«Нұр Отанның» ОЗБЫРЛЫҒЫН ауыздықтау керек!

22 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен оның айналасындағылардың билікті басып алу мақсатында ғана құрылған «Нұр Отан» партиясы Қазақстанды үзбей басқарады.

Көптеген жылдар бойы партия, оның мүшелері мен шенеуніктері сайлау процестерін бұрмалаумен айналысып, халыққа қарсы заңдар әзірледі және олардың өздері толығымен бақылап отыратын парламентте қабылдануына белсенді ықпал етті, Конституцияны Н.Назарбаевтың жеке билігін және оның туыстары ресми лауазымдардан кеткен кезде де қауіпсіздіктеріне кепіл болу мақсатында іс жүзінде заңдастыру үшін өзгертті. 

«Нұр Отанның» билігі кезінде елдің, мемлекеттіліктің жойылу қаупі туды, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарын басудың мүлдем жемқор және жазалау жүйесінің құрылуы, сондай-ақ ұлттық мүліктің тоналуы орын алды.
Бұл партия азаматтардың мүлкі мен бизнесін тартып алу, оппозициялық саясаткерлерді, азаматтық белсенділер мен журналистерді өлтіру фактілеріне толық жауапты. Партия мен оның мүшелері барлық негізгі халықаралық азаматтық құқықтар мен халықаралық міндеттемелерге қол қойғанын айтып өту керек.
Қазақстандағы жалғыз жалпыұлттық «Dongelek Ystel» азаматтық қоғамы «Нұр Отанды» антидемократиялық, клептократиялық және Н.Назарбаевтың отбасы мен оның айналасындағылардың мүдделеріне қызмет етуші ретінде тек Қазақстан халқы ғана емес, сонымен қатар демократиялық халықаралық қоғамдастық та мойындауы керек деп есептейміз.
Халықаралық қоғамдастық және оның институционалдық органдары Қазақстандағы Назарбаев кланы мен оның қолшоқпары – «Нұр Отанның» мүшелері елді басқару бағытында адами құқықтар ахуалының нашарлауы, бостандық құқықтарына қатаң шектеулер енгізілгені, азаматтық қоғамға қарсы репрессиялар қолданғаны, бейбіт жиындар мен қоғамдық бірлестіктерге тыйым салынғаны, бұқаралық ақпарат құралдарына цензура енгізілгені, журналистерге қарсы қудалау фактілерінің бірнеше рет болғаны және айыпталғаны аян.
«Нұр Отанның» жеңісімен өткен барлық сайлаулар антидемократиялық сипатта өткеніне ерекше назар аударып, ЕО пен АҚШ еркін және әділ емес деген орынды баға берген. Алайда ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесі Қазақстандағы сайлауға қатысты осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық сайлаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіндігін нақты шегелеп айтса да, ұзақ уақыттан бері ұсынылған шешімдер шығарса да, биліктегі «Нұр Отан» партиясының теріс іс-әрекеті, өкінішке орай, ескерусіз қалдырылды.

Бұрынғы президент Назарбаевқа және оның «Нұр Отан» партиясына ондаған жылдар бойы берілген кез келген сайлаудағы көпшілік дауыстар – саяси қарсыластар мен сайлаушыларға қатысты өрескел зорлық-зомбылықтың нәтижесі болып табылады.
Қазақстанда «Нұр Отанның» және оның заң шығарушы, атқарушы және сот монополиясының бақылауы арқылы билік арасында кеңінен таралған сыбайлас жемқорлық басым, адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік және біздің экономикамыздың оң дамуына кедергі болып табылады. «Нұр Отан» өзін жиырма жылдан астам уақыт либералды және байсалды партия ретінде көрсетуге тырысады, ол тек билікті ғана емес, сонымен бірге өз халқының меншігін, Қазақстанның табиғи байлығын билікті пайдаланып тартып алған кландар мен отбасыларының, шетел мемлекеттерінің мүдделеріне қызмет атқарады. 
Сондықтан халықаралық стандарттарға қарсы тұрақты заң бұзушылықтарға қатысты «Dongelek Ystel» ЕО және АҚШ мекемелеріндегі жауапты органдарды өздерінің жақында мақұлданған жаһандық санкциялар ережелерін, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық құқықтарды жоққа шығарған репрессиялық режимге, оның жақтаушыларына қатысты белсенді қарсы қарауға шақырады. Оңды шешім «Нұр Отан» мүшелеріне, яғни бүгінгі күнгі биліктегі аталмыш іс-әрекеттер жасаған адамдар мен ұйымдарды жауапқа тартуға мүмкіндік беріледі деп үміттенеді.
Біз Еуропарламенттің депутаттары мен ЕО-ға мүше елдердің парламенттегілеріне «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен және лидерлерімен әңгімелесу кезінде оппозициядағы саясаткерлерді, азаматтық белсенділерді және журналистерді қудалау мәселесін көтеруге шақырамыз.

«Нұр Отан» депутаттарының қатысуымен өтетін парламентаралық іс-шаралар кезінде сіздерден Саяси партиялар мен Сайлау туралы Қазақстандағы азаматтардың саяси белсенділігін шектейтін және билікті басқан бюрократия мен жемқор шенеуніктерге жол беретін заңдарға көңіл аударуды сұраймыз.
Еуропалық парламенттің фракцияларынан және ұлттық саяси партиялардың басшылығынан «Нұр Отан» партиясының антидемократиялық, авторитарлық сипатына көбірек назар аударуды сұраймыз.
Біз ЕО елдеріндегі демократиялық парламенттік партиялардың басшылығынан «Нұр Отан» партиясы жүзеге асырған теріс тәжірибені, бірінші кезекте саяси бәсекелестіктің жоқтығын, олигархия мен сыбайлас жемқорлықты қолдауды, азаматтық қоғам белсенділерін және тәуелсіз баспасөзді қудалауды сынға алуды сұраймыз. 
Егер «Нұр Отан» партиясы туралы арнайы шешім жарыққа шықса, Батыс қоғамдастығы адами құқықтарының халықаралық стандарттарына сай келтіру үшін қысым көрсетіп қана қоймай, Қазақстанда орын алған демократия принциптеріне қарсы теріс әрекеттерге нақты баға берілсе, Қазақстан халқына және күрестен шаршамаған азаматтық қоғамға деген үлкен қолдау болып табылады деп білеміз.

«DONGELEK YSTEL» Азаматтық Қоғам Коалициясы

  • Редакциядан: Бұл мәлімдеме газетте және «ДАТ»-тың интернет-сайты (datnews.info) мен «Фейсбук» желісінде жарияланған соң, оған қол қоюға ниеті бар қоғам азаматтары жарияланымның «комментарий» бөлігінде толық аты-жөнін жазып, «қолдаймын» деген белгі қалдыруына болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн