Вторник , 1 июля 2025

Статистикада КІЛТИПАН БАР

Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, өткен бей­сен­бі – 18 қара­ша күні ҚР пар­ла­мен­тінің сена­ты 2022–2024 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы заң жоба­сын талқы­лап, оны мәжіліс­ке қай­тарған еді. Ресми ақпа­ратқа қараған­да, үш жыл­дық мем­ле­кет­тік бюд­жет індет сал­да­рын еңсе­ру­ге арналған жал­пы­ұлт­тық басым­ды­қтар­ды іске асы­руға және пре­зи­дент Тоқа­ев алға қой­ған мін­дет­тер­ді орын­да­уға бағытталған.

Әдет­те Қаза­қстан пар­ла­мен­тін­де кезек­ті жыл­дар­дың бюд­жетін қарау және бекіту про­цесі асқан дау-дамай­сыз, үкі­мет ұсы­нған нұсқа­дан көп ауы­тқы­май, фор­маль­ды түр­де өтетіні мәлім. Бірақ бұл жолы елде­гі терең ден­де­ген эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты бюд­жет­ті тия­нақты талқы­лау қажет­тілі­гін ұйқы­лы-ояу депу­тат­тар да түй­сін­ген сияқты. Пан­де­ми­я­лық про­бле­ма­лар­дан туын­даған бюд­жет тап­шы­лы­ғы бола­шақ ұрпаққа арналған Ұлт­тық қор­дан бөлі­нетін (алы­на­тын) транс­ферт­тер есебі­нен жабы­лып кел­ген еді. Енді­гі жер­де бұл «бат­пан құй­ры­қты» қысқар­ту қажет­тілі­гі туын­даған сияқты.

Эко­но­ми­ка­лық сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да және соңғы екі жыл­дың прак­ти­ка­сы көр­сет­кен­дей, бүгін­гі ел үкі­меті Ұлт­тық қор­дың көме­гін­сіз күн көре алмай­ты­ны бел­гілі бол­ды. Оның үстіне барған сай­ын өсіп бара жатқан сыр­тқы қары­зды қай­та­ру про­бле­ма­сы асқы­нған кез­де Асқар Мамин­нің Каби­неті Ұлт­тық қор­дың «қамқор­лы­ғын­сыз» мәсе­ле шеше алмай­ты­ны айдан анық болды.

Ол аз десеңіз, транс­ферт арқы­лы бюд­жет­ке қосым­ша қар­жы бөлін­бе­ген жағ­дай­да, бұл үкі­мет 2022 жылы жал­пы көле­мі 33 трил­ли­он тең­ге төңіре­гін­де­гі сыр­тқы қары­здың 1,2 трил­ли­он тең­гесін қалай қай­тар­мақ? Ал сыр­тқы қары­здың жал­пы сома­сы ішкі жал­пы өнім­нің 32 пай­ы­зы­на пара-пар дең­гей­ге жет­кенін ескер­сек, мақау Мамин­нің мырқыл­дақ Каби­неті жағ­дай­ды түзе­уі мүм­кін бе?

Соған қараған­да, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сей­сен­бі күні өткен «Нұр Отан» сая­си кеңесі­нен кей­ін пре­мьер­ді жеке қабыл­да­уы тегін бол­ма­са керек. Енді­гі жер­де «Нұр Отан­ның» тұтқа­сы­на ие бола­тын пре­зи­дент ел бас­шы­сы­ның рөліне шын­дап енетін сыңай­лы. Үкі­мет­ке жаңа­ша ойлай­тын, елді күр­делі дағ­да­ры­стан алып шығуға қауһа­ры жетер­лік кри­зис-мене­джер қажет. Ал соңғы кез­дері сарап­шы­лар айтып жүр­ген­дей, Назар­ба­ев­тың кезек­ті қол­ба­ла­сы Бауы­р­жан Бай­бек Мини­стр­лер каби­нетін басқа­руға келетін бол­са, «баяғы жар­тас – сол жар­тас» қала бермек.

Елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты еңсе­ру үшін, ең алды­мен нақты жағ­дай­дың ста­ти­сти­ка­сын рет­ке қою қажет­ті­гіне сена­тор Ақыл­бек Күріш­ба­ев­тың «2022–2024 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы» ҚР заңы­ның жоба­сын қарау кезін­де сөй­лей­тін сөзі дәлел бол­са керек. Елде­гі күр­делі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты батыл сөй­леп, нақты ұсы­ны­стар айтып жүр­ген сенат депу­та­ты­ның сол сөзін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

«D»

Ақыл­бек КҮРІШБАЕВ, сена­тор

Өз сөзім­де мен екі мәсе­ле­ге тоқталғым келеді.

Бірін­шісі – азық-түлік инфля­ци­я­сы бой­ын­ша. Биыл ауыл шару­а­шы­лы­ғы үшін өте қолай­сыз жыл бол­ды. Мұн­дай жап­пай құрғақ­шы­лық біз­де 30 жыл­дан астам уақыт бол­маған. Сон­ды­қтан қазір азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның нақты тең­гері­мін бақы­лап оты­ру өте маңы­зды. Ал ол үшін біз ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері өндірісінің нақты көле­мін білу­ге тиіспіз.

Өкініш­ке орай, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері тура­лы ста­ти­сти­ка­лық деректер­де үйле­с­пей­тін, бір-бірі­нен алшақ ақпа­рат­тар бар. Осы­ған бай­ла­ны­сты көп­те­ген мысал­дар кел­тіру­ге бола­ды. Әкім­дер­дің мәлі­метін­ше, биы­лғы жылы 16 мил­ли­он гек­тар­дан 16 мил­ли­он тон­на астық жиналған екен.

Деген­мен, биыл дақыл­дар­дың өсу кезеңін­де­гі құрғақ­шы­лық өнім­ге өте қат­ты зиян кел­тір­гені ақиқат. Ал батыс өңір­лер­дің, Ақмо­ла, әсіре­се Қоста­най облы­ста­ры­ның бірқа­тар шару­а­шы­лы­қта­рын­да егін­нің бір бөлі­гі мүл­дем күй­іп кет­ті. Осы­ған бай­ла­ны­сты астық өндірісі­мен айна­лы­са­тын маман­дар мен ғалым­дар­дың биы­лғы­дай өте құрғақ ауа райы жағ­дай­ын­да гек­та­ры­нан 10 цент­нер­ден, яғни орта­ша өнім алы­нға­ны­на үлкен күмәні бар.

Екін­ші мысал, ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, өткен жылы кар­топ­тың жал­пы түсі­мі шама­мен 4 мил­ли­он тон­на бол­ды, оның 2,1 мил­ли­он тон­на­сы неме­се өндірістің жар­ты­сы­нан көбі жеке қосалқы шару­а­шы­лы­қтарға тиесілі.

Тең­герім дұрыс болған жағ­дай­да, бұл көлем­де­гі кар­топ біз­ге ауыл шару­а­шы­лы­ғы жылы­ның соңы­на дей­ін жетер еді. Бірақ өздеріңіз­ге мәлім, көк­тем­де оның баға­сы күрт көтеріліп кет­ті және 4 айда елі­міз­ге кар­топ бұры­нғы­дан 67 есе көп импортталды.

Осын­дай ауыл шару­а­шы­лық ста­ти­сти­ка­сын қалып­та­сты­ру­дағы жүй­елі про­бле­ма­лар­ды көр­се­тетін көп­те­ген мысал­дар кел­тіру­ге болады.

Қазір ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісінің көле­мі тура­лы есеп­ті тек заң­ды тұлға­лар ғана тап­сы­ра­ды, ал шаруа/фермер қожа­лы­қта­ры­нан және жеке қосалқы шару­а­шы­лы­қтар­дан бұл деректер­ді интер­вью­ер­лер ірік­те­мелі әдіспен жинай­ды. Шаруа қожа­лы­қта­ры­ның тек 30 пай­ы­зы және қосалқы шару­а­шы­лы­қтар­дың бар болға­ны 2,5%-ы ғана есеп береді, яғни олар­дың 97,5% ешқан­дай есеп бер­мей­ді. Басқа­ша айтқан­да, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы өндіріс көле­мінің едәуір үлесі әкім­дер жинай­тын әкім­шілік ақпа­ратқа негіз­деліп айқындалады.

Бүгін­де үкі­мет ауыл шару­а­шы­лық сала­сын­да цифр­лан­ды­ру бой­ын­ша бел­сен­ді шара­лар қабыл­да­уда. Біз жақын­да Цифр­лы үкі­мет офисінің жұмысы­мен таны­стық. Үкі­мет жұмысын­дағы осын­дай жаңа бағыт­тар­ды қол­дау керек деп санаймыз.

Бірақ соны­мен қатар әкім­дер­дің ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жай-күйі бой­ын­ша жинаған ақпа­ра­ты­ның дұры­сты­ғын қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­руы­мыз керек. Ста­ти­сти­ка бас­шы­ла­ры­ның өздері атап өткен­дей, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар өз рей­тін­гілерін арт­ты­ру мақ­са­тын­да егін өнім­ділі­гі бой­ын­ша жоға­ры көр­сет­кі­ш­тер­ге мүд­делі­гі ста­ти­сти­ка деректерін бұр­ма­ла­у­ы­на әке­лу қау­пі бар.

Ал бұр­ма­ланған ақпа­рат­тар «қисық айна» әсерін туды­рып, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың маңы­зды шешім­дер қабыл­да­уы­на, соның ішін­де азық-түлік балан­сын рет­теу жұмыста­ры­на негіз болуы мүм­кін. Кей­де біз­де қағаз жүзін­де­гі әде­мі көр­сет­кі­ш­тер ауыл­дағы жағ­дай­мен сәй­кес келмейді.

  •  

Тақы­рып­тың тұздығы

Президенттің САУДАСЫ

Моңғол­дың пре­зи­ден­ті Хал­т­ма­а­гийн Бат­тул­га аза­мат­тар­мен кез­де­су бары­сын­да ет сата­тын база­рға кіреді. Сон­дағы диа­лог дейді.

– Жақ­сы ет екен. Биз­несіңіз жақ­сы ма?

– Бүгін­гі күн­нен басқа күн­дері жақ­сы бола­тын. Бүгін 1 келі де ет сата алмадым…

– Неге?

– Сіз келеді деп, тұрғын­дар­ды осын­да кіргізбеді.

– Онда мен сіз­ден 4 келі ет сатып алайын.

– Сат­пай­мын!

– Неге?

– Сіз келеді деп, пышақтар­ды жинап алды.

– Пышақ жоқ бол­са, толы­ғы­мен алайын.

– Жоқ. Кешіріңіз, сата алмаймын…

– Тағы неге?

– Неге десеңіз, бұған дей­ін еттің бір кило­сын 6000 төгрөк­пен сата­тын­быз. Сіз келеді деп, 3000 төгрөк­ке түсірт­ті… Енді сіз­ге сат­сам, 3000 төгрөк­тің қары­зы­на кіріп кетем ғой?!

– Онда мен еттің кило­сын 6000 төгрөк­ке – өз бағаңы­з­бен алайын!

– Кешіріңіз, мен негізі сату­шы емес едім… Күзет қызметкерімін.

– Не дей­сің? Басты­ғы­ң­ды шақыр!

– Бастық анау жер­де көкөніс сатып тұр еді…

  • Нұр­бол Ханағатұ­лының ФБ-парақ­ша­сы­нан 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн