fbpx

САЙРАГҮЛ Швециядан СӘЛЕМ АЙТТЫ!

Сей­сен­бі күні кеш­кісін таны­мал адво­кат Айман Ома­ро­ва өзінің қорға­уын­дағы Сай­ра­гүл Сауыт­бай­мен бір­ге Шве­ци­ядан тіке­лей эфир­ге шықты.

Қаза­қстан­нан аза­мат­ты­қты былай қой­ып, босқын мәр­те­бесін ала алмай, шетел­ді пана­ла­у­ы­на қол ұшын бер­ген адво­кат мұңы­лық-ана Сай­ра­гүл­ді іздеп барып, өз көзі­мен тұр­мыс жағ­дай­ын көр­ді. Сол жер­ден тіке­лей эфир арқы­лы бай­ла­ны­сқа шығып, әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­ры­ның сұрақта­ры­на жау­ап бер­ді. Сай­ра­гүл­ге жана­шыр ағай­ын­ның ізгі тіле­гі­мен қатар, кекеп-мұқа­ту­шы­лар да бол­ды. Сол сұрақтар­дың бәріне Сай­ра­гүл сал­мақты жау­ап қай­тар­ды.

«Армысыздар, Алаш жұр­ты! – деп баста­ды сөзін Сай­ра­гүл. –Адво­ка­ты­мыз Айман Ома­ро­ва осы­дан бір ай бұрын мені әуе­жай­да шыға­рып салар кез­де бір айдан соң арты­ң­нан барып, жағ­дай­ын­ды көріп қай­та­мын деген бола­тын. Сол уәдесін­де тұр­ды. Міне, кел­ді».

Елден отба­сы­мен асы­ғыс аттанған Сай­ра­гүл халы­қ­пен дұры­стап қошта­са алмаға­нын, рах­мет айтып кете алмаға­нын, өздерін Шве­ция жақ­сы қар­сы алға­нын айт­ты.

«Шве­ци­яға кел­ген соң, әртүр­лі адам­дар бар­лық мүм­кін­дік­тер­ді жаса­ды. Тіп­ті алты бөл­мелі үй бер­ді, шетел тілін үйре­ну кур­сы­на барып жүр­міз. Әзір­ге жұмыс істеп жатқан жоқ­пыз. Бала­лар­ды да қалай оқы­та­мыз деп, мұн­дағы ата-ана­лар бас қатыр­май­ды екен. Бала­ларға жау­ап­ты арнайы екі адам бар, олар осы айдың жиыр­ма­сын­да екі балам­ды алып кетіп, тіл үйре­те­ді. Мұн­да адам құқы­ғы­на сон­дай сый­ла­сты­қ­пен, құр­мет­пен қарай­ды. Ешкім сені ешнәр­се­ге қина­май­ды.

Жақ­сы адам­дар­дың көме­гі­мен әле­умет­тік желі­де «Сай­ра­гүл­ге ара­ша»! деген жеті топ құрыл­ды. Үлкен-кіші бар, бала­ларға дей­ін ұзақ уақыт қол­да­у­шы болды.Үлкен руха­ни күш бер­ді. Сол топ­тағы адам­дар­дың бар­лы­ғы­на алғы­сым­ды біл­діре­мін. Өздеріңізді сағы­нып жүр­мін, сіз­дер кере­мет, қым­бат адам­сыздар! Еуро­паға кел­генім­де қан­даста­ры­мыз жер-жер­ден хабар­ла­сты.

Еуро­па­да тұра­тын, бұрын­нан менің жағ­дай­ым­ды біліп оты­рған қан­дастар хабар­ла­сып, келіп кет­ті. Жағ­дай­ы­мы­з­бен таны­сты. Жақ­сы адам­дар жер бетін­де өте көп екен, жақ­сы сөз естіп, қол­дау көр­ген мен бақыт­ты­мын! Қазақ елін­де­гі әділет­ті сүй­етін, жүре­гі таза адам­дарға жақ­сы­лық тілеп жүре­мін. Мен үшін бәріңіз қым­бат­сыздар! Бала­ла­рым­ды жақ­сы тәр­би­е­ле­сем, сіз­дер­ге, Қазақ еліне көме­гім тисе екен деп ойлай­мын. Маған жасаған жақ­сы­лы­қта­ры­ңы­зға қары­здар­мыз!» – деді өз елі­нен пана тап­пай, Еуро­па асып кету­ге мәж­бүр болған ана толқу үстін­де.

– Серік­жан Біләш тура­лы не айта­сыз?

– Серік­жан Біләш әлем тани­тын құқы­ққорға­у­шы. Ол кісі Қытай­да қина­лып, тағ­ды­ры тәл­кек­ке түсіп жатқан қаза­қтар­дың жағ­дай­ын әлем­дік дең­гей­ге көтер­ді. Менің тауқы­мет­ке толы тағ­ды­рым­да күн­діз-түні ұйы­қта­май, жүгір­ген аза­мат. Ақиқат, Серік­жан ағаға қаты­сты жағ­дай­да әділет­тілік жеңеді! Әділет­тілік жолын­дағы қыз­метінің арқа­сын­да тез ара­да бостан­ды­ққа шыға­ды деп сене­мін, соны тілей­мін!

– Еліңіз­ге өкпе­ңіз, рені­шіңіз бар ма?

– Ешкім­ге рен­жі­мей­мін, өкпе­ле­мей­мін. Осы өмір­ге бәрі­міз қонақ­пыз, қысқа ғұмыр­да бір-бірі­мізді баға­лай­ық!

– Қаза­қстан үкі­метіне өкпе­ңіз бар ма?

– Қаза­ққа бер­ген Алла­ның жері кең, дар­хан дала­сы бар. Тек таба­ным­ды тірей­тін алақан­дай ғана жер­дің маған бұй­ыр­маға­ны өкіні­шті-ақ! Өздеріңіз­ге, қазақ еліне деген сағы­ны­шым басыл­май­ды екен. Қазақ тілін ешу­ақыт­та ұмыт­пай­мыз! Жуыр­да Аме­ри­ка­дан бір аза­мат арнайы келіп кет­ті. Өзі осы Шве­ци­я­ның ада­мы екен, Аме­ри­ка­дағы бір уни­вер­си­тет­тің про­фес­со­ры. Осы жер­ден көлік жал­дап, отба­сы­мы­зға қала­ны ара­лат­ты. «Шве­ци­яға қош кел­дің, Сай­ра­гүл!» деп мақа­ла­жа­зып­ты. Өз елім­нің жағ­дай­ын таны­сты­рай­ын деп кел­дім дей­ді. «Қиын тағ­дыр­лы адам­дар­ды тауқы­мет­тен құтқа­рып, осын­да алып кел­ген өзім­нің Шве­ци­ям үшін, өзім шве­ци­я­лық болға­ным үшін мақта­на­мын!» – дей­ді.

Тіл­ді үйреніп, жағ­дай­ы­мы­зды дұры­стап алған­нан кей­ін, әле­умет­тік желі­де парақ­ша ашып, бар­лы­ғы­ңы­з­бен бай­ла­ны­сқа шыға­тын бола­мын.

Тіке­лей эфир­дің мәтінін ықшам­дап дай­ын­даған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн