Среда , 2 июля 2025

Серікжан туралы СЕГІЗ АУЫЗ СӨЗ

БІРІНШІДЕН, Серік­жан­ның бостан­ды­ққа шығуы құт­ты болсын!

ЕКІНШІДЕН, Шығыс Түр­кістан­да Қытай гено­ци­діне ұшы­раған қаза­қтар­ды қорғау жолын­да табан­ды­лы­қ­пен күресіп, бар­ша ұлты­мыз үшін аса маңы­зды бұл про­бле­ма­ны халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­ре біл­ген «Ата­жұрт ерік­тілері» мен оның бас­шы­сы Серік­жан Білә­шқа Алла разы болсын!

ҮШІНШІДЕН, Серік­жанға жан-жақты қоғам­дық-сая­си қол­дау көр­сетіп, оның бостан­ды­ққа шығуы­на атса­лы­сқан ел аза­мат­та­ры мен халы­қа­ра­лық ұйым­дарға үлкен рахмет!

ТӨРТІНШІДЕН, әсіре­се Білә­штің тағ­ды­ры қыл үстін­де тұрған жеме-жем сәт­те, яғни дер кезін­де оған қол ұшын созған қаза­қтың батыр қызы, май­тал­ман адво­кат Айман Ома­ро­ва өзінің кәсі­би сау­ат­ты­лы­ғы­мен, алған беті­нен қайт­пай­тын қай­сар­лы­ғы­мен, өжет­тілі­гі­мен, табан­ды­лы­ғы­мен, прин­циптілі­гі­мен, ымы­рас­ызды­ғы­мен Серік­жан­ның бостан­ды­ққа шығуы­на зор еңбек сіңір­генін мой­ын­дап, оған айры­қ­ша алғыс айту қажет деп есептеймін!

БЕСІНШІДЕН, «Ата­жұрт ерік­тілері» мен Білә­штің үсті­нен жалақор­лық ары­здар жазып, қытай­шыл Назар­ба­ев режи­мінің Бей­жін тап­сы­ры­сы­мен оны тұтқын­да­уы­на және сотқа беруіне көмек­тес­кен, сон­дай-ақ әле­умет­тік желілер­де «қазақ» атын жамы­лып, Серік­жан­ды қара­ла­у­ға барын салған һәм сон­дай қара­улық іс-әре­кет­тері­мен ең алды­мен Шың­жаң­дағы қан­даста­ры­мы­зға зиян тигіз­ген нешетүр­лі «қара­ор­да­шыл-қытай­шыл» ұлт сатқын­да­ры екі дүни­е­де жақ­сы­лық көрмесін!

АЛТЫНШЫДАН, Айман­ның тіке­лей эфи­рі­нен жұрт­шы­лық куә болған режим­нің шек­тен шыққан өрес­кел заң­сыз (Білә­шті Ома­ро­ва­дан алып қашып кетіп, ал адво­кат­тың өзін сот шар­дағы­ның ішіне қамап тастап, шығар­май қой­ға­ны және т.б.) әре­кет­тері бары­сын­да «ұлтқа қауіп­ті коми­тет» өкіл­дерінің, күтіл­ген­дей-ақ, Серік­жанға қысым жасап (қан­дай және қалай – ол аны­қта­уды қажет ететін мәсе­ле), ақы­ры «сын­ды­рға­ны» қазір оның сот про­цесі­нен кей­ін өзін-өзі кінәлай сөй­ле­ген сөзі­нен бел­гілі бол­ды. Бұған кім қалай қарай­ды – әркім­нің өз еркін­де­гі жағ­дай. Өз басым Ома­ро­ва­ның оны айып­та­мауды өтін­ген сөзіне қосыламын. 

ЖЕТІНШІДЕН, Білә­шті режим тара­пы­нан бұдан әрі қарай тағы қан­дай қауіп­тер күтіп тұрға­нын кесіп айту қиын, әрине, бірақ олар сей­іл­ген жоқ деп болжай­мын. Өйт­кені Қара­ор­да мен Бей­жіңнің ауыз жаласқан тір­лік­тері жуық ара­да тоқта­май­ты­ны анық. Демек, Серік­жан­ның қазір­гі жағ­дай­ы­на тоқ­мей­іл­сіп, арқа­ны кең­ге салуға бол­май­ды, менің­ше. Басқа­ша айтқан­да, тиісті қауіп­сіздік шара­ла­рын ойла­сты­рып, жүзе­ге асы­ру қажет болады. 

СЕГІЗІНШІДЕН, режим­нің біз­ге бей­мәлім, бірақ Біләш үшін сөз­сіз қауіп­ті «сце­на­риін» жоға­ры­да аталған жан­ке­шті еңбе­гі­мен жүзе­ге асырт­пай тастаға­ны үшін, Айман Ома­ро­ваға қаны қарая өшік­кен Қара­ор­да қазір оны нахақ қуда­ла­у­ға салып, 15 тәулік­ке қамау, ал одан соң, бәл­кім, лицен­зи­я­сы­нан айы­ру қамы­на кіріс­кеніне куә болып отыр­мыз. Ал бұған, әлбет­те, жол беру­ге болмайды. 

Сон­ды­қтан енді­гі жер­де қажет болып жат­са, Айман­ның өзін бүкіл ел болып қорғау мін­деті күн тәр­тібіне қой­ы­луға тиіс…

Жаса­рал ҚУАНЫШӘЛИН

Республиканский еженедельник онлайн