Вторник , 1 июля 2025

РЕСЕЙ ЭКСПАНСИЯСЫ ЕЛЕУЛІ ҚАТЕР

Бел­гілі жазу­шы-пуб­ли­цист Марат Тоқаш­ба­ев Алма­ты­да өткен ІІІ Халық құры­л­тай­да «Ресей­дің Қаза­қстан­дағы экс­пан­си­я­лық сая­са­ты» деген тақы­рып­та баян­да­ма жасады.

Экс­пан­сия дегені­міз – бір мем­ле­кет­тің басқа мем­ле­кет­тер­ге, олар­дың тер­ри­то­ри­я­лық аумағы мен нары­қтық кеңісті­гін басып алу үшін жүр­гі­зетін сая­си және эко­но­ми­ка­лық ықпа­лы. Бұл жер­де әңгі­ме Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға қаты­сты экс­пан­си­я­сы тура­лы өрбімек.

Сая­са­ты дұрыс елдер ең алды­мен көр­шілері­мен тату тұра­ды. Ал біз Ресей­дің соңғы жыл­дар­да көр­ші Бал­тық елдеріне, Мол­до­ва, Гүр­жістан, Укра­и­на мем­ле­кет­теріне қар­сы дұшпан­дық әре­кет­терін көріп отыр­мыз. Әсіре­се Укра­и­на­ның Донецк және Луганск облы­ста­ры­ның бір бөлі­гін басып алып, сепа­ра­ти­стік аумақтар құрға­ны Ресей елін әлем­де­гі зұлым (изгой) елдер­дің қата­ры­на қосты. АҚШ бастаған бүкіл Батыс елдері Ресей­ге эко­но­ми­ка­лық, сая­си санк­ци­я­лар салып таста­ды. Әлі де салы­нып жатыр.

Сол сияқты Мем­ле­кет­тік дума­ның Жири­нов­ский, Нико­нов сияқты депу­тат­та­ры Қазақ жеріне көз алар­тып жүр­гені қазақ жұр­ты­ның да ашу-ыза­сын туғы­зып отыр. Орыс мем­ле­кеті – кезін­де­гі Ресей импе­ри­я­сы­нан кей­ін, «Совет Одағы», одан соң «Ресей Феде­ра­ци­я­сы» атан­са да, сая­са­ты өзгер­ме­стен тек ХХ ғасыр­да, яғни 1901 жыл­дан 2000 жылға дей­ін 44 рет әске­ри соғыс қимыл­да­рын жүргізген.

Қаза­қстан мен Ресей­дің 7 мың шақы­ры­мға созы­лып жатқа­нын ортақ шека­ра­сы бар. Оны әскер­мен жабу да, Қытай қорға­ны сияқты қорған тұрғы­зу да мүм­кін емес. Яғни біз тату көр­ші болуға тиіс­піз. Қазақ елінің тіке­лей Ресей халқы­на өкпе-рені­ші жоқ, бірақ Ресей мем­ле­кетінің агрес­си­я­шыл сая­са­ты­на нара­зы­лық үлкен.

Ресей елі СССР ыды­раған соң, әсіре­се билік­ке Путин кел­ген­нен кей­ін, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды дамы­ту­дың орны­на импе­ри­я­лық астам­шыл­ды­ққа бой алдыр­тып кет­ті. Бұры­нғы­сын­ша «рус­ский мир» әле­мін тіріл­ту, Кеңес Одағын мүм­кін­ді­гін­ше қал­пы­на кел­тіріп, көр­ші елдер­ге үстем­ді­гін орна­ту – Ресей­дің сыр­тқы сая­са­ты­ның жария етіл­мей­тін басым бағыт­та­ры­ның қатарында.

 Пат­ша­лық Ресей бөтен жер­лер­ді басып алып, қола­сты­на бағын­дыр­са, Совет Одағы ұлт­тық рес­пуб­ли­ка­ларға билік жүр­гізді. Қазір­гі пут­ин­дік Ресей «орыс әле­мін» жеңіс ұран­да­ры­мен жан­дан­ды­рғы­сы келеді. Сол жол­да 1941–1945 жыл­дар­да өткен гер­ман-совет соғы­сын­дағы жеңісіне там­са­нып, оны өз идео­ло­ги­я­сы­ның агрес­си­я­лық наси­ха­ты­на жалау етіп алды. Соның сал­да­ры­нан сол соғы­стың архив­тік құпия деректері әлі күн­ге ашыл­май келеді.

Сөз ара­сын­да айта кетей­ін, Гер­ма­ни­я­ның Екін­ші жаһан соғы­сын­дағы күл­лі адам шығы­ны 8,5 мил­ли­он бол­са, шығыс май­дан­да, яғни Совет Одағы­мен ұры­стар­да 5,5 млн ада­мы­нан айы­рыл­ды. Ал ССРО Мем­лет­тік жос­пар­лау коми­тетінің 2018 жылы кез­дей­соқ жария болып кет­кен ақиқат деректерін­де Совет Одағы­ның адам шығын­да­ры 47 млн болға­ны көр­сетіл­ген. Әске­ри шығын­да­ры 19 мил­ли­он. Бір фашист сол­да­тын өлті­ру үшін, СССР 9–10 ада­мын құр­бан­ды­ққа берген.

Бірақ соған қара­ма­стан, ресей­лік­тер­дің «Спа­си­бо деду за Побе­ду», «На Бер­лин!», «Можем повто­рить!» сияқты агрес­си­я­лық ұран­да­ры импе­ри­я­лық идео­ло­ги­я­сын жалға­сты­рып жатыр. Осы сая­сат­тың сал­да­ры­нан гене­рал Вла­со­втың арми­я­сын­дағы мара­пат бел­гісі – «Геор­ги­ев лен­та­сы» орыс пат­ри­о­тиз­мінің бел­гісіне айна­лып кет­ті. Елі­міз­де­гі Ресей­ге бүй­ре­гі бұра­тын оры­стіл­ді аза­мат­тар­дың көбі көлік­теріне осы лен­та­ны тағып жүретіні білгілі.

Жыл сай­ын 9‑мамыр қар­саңын­да «Бес­смерт­ный полк» акци­я­сы тық­па­ла­на­ды. Оған өкініш­ке қарай Алма­ты қала­лық ауған соғы­сы арда­гер­лерінің бір­ле­сті­гі сияқты ұйым­дар қол­дау біл­діріп жатады.

Ресей­дің НОД «Ұлт­тық азат ету қозға­лы­сы» деген сая­си ұйы­мы бар. Ол «рус­ский мир» иде­я­сы­ның руха­ни жоқта­у­шы­сы. Қаза­қстан­да НОД ұйым­да­сты­ра­тын сепа­ра­ти­стік пиғыл­дар жиі көрініс береді. Олар «Қаза­қстан­ды мой­ын­да­май­мыз» дей­ді. НОД фили­а­лы Қап­шағай­да, Пав­ло­дар­да, Өске­мен­де, Қоста­най­да жұмыс істей­ді. «Бес­смерт­ный полк» шта­б­та­ры солар­дың ұясы. Бұлар­ды Каза­че­ство қол­дай­ды. «Куста­най­ское каза­чее вой­ска», «Семи­ре­чен­ское каза­чьее вой­ска» деп тір­кел­ген. Айы­на екі рет атыс алаңы­на, стрель­би­ще­ге бара­ды. Офи­цер­лерінің бірқа­та­рын­да қос аза­мат­тық бар. Мұның бәрі Ресей­дің ресми орган­да­ры­ның үнсіз қол­да­уы­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатыр.

Ресей­дің әлдеқай­да күр­делі эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы – Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ. Бұл одаққа мүше елдер ара­сын­да өза­ра үлкен нарық бола­ды, оған қаты­су­шы­лар пай­да көріп, қарық бола­ды деп құры­лған. Мақ­сат – тау­ар­лар­дың, жұмыс күшінің, қыз­мет­тер мен капи­тал­дың, яғни төрт қозға­лы­стың еркін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету бола­тын. Сөй­тіп, 2014 жылы Қаза­қстан, Ресей, Қырғыз­стан, Бела­русь, Арме­ния елдері эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан бірі­гіп, жұмыс істе­у­ге қол қойған.

Алай­да іс жүзін­де осы ұйым­ның ЖІӨ-нің 87 пай­ы­зын құрай­тын Ресей бұл эко­но­ми­ка­лық одақты сая­си мақ­сат­та пай­да­ла­нуға үне­мі тыры­сып келеді. Әлсін-әлсін Ресей тара­пы­нан ортақ валю­та жасау, Еура­зи­я­лық пар­ла­мент құру тура­лы ұсы­ны­стар жаса­лып жата­ды. Өмір­дің өзі көр­сет­кенін­дей, бүгін­де Ресей тау­ар­ла­ры Қаза­қстан сауда орын­да­ры­ның сөре­лерін­де сіресіп тұр. Ал Ресей тара­пы­ның қол­дан жасалған бюро­крат­тық кедер­гілері сал­да­ры­нан қаза­қстан­дық тау­ар­лар Ресей нары­ғы­на өте алмайды.

Эко­но­ми­ка­лық сарап­шы­лар Ресей Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақта жетек­ші рөл атқа­ра­ды және негіз­гі пай­да­ны да сол көреді деп санай­ды. Бұл пікір ақиқатқа әбден жақын. Өйт­кені ЕАЭО оған мүше елдер­дің автоөн­дірісі дамы­ған Жапо­ния, Гер­ма­ния елдері­нен әкелі­нетін көлік­тер­дің кеден салы­қта­рын аспан­да­тып жібер­ді. Сөй­тіп, мүше елдер­ді өнім­дерінің сапа­сы төмен Ресей авто­про­мы­на бай­лап қойды.

Қаза­қстан 2015–20 жыл­дар ара­лы­ғын­да Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ шең­берін­де­гі сауда­дан 44 млрд дол­лар жоғал­тқан. Қаза­қстан соңғы бес жыл­дың ішін­де одаққа кіретін төрт мем­ле­кет­ке бар-жоғы 32 млр­дқа жуық дол­лар­дың тау­а­рын өткіз­се, ал Қырғыз­стан, Ресей, Арме­ния, Бела­русь елдері­нен, әрине Ресей­ден басым­ды­қ­пен Қаза­қстан нары­ғы­на 76 млрд дол­лар­дың тау­ар­ла­ры еркін енген. Міне, ара­дағы айыр­ма­шы­лы­қты қараңыз. Негізі­нен, Қаза­қстан нары­ғы­нан сырт­тан қап­таған импорт­тық тау­ар­лар­ды көресіз. Сөй­тіп 44 млрд дол­лар­дың зия­нын шегіп отырмыз.

Кей­бір басы­лым­дар­дың жазуын­ша, 2020 жылы Қаза­қстан Тұрақты даму рей­тин­гі бой­ын­ша Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ елдерінің ішін­де Ресей, Қырғыз­стан, Бела­русь­тан кей­ін­гі орын­да, Арме­ни­ядан ғана сәл жоға­ры тұр. Негізі, біздің билік елі­міз­де­гі мықты эко­но­мист сарап­шы­лар­дың пікіріне мой­ын бұрғы­сы келмейді.

Мыса­лы, осы­дан бес жыл бұрын эко­но­ми­ка ғылы­мы­ның док­то­ры Тоқтар Есір­ке­пов: «Біз Еура­зи­я­лық одақтың зиян­ды жақта­рын сезініп үлгер­дік. Рубль­дің арзан­да­уы­нан біздің кәсіп­кер­лер­дің жан дау­сы шығып жатыр. Кәсіп­кер­лер кеден­дік шека­ра­лар­ды уақыт­ша бол­са да, жаба тұру­ды сұрап отыр. Екін­ші­ден, Ресей тау­ар­ла­рын кір­гі­зуді тоқта­тып, өзі­міз­де бар ұқсас тау­ар­лар­ды елі­міз­ге әке­луді тоқта­ту не оларға кво­та қою мәсе­лесін көте­ру керек» деген еді.

Расын­да да, қазір­гі уақыт­та Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық нары­қта Ресей тара­пы қожай­ын­дық жасап отыр. Мәсе­лен, өткен жылы Қаза­қстан­ның мың­даған тон­на қыза­нақта­рын шека­ра­дан өз еліне өткізу­ге тый­ым салып, біраз уақы­тқа дей­ін рұқ­сат бер­мей қой­ды. Қан­ша­ма диқан­ның еңбе­гі еш, тұзы сор бол­ды. Сон­да қалай, олар­дың тау­ар­ла­ры Қаза­қстан нары­ғы­на еркін кіреді де, біздің тау­ар­лар Ресей­ге өте алмай, отан­дық фер­мер­лер шығы­нға бата­ды. Әділі, бұдан бес жыл бұрын эко­но­ми­стер айтқан пікір­ге құлақ салы­нуы керек еді.

Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа мүше елдер­дің ішін­де, әсіре­се Ресей соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­нан келетін тау­ар­ларға шек­теу қой­ып таста­ды. Әрине, бұған «коро­на­ви­рус кінәлі» деп айта салуға болар. Бірақ 2020 жылғы көр­сет­кіш­ке назар аудар­сақ, Қаза­қстан­ның Ресей­ге экс­пор­ты 13,2 пай­ы­зға төмен­де­ген. Өткен жылы мырыш – 37%, мыс – 13,1%, тас көмір – 15,2%, табиғи газ – 47,6%, алю­ми­ний – 30%, қара металл сыны­ғы – 53,7%, мұнай өнім­дері – 47,2%, хром 51,4 пай­ы­зға азай­ған. Түс­кен пай­да­ның 85 пай­ы­зы Ресей­ге тиесілі. Қалға­ны Қаза­қстан, Бела­русь, Қырғыз­стан мен Арме­ния ара­сын­да бөлі­неді. Елі­мізді қанау үшін құры­лған осын­дай одақтың не қажеті бар? Сон­ды­қтан Қаза­қстан мұн­дай әуресі көп, пай­да­сы жоқ одақтан бас тар­туы керек!

Эко­но­ми­ка­лық тақы­рып болған соң, Қаза­қстан­да салы­нуы ықти­мал АЭС мәсе­лесін де қозғай кетелік.

Соңғы жыл­дар­да Қаза­қстан­да АЭС салу мәсе­лесі жиі көтерілетін бол­ды. Бұған Қаза­қстан­да Атом электр стан­са­сын салуға айы­ры­қ­ша ынта­лы Ресей мұрын­дық болу­да. Қаза­қстан­дық билік те бұған кет әрі емес, оң иығын беріп тұр. Билік қоғам­дық жұрт­шы­лы­қтың нара­зы­лы­ғын еске­ре оты­рып «Мәсе­лені зерт­теу керек, қай­да салы­на­тын­ды­ғын аны­қтау керек» деген тәрізді алдарқа­ту ама­лын қолдануда.

Арнайы құры­лған Үкі­мет­тік комис­сия 2014 жылы АЭС сала­тын екі орын­ды аны­қта­ды. Бірі Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Кур­ча­тов қала­сы бол­са, екін­шісі Алма­ты облы­сын­дағы Балқаш бой­ы­на орна­ласқан Үлкен ауы­лы. Құры­лыс 3–5 млрд дол­ларға түседі деп бел­гі­леніл­ген. Ресей­дің мақ­са­ты бел­гілі – Қаза­қстан­ды уыстан шығар­мау. Ал біздікілер­ге не жорық?!

Әлем­де бұрын АЭС энер­ге­ти­ка­лық тығы­ры­қтан шыға­ра­тын бір­ден-бір жол ретін­де кеңі­нен тарай бастаған. Алай­да Чер­но­быль мен Фукусима‑1 стан­са­ла­рын­дағы апат­тан соң, бүкіл әлем ядро­лық энер­ге­ти­ка­дан бас тар­тып, қуат көз­дерінің қай­та­ла­ма түр­леріне, яғни Жел мен Күн энер­ге­ти­ка­сын пай­да­ла­нуға басым­дық бере бастады.

Бұрын әлем­де 31 мем­ле­кет АЭС қуа­тын пай­да­лан­са, қазір одан бас тар­ту құбы­лы­сы етек алып бара­ды. Ең алды­мен Ита­лия өз елін­де­гі бар­лық АЭС-ті пай­да­ла­ну­дан бас тарт­ты. Оған іле­се Бель­гия, Гер­ма­ния, Испа­ния, Швей­ца­рия, Тай­вань ядро­лық энер­ге­ти­ка­дан бір­тін­деп бас тар­ту сая­са­ты­на көшті. Нидер­лан­ды мен Шве­дия да атом энер­ге­ти­ка­сы­нан безіп отыр. Австрия, Куба, Ливия, КХДР, Поль­ша эко­но­ми­ка­лық, неме­се тех­ни­ка­лық себеп­тер­мен ядро­лық энер­ге­ти­ка жос­пар­ла­рын үзіп, АЭС құры­лы­ста­ры­ның басталған жұмыста­рын тоқтат­ты. Әлем­де 440 ядро­лық реак­тор бол­са қазір соның 164‑і жабылды.

Бұрын ядро­лық энер­ге­ти­ка­сы мүл­де бол­маған, АЭС салу­ды енді ғана көз­деп оты­рған Австра­лия, Азер­бай­джан, Гана, Гре­кия, Гру­зия, Дания, Ирлан­дия, Лат­вия, Лих­тен­штейн, Люк­сем­бург, Малай­зия, Маль­та, Жаңа Зелан­дия, Нор­ве­гия, Пор­ту­га­лия, Филип­пин елдері ядро­лық жоба­ла­рын кері ысы­рып, сала бастаған АЭС құры­лы­ста­рын тоқтат­ты. Атом энер­ге­ти­ка­сы сала­сын­дағы АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Фран­ция мен Гер­ма­ния сияқты көш­бас­шы елдер өз елдерін­де­гі АЭС санын қысқар­ту­ды көз­деп отыр. МАГАТЭ-нің болжам­да­ры­на қараған­да ядро­лық қуат өндірудің шырқау шыңы 2006 жыл­дан кей­ін жаһан­дық энер­ге­ти­ка өндіру­де ядро­лық үлес 17 пай­ы­здан азай­ып, бір­тін­деп 6 пай­ы­зға түседі деп күтілуде.

Міне, осын­дай әлем­дік дең­гей­де ядро­лық қуат көз­дері­нен бас тар­ту үрдісі белең алған тұста Қаза­қстан билі­гінің АЭС салуға мүд­делі болуы таң қал­ды­ра­ды. Сөз жоқ, бұл жер­де Ресей­дің мүд­десі жоқ деп айта алмайсың.

Бел­гілі энер­ге­тик әрі эко­но­мист, KEGOC-тың экс-бас­шы­сы Әсет Науры­з­ба­ев: «Қаза­қстанға төніп тұрған электр қуа­ты­ның тап­шы­лы­ғы жоқ!» дей­ді. Қазір­гі таң­да елі­міздің энер­ге­ти­ка­лық жүй­есі негізі­нен көмір, газ және су электр стан­са­ла­ры­нан тұра­ды. Қай­та­ла­ма энер­гия көз­дерінің қуа­ты неба­ры үш пай­ы­зды ғана құрай­ды. Жел және Күн энер­ге­ти­ка­сы­ның дамуы­на біз­де мүм­кін­дік орас­ан. Ең арзан қуат көзі – Күн! Әлбет­те, электр қуа­ты­на сұра­ныс өсе түсетіні анық. Егер біз қай­та­ла­ма қуат көз­дерінің мөл­шерін 15 пай­ы­зға жет­кіз­сек Атом электр ста­на­са­сы­ның қажеті бол­май қалады.

Қызық болған­да Қаза­қстан Үкі­метінің 2030 жылы қай­та­ла­ма энер­гия көз­дері­нен алы­на­тын қуат мөл­шерін 30 пай­ы­зға, 2050 жылы 50 пай­ы­зға жет­кі­зе­міз деген жоба-жос­па­ры да болған. Осын­дай дені дұрыс бағыт тұрған­да Үкі­мет­тің АЭС салуға ойы­суы бұл ең алды­мен Ресей­дің көңілі­нен шығуға деген құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан туын­да­са керек. АЭС салы­на­тын бол­са оны әрине Ресей сала­ды. Оны сала­тын да, кей­ін қыз­мет ететін де ресей­лік маман­дар бола­ды. Бұл елі­міздің ұлт­тық қауіп­сізді­гі үшін өте қауіп­ті. АЭС тұтқа­сын экс­пан­си­я­лық пиғы­лы басым дос­сы­мақ елге ұста­ту Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гі­мен қошта­су деген сөз.

Шын мәнін­де көріп оты­рған­да­ры­ңы­здай, Қаза­қстан­да АЭС салу­дың мүл­де қажеті жоқ! Бар болға­ны бала­ма­лы энер­гия көз­дерінің, Жел және Күн энер­ги­я­сы­ның орас­ан мүм­кін­дік­терін ұтым­ды пай­да­лан­сақ жетіп жатыр.

Енді Ресей­дің әске­ри экс­пан­си­я­сы тура­лы сөз еткім келеді. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 30 жыл өтсе де, Қаза­қстан аумағын­да Ресей­дің бес әске­ри ғылы­ми-зерт­теу және сынақ поли­гон­да­ры жұмыс істеп тұр. Ол аумақтар жалға беріл­се де, жал­дық ақы­сы көбіне Қаза­қстанға қару-жарақтың Ресей­дің ішкі баға­сы­мен сату есебі­нен өте­леді. Бұл Қаза­қстан мен Ресей­дің қорға­ныс сала­сын­дағы ынты­мақ­та­сты­ғы деген желе­умен жүзе­ге асып жатыр. Екі елді Ұжым­дық қауіп­сіздік шар­ты ұйы­мы­на мүшелік, әске­ри білім, әске­ри қару-жарақ сауда­сы, бір­лес­кен жат­ты­ғу­лар өткі­зу, ортақ әске­ри әуе қорға­ны­сы сияқты нәр­се­лер біріктіреді.

Екі елдің ара­сын­да 1994 жылы жасалған әске­ри ынты­мақ­та­стық тура­лы, 2013 жылы жасалған әске­ри-тех­ни­ка­лық ынты­мақ­та­стық сала­сын­дағы, 2004 жылы жасалған Бай­қоңыр тура­лы келісім-шар­ттар бар. Бұған қосым­ша 2013 жылы жасалған екі елдің ара­сын­да әске­ри әуе қорға­ны­сы­ның бір­тұ­тас өңір­лік жүй­есін қалып­та­сты­ру тура­лы келісім де бар. Бірақ осы шар­ттар­дың өзі­нен Ресей­дің үстем­дік пиғы­лы көрініп тұра­ды. Яғни соғыс жағ­дай­ын­да Қаза­қстан аспа­нын Ресей қорғай­ды! Ал агрес­сия Ресей тара­пы­нан бол­са өзі­міз­ден басқа елі­мізді кім қорғайды?

Енді сол бес поли­гон­ның жағ­дай­ын айта кетейін.

Сары­шаған поли­го­ны. Балқаш жаға­ла­у­ын­дағы бұл поли­гон­да жауын­гер­лік зымы­ран кешен­дері сына­ла­ды. Сары­шаған­да Ресей қару­лы күш­тері ғары­штық әскері 3‑ші жеке раке­та­лық-ғары­штық қорға­ныс арми­я­сы­ның жеке радио­тех­ни­ка­лық тора­бы орна­ласқан. Онда Сары­шаған­да сыналған жауын­гер­лік зымы­ран кешен­дерінің тех­ни­ка­лық пара­метр­лері тіркеледі.

«Тай­сой­ған» поли­го­ны. Аты­рау облы­сын­дағы 1949 жыл­дан жұмыс істей­тін бұл поли­гон­да ұзақ жыл­дар ядро­лық сынақтар жүр­гізіліп кел­ді. Жары­лы­стар 500 метр тереңдік­те жаса­ла­тын. 1966 ‑1977 жыл­да­ры мұн­да 24 ядро­лық сынақ жасал­ды. Бұл өңір­де бүгін­де онко­ло­ги­я­лық және псхо­ло­ги­я­лық дерт­тер ушы­ғып тұр.

«Бай­қоңыр» ғарыш кешені. Бұл Қызы­лор­да облы­сын­дағы обьект әлем­де­гі стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тағы аса үлкен әске­ри нысан болып табы­ла­ды. Ресей онда зымы­ран-тасы­ғы­штар­дың бар­лық түр­лерін ұшы­рып отыр. Ресей­лік «Про­тон» аппа­ра­та­ры­ның апат­та­ры да мұн­да жиі орын алады.

171 авиа­ци­я­лық комен­да­ту­ра. Қараған­ды қала­сын­дағы бұл комен­да­ту­ра тыл сұра­ны­ста­рын қам­та­ма­сыз ету­ге және «Бай­қоңыр» айлағы­нан ғарыш аппа­рат­та­рын ұшы­ру мен қон­ды­ру кез­дерін­де ізде­сті­ру-эва­ку­а­ци­я­лау жұмыста­ры­мен айналысады.

Бұған Ресей Қару­лы Күш­тері Көлік авиа­ци­я­сы­ның Қоста­най қала­сын­да жеке пол­кін де қосай­ық. Бұдан өзге Ресей­дің «Оңтүстік трас­са­сы» аясын­да Қазақ жерін­де тағы екі әске­ри база­сы бар. 4‑ші мем­ле­кет­тік орта­лық поли­го­ны. Оның Батыс Қаза­қстан облы­сын­да бір­не­ше нысан­да­ры бар. 929-шы мем­ле­кет­тік ұшу-сынақ орта­лы­ғы. Бұл поли­гон­ның нысан­да­ры Аты­рау мен Батыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да орна­ласқан. Аталған поли­гон онда 1995 жыл­дан бері тұрған ресей­лік зымы­ранға қар­сы А ‑135 қорға­ныс жүй­есін­де сынақтар жүр­гі­зу үшін пай­да­ла­ны­ла­ды. Мұның бәрі «Капу­стин Яр», «Төре­там» («Бай­қоңыр»), Сары­шаған және Кам­чат­ка­дағы «Кура» поли­гон­да­рын қам­ти­тын «Южная трас­са» желісін құрайды.

Кеңес Одағы ыды­рағанға дей­ін Қаза­қстан­да оның аумағы­ның 7 пай­ы­зын қам­ти­тын аса ірі сегіз сынақ поли­го­ны болған. Бүгін­гі таң­да Ресей поли­гон­да­ры Қаза­қстан­ның 11 млн гек­тар жерін қам­тып отыр. Бұл ел аумағы­ның 5 пай­ы­зын құрай­ды. Онда тек Ресей заң­да­ры ғана үстем.

 Сон­ды­қтан Ресей Қару­лы күш­терінің Қаза­қстан­дағы әске­ри база­ла­ры­ның саны бір­тін­деп азай­ты­луға тиіс!

 Сон­дай-ақ «Бай­қоңыр» ғарыш кешені­нен ұшы­ры­ла­тын «Про­тон» зымы­ран тасы­ғы­шта­ры­ның зиян­ды геп­тил­ді отын ретін­де пай­да­ла­нуы қазақ топы­рағы­ның эко­ло­ги­я­сы­на, фло­расы мен фау­на­сы­на орас­ан зия­нын тигізіп отыр. Сон­ды­қтан геп­тил­ді пай­да­ла­нуға тый­ым салы­нуы керек!

Енді Ресей­дің Қаза­қстан­дағы ақпа­рат­тық экс­пан­си­я­сы­на келей­ік. Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық кеңісті­гін­де ресей­лік кон­тент басым. Бұры­нғы пре­мьер Кәрім Мәсі­мо­втің «Қаза­қстан халқы­ның 55 пай­ы­зы Ресей­дің ақпа­рат кеңісті­гін­де өмір сүреді» деген бір сөзі бар еді. Дәл қазір бұл көр­сет­кіш ұлғая түс­пе­се, кемі­ме­гені анық. Бұл экс­пан­сия теле­ви­де­ние сала­сы­нан айқын көрі­неді. Біздің билік ресей­лік «Россия‑1», Рос­сия-24», «НТВ», «Рен ТВ», «СТС» және «ТНТ» теле­ар­на­ла­ры­на жол ашып қой­ған. Шека­ра­лас облы­стар­да көре­рмен­ге көр­ші елдің өңір­лік теле­ар­на­ла­ры тық­па­ла­на­ды. Ресей­лік үле­спен жұмыс істей­тін «Евра­зия» арна­сы кез кел­ген мәсе­ле­ге Мәс­кеу приз­ма­сы­нан баға береді.

 Қаза­қстан аумағын­дағы газет-жур­нал дүң­гір­шек­теріне қараңыз, «Ком­мер­сант», «Изве­стия», «Аргу­мен­ты и Фак­ты», «Ком­со­моль­ская прав­да», «Мос­ков­ский ком­со­мо­лец» сияқты ресей­лік басы­лым­дарға, Ресей­де шыға­тын глянц-жур­нал­дарға толы. Ол жер­ден қазақ тілін­де­гі басы­лым­дар­ды сирек көресің. Ғалам­тор кеңісті­гін­де де оры­стіл­ді сайт­тар басым­ды­ққа ие.

 Ресей­дің ақпа­рат­тық экс­пан­си­я­сы­на тосқа­уыл қою тура­лы қан­ша­ма рет айтыл­са да бұған билік­те ешкім мән беріп жатқан жоқ. Ал оған бақы­лау жасау, экс­пан­си­я­лық ықпал­ды азай­ту қазір күн тәр­тібін­де тұр.

Цифр­лық даму тура­лы. Тая­у­да Қаза­қстан тара­пы цифр­лық Үкі­мет­тің плат­фор­ма­сын жасау үшін СБЕР ком­па­ни­я­лар тобын серік­тес ретін­де таң­дап­ты. Сбер деп оты­рға­ны­мыз атын 2020 жылы өзгерт­кен «Сбер­банк». Ол активі 13 млрд дол­лар­дан аса­тын ресей­лік ең таны­мал бренд. Тех­но­ло­ги­я­лық тұрғы­дан «Сбер» өте озық. Қаза­қстан ол әзір­ле­ген плат­фор­ма­ны пай­да­ла­на­тын бол­са, ондағы деректер Ресей билі­гіне алақанға салған­дай көрініп тұра­ды. «Жаман айт­пай жақ­сы жоқ» демек­ші, Ақор­да мен Кремль ара­сын­да ала­көздік туа қал­са, бұл Кремль қолы­на көзір ұстатқан­мен бір­дей. Анау-мынау шпи­он­ның қолы­нан кел­мей­тін істі «Сбер» «ойнап оты­рып» атқа­рып, құпия деректер­ді ФСБ-ға жіберіп оты­ра­ты­ны­на еш күмән бол­ма­сын. Ұлт­тық қауіп­сіздік тұрғы­сы­нан бұл жол беру­ге бол­май­тын қадам! Сон­ды­қтан Қаза­қстан Үкі­метін мұн­дай жоба­дан бас тар­туға шақырамыз!

 Түр­кия елінің сегізін­ші пре­зи­ден­ті Тұрғыт Өзал 1993 жылы Қаза­қстанға кел­ген сапа­рын­да жап-жас Ақпа­рат мини­стрі Алтын­бек Сәр­сен­ба­евқа: «Алтын­бек інім, сен­дер азаттық алды­ң­дар, шүкір, сан ғасыр баба­лар аңсаған күн­ге қол жет­кіздің­дер, енді осы мем­ле­кет­тілік­теріңді нығай­ту­ды ойлаң­дар, оры­спен қосақта­лып жүре бер­мең­дер. Сен­дер бөлек мем­ле­кет болып қалып­та­са­мыз десең­дер, Ресей­ден ірге­леріңді аулақ ұстаң­дар. Рас, бір кез­де құдай оры­спен қосақтап қой­ды, оры­спен ара­ла­ры­ң­да тари­хи бай­ла­ныс терең, олар­мен тым аста­сып кет­тің­дер, бірақ алған елдік­теріңді баян­ды қылғы­ла­рың кел­се, сен­дер­ге осы бай­ла­ны­сты өз қол­да­ры­ң­мен үзу керек. Онсыз бол­май­ды, інім, ол жер­ден қан сорға­ла­уы мүм­кін, бірақ сен­дер сол қан­ды жуып тастап, қан­ның тоқтаға­нын, ауы­рған жара­ның басы­лға­нын күтіп, ол тамыр­ды тағы үзу­лерің керек, ауру­дан жан­да­рың шығып кет­се де, ол тамыр­ды үзе беру­лерің керек, үзе беру­лерің керек. Сен­дер тек солай ғана бөлек мем­ле­кет боп қалып­та­са­сы­ң­дар» дегені бар. Бұл халы­ққа да, билік­ке де ой салуы тиіс!

Қоры­та айтқан­да, Қаза­қстан Ресей­мен достық қарым-қаты­на­сты сақтай оты­рып, ұлт­тық мүд­де­міздің аяққа тап­тал­мауы­на мән беруі керек. Біз­ге аға­лық үстем­дік көр­се­тетін ел емес, пари­тет­тік тұрғы­да тең құқы­лы әріп­тес қажет. Ресей­мен бай­ла­ны­стың бар­лық дең­гей­ін­де осы қағи­да сақталға­ны дұрыс. Достық пей­іл жақ­сы, ал тәу­ел­сіздік бәрі­нен қымбат!

Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» №45 (597) от 01 декаб­ря 2021 г.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн