Назарбаевтың «Самкасы» ТОҚАЕВ ҚОЛЫНА ӨТЕ МЕ?

Қазақстан президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлады сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі.

Ал сейсенбі күні ресми тараған ақпаратқа қарағанда, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бұл ұлттық компанияның директорлар кеңесінің төрағалығынан кеткен. Агенттік тілшісінің сұхбаттасы Бозымбаевтың алдағы уақытта қорды басқаруы да мүмкін екендігін жоққа шығармады.

Сарапшылардың пікіріне қарағанда, «Бас кітпаханашы» Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін, Мамин қордың жетекшілік қызметін президент Тоқаевтың адамына өткізіп беретін сияқты. Расында, ҚазТАГ-тың басқа дерек көзінің ақпарына сілтеме жасаған хабарында, премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған көрінеді.

Егер Назарбаевтың «Самкасы» аталған ұлттық қордың басшылығында дәл осындай схемадағы өзгерістер болған жағдайда, «Самұрық-Қазынаның» тұтқасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына өтуі тиіс. Ал бұл қор қазақстандық өндірістегі негізгі және ауқымды активтерге иелік ететінін ескерсек, ел экономикасының жетекші тетіктері Назарбаевтың уысынан шығады деген сөз.

Бірақ тағы бір қарсы тараптағы сарапшылардың пікіріне қарағанда, «кітапханашы» Назарбаев «алтын жұмыртқа» туатын «Самкасын» бөтен біреуге өз еркімен беруі мүмкін емес. «Шамасы, бұл арада да Назарбаевтың президенттік постты «тапсырып кеткені» сияқты, тағы бір құйтырқылық болуы мүмкін. Бұл ауыс-түйістің мән-мазмұныны ресми ақпарат тараған соң нақытлануы мүмкін.

Еске салсақ, Бозымбаев президент көмекшісі қызметін 2019 жылдың желтоқсанынан бастап атқарып келеді. Оған дейін ол энергетика министрі, оның алдында Павлодар облысын басқарған. Ал премьер Мамин «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып, 2019 жылдың наурызынан бастап қызмет атқарған.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн