fbpx

ПОРОШЕНКО ЖЕҢІЛДІ МЕ?

Укра­и­на­дағы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда Поро­шен­ко­ның екін­ші орын алып, Зелен­ский деген бұрын-соң­ды сая­сат­та бол­маған шоумен­нің топ бастаға­ны қаза­қстан­ды­қтар ара­сын­да ала-құла пікір туды­ру­да. Осы алаң­да­у­шы­лы­ққа жау­ап ретін­де біз укра­и­на­лық сарап­шы­ның желі­де­гі жаз­ба­сын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отыр­мыз.

Не бол­ды өзі?

Айтар­лы­қтай ештеңе де болған жоқ – Укра­и­на­да мас­шта­бы жөні­нен Вей­мар рес­пуб­ли­ка­сы­нан кей­ін­гі, баты­стық үлгі­де­гі демо­кра­ти­ядан попу­лизм­ге ауы­сқан әлем­дік тренд өз жалға­сын тап­ты. Соңғы екі жыл­да попу­ли­стік пар­ти­я­лар – оңшыл да, сол­шыл да – еуро­па сай­ла­у­шы­ла­ры тара­пы­нан төрт есе­дей күшей­ді (The Guardian зер­те­улері). 

Егер 2000-шы жылға мұн­дай күш­тер 7% дауыс алса, 2018 жылы олар 30% дауыс жина­ды. Бұл Зелен­ский­дің дау­сы­мен дәл сәй­ке­седі. Бұл әлем­де­гі Трамп-Орбан-Додон трен­дін бекі­те түсті.

Бірақ Укра­и­на­да соғыс жүріп жатыр: мұн­дай попу­ли­стік ұран­дар­дың қан­ша­лы­қты қауіп­ті екен­ді­гін укра­ин қоға­мы білу керек еді ғой? Шын­ды­ғын­да оны тек интел­лек­ту­ал­дар мен пас­си­о­на­рий­лер ғана түсі­неді, ал қара­пай­ым агрес­сив­ті-тың­дар­ман халық бар­лық жер­де бір­дей, Афри­ка­да да дәл осын­дай. Поро­шен­ко шынын­да да Дон­бас­стағы жара­ны көп айтқа­ны сон­дай, “қара­пай­ым халық” оны про­бле­ма деп есеп­те­уден қал­ды – Путин алы­ста, ал теле­ви­зор алдын­дағы қара­пай­ым адам­дарға ақша дәл қазір керек.

Әрі қарай не бола­ды?

Бұған дей­ін де сіз­дер­ге барын­ша адал болып кел­дім, әлі де сол бағы­тым­да­мын.

«Порох» (Поро­шен­ко – ред.) енді қалған 3 апта­да сай­ла­уды жеңеді деп айта алмай­мын, оған тек 4060 бере ала­мын. Ол үшін қара­пай­ым халы­қтың миын тез іске қоса­тын фак­тор­ды көріп тұрған жоқ­пын. Поро­шен­ко – титан, соңы­на дей­ін күре­седі, бірақ адам­дар­дың ақы­мақты­ғы­на қар­сы ол да ештеңе жасай алмай­ды.

Енді жақ­сы жағы. Тіп­ті пре­зи­дент ұты­лған күн­нің өзін­де де жыл соңы­на қарай жоғал­тқа­нын едәуір қай­та­ра ала­ды. Оған өзінің мыса­лы­на қарай оты­рып, мына­дай аргу­мент­терім бар.

Поро­шен­ко өткен сай­ла­уда (25.05.2014ж.) 54,7% дауы­спен ұтты. Ол бел­гілі себеп­тер­мен 2 апта­да соғы­сты тоқта­та алған жоқ, бірақ жар­ты жыл­да эко­но­ми­ка­ның құл­ды­ра­уын тоқтат­ты. Соғыс локаль­дық сипатқа айнал­ды, Баты­спен еуро­ин­те­гра­ция жөнін­де бел­сен­ді бай­ла­ны­стар орнат­ты.

Бұл оған көмек­те­сті ме? Жоқ. Өйт­кені оны 2015 жыл­дың басы­на қарай 19,4% адам­дар қол­да­ды (әрі кет­се – 24,6%). О, құдай­ым, біздің адам­дар бір­ден бәрі бол­са екен дей­ді!

Көріп тұрға­ны­мы­здай, махаб­бат пен жауы­зды­қтың ара­сы бір-ақ қадам, қара­пай­ым адам­дар ештеңе­ге төз­гісі кел­мей­ді. Оларға комик­тің Рада­да ешқан­дай дау­сы жоқ екен­ді­гі бәрібір, жар­ты жыл­да кор­руп­ци­я­ны жоя­мын, зей­не­тақы­ны 3 есе көте­ре­мін дегеніне еш негізі жоқ екен­ді­гі бәрібір – ал адам­дар одан дәл соны күтіп отыр. 

Ертең тамы­зға таман сай­ла­у­шы­лар­дың 80%-ы “король­дің тыр-жалаңаш” екен­ді­гін бір-ақ көретін бола­ды, өздері жақтыр­маған «Порох­тың» одан әлдеқай­да жақ­сы екен­ді­гін бір­ден түсі­неді. Сон­ды­қтан жаңа пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да, ашық прай­ме­р­из­дер әдісі­мен, Поро­шен­ко бірін­ші орын ала ала­ды. Әрі қарай ол НАТО-ға бағыт ұстаған­дар­мен коа­ли­ция құруы мүм­кін. 

Ол кім болуы мүм­кін? Спи­кер, пре­мьер неме­се жәй фрак­ция бас­шы­сы болуы мүм­кін – ол маңы­зды емес. Қалай болған­да да ол әлі ұзақ уақыт елде­гі аль­фа-бас­шы­лар­дың бірі болып қала беретін­ді­гі ақиқат.

Қоры­тын­ды қан­дай? 

Ойын ұза­ққа созы­ла­ды. Мен «Порох­тың» хариз­ма­сы мен бір­бет­кей­лі­гі арқа­сын­да тренд­ті өзгер­тіп, жеңіс­ке жететін­ді­гін де жоққа шығар­май­мын. Бірақ жеңілісті де жаңа ұры­старға дай­ын­дық плац­дар­мы ретін­де қарау керек дей­мін. 

Ең басты плюс – мәс­ке­улік аран­да­ту­шы Тимо­шен­ко­ны тарих қоқы­сы­на тастаға­ны­мыз, ол болған­да бізді шексіз инфля­ция мен шексіз тур­бу­лент­тілік күтіп тұр еді.

Зелен­ский де әлсіз пре­зи­дент (ұтып жат­са), бірақ оның да плюс жағы бар – ол Коло­мой­ский­дің қол­ба­ла­сы ретін­де өзі үшін өлім­ге тең қадам­дарға баруға мәж­бүр бола­ды.

Мүм­кін Коло­мой­ский ештеңе жасай алмас та… Неге? Өйт­кені «Порох­тың» басты еңбе­гі – ол елде­гі негіз­гі про­цес­стер кері қайт­пай­тын­дай, бір­не­ше сақтан­ды­ру шара­ла­рын жасап таста­ды. Ешқа­шан да Зелен­ский мен оның ком­па­ни­я­сы Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген еуро­ат­лан­ти­ка­лық кур­сты өзгер­ту­ге қар­сы 300 дауы жинай алмай­ды. Ешқа­шан да Зелен­ский мен оның ком­па­ни­я­сы арми­яға агрес­сор­мен күш­теп келісім­ге келуді таңа алмай­ды, өйт­кені ол армия жеңістің дәмін тат­ты, өз күшін көр­ді. Оның үстіне, біз­де пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік рес­пуб­ли­ка, сон­ды­қтан Трамп­ты бел­гілі бір рам­ка­да ұстап оты­рған әміри­ка­лық систе­ма сияқты, Зе-Ленин­ді рам­ка­да ұстай­ды. Плюс аза­мат­тық қоғам бар (қара­пай­ым халық емес, әйгілі 10% пас­си­о­на­рий­лер), олар комик­тің әрбір қада­мын бақы­лап оты­ра­ды.

Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да: Вова Пут­лер жаққа қарай күрт қадам жаса­уға қорқа­тын бола­ды – күшпен орны­нан алып тастау мен өзін-өзі қорғау инстикті оған қуыр­шақ ұста­у­шы­ның биші­гі­нен де қат­ты әсер ете­ді.

Порох­тың 2‑ші тур­да жеңіс­ке жетуін жоққа шыға­руға бол­май­ды. Қалай болған­да да, біз сары­уай­ы­мға салын­ба­уы­мыз қажет – егер біз 14-ші жылы елді қорғап қала алсақ, оны қазір де қорғап қала ала­мыз. Өмір тама­ша, жалға­сып жатыр, сол үшін күре­су керек. 

  • Helgi Sharp-тың ФБ-парақ­ша­сын­дағы жаз­ба­ны қаза­қ­ша­лаған – Қуа­ныш Еділ­хан­те­гі.
Республиканский еженедельник онлайн