Вторник , 1 июля 2025

ТАРИХИ ТҰЛҒА: Кешірім Бозтаевтын туғанына 85 жыл

Кешірім жылы жымиып:

– Елу төрт жасым­ның отыз бір жылын Өске­мен­ге бер­дім. Сен­дер риза бол­саң­дар, мен риза­мын, – деді түп-түгел жиналған ұжы­мы­ның алдын­да. Сағат он шама­сы еді. Одан жар­ты сағат бұрын ұжым­ды «үрпит­кен» жаңа­лық болған. «Кешірім Бозта­ев Алма­ты­ға шақы­ры­лған еді, Семей облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші сек­ре­та­ры болып тағай­ын­да­лып­ты!». Соны есті­ген Шығыс Қаза­қстан облы­стық совет атқа­ру коми­тетінің қыз­мет­кер­лері Кешірім­нің каби­нетіне өзі­мен бір­ге кіріп:

– Кеше­ке, Семей­ге кететініңіз рас па?

– Кешірім Бозтай­ұ­лы, оны­ңыз не?

– Жоқ, біз жібер­мей­міз! Орта­лық коми­тет­ке хат жаза­мыз!..
Орта­ла­ры­на алған көп­шілік­ке екі қолын көтеріңкірей жай­да­ры күле қарап, «сабыр етіңіз­дер­ші» деген­ді иша­ра­лаған Кешірім:

– Иә, Орта­лық Коми­тет­тің шеші­мі солай бол­ды, мен де – пар­ти­я­ның сол­да­ты­мын, түсі­несіз­дер ғой. Бұл жолғы да сенім­дерін ақтап, тап­сыр­ма­ла­рын орын­дап көрей­ін. Егер ақтай алма­сам, орын­дай біл­ме­сем, онда… онда өздеріңіз­ге қай­тып келе­мін, ком­би­натқа метал­лург керек болар, – деді. Жұрт тағы да гулеп:

– Иә, ақтай­ты­ны­ңыз сөз­сіз, біз сізді біле­міз ғой!

– Кеше­ке, жоға­ры­лай беріңіз, Крем­ль­ге дей­ін көтеріліңіз!

– Біз­ге пен­си­яға шыққан соң келіңіз! – десіп, өреп­кудің соңы әзіл­ге ұштасты…

Осын­дағы «келіңіз­ге» орай­лас айта оты­ра­рым: бір­де Кешірімге: 

– Гор­ба­чев­тің диір­меніне хаты­ң­мен қоса түсіп кету­ден қоры­қ­пай, қалай­ша жаз­дың? – дегенім­де, ол бір сәт салқын жыми­ды да: 

– Поли­гон­ның асты-үстін ара­лап жүр­генім­де, жаным түр­ші­гіп, жүре­гім үзіліп кетер­дей бол­ды… Халы­қтың қан­дай қасірет­ке тап болға­нын айтуға әлі де дәтім бар­май­ды… Гор­ба­чев­ке хат жазуға бел бай­ла­дым. Ол әре­кетім­нің тым қауіп­ті бола­ты­нын, небір қатер­ден өтетінім­ді біл­дім. Мей­лі. Ақиқат менің жағым­да, жеңі­ле қой­мас­пын. Ал жеңіл­ген жағ­дай­да еңбек жолым­ды бастаған Өске­мен­ге, қорға­сын-мырыш ком­би­на­ты­ны­мы­зға қай­тып бар­сам, қатар­дағы метал­лург­тың жұмысы­на ала­тын шығар… Иә, мей­лі. Халқым үшін, жерім үшін жан пида деп бекін­дім, – деді.

Алма­ты Тау-кен инсти­ту­ты­ның метал­лур­гия факуль­тетін тәмәм­дап, Өске­мен қорға­сын-мырыш ком­би­на­ты­на жол­да­ма­мен кел­ген Кешірім­нің өмір жолы қатар­дағы метал­лург болу­дан басталған-ды. Білім­дар­лы­ғы­мен, іскер­лі­гі­мен, еңбек­те­стерін игі істер­ге ұйым­да­сты­ру қабілеті­мен абы­рой­ға бөлен­ген Кешірім саты­лап өсіп, облы­стық пар­тия коми­тетінің екін­ші хат­шы­сы, одан облы­стық совет атқа­ру коми­тетінің төраға­сы болып, енді Семей облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на тағайындалды.

Жаңа бас­шы­ның мұн­дағы ұжым­ды елең еттір­ген алға­шқы қылы­ғы – қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, бірін­ші хат­шы­ларға ғана тиесілі оңа­ша үйді барып көр­ген бет­те: «Бау-бақ­ша­лы, оңа­ша жер екен. Жақ­сы. Бұл үйге мүге­дек бала­лар емха­на­сы орна­ла­сты­рыл­сын!» – деп нұсқау бер­гені, өзі пәтер­ді кәдім­гі көпқа­бат­ты үйден алға­ны бол­ды. Құлағ­дар болған семей­лік­тер: «Қара­пай­ым екен!», «Қара басы­ның қамын ойла­май­тын аза­мат екен!» деп риза болысты.

Қашан да халы­қтың хал-аху­а­лын ойла­у­мен, білу­мен, мүм­кін­ді­гіне қарай адал қыз­мет етуі­мен қадір­лі болып жүр­ген Кешірім Семей атом поли­го­ны тура­лы әрқа­лай сөз­дер­ді бұрын да естіп қана жүр­ген­дер­дің бірі бол­са, енді өзі­мен көріп-білу­ге кірісті. Поли­гон­ның кеса­па­ты жай­ын­дағы нара­зы­лық, қар­сы­лық хат­тар обко­мға жер-жер­ден: дәрі­гер­лер мен мұғалім­дер­ден, шах­та­шы­лар­дан, басқа қауым­нан да келіп жатқан. Өтініш-талап­та­ры ескеріл­мей, төзі­мі тау­сы­лған­дар Мәс­ке­у­ге де жазған. 

Семей қала­сы тұрғын­да­ры­ның түр­лі ауруға қар­сы табиғи қар­сы­лық дәр­мені – имму­ни­теті төмен­деп, Абай, Абы­ра­лы, Бесқа­рағай, Жаңа­се­мей аудан­да­рын­да халы­қтың 30–40 пай­ы­зы сон­дай хал­ге тап болып, ере­сек­тер­ге қоса бала­лар­дың 30–35 пай­ы­зы ане­мия зардаб­ын шегу­де екен. Онко­ло­ги­я­лық ауруға ұшы­раған­дар­ды дәрі­гер­лік зерт­те­уден өткі­зу, емдеу мақ­са­ты­мен 1954 жылы Өске­мен және Семей қала­ла­рын­да арна­у­лы емха­на ашы­лған­да, оның Өске­мен­де­гісі бір жарым жыл­дан кей­ін КСРО Ден­са­улық сақтау мини­стрінің бұй­ры­ғы­мен жауып тасталған. Семей­де­гі емха­на ықшам­да­лып, «Бру­цел­лез­ге қар­сы дис­пан­сер» делін­ген. Ол ол ма, КСРО Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі 1966 жыл­дан бастап Семей қала­сын­да онко­ло­гия сырқат­та­рын зерт­те­уді тоқта­ту тура­лы шешім қабыл­даған. Нағыз сұмдық!

Семей поли­го­ны зардап­та­рын 1957 жыл­дан бастап алғаш зерт­теп, даб­ыл қаққан адам – көр­нек­ті ғалым Бахия Атша­ба­ров бол­ды. Қаза­қстан Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Қаныш Сәт­ба­ев­тың кеңесі­мен арна­у­лы ғылы­ми экс­пе­ди­ция құрып, поли­гон­ның кесел­дерін жан-жақты аны­қтап, рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­на жаз­ба­ша мәлім­де­ген, бірақ біздің бас­шы­лар Кремль­дің қабағын бағып, ол игі істі еске­русіз қалдырыпты.

Сол жәйт­тер­ді ой таразыс­ы­на салған Кешірім поли­гон­ның жұмысы­мен әбден таны­суға бекін­ген. Қыз­мет дәре­же­сін пай­да­ла­на іске кірісіп, поли­гон­ның ықпыл-жық­пы­лын түгел ара­лаған, сына­у­лар­ды түсір­ген құпия фильм­дер­ді көр­ген. Содан кей­ін СОКП Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы М.Горбачевқа хат жазып, қазір­гі сына­у­лар­ды шек­теу, содан соң поли­гон­ды басқа жаққа көші­ру керекті­гін айтқан. 

1989 жылы ақпан айы­ның 20 күні жазы­лған ол хат­тың Кремль­де бом­ба жары­лған­дай болға­ны, қан­ша­ма тек­се­ру жасалға­ны, Кешірім Бозта­ев­тың айтқа­ны­нан қайт­паға­ны, Гор­ба­чевқа тағы да хат жол­дап, поли­гон­нан қырық жыл бойы зардап шек­кен халы­ққа өте­мақы төле­уді қосым­ша талап еткені біздің бас­пасөз­де аз жазы­лған жоқ, яғни ондағы оқиға­лар­ды қай­та­ла­у­ым қажет емес деп біл­дім. Алай­да мына бірер деректі еске алу артық болмас:

«…Прин­ци­пи­аль­ность, тре­бо­ва­тель­ность к себе и дру­гим, забо­та о людях, чут­кость и вни­ма­ние к ним снис­ка­ли Вам заслу­жен­ный авто­ри­тет и ува­же­ние в рес­пуб­ли­ке. Неоце­ним Ваш вклад в реше­ние про­блем, свя­зан­ных с закры­ти­ем Семи­па­ла­тин­ско­го ядер­но­го поли­го­на, с созда­ни­ем систе­мы соци­аль­ной защи­ты насе­ле­ния, постра­дав­ше­го от испы­та­ний атом­но­го ору­жия…» (Пре­зи­дент Н.Назарбаев мыр­за­ның 1993 жылы мау­сым айын­да жасы алпы­сқа толған Кешірім Бозта­евқа жол­даған құт­ты­қтау жедел­ха­ты­ның түпнұсқасынан). 

«Ува­жа­е­мый Кеш­рим Бозта­е­вич! Мы зна­ем Вас как круп­но­го обще­ствен­но­го и госу­дар­ствен­но­го дея­те­ля, очень мно­го сде­лав­ше­го для про­цве­та­ния наро­да Казах­ста­на. Вся Ваша жизнь – это доб­рый и нази­да­тель­ный при­мер для моло­до­го поко­ле­ния. Осо­бен­но ярко Вы про­яви­ли силу и волю Ваше­го харак­те­ра как актив­ный участ­ник меж­ду­на­род­но­го анти­ядер­но­го дви­же­ния «Невада–Семипалатинск» (толь­ко «актив­ный участ­ник» дви­же­ния «НС»? – Г.К.). В те нелег­кие годы борь­бы за пре­кра­ще­ния ядер­ных испы­та­ний на Семи­па­ла­тин­ском поли­гоне Вы про­яви­ли стой­кость бой­ца за инте­ре­сы наро­да и муд­рость истин­но­го народ­но­го лиде­ра. Мы зна­ем, что в эти труд­ные годы Вам при­шлось осо­бен­но нелег­ко и на Вашу долю выпа­ли тяж­кие испы­та­ния, но Вы суме­ли най­ти вер­ный путь и сде­лать нема­лый лич­ный вклад в дол­го­ждан­ную побе­ду – закры­тие Семи­па­ла­тин­ско­го ядер­но­го поли­го­на. В день Ваше­го шести­де­ся­ти­ле­тия, доро­гой Кеш­рим Бозта­е­вич, мы выра­жа­ем Вам свое глу­бо­кое почте­ние и гово­рим бла­го­дар­ное спа­си­бо! Олжас Сулей­ме­нов. Июнь 1993 г.».

Әрине, Кешірім­ді жасы алпы­сқа толуы­мен құт­ты­қтаған жедел­хат көп бол­ды. Теле­фон соғы­лып жат­ты: КСРО аймақта­ры­нан, шетел­дер­дің ядро­лық сына­у­ларға қар­сы қозға­лы­ста­ры­нан, жеке қай­рат­кер­лер­ден.
Олжа­стың Семей­ге рес­пуб­ли­ка Мини­стр­лер Кеңесінің төраға­сы Н.Назарбаевтың ұйға­ры­мы­м­ен барға­ны бел­гілі. Ал ондағы жұмысы­ның нәти­же­сі тура­лы «Семей поли­го­ны» кіта­бын­да (1992 ж.) К.Бозтаев былай деп жазады:

«…Поли­гон­ды жап­ты­ру күресім­нің баста­луы­нан – аяқта­луы әлдеқай­да қиын бол­ды. Әу баста жұрт­шы­лы­ққа арқа сүй­еп, өзім­ді қол­дай­ты­ны­на нық сеніп, қуат­та­нып кіріс­кен едім. Енді өзім мүд­десін қорғаған­дар­дың, өкі­мет­пен текетірес­ке бір­ге шыққан­дар­дың көз­деріне сүй­ел бола бастаған­дай­мын. Өкпек жел­дің қай жақтан соққа­нын сездім. Ол ең алды­мен қоғам­дық қозға­лыс жетек­шілері­нен бастал­ды. Олар­дың кей­біре­уі тіп­ті Семей­ге ат ізін бірін­ші рет сал­са да, баяғы Юлий Цеза­рь­ша: «Бар­дым, көр­дім, жеңдім! – деп шыға кел­ді… «Бұл кім­нің еңбе­гі?» деген сұрақ сам­пыл­дай баста­ды. Бас­пасөз бетін жауып кет­кен жари­я­ла­ным­дар­да: «…еңбек «Невада–Семипалатинск» қозға­лы­сы­ны­кі, тек қана соны­кі! – делін­ді. Қозға­лы­стың әрбір әре­кеті мей­лін­ше мол наси­хат­тал­ды. Өздерін-өздері дәріп­теу сияқты бір­жақты­лық өршіді… Жиі-жиі жиын жасау, жалаң ұран­дау әдет­ке айналдырылды…». 

Бозта­ев­тың көзі тірі­де оның кіта­бын «көр­ме­ген­дер» оны ара­да жеті жыл өткен соң (1999 жылы қай­тыс бол­ды) көріп, оқып, мыса­лы, Олжас «Каз­прав­да» газетінің тіл­шісі­мен сұх­ба­тын­да: «…Да, он был пер­вым сек­ре­та­рем обко­ма, но не более того. И уж во вся­ком слу­чае, сре­ди пер­вых бор­цов за закры­тие поли­го­на его не виде­ли», – деп сестеніп шыға кел­ді (2005 ж.). Одан кей­ін­гі сұх­бат­та­рын­да: «Біз Семей­ге жиын өткізу­ге барған­да, обком­дағы­лар есік-тере­зе­лерін жауып алып, тығы­лып отыр­ды…», «Поли­гон­ды біз жап­пап­пыз, бір обком сек­ре­та­ры жауып­ты…» деп кекет­се, тағы да бірін­де: «…Ондай хат­ты жазған бол­са, орны­нан ертеңін­де-ақ айы­ры­лар еді», – деді. 

Сөй­тіп, мүл­дем жалған сөй­леп, Кешірім­нің ару­ағы­нан ары-бері атта­уды баста­ды. Міне, содан бері­де поли­гонға қаты­сты сан жиын өткізіліп, мақа­ла-сұх­бат жари­я­ла­нып келе жат­са да, ешбірін­де шын мәнін­де тари­хи Тұлға Кешірім­нің аты-жөні айты­лған да, жазы­лған да жоқ. Интер­нет сайт­та­рын­да да солайша. 

Осы бір әділет­сіздік жай­ын­да әр тұрғы­да бір­не­ше мақа­ла жаз­дым (билік­тің бауы­рын­дағы газет­тер, әрине, «ат-тон­да­рын ала қашты»). Пре­зи­дент Н.Назарбаев мыр­за­ға екі хат жол­да­дым. Көшір­ме­лері: «Еге­мен Қаза­қстан» және «Семей таңы» газет­терінің бас редак­тор­ла­ры­на жіберіл­ген. Соңғы­сын­да (19.06.2009 ж.) пре­зи­дент­ке: «Нұре­ке, Кешірім Бозта­ев­тың бүкіл қыз­меті көз алды­ңы­зда, поли­гон жай­ын­да әңгі­ме қозғалған­да, ақиқат­ты айта жүруіңіз керек қой, ару­аққа одан артық не керек?» – дедім. Ол хаты­ма бір айдан кей­ін Мем­ле­кет­тік хат­шы Қ.Саудабаев мыр­за­дан жау­ап кел­ді. Ол: «Ақы­л­шы аға­мыз­сыз, жазған­да­ры­ңыз орын­ды» деп, асты­ма көп­шік­ті қабат­тап қой­ып, содан кей­ін өтер істің өткенін, оны қай­та­лай берудің рет­сіз бола­рын айтып­ты. Оған жау­ап жазып: ақиқат­ты ізде­удің де рет­ті-рет­сізі бола­ды екен ғой, Кешірім Бозта­ев­тың ару­ағы­нан ары-бері аттап, тарих­ты тәрк ету күнә да, кінә да бол­май шықты-ау деу­ге тиіс болдым.

Алды­мы­здағы 2019 жылы поли­гон­ның сына­уды бастаға­ны­на 70 жыл, ал жабы­лға­ны­на – 27 жыл тола­ды. Онда да өзін-өзі қол­паштап, өзге­лер­ге қол­пашта­тып дағ­ды­ланған­дар­дың жала­у­ла­ры желбірей беретін болар. Бет қарат­пай тұр ғой.

Айт­пақ­шы, осын­дай кей­іс әреді­гін­де әйгілі физик-ака­де­мик Евге­ний Вели­хо­втың 2008 жылғы бір сөзі есі­ме түседі. Семей поли­го­ны­на қар­сы күрес баста­лы­сы­мен Семей­ге келіп, жағ­дай­дың анық-қаны­ғы­на көз жет­кізіп, Кешірім Бозта­ев­ты батыл жақтап, Гор­ба­чевқа хат жазған ғалым Ресей теле­бағ­дар­ла­ма­сы­ның «Мәде­ни­ет» арна­сын­дағы сұх­ба­тын­да жур­на­лист: «Семей поли­го­нын ақын Олжас Сүлей­ме­нов жап­ты дей­ді, ол тура­лы не айта­сыз?» – деген сұрақ қой­ған­да, былай депті: 

«…Олжас Сулей­ме­нов к закры­тию поли­го­на име­ет крайне незна­чи­тель­ное отно­ше­ние. Так, мимо­хо­дом – арти­ку­ля­ция и шуми­ха для нача­ла и сопро­вож­де­ния пере­го­во­ров меж­ду Моск­вой и Вашинг­то­ном. Глав­ная идея кон­тро­ля над пре­кра­ще­ни­ем ядер­ных испы­та­ний заклю­ча­лась в допус­ке совет­ских спе­ци­а­ли­стов в Нева­ду, а шта­тов­ских – в Семи­па­ла­тинск. Каж­дый уста­нав­ли­ва­ет свою спе­ци­аль­ную аппа­ра­ту­ру и дер­жит друг у дру­га руку на ядер­ном пуль­се. Все пере­го­во­ры с Госде­пар­та­мен­том, Кон­грес­сом, Пен­та­го­ном вел я и выс­шие офи­це­ры КГБ и ГРУ. То есть всё реша­лось на оси Москва – Вашинг­тон». Евге­ний Пав­ло­ви­чтің ол сөзінің толық мәтіні Zonakz. газетін­де сол жылы ақпан­ның бірін­ші апта­сын­да шыққа­нын естідім. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды».

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ 

Кешірім Бозта­ев бірін­ші хат­шы болған бес жыл­да облы­ста: 69 мек­теп, 67 бала­бақ­ша, 24 ауру­ха­на-емха­на, 28 мәде­ни­ет үйі мен клуб, Қаза­қстан­дағы тұңғыш Офталь­мо­ло­гия орта­лы­ғы, Бала­лар сырқа­ты­ның себеп­терін зерт­тей­тін орта­лық салын­ды. 2000 шақы­ры­мға жуық жолға асфальт төсел­ді. Облы­стың өнер­кәсібі сапа­лы өнім шыға­ру жағы­нан рес­пуб­ли­ка­да көп жылғы 15–17-орындардан 5‑орынға көтерілді. 

Ден­са­улы­ғы сыр бере бастаған соң зей­нет­ке шығу­ды жөн көр­ген Кешірім 1991 жылы облы­ста алдағы екі жыл­да 34 мек­теп және 33 бала­бақ­ша салу мәсе­лесін шешіп берді.

Ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­ле­лерін зерт­тей­тін ака­де­ми­я­ның, Халы­қтық «Эко­ло­гия» ака­де­ми­я­сы­ның (Мәс­кеу қала­сы) ака­де­ми­гі, Семей Меди­ци­на ака­де­ми­я­сы­ның «Құр­мет­ті про­фес­со­ры» Кешірім Бозта­ев ұрпағы­на ғылы­ми негізді бір­не­ше кітап қал­дыр­ды. Олар: «Алға­шқы оттан ато­мға дей­ін» (1956 ж.), «Семей поли­го­ны» (1992 ж.), «Қай­нар қасіреті» (1995 ж.), «29 тамыз» (1998 ж.). Жазған кітап­та­ры­ның дені – Семей поли­го­ны­ның тұтас тарихы тура­лы.

Республиканский еженедельник онлайн