Вторник , 1 июля 2025

ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАЙДА БАРАДЫ?!

  • Жұма күні жұмыстың аяғы­на қарай Кон­гресс орта­лы­ғын­да өткен «DIGITAL BRIDGE” цифр­лан­ды­ру халы­қа­ра­лық фору­мы­на бар­дым. Мен бұл жер­ге бел­гілі IT мама­ны, про­грам­мист, латын гра­фи­ка­сын­дағы қазақ әлі­п­биі нұсқа­сын жасап жүр­ген Жанат Аймаған­ның шақы­руы­мен келдім.

Шынын айтқан­да, жұмыста­рым бастан асып тұр­са да, цифр­лан­ды­ру сала­сын қаза­қ­ша­лау мәсе­лесін көтеріп жүр­ген Жанат аға­мы­здың: «Бұл көр­ме мен форум­ды басқа­лар көр­ме­се де, цифр­лан­ды­ру сала­сын Ресей­дің Сбер­бан­кіне беру­ге қар­сы шығып, министр Мусин­ді сұра­уға алған сіз келіп көруіңіз керек» – деген соң, сөзін жер­ге тастай алмадым. 

Форум аясын­да цифр­лан­ды­ру сала­сын­дағы жетістік­тер көр­месі өтіп жатыр екен. Форум­да төр­де түгел­ге жуық өзге ұлт өкіл­дері жай­ғасқан. Әрине, олар­дың бәрі өз үйлерін­де оты­рған­дай, өз тіл­дерін­де сөй­ле­уде. Тек біздің қаза­қтар ғана өзге тіл­де, халы­қа­ра­лық ағы­л­шын тілін­де бол­са, мей­лі ғой, кеше ғана өздері ота­ры­нан шыққан Ресей тілін­де сай­рап жатыр жарысып…

Көр­некі ақпа­рат­тар­дың бар­лы­ғы тек Ресей тілін­де. Қай мем­ле­кет­те өтіп жатқа­нын айт­пай, эфир­ге шығар­саң, шетел­дік­тер­дің бар­лы­ғы бір­ден Ресей­де өтіп жатыр деп ойлай­ты­ны анық.

Жаным­да оты­рған Жәкеңе: «Қазақ аста­на­сын­да өтіп жатқан мынау форум­да Қаза­қтың исі де жоқ қой?!» – дедім. 

«Әрине, қаза­қтың исі бол­май­ды. Жаңа сіз кел­мей тұрып сөй­ле­ген министр Мусин де, пре­зи­дент­тің көмек­ші, кеңес­шілері де, бар­лы­ғы тек орыс­ша сөй­леп кет­се, басқа­лар­дан не сұрай­сың? Шару­а­мы­здың біт­кені осы емес пе? АйТи сек­то­рын­да жаста­ры­мыз қап­тап өсіп келеді. Бірақ бір өкіні­штісі – көбісі қаза­қ­ша біл­мей­ді» – деді нара­зы­лық танытып.

Айтса, айтқан­дай, көр­ме­де­гі өз өнім­дерін ұсы­нып оты­рған жастарға бет­теп едік, көбісі аман­да­суы­ның өзін орыс тілін­де баста­ды. Мені Жәкең «Пар­ла­мент депу­та­ты, «Ақ жол” фрак­ци­я­сы мүше­сі» деп таны­сты­рып еді, бар­лы­ғы өз өнім­дерін көр­сетіп қалуға асы­қты. Мен қаза­қ­ша аман­да­сып, қаза­қ­ша сөй­ле­ген әде­мі сары қыздың үстеліне бардым. 

«SPEECH LAB” ком­па­ни­я­сы­ның жоба жетек­шісі Дина­ра Әлім» деп таны­стыр­ды өзін.

Бұлар­дың ерекше бағ­дар­ла­ма­сы жазу­мен айна­лы­са­ты­ны маған қат­ты ұна­ды. Сөй­ле­сең – сөзіңді мәтін етіп береді. Мәтін бер­сең – дыбыст­ап аудио етіп шыға­ра­ды. Тәжіри­бе жасап көру үшін менің: «Бұл өтіп жатқан қан­дай көр­ме?» ‑деген сөзім­ді лез­де ешбір қатесіз мәтін етіп шығарды.

Тексті алып сал­саң, аудио етіп дыбыст­ай­тын функ­ци­я­сын тек­се­ру үшін кез кел­ген мәтін­ді дыбыст­а­уға «Қазақ үні” сай­тын аштық. Бір­ден көзі­міз­ге бір апта бұрын шыққан, қазақ әде­би­еті клас­си­гі Әбді­жә­міл Нұр­пей­істі 97 жасқа толуы­мен құт­ты­қтаған мақа­лам көз­ге түсті. Сол мақа­ла­дан көр­нек­ті жазу­шы Смағұл Елу­бай­дың Әбең тура­лы айтқан сөй­ле­мін алдық. «Мем­ле­кет­тік тіл үшін алаңға, көше­ге шыға­мыз деп шештік. Тоқ­сан бес жастағы Халық жазу­шы­сы Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­со­втің өзі «Тіл үшін алаңға шыққан елдің ең алдын­да мен жүретін бола­мын» деп ширы­қты. Сөй­тіп, әлгі хатқа бүгін­де 126 мың­нан астам бел­сен­ді адам қол қой­ды. Ал оның сыр­тын­да бел­сен­ді емес мил­ли­он­даған қазақ тұр ғой!» – деп толғап, толға­нып сөй­ле­ген еді Смағұл аға­мыз» – деген мәтін­ді дем­де аудиоға айналдырды.

Бұл жетістік­ті «Қазақ үні” ұлт­тық пор­та­лы бас редак­то­ры, дарын­ды ақын Аза­мат Тасқа­раұлы­на жеткіздім.

«Тама­ша бағ­дар­ла­ма! Жақын бола­шақта мәтін теру, аудар­ма­шы секіл­ді көп­те­ген жұмыстар жой­ы­ла­тын боп тұр ғой. Әуелі сайт жасай­тын бағ­дар­ла­ма­лар шығып жатыр. Үлкен сайт бол­ма­са да, кіші­гірім визит­ка сайт жаса­уға жарап тұр. Соны ойлай­мын да, бола­шақта ақын­дар ғана сұра­ны­сқа ие бола­тын заман туа­ды-ау. Себебі, сурет­ті де, әнді де ком­пью­тер­мен жасау белең алып бара­ды. Әуелі әртістер­дің орны­на адам­ды ком­пью­тер­мен жасап, кино шыға­рып жатыр.

Жазу­шы­лы­қты да алма­сты­руы мүм­кін бір бағдарламалар.

Өлеңді ғана еш ком­пью­тер шыға­ра алмай­ды ғой» – деді Аза­мат бауырым,

«Онда ақын­дар сұра­ны­сқа ие бола­тын кезі­міз алда бол­са, соған дай­ын болай­ық!» – деп, мен де сөзім­ді жоға­ры нота­мен аяқтадым.

Иә, осын­дай жетістік­тері бар, еш елден кем емес IT сек­то­рын­дағы жас маман­да­ры­мыз қау­лап өсіп келе жатқан­да, олар­дың жолын бай­лап, шетел­ге, Ресей­дің Сбер­бан­кінің бода­уы­на бай­лап беріп жатқа­ны­мыз қалай болар екен?!

«Плат­фор­ма­ның ең күр­делі мәсе­лесі – бізді орыс тіліне әбден бай­лау. Қаза­қстан­да Windows OS орыс­ша. Бізді бай­лай­ты­ны осы. Енді «Сбер» плат­фор­ма­сы бізді сорға баты­рған­мен бір­дей бола­ды. Қаза­қстан­дық бүкіл деректер бан­кісі онсыз да Ресей­дің қолын­да. Бұны Бағ­дат Мусин мыр­за министр ретін­де сезбе­уі күдік туды­ра­ды» – дей­ді Жанат Айма­хан жаны ауырып.

Иә, бұл мәсе­ле­де, цифр­лық еге­мен­ді­гі­мізді сақтап қалу жолын­да үкі­мет­ке қояр сұрақтар көп. Ал олар­дың – министр Мусин­нің жау­а­бы елдің көңілін көн­ші­те қой­ған жоқ!

Қазы­бек ИСА

KASPIДІҢ «Сберден» НЕСІ КЕМ?

  • Digital Bridge халы­қа­ра­лық тех­но­ло­ги­я­лық фору­мы бары­сын­да Kaspi.kz ком­па­ни­я­сы­ның негізін қала­у­шы және бас­шы­сы Миха­ил Лом­тад­зе мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­евқа мем­ле­кет­тік орган­дар­мен бір­лесіп құры­лған инно­ва­ци­я­лық қыз­мет­тер тура­лы айт­ты (фото).

 “Соңғы екі жыл­да Қаза­қстан цифр­лан­ды­ру сала­сын­да орас­ан зор өзгерістер­ге қол жет­кізді. Бүгін­гі таң­да Kaspi.kz – әлем­де­гі ірі фин­тех ком­па­ни­я­лар­дың бірі. Бұл ком­па­ния Қаза­қстан­да құрыл­ды! Қай­та құру­дың негіз­гі мақ­са­ты – адам­дар­дың өмірін жақ­сар­ту. Ол үшін адам­дар үне­мі пай­да­ла­на­тын қыз­мет­тер­дің сапа­сын жақ­сар­ту қажет. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дағы әріп­те­стері­міз­бен бір­лесіп екі жыл бойы сер­ви­сті іске қосып келе­міз. Біз цифр­лық даму мини­стр­лі­гі­мен, қар­жы мини­стр­лі­гі­мен, мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті­мен, еңбек мини­стр­лі­гі­мен, ішкі істер мини­стр­лі­гі­мен, «Ұлт­тық ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар» ком­па­ни­я­сы­мен бір­ге жоба­лар жасай­мыз. Бұл сер­ви­стер бүгін­де де адам­дар­дың өмірін жақ­сар­ту­да “, – деді Миха­ил Лом­тад­зе ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы цифр­лан­ды­ру­ды енгі­зу мәсе­ле­лері жөнін­де­гі комис­сия отырысында.

 “Қазір­дің өзін­де 7 мил­ли­он­нан астам қаза­қстан­дық, біздің сүй­ік­ті кли­ент­тері­міз қосым­ша­дағы” Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер ” бөлі­міне кіреді Kaspi.kz олар онлайн қыз­мет­тер­ді пай­да­ла­на­ды. Мыса­лы, біз авто­мо­биль­ді қай­та ресім­де­уді толы­ғы­мен онлайн жаса­дық. Бұл әлем­де­гі біре­гей тәжіри­бе. Цифр­лан­ды­ру мини­стр­лі­гі­мен бір­ге бұл сер­вис іске қосыл­ды. Ішкі істер мини­стр­лі­гі­мен бір­ге жедел­детіл­ді. Қазір елде­гі әрбір үшін­ші авто­мо­биль мобиль­ді қосым­ша­да толы­ғы­мен онлайн тір­ке­леді Kaspi.kz”, – деді Михаил.

 Миха­ил Лом­тад­зе сон­дай-ақ бала­ларға арналған әле­умет­тік жәр­де­мақы­лар­ды ресім­деу де толы­ғы­мен онлайн режи­міне өтетінін атап өтті. Бұл Еңбек мини­стр­лі­гі­мен, цифр­лан­ды­ру мини­стр­лі­гі­мен және “Ұлт­тық ақпа­рат­тық технологиялар“АҚ-мен бір­лесіп әзір­лен­ген жақын­да іске қосы­лған жаңа сер­вис. Ата-ана­ларға қағаз құжат­тар­ды ұсы­ну үшін ХҚКО-ға баруға уақыт жұм­са­удың қажеті жоқ. Мобиль­ді қосым­ша­да өтініш беру жет­кілік­ті. Енді ата-ана­лар ХҚКО-ға баруға және құжат­тар­ды ресім­де­у­ге уақыт жұм­са­май­ды”, – деп толы­қтыр­ды Михаил.

Миха­ил Лом­тад­зе Мем­ле­кет­тік инфрақұры­лым­дық жоба­лар­ды іске асы­ру цифр­лан­ды­ру сала­сын­да үлкен жетістік­тер­ге жету­ге мүм­кін­дік беретініне сенім білдірді.

 “Менің ойым­ша, біз сіздің Қаза­қстан­дағы және шетел­де­гі табыс тарихы­ңы­зды мой­ын­да­уы­мыз керек. Сіз­ге одан әрі табыс тілей­мін!”- деді Мем­ле­кет Бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев өзінің жау­ап сөзінде.

Қаз­ТАГ – «DAT»

Республиканский еженедельник онлайн