Среда , 2 июля 2025

Серікжан БІЛӘШҰЛЫ: МЕН ЖЫЛАП КЕЛГЕН ЖЕТІМ МЕН ЖЕСІРДІ ЖҰБАТАЙЫН ДЕП ЕДІМ

Мен о баста бұл жұмысты бастаған­да, батыр болай­ын, халық мені таны­сын, көтер­сін деген атақ үшін бастаға­ным жоқ! 

Мен тек алды­ма жылап кел­ген тірі жетім мен тірі жесір­ді, ұлы­нан тірі­дей айы­ры­лған ана мен қар­тай­ған, қай­ғы жұтқан әкені көр­ген­де, үнсіз оты­ра алмай, соларға алды­мен мате­ри­ал­дық көмек беруді, олар­дың нақақтан, Қытай­дың түр­месін­де жазы­қ­сыз оты­рған туы­сқан­да­рын қайт­сек құтқа­рар екен­біз деген оймен ғана жұмыстан­дым. Менің алдым­да осы екі ғана нақты мақ­сат болды. 

Соның жолын­да біз­дер басы­мы­зды тауға да, тасқа да ұрып, қаза­қтың зия­лы-зияндыс­ы­на дей­ін, әулие-әмби­е­лері мен бақ­сы-бал­гер­леріне дей­ін жаға­лап, «осы мәсе­лені көте­рей­ік­ші, Қытай­дағы зардап шегу­ші қаза­қтар­ды құтқа­рай­ы­қ­шы» деп, солар­дың «дуа­лы» аузы­мен айтқы­зған­да, сөзі­міз жоға­ры жаққа жетер ме екен дедік. 

Қоға­мға айқай­ла­дық, соларға жалын­дық, жаға­ла­дық. Олар «Қытай­дағы мәсе­лені тоқта­ты­ң­дар!» десе – тоқтай­ды» деген сәби сан­амен сендік. 

Сөйт­сек, бұл қоғам – үйлерін­де диван­да оты­рып алып, өздері ештеңе жаса­май, сау­сақта­ры­мен тек теле­фон­да­ры­ның кла­виш­терін қимыл­да­туға ғана шама­сы жететін­дер екен; сенің жасаған істеріңе тек «Фейс­бук­та» оты­рып қана баға беру­шілер екен. Өздері ең бол­маған­да, барып, жүз­де­ген тірі жетім­нің бірінің де көз жасын сүрт­пей­ді, небір тірі жесір­дің басы­нан сипа­май­ды. Өздері /проблеманы/ көтер­мей­ді. Айт­пай­ды. Үнде­мей­ді. Тек сына­у­шы, мін тағу­шы, айыптаушылар…

Содан не істей­міз? Кей­біре­улер­ге айлық беріп, ақша төлеп те жаз­дырт­тық, айт­тыр­дық. Соңын­да бұл қоғам­ның «бел­сен­ділі­гінің» осы сипаттағы шама­сы­на көзі­міз жет­ті де, біз­дер тек шетел­дік ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы әлем­ге жария етіп, мей­лін­ше шет­тіл­дік ұйым­да­ры­мен жұмыс істе­у­ге кірісіп кеттік. 

Тағы да қай­та­лап айтай­ын, мен батыр болай­ын деген атаққа жұмыс істе­ген адам емес­пін! Қаза­қстан билі­гіне ұмты­лға­ным да жоқ. Қаза­қстан­ның сая­са­ты­на ара­ласқа­ным да жоқ. Әкім болу, депу­тат, сена­тор болу, ұлт­тық кеңес – «ұлт­сыз» кеңе­стер­ге мүше болу о бастан арма­ным­да жоқ. Қаза­қтың билі­гіне қар­сы шығу­ды о бастан ойлаған емес­пін. Сая­сатқа ара­ласқа­ным жоқ, сая­сат­кер емеспін. 

Халқым маған «Ер Төстік» екен деп баға бер­сін дегенім де жоқ! 

Менің бар кінәм – жылап кел­ген сәби­лер мен қорған іздеп кел­ген ана­лар­ды өтірік жұба­та алмаға­ным… Үнсіз оты­ра алмағаным… 

Соларға көмек­те­се­мін деп бастап, соңы, міне, осы­ған кел­ді. Қазір­де мен қама­лып кет­сем, «Ой, ары­сым-ай, қайт­пас қай­са­рым-ай, қасқай­ып тұрып қама­лып кет­ті-ау!» деп, тек үйлерін­де оты­рып аяп, жылаған­да­рын қалаға­ным жоқ. Өзім жылаған ана мен жылаған бала­ның көз жасын қалай сүр­те­мін деп жүріп, олар­дың енді «ой, баты­рым беріл­меді ғой» деп, бір-бір пост жазып қана жылап оты­рға­нын қала­ма­дым. Қан­ша­ма қазақ көмек­ке зәру кез­де уақы­тым­ды кетіріп, босқа жату­ды құп көрмедім…

Ал «Серік­жан ұйғыр­ларға аза­мат­тық бер­мек­ші, ұйғыр­ларға жер бер­мек­ші» деген­ге кел­сем, бұл – маған жабы­лған жала! Бірін­ші­ден, мен айтып кет­тім: мен сая­сат­кер емес­пін деп. Мен­де жер тара­та­тын құзыр да жоқ. Егер мен ұйғы­рға жер беру­ші бол­сам, осы­ған дей­ін­гі бар­лық лек­ци­я­ла­рым­да «Шығыс Түр­кістан ұйғыр­дың ғана жері емес, ол жер ұйғыр­стан емес, қаза­қтың да ата-жұр­ты. Сон­ды­қтан ол тура­лы айтқан­да, ол жер­ді «Іле-Қазақ авто­но­ми­я­лық облы­сы» деуі­міз керек. «Түбі Қытай ыды­рай­ды, сол кез­де біз­дер Алтай үшін, Іле аймағы үшін күре­суі­міз керек!» деген­ді айтар ма едім? Сон­ды­қтан бұл мені аран­да­ту­шы­лар­дың маған жапқан жала­сы деп нақты айта аламын! 

Мен өзім­ді басын­да айтқан екі мүд­де­ме де, екі мақ­са­ты­ма да жет­кен адам­мын деп айта ала­мын. Жетім-жесір­лер­ге шамам кел­ген­ше мате­ри­ал­дық көмек бер­дім, әлем­дік ақпа­рат­тарға Қытай­дағы гено­цид­ті жария еттім.

Тағы еске­ретін жағ­дай – мен ымы­раға келіп, 174-бап­ты мой­ны­ма алып шыққа­ным жоқ. Ол – аран­да­ту­шы бап. Менің аран­да­ту­шы екенім­ді сот дәлел­де­се, мен бостан­ды­ққа шыға да алмас едім. «Аран­да­ту­шы» екенім дәлел­ден­беді, іс қысқар­тыл­ды. «Жәбір­лен­ген­дер­ге» 50 000 тең­ге көле­мін­де айып­пұл ғана төле­уім керек. Болды! 

Бәріңіз­ге аман­дық тілей­мін, алдағы уақыт­та сот­тың үкі­мі шыққан соң, істің толық мән-жай­ын түсін­діріп, халқы­ма әлі жау­ап беремін…

18.08.2019 ж.

  • (Серік­жан Білә­штің аузы­нан жазы­лып алы­нған Ася Асет­ки­на­ның ФБ-постынан).
Республиканский еженедельник онлайн