Среда , 2 июля 2025

Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ: ПРИКАЗ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК!

Бүкіл сыр­тқы күш­тер­дің арма­ны – айбын мен тәр­тіп­тің сим­во­лы болған поли­ция мен әйел­дер­ді пло­щад­та кездестіру. 

Арма­ны сол – мына жер­де поли­ция щит ұстап, бетіне кас­ка киіп алған неме­се бір ақсақал­ды көтеріп әкетіп бара жатыр: «Ойбай, мына поли­ция оңбаған, шеше сый­ла­маған, әке сый­ла­маған, қария сый­ла­маған» деп айтқы­сы келіп, біре­улер­ге заказ беріп жатыр. Бұл аран­да­туға өмірі сен­беу керек, қаза­қтың қари­я­сы мен ана­сы, егер оның бала­сы жана­шыр бол­са, шығар­ма шешеңді алаңға! 

Қаза­қстан­да ешкім аштан өлмей­ді, Қаза­қстан­да аузы қимыл­даған­ның – қолы, қолы қимыл­даған­ның – аузы қимыл­дай­ды. Пло­ща­дқа кел­ді ме – елу пай­ыз адам­ды жерт­ва ғып, шыға­рып отыр біреулер. 

Ал сіз при­каз­бен кел­діңіз бе – мем­ле­кет үшін шару­аңы­зды жасаңыз! Мен сіз­ге айтай­ын: алаңға шыққан қари­я­ны көтеріп кет­пек түгілі, алаңға шыққан апа­ны алдап-сулап шыға­рып сал­мақ түгілі, қаси­ет­ті Мек­ке­де, Қағ­ба­тол­ла­ның қасын­да (мен он бес рет қажы­ға барған адам ретін­де айтай­ын), Қағ­ба­ның қасын­да кори­дор­ла­рын жасап қой­ған, адам­дар жүруі үшін, мил­ли­он адам бір мешіт­тің ішін­де жүр. Сол Қағ­баға бара­тын жол­да сіз намаз оқып тұруы­ңыз мүм­кін, бірін­ші айта­ды: «Тұр былай, жол­ды босат» дей­ді. Сіз өзіңіз­ше ойлай­сыз: мен Қағ­ба­ның қасын­да тұр­мын, Зәм-зәм­нің қасын­да намаз оқып тұр­мын деп. Екін­ші рет келіп, сені ите­реді, үшін­ші рет келіп, жам­ба­сы­ң­нан теп­кен­де, құй­ым­шағы­ң­ды сын­ды­рып жібе­ре жаздайды. 

Бүкіл әлем­нің ғұла­ма­ла­ры пәтуа бер­ген – қоғам­ның тыны­шты­ғы сақта­луы керек! Намаз оқы­саң, құл­шы­лық жаса­саң – өзің үшін, бірақ мына жақтағы мил­ли­он адам­ның жолын жап­па­уың керек. Бір адам­ның про­бле­ма­сы үшін, жүз адам мына жақта шығы­нын шек­пеу керек.

Мен сол кез­де ойлан­дым: он адам­ды көше­ге шыға­рып, «ойбай, аһ-уһ» деп жыла­та­ды, сен жаның ашып, «ойбай-ай, мынау өзім­нің шешем сияқты – шеше, өзім­нің атам сияқты – атам екен» десең, онда сен, шынын­да да, мына жақтағы мың­даған ата­лар мен шеше­лер­дің тыны­шты­ғын бұза­тын жағ­дай­ға есік ашып жатыр­сың. Жаны аши­тын жер бола­ды: пожа­лы­ста, үйіңе барып, шешеңнің аяғын жу, бар да әкеңнің сақа­лын сипап отыр; ал көше­де қоғам­ның тыны­шты­ғы үшін, мем­ле­кет­тің тұрақты­лы­ғы үшін, ел мен елдің қаны шық­па­уы үшін, ана жер­де /алаңда/ при­каз орын­да­уың керек. 

Республиканский еженедельник онлайн