жасы кiшi, жазған өлең­дерi тама­ша, ақын­ды­ғы күштi, өте дарын­ды жiгiт. Еке­умiздiң өмiр­ге деген көзқа­ра­сы­мы­зда айыр­ма­шы­лық жоқ десе де бола­ды, сыр­ла­сып, доста­сып кеттiк».

Жұмаға­ли – әкем­нiң сол екi досы­ның бiрi. Құдай­ға шүкiр, елi­мiз еге­мен­дiк алға­ны­ның арқа­сын­да әкем мен ақын досы Мағ­жан­ның қаси­ет­тi есiм­дерi халқы­на қай­тып ора­лып, еңбек­терi қай­та жари­я­ла­нып жатыр. Ал Жұмаға­ли Тiле­улин жай­ын­да жұрт әлi аз бiледi. Сон­ды­қтан әкем­дей болған осы­нау абзал аза­мат жай­ын­да азды-көп­тi бiлетiнiм­дi ортаға салу­ды парыз санап отырмын.

Жұмаға­ли да, әкем мен Мағ­жан сияқты, Ала­шор­да­ның бел­сен­дi мүше­сi болған қай­рат­кер. Ол – Омбы­да әске­ри-меди­ци­на учи­ли­ще­сiн бiтiр­ген дәрi­гер. Меди­ци­на жай­ын­да көп жазған кiсi. Қыр халқы­ның әдет-ғұр­пы, тұр­мыс-сал­ты, ден­са­улы­ғы жөнiн­де жазған көкей­кестi мақа­ла­ла­ры «Қазақ», «Алаш» газет­терi мен «Айқап» жур­на­лын­да жиi жари­я­ла­нып тұрған. Жиыр­ма­сын­шы жыл­да­ры Қызы­л­жар­да педа­го­ги­ка­лық һәм фельд­шер­лiк тех­ни­кум ашып, өзi оның тұңғыш дирек­то­ры болған. Ахмет Бай­тұр­сы­нов­пен, Әбi­кей Сәт­ба­ев­пен жақын қарым-қаты­на­ста болып, ара­ла­сып тұрған. Оның сол кiсiлер­мен және әкем­мен бiр­ге түс­кен суретi де бола­тын. Рево­лю­ци­яға дей­iн қуғы­нға ұшы­рап, тәр­кi­ле­нуi тиiс болған әкем­нiң «Оян, қазақ» кiта­бы­ның 1000 дана­сын жасы­рып аман сақтап қалған да сол. Қызы­л­жар­дағы үйiн­де бала күнiм­де әкем­мен менiң де болға­ным бар. Зай­ы­бы Рай­хан апа бет бiт­кен­нiң бәден­дiсi, асқан сұлу әйел болатын.

Ала­шор­да мүше­лерiн, олар­дың iшiн­де Мұх­тар Әуе­зов те бар, алғаш сот­таған тұста Жұмаға­ли Тiле­улин­ге бес жыл берiлiп, ол жаза­сын Орта­лық қара топы­рақты аймақтағы Пав­лов қала­сын­да өтеп қайт­ты. Кел­ген соң да қуда­лап, қыр соңы­нан қал­май­тын болған соң, Әбi­кей Сәт­ба­ев сияқты Қырғыз­станға кетiп қалып, Бiш­кек­те мұғалiм бол­ды. Ақы­ры отыз жетiнiң ала­па­ты қой­май, асыл ер аты­лып кеттi.

Оның ұлы Серiк қазiр меди­ци­на ғылы­мы­ның док­то­ры. Менен жасы әжепте­уiр кiшi. Сонау қырқын­шы жыл­да­ры, аты­лып кет­кен халық жауы­ның бала­ла­ры деп бiраз жұрт бiз­бен ара­ла­суға бат­пай, сырғақтап жүр­ген­де де, мен жас әрiп­тесiм­дi, әкесiн бiлетiнiм­дi есiне сап, «Серiк Жұмаға­лиұ­лы» деп атайтынмын.

Бақыт­жан мен Гулям­ның үйле­ну той­ы­нан кей­iн, Жұмаға­ли­дың қарын­да­сы Күлә­шпен жақын таны­сып, бiр­ге туған апа­лы-сiңлiлi­дей болып кет­тiк. Мен оны ұдайы құдағи демей, сiңлiм деушi едiм. Бәрi­мiз қадiр тұта­тын қадiр­мен­дi Ғале­кеңнiң 90 жасқа толған сал­та­на­тын­да еке­умiз қатар оты­рып, өткен-кет­кен­дi қозғап, Көк­ше­тау мен Қызы­л­жар­дың сонау бiр тарихқа сiңiп бара жатқан кез­дерiн еске түсiрiп, қыру­ар сыр шер­тiп, шер тарқатқан едiк. Ал өзiнiң 75 жасқа толған той­ы­на ауы­рып қалып қаты­са алмаға­ны­ма әлi өкiнемiн.

Әкем мен оның жақын досы Жұмаға­ли тура­лы, өзiм­нiң қызы­ғы мен қай­ғы­сы қат-қабат өмiр жолым жай­ын­дағы осы­нау ойлар Гуля жаным­ның жол­да­сы Бақыт­жан­ның «Жiбек жолы» атты мен­шiк­тi бас­па­сын­да басып шығарған «Ұстаз» кiта­бын оқы­ған­да қай­та жаңғы­рап, көз алдым­нан тiзi­ле тiз­бек­телiп өткен­дей бол­ды. Күле­кеңдi соңғы сапарға шыға­рып салуға сырқат­та­нып жүр­генi­ме қара­ма­стан қал­май барып, ақыл­ды да аяу­лы ана жай­ын­да қара­лы жиын­да сөз сөй­леп, өз пiкiрiм­дi бiлдiрдiм.

Ал оның қырқын­да берiл­ген асқа әке­лерi 30-жыл­да­ры жазы­қ­сыз жаза­ға ұшы­рап, опат болған Алаш арда­гер­лерiнiң тасқай­рат, тәкап­пар қызда­ры­ның бiра­зы жинал­ды. Олар­дың ара­сын­да Ала­шор­да­ның мүше­сi, заң­гер Садық Аман­жо­ло­втың қызы про­фес­сор Раи­са Сады­ққы­зы, оның сiңлiсi Балқия, Күләш марқұм­ның сiңлiсi Ләй­ла Тiле­ули­на, Қызы­л­жар­да Жұмаға­ли­лар­мен көр­шi тұрған, кей­iн ста­лин­дiк зұл­мат­тың құр­ба­ны болған Сей­iт­бат­тал Мұста­фин­нiң қызы Нұр­тай, Мiр­жақып Дула­то­втың қызы – мына мен бар­мын. Бiре­умiз Күләш марқұ­мға – апа, бiрi­мiз – сiңлi, бiрi­мiз – құдағи бол­сақ, бiрi­мiз көңiл жетер құр­бы, дос едiк. Ас ағай­ын-туған, жақын-жұрат­тың естелiк­терi­мен астасқан естен кет­пес ғиб­рат­ты кеш­ке айналды.

Оған менiң ұлым, жазу­шы әрi аудар­ма­шы Ерлан да кел­дi. Ерлан мен Бақыт­жан­ның ширек ғасыр­дай жан аяс­пас дос болып, отба­сы­лар­мен мидай ара­ла­сып жүретiнiне тәубә етiп, тағ­ды­ры­ма мың да бiр алғыс айта­мын. Ол еке­уi де қазақ ауыз әде­би­етiнiң асыл қазы­на­сын орыс тiлiне ауда­ру­да өнiк­тi еңбек етiп жүр. Ерлан аударған «Ер Тарғын» мен Бақыт­жан аударған «Қыз Жiбек» жыр­ла­ры оқыр­ман­дар мен сын­шы ғалым­дар­дан жоға­ры баға алды.

Билiк басы­на М.С. Гор­ба­чев келiп, өзгерiс лебi ескен­де, Шәкәрім­нiң абзал есi­мi мен асыл поэ­зи­я­сы жары­ққа шыққан кез­де мен, бәл­кiм, соңғы рет болар деп, Орта­лық пар­тия коми­тетiне әкем­нiң есi­мi мен еңбе­гiн ақта­уын өтiнiп хат жазуға бел будым. Алай­да осы ақтық үмiтiм­дi пошта­мен жөнел­ту­ге бат­пай, екi ойлы болып жүр­генiм­де, Бақыт­жан Ерланға:

– Iсса­пар­мен Мәс­ке­у­ге бара жатыр­мын. Менiң қолым жеңiл бола­тын, хат­та­ры­ң­ды өзiм апа­рып тап­сы­рай­ын, – дептi.

Әрине, мәсе­ле Бақыт­жан­ның қолы­ның жеңiл­дi­гiн­де де емес шығар. Қай­та­лан­бас бiр кезең келiп, төбенi тор­лаған бұлт ыды­рап, көк­жи­ек­тен жаңа бiр жарқын күн көрiн­ген болар. Тәу­ел­сiз Қаза­қстан­ның өзi соның шара­па­ты­мен өмiр­ге кел­дi емес пе. Алай­да әлгi хатым­ды Орта­лық Коми­тет­тiң арна­у­лы бөлi­мiне өз қолы­мен апа­рып тап­сы­рған Бақыт­жан екенi анық. Сол хат­тың арқа­сын­да әкем Мiр­жақып Дула­то­втың жарқын есi­мi халқы­мен қай­та қауы­шты. Жаратқан иенiң игенi деген осы да!

Сон­ды­қтан әкем жай­ын­да жазы­лған «Шын­дық шырағы» атты кiта­бым жары­ққа шыққан­да, оны Бақыт­жан мен Гүл­нәрға сый­лай оты­рып, былай жазып берiп едiм:

«Доро­гой Бахытжан!

С любо­вью и вос­хи­ще­ни­ем при­ни­маю твои сти­хи, желаю твор­че­ских успе­хов, сча­стья, здо­ро­вья, дол­гих лет жиз­ни с моей люби­мой Гулечкой!

Ваша Гуль­нар-апа».

Ата-баба­ла­ры­ң­ның, апа-ана­ла­ры­ң­ның игi iстерi мәң­гiлiк мирас болсын!

 Гүл­нәр Мір­жақы­пқы­зы Дула­то­ва­мен. 2010 ж.

Бақыт­жан ұлы Абай­дың неме­ресі Мәкен апа­мен және өз ана­сы Күлә­шпен. 1997 ж.

Бақыт­жан аға­сы Шота­мен Төретұмсықта

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн