ОСК «ОТТАПСЫҢ» ДЕГЕНДЕЙ БОЛДЫ

Екі күннен соң – сайлау. Президент Тоқаевтың сайлау әділ өтеді деп айтқаны сол еді, артынша Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) байқаушылардың және олардың қоғамдық ұйымдардың Конституциялық сайлау заңында көрсетілген құқықтарына шектеу қойып тастады. Ашығын айтқанда, ОСК Тоқаевқа «оттапсың» дегендей болды. Демек, ОСК президенттің ұстанымына саботаж жасамақ па?

Мұндай сорақылық тек біздің елде ғана болар?! Қаулы Конституциялық заңның үстінен қарайды. Бұл аз болғандай, енді /карантинге қатысты/ «қызыл» және «сары» аймақтың байқаушыларын ПЦР-тест тапсыруға мәжбүрлеу басталды. Тәуелсіз байқаушылардың сайлау учаскесін бақылауына осындай тосқауылдар қойылуда. Сайлау учаскелерін байқаушыларсыз қалдыру – ол тура қасқырға қой бақтырғанмен бірдей болады.

Қасқыр ет жемей жүре ала ма? Түсіне алмайтыным, сонда комиссия мүшелеріне еліміздің дамығаны, ұрпағымыздың болашағы қызық емес пе?! Сіздер үшін болашақтың құны қанша болуы мүмкін? Өздеріңіздің, бала-шаға, үрім-бұтақтарыңыздың, туысқандарыңыздың болашағын қаншаға бағалар едіңіздер? Миллион, 2-3 миллион… қанша миллиард?.. Қанша болуы мүмкін? Сайлаушылардың даусын ұрлайтын, сайлаудың қорытындысын бұрмалайтын комиссия мүшелері, айтыңыздаршы, өздеріңіздің, балаларыңыздың болашағын қаншаға саудалап жүрсіздер? Болашақтың бағасы бар ма?

Ақмарал ҚАМБАРҚЫЗЫ

«Неге?» ток-шоуы

НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?

Қазақстандық қоғамдық-саяси «Неге?» ток-шоуы жабылып жатыр, деді «31 арнаның» бағдарламалық директоры Болат Мұрсәлім (фото).

«Саяси бағдарламалардың жоғары рейтинг жинауы өте сирек. Десек те, ондай бағдарламалар қандай да бір деңгейде өз-өзін ақтауы керек болатын. Бірақ, өкінішке орай, олай болмады. Сондықтан «31 арна» «Неге?» бағдарламасын жабу туралы шешім қабылдады», – деп жазған сейсенбі күні Facebook парақшасында Мұрсәлім.

Оның айтуынша, басынан бастап бағдарлама плюралистикалық ұстанымды ұстанған еді. «Бағдарламаға билік өкілдері де, оппозиция да, оның ешқайсысына да жатпайтындар қатысты. Көзқарастарға, қызметі мен жастарына қатысты шектеу болған жоқ», – деп атап өтті телеарнаның бағдарламалық директоры.

 «Бұл бағдарламада біздің қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелері ашық және еркін талқыланды. Сондықтан мұндай бағдарламаның рейтингі жоғары болуы керек еді», – деп санайды Мұрсәлім.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн