“Нұр Отан” партияның жетекшілері санкцияларға ұшырауға ықтимал.

1. Серік Рахымбайұлы, қанша өкінішті болса да, «Қазақстан» және «сыбайлас-жемқорлық» деген сөзтіркестері синонимге айналды. Сыбайлас-жемқорлық пен непотизмнің елді басып жатқанын бәрі біледі, бірақ қоғам ештеңе істей алмайды. Сондықтан да Байден әкімшілігі біздің елімізді қамтитын трансұлттық сыбайлас-жемқорлыққа ерекше назар аударуға шешім қабылдады деген жаңалық біз үшін өте үлкен қуаныш.


Алайда, президент Джо Байденнің Қазақстандағы жаһандық сыбайлас-жемқорлықпен күресу туралы бастамасы үнсіз қалды, сондықтан біз Сізге, батысқа жақынырақ тұрған қазақстандық оппозицияның сыртқы бюросының жетекшісі ретінде арнайы жүгінуді жөн көрдік. Бұл кімге қауіп төндіреді және ол қазақстандық режим үшін қандай күңгірт болашақ болуы мүмкін?



Президент Джо Байденнің «Меморандум 200» бастамасы, ең алдымен, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес процесінің заңнамалық деңгейден атқарушы деңгейге өту сәті деп табуға тура келеді.
Бұл АҚШ әкімшілігінің арсеналындағы ерекше шара болып табылады. Ол деген елдің барлық арнайы қызметтерге 200 күн ішінде президенттің өзіне АҚШ-қа ұлттық қауіп тудыратын шетелдік сыбайлас-жемқорлық туралы толық есеп беруді міндеттейді.
Осы Меморандум арқылы президент Джо Байден сыбайлас-жемқорлықпен күресті ресми түрде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлердің бірі деп ашық жариялаған құжат.
Джо Байден әкімшілігінің мақсаттарының бірі – Америка Құрама Штаттарында тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы шетелден алынған лас жемқорлық ақшаны жылыстату әрекеттерін тоқтату.
Меморандумның мақсаты «азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа қадағалау мен есеп беру субъектілерінің зерттеу жүргізу және сыбайлас-жемқорлық тенденцияларын талдау, қолдау және нығайту».
Бұл дәл қазір құқыққорғаушы ұйымдарға, тәуелсіз журналистер мен тергеушілерге жетіспейтін үлкен көмек екені бәрімізге аян.
Егер бұрын авторитарлық режимі бар елдерден келген клептократтарға қажетсіз (тек АҚШ заңдарды бұзса ғана) назар аударылмаса, енді бұл әрекеттер қылмыстық тергеу объектісіне айналады..
Байден Меморандумында белгілеген идеялары мен ұсыныстары 200 күндік мерзімі аяқталғанға дейін де сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресте көмектесе алатын тағы да көп бастамалардың тасқыны болады деп үміттенеміз.
Ал Қазақ елін басып алған жемқорлар мен алаяқтар, Назарбаевтың айналасындағылар мен отбасысы арасындағы күрес, клан аралық жанжал, келіспеушілік жаңа серпін алады.

2. Әкежан Қажегелдиннің командасы бірнеше жыл бойы Қазақстаннан заңсыз әкетілген ақшаны іздеді. Сіздің жұмысыңыз және қолда бар ақпарат Байден әкімшілігіне пайдалы болады деп ойлаймын. Ақ үймен ынтымақтастық орнатқыңыз келе ме? Қазақстандық оппозицияның шетелдік бюросы Конгрессте кеңесші болады деген пікір айтуға бола ма?

Қазақстандық оппозицияның шетелдік бюросы ұзақ жылдар бойы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тергеумен сәтті айналысып келе жатыр және ол құжаттардың, қылмыстар туралы айғақтардың, сыбайлас-жемқорлық шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есептердің үлкен қорын жинақтады. Ұйым клептократтар арасындағы байланысты, ұрлық, оффшорға кету және барлық қазақстандықтардың ақшасын жылыстату схемаларын анықтады.
Шетелдік бюрода қазақстандық шенеуніктер мен олардың айналасындағылардың 170 миллиардтан астам долларды Қазақ елінен шетелге әкетуі туралы нақты ақпарат бар.
Біз АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар әр-түрлі еуропалық құрылымдарда санкциялар тізімдері мен мәліметтер базасын жасауға белсенді қатысып жүрміз.
Батыс елдерінде қабылданған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңдар мен бастамалардың арқасында қазір аталмыш активтерді іздеу, бұғаттау ғана емес, сонымен қатар активтерді елге қайтару мүмкіндік табылды.
Бізден басқа халықаралық құқық қорғау және журналистік ұйымдар (KIAR, OCCRP, ICJI, …) ұрланған активтерді іздеумен айналысады. Бірақ ең қызығы – жеке «аңшылар», арнайы қызметтер мен барлау ұйымдарының бұрынғы қызметкерлерінің компаниялары.

Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, қазіргі жағдайда ұрланған активтерді жасыру немесе қауіпсіз түрде сақтау мүмкіндігі жоқ екенін түсінуіміз керек.
Көптеген елдерде ірі компаниялардың және жылжымайтын мүлік иелерінің түпкілікті бенефициарларының тізімдері ашылған, анонимдік шоттарды иемденуге мүмкіндік жойылған. Жақын арада сіздің активтеріңіз оффшорлық жерде тіркелген болса, көп ұзамай сіз бизнес жүргізу мумкіндіктен айырыласыз.


Егер бізге АҚШ немесе ЕО елдерінің құқық қорғау органдары ашық істер шеңберінде жүгінсе, біз қазақстандық клептократтар туралы барлық қолда бар ақпаратты дайын түрде жіберуге дайынбыз.
Оның ішінде Бауыржан Байбек, Кеңес Рақышев, Қайрат Боранбаев сияқты жаңа есімдер де бар.

3. Көктемнің басында Қазақстанның «Dongelek Ystel» АзаматтықҚоғамы Коалициясы американдық лоббистік кеңсені жалдап, АҚШ-тың Конгресі арқылы Қазақстандағы клептократия туралы «Магнитский заңы» сияқты заң қабылдады деген ақпарат пайда болды. Осыған байланысты, «Dongelek Ystel» жұмысы мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заң арасында қандай параллельдер жүргізуге болады?

«Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғамы Коалициясыешнәрсені итермелемейді, әсіресе Конгрессте! Ұйым тек бірнеше айдан бері АҚШ-та белсенді жұмыс істейді, бұл жұмыстың үйлестірушілерінің бірі – Ботагөз Исаева.
Қазақстандық сыбайлас-жемқорлар мен шенеуніктердің адам құқықтарына қарсы қылмыстарына санкциялар қабылдау процесі американдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп атқарып жатқан ортақ жұмысы болып табылады.
Конгрессмен Бенни Томпсон АҚШ Конгресінде сөз сөйлеп, Тимур Құлыбаевтың Орта Азияда газ құбырын тарту мегажобадан миллиондаған долларды құпия схемасы арқылы ұрлаған туралы айттылғанына бәріміз күәміз.
Нәтижесінде, айтылған фактілер бойынша тергеу амалдары басталды.
Бұл конгрессмендер мен сенаторлардың қазақстандық жемқорларымен және адам құқығын бұзушыларымен күрес бағытында жалғыз шара емес деп үміттенеміз..
Жаңа санкциялар тізімінен басқа «Жаңаөзен тізімі» және «Ағаділдің тізімі» бар. Оларды «Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғамы Коалициясыбелсенді түрде ел арасында насихаттайды.

4. Жалпыға қол жетімді құжатқа сәйкес, 2018 жылдың мамыр айында ҚР Әділет министрі Бекетаевтың атынан Қазақстан билігі шетелдік активтерді қорғауға маманданған шетелдік азамат Роберт Шерманмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Шерманның төлемі, келісімшарттың ұзартылғандығын ескере отырып, 3 миллион АҚШ долларынан асып түсті. Сіз бұл құжаттың пайда болуына қандай түсінік берер едіңіз?

«Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғамы КоалициясыАҚШМемлекеттік департамент пен АҚШ құқық қорғау органдарының қарауына қазақстандық клептократтардың санкциялық тізімін ұсынды. ҚР Әділет министрлігі лоббистерге орасан көп ақша төлеп, сол амалдармен күресуге тырысуда.
Марат Бекетаевтың тапсырмасы бойынша, ең алдымен, санкциялар тізімінен кейбір есімдерді алып тастау, бірінші президенттің отбасына қатысты тергеуді тоқтату мақсаттарды іске асыру.
Тарих қайталанады: Александр Мирчев алғашқы «Қазақгейт» кезінде де осылай жасаған. Содан кейін бұл әрекеттердің бәрі сәтсіз аяқталды және ештеңеге әкелген жоқ – «Қазақгейт» американдық соттың Нұрсұлтан Назарбаевқа пара беру фактісі бойынша үкімімен аяқталғаны бізге мәлім.

Марат Бекетаевтың өзі санкциялар тізімінде болғандықтан және американдық лоббистік компаниялардың бірінде олардың мүдделер қақтығысы орын алғандықтанды айтып кетіп, мен Қазақстанның Әділет министрлігінің дәлелдерін ешкім тыңдайды деп ойламаймын,
Бұлардың іс-әрекеттері баяғы бюджеттегі қаражатты игерудің, сенімді заң компаниялар мен олардың айналасындағыларға халықтың ақшасын бекер таратудың бір әрекеті деп табамын.

5. Клептократияға қарсы күрестің бастамасы бойынша «Ақ үй» мен «Кремльдің» текетіресі жатыр деп және «Ақ орда» Ресеймен тығыз ынтымақтастықтың арқасында диірмен тастарымен сүйреліп кетеді деп ойламайсыз ба? Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы американдық машина белсенді жұмыс жасап кетсе, Қазақстан қай тарапты ұстанады?

Билік елді тонауды ақтайтын жаңа қастандық теориясын ұсынғысы келсе де, олай емес. Біз экс-президент Назарбаевтың төңірегіндегі шенеуніктер мен оның отбасы мүшелері туралы нақты айтып отырмыз.

Тәуелсіз журналистер жүргізген көптеген тергеулер, прокурорлық анықтамалар ашылған істерге негіздеме болып табылады және АҚШ құқық қорғау органдарында қаралады.
Бұл адамдардың активтері Америка Құрама Штаттарында орналасқан, олар американдық заңдарды бұзған және сәйкесінше бұл істерді АҚШ-тың құқық қорғау органдары мен соттары қарайтын болады.
Еуропалық Одақтың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жаңа прокуратурасы өз кезегінде ЕО аумағында жасалған қылмыстармен айналысады.

6. Өткен аптада Еуропалық Одақ бірыңғай прокуратура құрды деген ақпарат пайда болды. Сіздің ойыңызша, бұл «қаһарлы ұйым» Қазақстан үшін не дайындап отыр?

Шетелдік бюро ұзақ жылдар бойы ЕО-да сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тиімді заңнаманы қабылдауға мүдделі болды.
Әр түрлі елдердегі Рахат Әлиевті қудалау, оның активтерін іздеу мысалын қолданып, біз Еуропалық парламенттің депутаттарына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы жолдарды көрсеттік. Біз батыстың демократиялық құндылықтар мен күш құрылымдарына лас ақшаның жойқын әсері туралы айтқан болғанбыз.
2014 жылы Еуропалық парламентті қабылдаған қаулысы бойынша барлық ЕО елдерін сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңдарды жеке ұлттық заңнамаға енгізуге міндеттеді. Бұл сыбайлас-жемқорлыққа қарсы үдерісті бастады.
Келесі жылдар ішінде ЕО-ның барлық елдері сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жаңа заңдар қабылдады.

Мысалы, Ұлыбританияда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнан басқа заңға тәуелді актілер қабылданды және осы ауыр қылмыстарды тергеу үшін NCA және SFO сияқты жаңа құрылымдар ашылды.
Атышулы істердің бірі – Рахат Әлиевтің активтері Дариға Назарбаева мен оның баласының меншігіне түсу оқиғасы болды. Енді, құқық қорғау деңгейінде Лондонның орталығында орналасқан бірнеше көпқабатты үйлер мен сарайлар олардың меншігіне қандай жолмен түскенін табу бағытында тергеу жүріп жатыр.

7. «Азаттық радиосы» Н.Назарбаевтың қызы – Әлия Назарбаеваға қатысы бар швейцариялық кәсіпкердің қазасы туралы жазды. Сіз бұл оқиғаның егжей-тегжейін білесіз бе, және бұл оқиға туралы еуропалық баспасөз не деп жазып жатыр?

Бұл қазақстандық элитамен байланысты алғашқы жұмбақ өлім емес.
Рахат Әлиев пен Назарбаевтың немересі қатысқан «Нұрбанктің» екі топ-менеджерін өлтіргені де есімде. ENRC еншілес компаниясының «Еуразиялық үштік» деп аталатын екі топ-менеджерінің, Конго Демократиялық Республикасында мыс және кобальт өндірісі бойынша ENRC тобының (қазіргі ERG – DAT) бұрынғы басшысы Джеймс Бифелдің және ENRC еншілес кәсіпорны – Конго Кобальт корпорациясының бас менеджері Герритт Стридомның жұмбақ жағдайда қайтыс болуы фактілері бар.
Дариға Назарбаеваға қарсы ақпарат сақтаған Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуі … Жоғары лауазымды шенеуніктер мен президентке компромат дәлелдерінің иесі Заманбек Нұрқаділовтің өлтірілуі … Мұндай өлімдердің тізімі тек өсіп бара жатыр.

Қазақстандық элитамен, сыбайлас-жемқорлықпен, елден алынған ақшамен байланысты, ұрланған активтерге қол жеткізе алатындардың бәріне қауіп-қатер төнетініне анық сенемін.

Еріксіз немесе қызмет бабымен сыбайлас-жемқорлық схемаға түскен адамдарға қазіргі жағдайда ең дұрысы, қауіп-қатерден сақтанудың бір мүмкіндігін пайдалану керек, ол Қазақ еліне, демократиялық елдердің билік органдарына және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға бастықтарының белгілі сыбайлас-жемқорлық қылмыстары туралы хабарлау. Өтініш берушілердің жасырын болуына кепілдік беретін жабық байланыс арналар бар. Тіпті жақын арада мұндай адамдар тиісті сыйлыққа да лайық бола алады.

8. Біз наразылық топтарының қазіргі кездегі текетіресі екіге бөлінгенін байқаймыз. Біреулері ел ішінде, басқалары сыртта соғысып жатыр. Сіз олардың күш-жігерін үйлестіру және біріктіру құралын көріп отырсыз ба?

Оппозицияны үйлестіру, оппозицияның күш-жігерін біріктіру мәселесі – бұл қазақ оппозициясының пайда болған күннен бастап көтерілетін таза риторикалық сұрақ.
Азаматтық белсенділерді үйлестіру, құқық қорғаушылардың жұмысын үйлестіру, олардың құқықтары үшін күресте олардың күш-жігерін біріктіру, бұл процестер үздіксіз жүріп жатыр және бір адамның немесе азаматтық қоғамның қалауына байланысты емес. Бұл демократия. Батысқа қашқан кейбір шенеуніктер мен кәсіпкерлер тек саяси баспана алу мақсатында оппозициялық риториканы қолданып жүргенін түсіну керек. Олар бірінші кезекте билікпен емес, азаматтық белсенділермен, құқық қорғаушылармен және оппозициямен күресуде.

Шыны керек, бүгінгі күндерде азаматтық қоғамның қалыптасу процесі кеңейіп келеді, бей-жай қарамайтын көптеген адамдар, жас азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың, жаңа қозғалыстардың, партиялардың жаңа буыны пайда болып жатыр.

Екі жылға жуық бұрын диалог алаңы пайда болды – «Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғамы Коалициясы, жаңа конституциядан бастап, жер, көп балалы аналардың құқықтары, сайлау мәселелері, халықпен жұмыс істеу тактикасы, және люстрация туралы заң жобасы белсенді талдануда.

«Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғамы Коалициясы ең соңғы істерінін бірі – батыс елдерінде «Нұр-отан» партиясын «жағымсыз ұйым» ретінде тануға дәлелді ұсыныс жіберуі.
«Нұр-отан» партиясының лидерлеріне санкциялар еңгізу мүмкіндіктері жоғары деңгейде деп нақты айтуға болады. Оларды ПАСЕ ұйымында, Еуропа парламентінде көптеген мәселелер күтеді, ал партияның қарапайым мүшелері шетелге шыққанда немесе батыстың іскер-серіктестерімен жұмыс істегенде қиындықтарға тап болатыны айдай анық.

Қарапайым қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ, өз болашағымызды тек өзіміз ғана құра аламыз екендігін, бізге ешкім көмектеспейді екендігін есте ұстау керек.
Біз тек халықаралық құралдар мен көмектерді пайдалана аламыз, бірақ ешкім біздің жұмысымызды жасамайды.

Егер ұрланған активтер табылса да, бұғатталса да, санкциялар енгізілсе де қылмыстық істер ашылса да, тіпті қазақстандық клептократтар жаппай айыпталып жатса да, ал ел ішінде демократиялық өзгерістер болмаса, адамдардың санасы өзгермесе – біздің болашағымыз ешқашан жарқын болмайды.

  • Ашық әңгімеңіз үшін рахмет!

Азамат ШОРМАНХАНҰЛЫ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн