Четверг , 3 июля 2025

Соқыр ат пен қотыр ат… АСТАНАДА ЖОЛЫҒАТ

Бұрын­да бір «Бел­из­ді білесіз бе?» деген тақы­рып­пен мақа­ла жазға­ным бар еді: Тынық мұхит­тың орта­сын­дағы иненің жасуын­дай ғана арал-мем­ле­кет­пен Қаза­қстан­ның дипло­ма­ти­я­лық қаты­нас орна­ту қақы­сын­да. Ол елдің банан­нан басқа өндіретін дәнеңесі жоқ екен: Бел­из­де қан­дай құты­мыз қал­ды деген сұрақты қау­жа­уға тура келген.

Енді, міне, Қаза­қстан­ның дипло­ма­ти­я­лық жағра­пи­я­сын­да Зим­баб­ве деген ел пай­да бол­ды. Алып Афри­ка­ның оңтүсті­гін­де­гі құр­тақан­дай ел. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 21 қаңтар күні Аста­наға ресми сапар­мен кел­ген осы елдің пре­зи­ден­ті Эммер­сон Мнан­га­г­ва­мен кез­де­сті. Әлбет­те, пре­зи­дент болған соң, кез кел­ген елдің бас­шы­сы­мен кез­де­суін­де ала­бө­тен айып бол­мас: кез­дес­сін, сөй­лес­сін, келіс­сін, елдің дипло­ма­ти­я­лық кар­та­сын кеңейт­сін – про­бле­ма жоқ.

Про­бле­ма басқа­да. Міне, оқы­ңыз: «Зим­баб­ве – ең өлі­мі көп, ең ашта­ры көп ел. Халқы­ның 20 пай­ы­зы СПИД-пен ауы­ра­ды. Оған қар­сы про­фи­лак­ти­ка­лық дәрі­ге қар­жы­сы жоқ. 1999 жыл­дан эко­но­ми­ка­сы құл­ды­рап, қазір­гі кез­де елді қай­ыр­шы­лық жай­лаған. 2008 жылғы инфля­ция мөл­шері 231 000 000 пай­ы­зға құл­ды­рап, әлем­дік рекорд­ты жаңар­тқан! 2017 жылы елде­гі жұмыс­сыздық 80%-ға жет­кен! Эко­но­ми­ка­ның бар­лық сала­сы құл­ды­рап, банк­ро­тқа ұры­нған…» – деп жаза­ды «Фейс­бук» пай­да­ла­ну­шы Аймұ­хан­бет Бейсембеков.

«Өзің диу­а­на­сың – кім­ге пір бола­сың» деген­дей, әлем­нің әде­мі елдері жалғыз адам 30 жыл биле­ген авто­ри­тар­лы Қаза­қстанға аттап бас­паған соң, осын­дай зим­баб­ве­лер­ге зар болған түрі­міз бар. «Зар болға­ны­мыз» сон­дай, Назар­ба­ев өзінің «паш­ти» құр­да­сы – 76 жастағы Мнан­га­г­ва­ны әске­ри шеру­мен, сал­та­нат­ты түр­де қар­сы алып, еке­уа­ра «жабық есік» жағ­дай­ын­да ұзақ-сонар келіс­сөз жүр­гіз­ген екен.

Бәл­кім, бұл да жөн шығар: Путин пат­ша Қаза­қстан­ның астық экс­пор­тын төрт аяқтан шідер­леп тастаған соң, аштық жай­лаған Зим­баб­ве­ге бидай сату­дың реті келе қалған болар. Жер қой­на­уы қаз­ба бай­лы­ққа толы, бірақ «алтын сан­ды­қтың» үстін­де аш оты­рған елге басқа не бересің, өнер­кәсібі тұра­лап, жұмыс­сыздық жай­лаған афри­ка­лық елден банан­нан басқа не ала­сың? Оның үстіне бұған дей­ін­гі пре­зи­ден­ті Роберт Муга­бе елін 37 жыл билеп, адам құқы мен бостан­дық ата­улы­ны аяғы­ның асты­на әбден тап­тап тастаған Зим­баб­ве­ге АҚШ пен Еуро­одақ 2002 жыл­дан бері санк­ция салып тастаға­ны тағы бар.

2017 жылы тақтан тай­ған Муга­бе­ден кей­ін де Зим­баб­ве оңып кет­кен жоқ: «Азатты­қтың» хабар­ла­у­ы­на қараған­да, мұн­да «бір­не­ше күн­нен бері жанар­май баға­сы­ның қым­бат­та­уы­на қар­сы­лық акци­я­ла­ры басталған. Құқық қорға­у­шы­лар­дың хабар­ла­у­ын­ша, демон­странт­тар­дың поли­ци­я­мен қақты­ғы­сы­нан бір­не­ше адам қаза тапқан. Бірақ билік демон­странт­тар қаза­сын рас­та­май отыр».

Қаза­қстан да бұдан асып тұрған жоқ: кеше Жаңаө­зен демон­странт­та­ры атыл­ды; бүгін жанар­май баға­сы шары­қтап кет­ті; халы­қты салы­қ­пен езудің сая­са­ты еліріп тұр. Ауы­зекі тіл­де жалға­уы жұты­лып айты­ла­тын «қотыр ат пен соқыр ат – айда­ла­да жолы­ғат» бол­ды да шықты…

Десек те, Зим­баб­ве­ге зар бола­тын жөні­міз бар екен: келіс­сөз­ден кей­ін­гі Назар­ба­ев­тың айтуы­на қараған­да, Қаза­қстан Зим­баб­венің транс­порт-логи­сти­ка­лық желісін жетіл­ді­ру мәсе­лесіне ара­ла­суға ықти­яр екен. Басқа қараң қалған қазақ ауыл-аймақта­рын айт­паған­да, Алма­ты мен Аста­на­ның ара­сын­да жөні түзу жол салын­баға­нын­да шаруа­сы жоқ: Зим­баб­венің транс­порт-логи­сти­ка­сын жөн­де­у­ге зәру боп­пыз. Елдің өз ішін­де қар­жы тап­шы­лы­ғы қылқын­ды­рып жатқан­да, айда­ла­дағы Афри­каға ақша салып, тағы да қисап­сыз шашы­лға­лы жатырмыз… 

Оба­лы не керек, Зим­баб­венің зың пре­зи­ден­ті өз кезе­гін­де: «Біздің ел қазір Қаза­қстан­ның 20 жыл бұры­нғы күй­ін кешу­де, – деп­ті. – Сон­ды­қтан біз осы елге келіп, жылы шырай­лы елдің қалай дамы­ға­нын үйре­нуі­міз керек. 27–28 жыл ара­сын­да эко­но­ми­ка­ны дамы­тқан. Бұған қалай қол жет­кіз­ген екен деп, қай­ран қалып, таң­дай қағу­да­мыз. Біздің де даму жолы­мыз осын­дай бол­сын деп ұмтылудамыз».

«Қай­ран қал­май, қайт­сін-ай, енді?!» дегің-ақ келеді. Бұлар­дың бір-бірі­мен сүй­кені­сетін басқа кімі қал­ды? Жауыр­ла­рын жалас­са да, дәт­ке қуат шығар… 

Бірақ «үйре­нетін елді тапқан екен­сің!» дегің де кеп кетеді…

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн