fbpx

Серікжанның жоқтығы ЖАНЫМЫЗҒА БАТТЫ

Аста­на қала­лық маман­дан­ды­ры­лған тер­геу соты «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның жетек­шісі Серік­жан Білә­штің үйқа­мақ мерзі­мін 10 шіл­де­ге дей­ін, яғни тағы бір айға созу тура­лы шешім шығар­ды.

Еске сала кетей­ік, 2019 жылы 10 науры­зда, түн ішін­де «КНБ»-ның арнайы жасағы Серік­жан Білә­шті Алма­ты­дағы қонақ үйлер­дің бірін­де жатқан жері­нен ұстап, Нұр-Сұл­танға алып кет­кен еді. Дәл сол күні «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның Алма­ты­дағы кең­сесін поли­ция тін­тіп, сол күні жұмысын жауып таста­ды. Кей­ін бел­гісіз бір адам­ның «ұлт араз­ды­қты қоз­дыр­ды» деп Білә­штің үсті­нен арыз жазға­ны, сол ары­здың негізін­де оның қамауға алы­нға­ны аны­қтал­ды. 11 наурыз күні сот Білә­шті екі айға үйқа­маққа алу тура­лы шешім шығар­ды. Кей­ін оны қамау мерзі­мі бір-бір айдан тағы да екі рет созыл­ды.

Серік­жан Білә­шқа қаты­сты қыл­мыстық істің бет-алы­сын білу үшін, «Ата­жұрт ерік­тілерінің» бел­сен­ді мүше­сі Ербол ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫН (сурет­те – оң жақта) әңгі­ме­ге тар­тқан едік.

– Ербол мыр­за, сай­лау кезін­де­гі науқан­дық жұмыстарға бай­ла­ны­сты Серік­жан Білә­штің жағ­дайы жөні­нен оқыр­ман қауым бей­ха­бар қалған еді. Соңғы бірер айда Серік­жанға қаты­сты не мән-жай бар?

– Ең алды­мен айта кетей­ін – Қытай­дағы қор­лық пен зор­лы­ққа тап болған қаза­қтар­дың құқы­ғын қорғай­мын деп, Серік­жан­ның өзі әділет­сіздік­ке тап бол­ды. Халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтан, Қаза­қстан билі­гі­нен қытай­дың қыл­мысын әшке­ре­леу үшін, екі елдің ара­сын­да жары­лып қалған отба­сын бір-біріне қосу, лагерь­де жатқан қан­даста­ры­мы­зды құтқа­ру үшін жанын салған аза­мат­тың өзі бүгін қор­лы­ққа тап болып, қол­да­уға зәру болып отыр.

Серік­жан үйқа­мақққа алы­нған­нан кей­ін, Қытай­дағы қаза­қтар­дың қысым көру жағ­дай­ын ақпа­рат­тық жақтан жари­я­лау шек­теліп қал­ды. Серік­жан ұсталған­нан кей­ін, Алма­ты қала­лық ішкі істер депар­та­мен­ті 20 күн­нен астам уақы­тқа «Ата­жұрт­тың» кең­сесін жауып таста­ды. Түп­теп кел­ген­де, бұны Серік­жанға емес, Қытай қаза­қта­ры­на жасалған қия­нат деп түсі­ну керек. Кең­се қай­та­дан ашы­лған­нан кей­ін, Қытай лагерін­де қысым көр­ген, қуғы­нға түс­кен қан­даста­ры­мы­зға қаты­сты ары­зда­ну­шы­лар­дың бой­ын үрей биледі, кең­се­міз­ге келуді сирет­ті.

Серік­жан­ды «тер­ро­рист» ретін­де он бес қару­лы әскер тар­па бас салып, жеті түн­де ұстап әкет­кені ары­зда­ну­шы қаза­қтарға қорқы­ныш әкел­ген сияқты. Қытай­да қысым көр­ген қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан­дағы туы­ста­ры «бәрі де тер­ро­рист, ұстап әке­те­ді» деген қытай­шыл­дар­дың үгітіне ергені өкіні­шті болып тұр. Ары­зда­ну­шы­лар азай­ған соң, Қытай­дың қаза­қтарға қаты­сты жасап жатқан қыл­мысты ісі БАҚ-та, халы­қа­ра­лық ұйым­дар алдын­да көтеріл­мей қал­ды. Бұдан кім, не ұтты? Әрине, қор­лық көр­ген Қытай қаза­қта­ры ұтыл­ды! Серік­жан бар­да бір күн­нің ішін­де жина­ла­тын ары­зды бүгін­де бір айдың ішін­де әрең жинап отыр­мыз.

– Серік­жан­ды қамаған соң, қан­даста­ры­мы­зға Қытай тара­пы жеңіл­дік жасап, жағ­дай­дың беті бері қарап­ты деген алып-қашпа сөздің жаны бар ма?

– Қай­дағы?! Ондай атты күн туса, «Ата­жұрт ерік­тілері» ең алды­мен хабар тара­та­тын еді ғой. Үйре­ну лагері­нен шыққан­дар­дың қата­ры көп болға­ны­мен, олар әлі күн­ге жер­гілік­ті жер­де­гі үйқа­мақтан шыққан жоқ. Олар­ды кез кел­ген уақыт­та лагерь­ге қай­та­дан апа­рып, қамауы мүм­кін. Ары­зда­ры халы­қа­ра­лық ұйы­мға жетіп, әлем­дік қауым­да­сты­қтың наза­ры­на ілін­ген оншақты адам босап шығып, Қаза­қстанға оралған­да­ры бар. Олар – осы азап лагерінің тірі куә­гер­лері, көр­ген зор­лық-зомбы­лы­қта­рын хат­тап, видеоға түсіріп, ғалам­тор­да жария етіп жатыр­мыз.

Серік­жан­ның ұста­луы – Қытай­дың «мысық тіле­уін бер­ді». Өйт­кені оның атқарған қыру­ар жұмысы «жалған» болып, екі елдің досты­ғын «бұзып», «жала жап­ты» деген­ге тап­тыр­май­тын «дәлел» болған сияқты. Қоғам­да ары­зда­ну­шы­лар­дың айтқан­да­ры­ның бәрі өтірік, оны ойдан құра­с­ты­рып жүр­ген – Серік­жан деп, жалған сөз тара­уда. «Көз­ден етсе, көңіл­ден болар ғай­ып» деген­дей, аза­мат­тың еңбе­гі ұмыт қалып бара жатқа­ны өкіні­шті. Ең басты­сы – бұл өкіні­штің кесірі қор­лық көр­ген қан­даста­ры­мы­зға тиіп жатыр!

Айна­лып кел­ген­де, Қытай­дағы үш мил­ли­онға жуық қаза­қтың тағ­ды­ры тек қана Серік­жанға келіп тірел­ді. Серік­жан қаза­қтар­дың лагерь­де көр­ген аза­бын халы­қа­ра­лық дең­гей­ге жет­кізді. Біз қан­ша тырыс­сақ та, Серік­жан­ның шаңы­на іле­се алмай жатыр­мыз. Оның жоқты­ғы жаны­мы­зға бат­ты. Қаза­қты осы нәу­бет­тен алып шыға­тын бір адам бол­са, ол – Серік­жан екеніне көзі­міз жет­ті.

Серік­жан бар кез­де­гі науры­здағы жағ­дай мен мау­сым айын­дағы қазір­гі жағ­дай­дың ара­сы жер мен көк­тей. Әр қаза­қтың ары­зын жеке-жеке қабыл­дап, ағы­л­шын, қытай тіл­деріне ауда­рып, құзыр­лы меке­ме­лер­ге, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа жол­дау жұмыста­ры саябыр­ла­ды. Серік­жан үйқа­маққа түс­кен күн­нен бастап, шағым­да­на­тын жер тап­пай жүр­ген қан­ша­ма қаза­қтың тағ­ды­ры­на ешкім де алаң­дап оты­рған жоқ.

– Ол сөзіңіз­ге себеп те бар сыңай­лы. Қытай­дың Қаза­қстан­дағы елшісі Чжан Сяо «Шың­жаң­да қаза­қтар қысым көріп жатыр деген жалған ақпа­рат. Шың­жаң­дағы жағ­дай – тер­ро­ризм және экс­тре­мизммен күрес әре­кет­тері», – деп мәлім­де­гені жөнін­де ресми ақпа­рат жария бол­ды. Екі­ге бөлін­ген отба­сы­ның жоқты­ғын да айтып­ты.

– Қытай билі­гі Шың­жаң аймағын­дағы қаза­қтар­дың қысым көріп жатқан­ды­ғы тура­лы ақпа­рат­тың бар­лы­ғы жалған екен­ді­гін үне­мі айтып та, жазып та жата­ды. Елшінің өзі шімірік­пей осы жалған хабар­ды аузы­на алуы­на қараған­да, қазақ билі­гін сөзіне илан­ды­рып қой­ған шығар деген күді­гі­міз басым болып тұр. Ал «Ата­жұрт ерік­тілерінің» кең­сесіне келіп, арыз айтқан­дар­дың сөзін қалай жоққа шыға­руға бола­ды? Ата-ана­сы­на, бала­сы­на, туы­ста­ры­на іздеу салған­дар­дың ары­зда­ры жаз­ба­ша да, видео арқы­лы да әлем­ге тарап кет­ті. Кең­се­міз­де осы ары­здар­дың түп­нұсқа­сы сақта­у­лы тұр. |

Елшінің айтуын­ша, қаза­қтар­ды «үйре­ну мек­тебіне» апа­рып­ты-мыс. Егер ол мек­теп бол­са, оған мәж­бүр­леп, басы­на қап кигізіп, қолы­на кісен салып, аяғын шын­жыр­лап апа­ра ма екен? Мек­теп­те ұрып-соғып, тіп­ті дәрет­ке оты­рғы­з­бай қинай ма? Мұн­дай сұм­ды­қтар фаши­стік конц­ла­герь­де болға­нын оқып-біл­ген едік, қытай­лар одан да асып түсті. Түр­ме деу­ге де кел­мей­ді. Мәсе­лен, сот­та­лушы жаза­сын өтеу үшін, пәлен жылға кесіліп, босай­тын уақы­тын күтіп оты­ра­ды. Ал мұн­да қашан шыға­ты­нын, тіп­ті тірі қала­ты­нын да біл­мей­ді.

Одан кей­ін­гі бір сұм­дық – жыны­сы­на қара­май, бел­гісіз дәрі егіледі, соның кесірі­нен әйел де, еркек те беде­у­ге айна­ла­ды, түр­лі дерт­ке тап бола­ды. Лагерь­ден кел­ген тірі куә­гер­лер­дің бәрінің ден­са­улы­ғы жоқ: олар­ды емдетіп жатыр­мыз, халы­қа­ра­лық ұйым­дар көмек­те­су­де. Осы сұм­ды­ққа қалай­ша көз жұма қара­уға бола­ды? Көз жаста­ры көл болып жылаған қаза­қтар ерік­кен­нен арыз бер­мей­тін шығар?

– Осы нәу­бет­тен ара­ша­лай­тын қан­дай амал бар?

– Билік тара­пы­нан өз бет­терін­ше дипло­ма­ти­я­лық әре­кет­тер жаса­лып жатқан шығар деген дәме­міз бар. Ал біздің айт­пағы­мыз – Серік­жан­ды боса­тып, азатты­ққа шыға­ру керек. Тәу­ел­сіз қазақ елінің аза­ма­тын өз қаза­ғын ара­ша­ла­мақ болға­ны үшін жала жауып, қуда­ла­у­ға салу деген – есті миға сый­май­тын жәйт. Үш мил­ли­он қаза­қты басы­на түс­кен қасірет­тен ара­ша­лау үшін, Серік­жан бостан­ды­ққа шығуы керек. Тірі жетім, тірі жесір болып, күй­е­улері – асы­ра­у­шы­ла­ры Қытай­да қалып, ішер асқа, киер киім­ге, жағар оты­нға жары­май оты­рған­дар­дың тағ­ды­рын Серік­жан­нан басқа ешкім қорғай алмай­ты­ны­на көзі­міз жет­ті. Қорғай­тын біреу шық­са, осы үш айдан бері қай­да жүр?!

Серік­жан­ның алдағы уақыт­тағы тағ­ды­ры – билік­тің қолын­дағы мәсе­ле, оң шешім шыға­ры­ла­ды деген үміті­міз бар. Қолы­мы­здан кел­ген­ше талап етіп жатыр­мыз. Бар­лық жау­ап­кер­шілік­ті адво­кат Айман Ома­ро­ваға артып қой­ып, қол қусы­рып, қарап оты­рға­ны­мыз ұят жағ­дай! Қазақ болып ара­ша түсуі­міз керек.

– Серік­жан­ды Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­ну жөнін­де баста­ма көтеріліп жатыр екен. Қаза­қстан­да осы сый­лы­қты алу арма­ны­на айналған бір адам – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев еді. Серік­жанға осы сый­лы­қты беру мүм­кін­ді­гі қан­дай болар екен?

– Бұл баста­ма – Серік­жан­ды құтқа­ру қаре­кетінің әре­кеті деп білем. Сый­лы­қтың бері­лу-беріл­ме­уі – екін­ші мәсе­ле. Аста­на­ның іргесін­де­гі Қоян­ды ауы­лы­ның тұрғын­да­ры Серік­жан­ды Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­ну жөнін­де баста­ма көтеріп, мың­нан астам адам қол қою науқа­нын баста­ды. Жер-жер­ден қол­да­у­шы­лар қата­ры көбей­іп жатыр. Оларға ешкім де бұй­рық беріп, мәж­бүр­ле­ген жоқ, аза­ма­ты­на лай­ық көріп оты­рған құр­мет­тері деп түсін­ген жөн. Қытай­дағы қысым әлем­ді дүр сіл­кін­діріп, адам­заттық мәсе­ле­ге көтеріл­ген кез­де адам­заттың жоғын ізде­ген аза­матқа қан­дай сый­лық беріл­се де, ешқан­дай арты­қ­шы­лы­ғы жоқ деп санай­мыз.

– Ал Қытай­дағы қаза­қтар­дың мәсе­лесін көтер­ген Серік­жан Біләш­ке қаты­сты қозғалған іс тура­лы ақпа­рат­тың тара­ты­лу мәсе­лесі қалай болып жатыр? Қаза­қстан­дық ресми БАҚ бұл мәсе­ле төңіре­гін­де неге үнсіз отыр деп ойлай­сыз?

– Осы жағ­дай өте қиын­дау тиіп тұр. Мем­ле­кет­тік ақпа­рат сая­са­ты­на баға бере алмай­мыз ғой. Әрине, ақпа­рат­тық тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да ғалам­тор арқы­лы Қытай­дың қыл­мысын әлем­ге әшке­ре еттік, оған Серік­жан­ның сіңір­ген еңбе­гі зор. Бұл мәсе­ле қоғам­да ашық болу керек еді. Ағы­л­шын тіл­ді, түрік тіл­ді ақпа­рат­ты әлем­дік «Нью-Йорк таймс», «Вашинг­тон пост» газет­тері, «Еркін Азия», «Еркін Еуро­па», «Би-би-си» агент­ті­гі бұл мәсе­лені еркін жазып жатыр. Тіп­ті Аме­ри­ка кон­гресін­де талқы­лан­ды. Енде­ше Қытай­дағы қазақ про­бле­ма­сы нелік­тен біздің қазақ қоға­мын­да талқы­лан­бай жүр? Ел іші Қытай­дағы қаза­қтың басы­на түс­кен тауқы­мет­тен хабар­сыз, елде­гі БАҚ та үнсіздік жари­я­лаған­дай. Тек Серік­жан­ды қара­лау жағы­на бұры­лған ресми ақпа­ратқа ғана жол ашы­лған. Қоға­мға бір­жақты мәлі­мет тара­ты­лу­да. Өкіні­штісі де сол, қаза­қты қаза­ққа жек көр­гі­зу кім­ге керек? Ұлты­мы­здың бола­шағы үшін аза­мат­ты қол­дай­ық!

– Қол­да­уға зәру болған қазақ үшін, Серік­жан үшін атқа­рып жатқан еңбек­теріңіз жан­сын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн