Воскресенье , 22 июня 2025

ОЙБАЙ!

Қаза­қстан­да Қытай­дың «цифр­лық дик­та­ту­ра­сы» орна­уы мүм­кін. Билік Қаза­қстан халқын Қытай цифр­лы тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның көме­гі­мен жап­пай бақы­ла­у­ға алу жүй­есін енгізу­ге тән­ті болып отыр. 

Қазан айы­ның 8‑і күні пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның дамуы­на арналған жиын­да адам­дар­дың жеке бас деректерін аны­қтай­тын Қытай­дың цифр­лан­ды­ру әдісін мақтап, Қаза­қстан Бей­жіңнің тәжіри­бесін қабыл­да­уы керекті­гін айтты. 

Пре­зи­дент­тің сөзіне қараған­да, қытай­лық «Hikvision» ком­па­ни­я­сы­ның тех­но­ло­ги­я­ла­ры арқы­лы адам­ның қай уақыт­та қай­да барға­ны­нан бастап, басын­да қан­ша неси­есі бар, жеке бас дере­гі мен ұрық-шәр­піне дей­ін біліп оты­руға бола­ды. Тоқа­ев­тың: «Біз осы жол­мен жүруі­міз керек. Бұл – әлем­дік тен­ден­ция. Аста­на бас­шы­лы­ғы­на, үкі­мет­ке және тиісті мини­стр­лік­ке осы­ны тап­сы­ра­мын» деген сөзін «Кур­сив» сай­ты­на сіл­те­ме жасаған «Азаттық» жария етті.

Ал сарап­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, бұл Тоқа­ев пен Ақор­да­ның «тап­сыр­ма­сы» емес, қытай­лық жап­пай бақы­лау жүй­есін қабыл­да­уды Қаза­қстан үкі­метіне тық­па­лап оты­рған Назар­ба­ев пен оның «кіта­п­ха­на­сы». Себебі, Қаза­қстан­да қалып­тасқан қағи­да бой­ын­ша, бұры­нғы Аста­на мен бүгін­гі Нұр-Сұл­тан – Назар­ба­ев­тың «төл туындысы», оған қол сұғуға ешкім­нің қақы­сы жоқ. Сон­ды­қтан пре­зи­дент Тоқа­ев аста­на­ның авто­ры айтқан талап­ты дауы­ста­уға мәж­бүр болған ғана тұлға.

Еске сала кетей­ік, шіл­де айын­да аме­ри­ка­лық «Wall Street Journal»келіс­сөз­ге қаты­сқан­дар­дың біріне сіл­те­ме жасап, «Пекин Қаза­қстан­ның қауіп­сіздік сала­сын­да Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның қыз­мет етуіне рұқ­сат беруі үшін Нұр-Сұл­тан­ды көн­діру­ге тыры­сқан» деп жаз­ды. «Тоқа­ев бұл мәлім­де­месін Қаза­қстан­да Қытай­ға деген қар­сы­лық өршіп тұрған тұста жаса­ды» деп хабар­лай­ды «Азаттық». Ал ел пре­зи­ден­ті сон­ша мақтаған қытай­лық ком­па­ни­я­ны АҚШ сауда мини­стр­лі­гі «Шың­жаң­дағы аз ұлт­тарға қысым жаса­уға атса­лы­сты» деп айып­тап, осы­дан екі-үш күн бұрын ғана санк­ция салған еді. 

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – «бұры­нғы» Назар­ба­ев қазір­гі Тоқа­ев­ты қазақ-қытай про­бле­ма­сы­ның бат­пағы­на баты­ра түсіп, өзі халық алдын­да «сүт­тен – ақ, судан – таза» болу. Яғни, Ақор­да мен «кіта­п­ха­на» ара­сын­дағы текетіре­стің сыр­тқы сая­сат­тағы кикіл­жіңі де лай судың бетіне жүзіп шыға баста­ды деген сөз. 

Бірақ біздің айт­пағы­мыз бұл емес. Біздің әңгі­ме­міздің арқа­уы – Ақор­да­ның жыл басы­нан бері халы­қты толы­қтай бақы­ла­уда ұстау үшін түр­лі қитұрқы әре­кет­тер­ге баруында. 

Осы­дан біраз уақыт бұрын Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті (ҰҚК) кибер­ша­буыл­дар­дың алдын алу мәсе­ле­лерін желеу етіп, «қауіп­сіздік сер­ти­фи­ка­тын» енгіз­бек болған. Бірақ кей­ін­нен бұл ойла­ры­нан айнып, бұның бар­лы­ғы сынақ (тест) екен­ді­гін мәлім­деп, «жабу­лы қазан жабу­лы күй­ін­де» қалған. Десе де, ол кез­де де ҰҚК мен Ақор­да бұл баста­ма­дан өз еркі­мен бас тар­тқан жоқ. Әлем­дік интер­нет нары­ғы­ның көш­бас­шы­ла­ры «Google» мен «Mozilla» ком­па­ни­я­ла­ры қаза­қстан­дық ғалам­тор қол­да­ну­шы­ла­ры­ның жеке деректерін қорғай­тын «қауіп­сіздік сер­ти­фи­ка­ты­на» қар­сы арнайы тех­но­ло­ги­я­ны іске қоса­тын­ды­қта­рын мәлім­де­ген. «Qaznet Trust Network» сер­ти­фи­ка­тын сынақтан өткі­зуді де пре­зи­дент Тоқа­ев «бұры­нғы­ның» тала­бы­мен ұсы­нға­ны айдан анық. 

Егер жыл басы­нан бері Қаза­қстан­да бір­де-бір ай митин­гісіз, қар­сы­лық акци­я­ла­рын­сыз өтпе­генін ескер­сек, билік­тің не себеп­ті халы­қты осын­ша­ма бақы­ла­уда ұста­уға құмар­тып оты­рған­ды­ғын бағам­дау қиын емес. «Бұры­нғы» билік­тен (де-юре) кет­кен­ге дей­ін, кеш­кі уақыт­та ғалам­тор­ды бұғат­тау үйрен­шік­ті әдет­ке айна­лып, «You Tube», «Facebook», «WhatsApp» желілеріне түн жары­мы­на дей­ін желілер­ге кіру кіші­гірім арман бол­са, Тоқа­ев­тың билік басы­на келуі­мен бұғат­та­у­лар тоқтаға­ны мәлім. Бірақ «қауіп­сіздік сер­ти­фи­ка­ты», «қытай­лық бақы­лау тәжіри­бесін енгі­зу» сияқты баста­ма­ларға қарап, «ескі» пре­зи­дент «жаңа» Тоқа­ев­тың қолы­мен «халы­қты бақы­ла­уда ұстау» эпо­пе­я­сы­ның жаңа парағын, жаңа пара­гра­фын бастап жатқан сияқты. 

Жал­пы, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар қау­лап, әлем біт­кен интер­нет иірі­міне батып бара жатқан заман­да, Илон Маск сияқты тех­но­крат­тар «жер шарын тегін интер­нет­пен қам­та­ма­сыз ете­мін» деп жатқан­да, «мил­ли­он­даған халы­қты тұта­стай бақы­ла­уда ұстай­мын» деу – жел диір­мені­мен алы­сқан есуа­стың қылы­ғы екені айдан анық. Біздің билік Қытай мен Ресей тәжіри­бесін Қаза­қстан­да пай­да­ла­нуға неге құмар? Әлем­де олар­дан басқа үлгі ала­тын ел жоқ па? Бұл дал­ба­са ақы­лға қан­ша­лы­қты қонымды? 

Бірақ авто­кра­ти­я­лық жүйе «сүй­е­гіне сіңіп» кет­кен біздің елде ақы­лға қоным­ды­лық тура­лы айту­дың өзі артық бол­са керек. Себебі осы уақы­тқа дей­ін билік­тің «ақы­лын» қой­ып, ешқан­дай логи­каға сый­май­тын қан­ша­ма баста­ма­лар көтеріл­ді?! Тәу­ел­сіздік алған 30 жылға жуық уақыт ішін­де біз ұялы теле­фон нөмір­лерін тір­ке­у­ге алу­дан бастап, желі­де­гі әлдебір «ала­бө­тен» пікір­ге лайк басқан ада­мға дей­ін сот­ты болға­нын көр­дік. Вир­ту­ал­ды әлем­нің қаза­қстан­дық кеңісті­гін тіміскілеп, «экс­тре­ми­стік» лайк іздеу – ақыл түгілі, санаға сый­май­тын әуме­сер­лік. Интер­нет­те билік­ті мақтап, пікір жазға­ны үшін бюд­жет­тен жалақы алып оты­рған «нұр- бот­тар­дың» тарихы бер­гі әңгіме…

Ал енді «бұры­нғы­ның» бұй­ры­ғы­мен «қазір­гі» тық­па­ла­у­ға мәж­бүр болған қытай­лық «Hikvision» ком­па­ни­я­сы­ның бақы­лау жүй­есі қан­дай тех­но­ло­гия? Осы­ған қысқа­ша тоқталайық. 

Қытай­лық бақы­лау тех­но­ло­ги­я­сын әлем­дік сарап­шы­лар «цифр­лық дик­та­ту­ра» деп баға­ла­уда. Қазір­дің өзін­де Қытай билі­гі жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­дың көме­гі­мен бақы­лау жүй­есі арқы­лы адам­ның жеке өмірі мен деректерін сарап­тап, оған арнайы рей­тинг беру­де. Ешқан­дай заң бұз­бай, қалып­тасқан жүй­е­ге бағы­нған аза­матқа билік жоға­ры балл беріп, оған әле­умет­тік қол­да­уды үйіп-төгеді. Бей­жің бақы­лау жүй­есі бой­ын­ша, 1050 балл жинаған адам «А» тобы­на кіреді. Бұл дегені­міз мем­ле­кет­тік қыз­мет­те өсу­ге, төмен пай­ы­з­бен несие алуға мүм­кін­дік беретін бір­ден-бір жол. 

Ал 1000 балл жинаған адам «АА» тобы­на, 900 балл жинаған­дар – «В» тобы­на, 850 балл алған­дар – «С» тобы­ның қата­ры­на кіреді. Бұл жүй­е­ге сәй­кес, 600 балл­дан төмен жинаған­дар «D» тобы­на енеді. Бұл топ­тағы­лар мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке алын­бай­ды, бұларға әле­умет­тік көмек неме­се бан­кілік несие беріл­мей­ді. Бір сөз­бен айтқан­да, бұлар сая­си жүй­е­ге қауіп­ті адам­дар сана­ты­на енеді. 

Әзір­ге Қытай билі­гі атал­мыш жүй­ені пилот­тық режим­де сынақтан өткі­зу­де. Алдағы 2020 жыл­дан бастап бұл бақы­лау тех­но­ло­ги­я­сы толы­қтай қол­да­ны­сқа енгізіледі. Яғни, Қытай­дың ком­му­ни­стік дик­та­ту­ра­лық режи­мі нақты өмір­ді қой­ып, вир­ту­ал­ды әлем­ді де жау­ла­у­ға көшеді.

Назар­ба­ев­тың нұсқа­уы­мен пре­зи­дент Тоқа­ев жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақтаған қытай­лық жүйе Қаза­қстан аумағын­да қан­дай талап­тар бой­ын­ша жұмыс істей­тін­ді­гі және қай уақыт­тан бастап іске қосы­ла­тын­ды­ғы әзір­ге бел­гісіз. Бірақ Қытай­да жүріп жатқан тестілік сынақтарға қарап, бұл жүй­енің бақы­лау тетік­терін одан ары қатай­ту­дан басқа алып-қосар пай­да­сы жоқ деп айтуға толық негіз бар. 

PS. Егер халы­қты жап­пай бақы­ла­уда ұстай­тын бұл жүйе қол­да­ны­сқа енетін бол­са, елде­гі бұған дей­ін­гі ойбай бала­ның ойын­шы­ғы болып қала­ды. Қара­бай­ыр тіл­мен қаза­қ­ша­лап айтқан­да, сиген-тышқа­ны­ңа дей­ін­гі әр қада­мың «КНБ»-ның қадаға­ла­у­ы­на ілін­се, нағыз ойбай­дың көкесін сон­да көреміз. 

Қысқа­сы, бұрын­да­ры Гол­ли­вуд­тың фан­та­сти­ка­лық кино­ла­ры­нан көретін «цифр­лық бақы­ла­уды» (цифр­лық дик­та­ту­ра­ны) жуық бола­шақта Қаза­қстан­нан көре­міз деп кім ойлаған? Ғары­шқа әупірім­мен ұшы­ры­лған «Каз­САТ» спут­ни­гін қарық қылып иге­ре алма­сақ та, Мао­ның ізба­сар­ла­ры ойлап тапқан тех­но­ло­ги­я­ны мең­ге­ру­ге деген тал­пы­ны­сы­мыз күшті. 

Біз осы қай­да, қай ғала­мға маңып бара жатқан елміз?

Есдәу­лет ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ,

«DAT»-тың қоғам­дық-сая­си шолушысы

Республиканский еженедельник онлайн