Сбывается аренда ЗЕМЛИ НА 49 ЛЕТ?

За и против

·       «Қазақстандықтар ауыл шаруашылығына тиісті жерлерді 49 жылға арендаға ала алады» деп мәлімдеді кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров.

ҚазТАГ таратқан осы орайдағы хабардың қаз-қалпындағы нұсқасы мынадай:

 «Основными изменениями и дополнениями законопроекта являются предоставление казахстанцам и казахстанским юрлицам земель сельхозназначения в долгосрочную аренду сроком до 49 лет, с приоритетным правом пролонгации аренды на новый срок при ее истечении. Отчуждение права землепользования на земли сельхозназначения между землепользователями без выкупа у государства. При этом обязательным условием будет срок их использования не менее пяти лет, а также уведомление уполномоченного органа по земельным отношениям», – сказал Сапаров в ходе пленарного заседания в среду.

Также, по его словам, законопроектом предусмотрено уточнение норм по установлению срока обжалования протокольного решения земельной комиссии. Определение территорий пастбищных угодий, необходимых для удовлетворения нужд населения для выпаса сельхозживотных личного подворья, в зависимости от местных условий и особенностей, с обозначением их в плане по управлению пастбищами. Продление срока действия моратория на предоставление в частную собственность земель сельхозназначения сроком до 31 декабря 2026 года.

КазТАГ

Қарсымын 49 жылда КІМ БАР, КІМ ЖОҚ?

Көп адамның ойынша, жерді 49 жылға беру – тым ұзақ мерзім. Сөздің жаны бар.

Ал енді мынаған қараңыздар. Сол 49 жыл өткеннен кейін, фермер немесе оның мұрагерлері әкімдікке жай ғана арыз жазып, сол жалды тағы 49 жылға автоматты түрде ұзарта алады! Ешқандай жаңа конкурс болмайды деп жатыр. Сонда мұндай мәңгілік жалдың жеке меншіктен не айырмашылығы бар?

Олай болатын болса, заңға ашық жазбаймыз ба: бүгінгі жер пайдаланушылар жерге мәңгілік ие болады, басқаларға жер қол жетімсіз қала береді деп?

Жұмысшы тобында қазір бұндай пікірталас болып жатыр. Меніңше, бұл нағыз бассыздық.

Мұхтар ТАЙЖАН

АЛМАТЫДА ӨРІП ЖҮРГЕН патрульге тағы да 33 авто қосылады

  • Алматы полициясы 33 жеңіл көлік сатып алуға 240 млн теңгеден астам қаражат жұмсауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Тапсырыс беруші – ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаменті; атауы – автомобиль; қосымша сипаттамасы – жеңіл автомобиль; бір көліктің бағасы – 6,99 млн теңге; саны – 33; жоспарлы сомасы – Т216,69 млн», – деп жазылған Мемлекеттік сатып алу порталына орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Сонымен бірге порталда тағы бір лот орналастырылып, әрқайсысы 11,745 миллион теңге болатын (жиыны – Т23,49 млн) екі жеңіл көлік сатып алу көзделген. Біреуі 27,5 мың доллар тұратын бұл седан кузовты көліктер полицияға не үшін керек? Шамасы, қымбат бағалы бұл екі автоны полиция басшыларына арнап сатып алу көзделсе керек.

«Бір қызығы­ – екі қымбат көліктің техникалық сипаттамасында есіктің тұтқалары, сондай-ақ артқы көрініс айналарының корпустары дененің түсіне боялуы керек деген талап көрсетілген» деп жазады ҚазТАГ. Әлбетте, сатып алу лотына қатысатын бизнес компаниялар «дененің түсі» түгілі, құстың сүтіне бояса да, ондай талапты орындауы әбден мүмкін. Бірақ Алматы қаласы полициясының басшылығына айнаның дене түсіне боялуы қандай қажеттіліктен туғаны беймағлұм.

ДАТ-ақпарат

 

«ДВК» МЕН «КӨШЕНІ» қолдаушылар сотталды

blank
  • Суретте солдан оңға қарай: Ерлан Файзуллаев, Нұржан Әбілдаев және Жанмұрат Аштаев сот үкіміне наразылық білдіріп тұр.

1 маусымда Шымкенттің Қаратау аудандық соты «тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты» («ДВК» қозғалысы мен «Көше» партиясы) деп айыпталған азаматтық белсенділер Жанмұрат Аштаевтың бостандығын – 2 жылға, Ерлан Файзуллаев пен Нұржан Әбілдаевтың әрқайсысының бостандығын 1 жыл 6 айға шектеді. Сотталушылар тағылған айыппен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Сот бұған қоса, үш белсендіге үш жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салып, жылына 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Судья белсенділердің кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

Судья үкім оқып тұрғанда, Жанмұрат Аштаев Конституцияны алып, оған «жоқ» деген белгі қойып, көтеріп ұстап тұрды. Ал Нұржан Әбілдаевтың қолында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті басылған газет пен «Қазақстанда сот әділетсіз» деген жазуы бар қағаз болды.

Белсенділер тағылған айыптармен келіспеді. Олар істің саясиланғанын, өздерінің «саяси көзқарасына бола жазаланып отырғанын» айтты.

Прокурордың айыптау актісінде Аштаев, Файзуллаев, Әбілдаев 2020 жылы 19 қазанда Файзуллаевтың Facebook парақшасынан тікелей эфирге шығып, Нұр-Сұлтан соты экстремистік ұйым деп тауып, жұмысына тыйым салған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясын» жақтап, олардың жұмысына араласқан.

Нұржан Әбілдаев, Жанмұрат Аштаев пен Ерлан Файзуллаев бұған дейін «Жерді сатуға қарсы шығып», «Саяси тұтқындарға бостандық талап еткен», «Қытай экспансиясына қарсы» наразылық шараларына қатысқан. Сол үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылып, қамалған.

Azattyq.org

Желідегі жазба

ПЕНТАГОН КРЕМЛЬДІ ойбайлатып жатыр…

blank

Мәскеу жақтан ойбайлаған, ұлыған, дауыстап жылаған дауыстар естіліп қалды. Сөйтсек… Байден АҚШ-тың 2022 жылға арналған бюджетінің жобасын ұсыныпты. Бұл бюджет бұрын-соңды болмаған рекордтық бюджет екен – 6 трлн доллар! Енді осының Пентагонға бөлінген ақшасын қарайық.

Әскери салаға $753 млрд (Қазақстанның 10 жылдық бюджетіне пара-пар сома – Ред.) бөлінгелі отыр, бұл Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан бергі бөлініп отырған аса ірі, рекордтық қаражат екен. Сонымен, Пентагонның инвестициялық бағдарламасына мынадай қаржы бөлінетін болыпты:

  • Ядролық күштерді модернизациялауға – $27,7 млрд;
  • Зымыранға қарсы қорғаныс системасына – $20,4 млрд;
  • Алысқа ататын (жою аймағы радиусы 100 км-ден астам) артиллерия жүйесін жасауға – $6,6 млрд;
  • ӘӘК жойғыштығын арттыруға – $52,4 млрд және ӘТК – $34,6 млрд; 
  • Кибероперацияларға – $10 млрд-тан астам;
  • $112 млрд әскери зерттеулер мен дайындауларға арналған; 
  • Стратегиялық көзге түспес бомбалаушы B-21 «Raider» ұшақтарына – $3 млрд; 
  • «Колумбия» баллистикалық зымырандары бар сүңгуір субмариндерге – $5 млрд;
  • LRSO алысқа ататын зымырандарға – $609 млн; 
  • AEGIS BMD теңіздік базадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне – $1 млрд; 
  • Ракетаны қағып алу жүйесінің жаңа үлгісіне – $1,7 млрд; 
  • 85 «F-35» жойғыш ұшағына -– $12 млрд; 
  • 14 «KC-46» Pegasus жанармайтасығыш ұшағына – $2,5 млрд; 
  • 30 «AH-64E Apache» тікұшағына – $825 млн; 
  • Салынып жатқан «Жеральд Р. Форд» авиатасығышына –$2,9 млрд; 
  • Екі атом «»Виржиния» субмариніне – $6,9 млрд; 
  • «Арли Берк» ракеталық эсминціне – $2,4 млрд.
  • Барлық әскерилерге жалақысын 2,7%-ге көтеруге.

Мұның бәрі Қытай мен Ресейдің әскери қорқытуларына қарсы әрекеттер, өйткені Қорғаныс министрі Остиннің айтуы бойынша, басты қауіп осы екі елден келеді. Бұған Ресейдің реакциясы қандай екенін жоғарыда айттық.

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн