НҰР-СҰЛТАН диктатурасына 20 ТАЛАП

blank
«Пікірталаста сөз алған германиялық депутат Виола фон Крамон-Таубадель «бірде-бір сайлау әділ өтпеген» Қазақстандағы қазіргі жағдайды «Назарбаев диктатурасы» деп сипаттады.
  • 11 ақпанда Еуропа парламенті басым көпшілік дауыспен Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде Қарар қабылдады. Елдегі азаматтық қоғам аясының тарылуын, адам құқықтарының бұзылуын және сайлаудағы әділетсіздікті сынайтын Қарарды дауыс берген 693 депутаттың 598-і қолдаса, тек 43 депутат қарсы шыққан.

Қарарда депутаттар Қазақстан басшылығын адам құқықтары мен бостандықтары бойынша мойнына алған халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырып, 20 түрлі талап қойды.

10 қаңтарда Қазақстанда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауына бақылау жасаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлауды бақылау бюросының есебіне сүйенген депутаттар дауыс беру кезінде «түрлі заңдар негізгі бостандықтарға елеулі шектеу қойғанын, азаматтық қоғам мен балама көзқарастардың аясы тарылғанын» атап өтті және «оппозициялық партиялардың қатысуына мүмкіндік берілмегенін», яғни сайлаушылардың «таңдау мүмкіндігі болмағанын», «тәуелсіз бақылаушыларға биліктен ерекше қысым болғанын» айтты.

Екінші маңызды мәселе ретінде Еуропарламент депутаттары сайлау күні Қазақстанның түрлі қалаларында өткен наразылық жиындарын, биліктің оларды күшпен басып тастағанын, азаматтардың еркін жиналып, өз пікірін бейбіт түрде білдіруіне мүмкіндік берілмегенін ескертті. Қарарда көрсетілгендей, сайлау күні елдің 10 қаласында кемінде 350 адам ұсталған.

Депутаттардың дерегі бойынша, Қазақстанда 26 саяси тұтқын бар, олардың кейбірі тергеу орнында отырса, кейбірі түрме жазасына кесілген. Оның үстіне «билік саяси оппоненттер мен сыни пікірлерді басып тастау үшін, экстремизмге қарсы заңдарды пайдаланады» деген депутаттар «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) және «Көше партиясы» қозғалыстарына тыйым салынғанын айтып, осы ұйымдарды қолдағаны үшін айыпты болған адамдардың аты-жөндерін көрсеткен.

  • «Құқық қорғау органдары мен барлау ұйымдары жүргізген заңсыз әрекеттер мен саяси репрессия кесірінен 2020 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Қазақстанда оппозицияның бес белсендісі қаза болды» делінген Қарарда. Олар: Дулат Ағаділ мен оның 17 жасар ұлы Жанболат Ағаділ, Аманбике Хайролла, Серік Оразов және Ғарифулла Ембергенов.

Еуропа депутаттарының айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде үкімет індетке қатысты шектеулерді азаматтық қоғам өкілдерін, адам құқықтарын қорғаушы белсенділерді және вирусты тоқтатудағы үкімет жұмысын сынға алған дәрігерлерді қудалауға пайдаланған.

Еуропа парламенті заң шығарушыларының ойынша, Қазақстан билігі Қылмыстық кодекстің террорлық не экстремистік ұйым жұмысын қаржыландыру және қолдау (258-бап, 2-тармақ) бабымен адам құқықтарын қорғаушы белсенділерді қуғындап жатыр. Олардың ойынша, 10 қаңтардағы сайлаудан кейін адам құқықтары ұйымдарына қысым бұрынғыдан да күшейе түскен.

Мұнымен қоса, депутаттар Қазақстан басшылығының «шетелдегі режим оппоненттерін» қудалау мақсатында Интерпол сияқты халықаралық құқықтық жүйелерді де пайдаланатынын атап өткен. Бұл ретте депутаттар Бельгияда босқын мәртебесін алған құқық қорғаушы Бота Жәрдемәлі мен Франциядан саяси баспана алған ҚДТ басшысы, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовтың ісін атап өтеді.

Еуропарламент мүшелері елдегі сөз бостандығына да ерекше мән берген. Дүние жүзіндегі сөз бостандығы рейтингінде Қазақстанның 157-орында тұрғанын еске салған олар елдегі ақпарат құралдарының мемлекет меншігінде екенін, не мемлекеттен қаржы алатынын ескерткен. Бұл тұста депутаттар парламент сайлауы кезінде дене жарақатын алған «Азаттық» тілшісі Сәния Тойкен мен «жемқорлық туралы жазғаны үшін жазаланған» «Уральская неделя» басылымының тілшісі Лұқпан Ахмедияровты атап өтеді.

Қарар жобасына дауыс берердің алдында Еуропарламенттің түрлі елден келген депутаттары Қазақстандағы адам құқықтарының жайына байланысты пікірталас өткізді. Олардың көпшілігі елдегі жағдайдың нашарлап бара жатқанын, адам құқықтарының жиі бұзылатынын айтты.

«Қазақстан үкіметі тәуелсіздіктің 30 жылын тойламақшы. Бірақ саяси тұтқындардың бәрі босамайынша, саяси астары бар сот шешімдерінің күші жойылмайынша, адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділерді қудалау тоқтамайынша, шынайы той болмайды» деген польшалық депутат Эва Божена Копач «адам құқықтарын бұзуға қатысы бар мемлекеттік қызметкерлерге мақсатты түрде санкция салуды ойластыруға» шақырды.

«Қазақстанда адам құқықтары күн сайын бұзылып жатыр» деген еуродепутат Петрас Ауштревичюс «адам құқықтары мен демократияны экономикалық табыстан жоғары қою керек» деді.

Пікірталаста сөз алған Еуропарламент депутаттарының біразы Қазақстанда билік ауысқанымен, адам құқықтары мен саяси еркіндік саласындағы жағдайдың жақсармай келе жатқанына тоқталды. Германиялық депутат Виола фон Крамон-Таубадель «бірде-бір сайлау әділ өтпеген» Қазақстандағы қазіргі жағдайды «Назарбаев диктатурасы» деп сипаттады. Ол да басқалар сияқты «Адам құқықтары ақшаға сатылмайтынын» шегелеп айтып, бұл мәселені экономикалық мүддеден жоғары қоюға шақырды. Депутаттар арасында «көрші елдерді авторитаризмнен демократия жолына түсіруде Еуроодақтық экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырғандар» да болды.

Azattyq.org

Қапастағы тарих

Қазақстанға САНКЦИЯ салына ма?

Санкция – «жазалау» деген сөз. Халықаралық термин ретінде құқық, экономикалық, дипломатиялық байланыс бұзылған жағдайда қолданылады. Санкция салу арқылы ол елмен байланыс үзіліп, оның болашағы да жоққа шығарылады.

Мәселен, Иран кезінде ядролық қару туралы бағдарламасы үшін АҚШ тарапынан санкцияға ұшырап, жабық мемлекет ретінде өмір сүрді. Оның мұндай барлық базасы бұғатталды. Дәл сол секілді Ресейдің Қырымды тартып алуы да аталған ел үшін санкция ретінде бекітілді. Қазіргі кезге дейін Ресей АҚШ-тың түрлі санкцияларынан шыға алмай отыр.

Жалпы әлемде санкция салынуы жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен 9 мемлекет бар.

  • Солтүстік Корея – 66 жыл

1950 жыл 16 желтоқсанда бір түбекте орналасқан Кореяның екіге бөлінуіне себепші болған Солтүстік Кореяның соғыс ашуы АҚШ тарапынан санкцияға ұшырады. Уақыт өте келе Солтүстік Корея ядролық қаруды сынақтан өткізуге байланысты тағы да дауға ілігіп, барлығы 66 жылға санкция салынып, экономикасы бұғатталған.

  • Куба – 54 жыл

АҚШ-тың Кубаға салған экономикалық санкциясы 50 жылдан асып кетті.

  • Иран – 37 жыл

1979 жылдан бері Иран АҚШ-тың санкциясынан көз ашпай келеді. 2016 жылы ғана бұғаттан құтылдым деген Иранға АҚШ баллистикалық бағдарламасына байланысты тағы санкция салды.

  • Ирак – 26 жыл

1990 жылы әлемдегі ең бай елдердің бірі Иракқа АҚШ сауда-саттық жағынан толық бұғыттау шарасын енгізді. Тек 2010 жылы ғана Ирак аталған бұғаттан босатылды. Дегенмен, ел ішіндегі араздық, АҚШ пен Ирак арасында соғыстың салдарынан ел экономикасы құлдырап кетті.

  • Бирма – 19 жыл

Бирма 1997 жылдан бері АҚШ-тың бұғаттау операциясында жатыр. Кейінгі санкцияның мерзімі 1 жыл. Бұл бұғатты АҚШ президенті Барак Обама халықаралық қаржы жағынан салған болатын.

  • Сирия – 12 жыл

2004 жылы 11 мамырда АҚШ президенті Дж. Буш Сирияны террорлық әрекеттерді ұйымдастыруға қатысты деп айыптап, санкция жариялады.

  • Белоруссия – 12 жыл

ТМД елдерінің бірі Белоруссия да АҚШ тарапынан санкцияға ұшырған. Бұл АҚШ-тың 2014 жылы бұғаттауға байланысты қабылдаған «Белоруссиядағы демократия актісі» болатын.

  • Ресей – 3 жыл

2017 жылы шілде айында АҚШ Конгресі Ресейге Қырымды басып алып, Украинаның шығысындағы сепаратистерге дем бергені үшін қатаң санкция салу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

  • Қазақстан – ?

11 ақпан 2021 жыл ЕП тарапынан адам құқықтарының бұзылуы мен қуғын-сүргінді айыптаған резолюция қабылданып, осы орайдағы талқылау барысында Қазақстанға санкция салу мәселесі де сөз болды…

  • Нұрлыбай Қошаманұлының ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн