fbpx

ТЕҢІЗДЕГІ ТӨҢКЕРІС: себеп пен салдар

Аты­ра­удағы Теңіз кені­шін­де бір­не­ше мың адам­ның қаты­суы­мен орын алған оқиға­ның мән-жайы бүгін­де жал­пақ елге мәлім бол­са керек. Ол оқиға­ның егжей-тег­жей­ін қысқа­ша ғана баян­дау қажет болған­да, WhatSаpp желісі арқы­лы тараған мынау жаз­баға жүгі­ну­ге бола­ды:

«Жал­пы раци­я­ның антен­на­сын сорып тұрған қыз – ол жәй ғана сыл­тау. Жал­пы айтуға оңай. Бірақ бұны сол Теңіздің ішін­де жүр­ген адам­дар ғана біле ала­ды.


Шетел­дік­тер­дің жағ­дайы біз­ге қараған­да әлдеқай­да жоға­ры. Мыса­лы, оларға біз­ге бер­ген тамақты бер­мей­ді, бөлек меню­ла­ры бар. Біз жата­тын жер­де жат­пай­ды, олар­дың жата­тын жер­лері – люкс. Олар­дың айлы­қта­ры біз­ден 5 есе көп.

Және де сол шетел­дік­тер кеш­кі сағат 7‑ден кей­ін жер­гілік­ті кафе­лер­ге барып, ҚАЗАҚ қызда­рын тамақтан­ды­ра­ды. Қысқа­сы, сын­ды­рып, арам ойла­рын жүзе­ге асы­ра­ды. Өйт­кені олар­дың айлы­қта­ры кө-ө-өп. Ал біз біре­уді тамақтан­дыр­мақ түгілі, өзі­міз барып тамақта­на алмай­мыз. Себебі әр қаза­қтың басын­да кем деген­де 5–6 кре­дит­тен бар.

Ал шетел­дік­тер­ге рахат. Дәл біз сияқты жұмыс істеп, мил­ли­он­даған ақша­мен ҚАЗАҚ қызда­ры­на бара­ды. Ішеді, жей­ді, олар өздерін курорт­та жүр­ген­дей сезі­неді. Одан қал­са, ҚАЗАҚ жұмыс­шы­ла­ры­на құл сияқты қарай­ды. Осы ғой бізді көтеріліс­ке әкеліп соқты­рған. Қашан­нан бері іште сақта­лып жүр­ген ашу мен ыза­ға раци­я­ның анте­нын сорып тұрған қыз соңғы себеп болып, нүк­тесін қой­ды. 

Неге біздің елге қаңғы­рып кел­ген келім­сек­тер­дің айлы­ғы біз­ден көп болуы керек? Мұнай­дың да, жер­дің де иесі біз емес пе? Неге біз­де бәрі керісін­ше?

Олар істеп жатқан жұмысты біз де істеп жатыр­мыз. Керісін­ше, біздікі ауыр. Қыста – ұлы­ған боран­да, жаз­да – 50–60 гра­дус ысты­қта дала­да жүре­міз. Ал олар салқын кан­дёр­дың астын­да оты­ра­ды. Алып бара жатқан білім­дері де жоқ. Обид­но ма?».

Республиканский еженедельник онлайн