Среда , 2 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН қарақшылар мемлекетіне АЙНАЛДЫ!

ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіз пре­зи­дент болға­лы бес ай өтіп­ті. Алған бағы­ты­ңыз әлі түсініксіз. Халы­қты қинап оты­рған мәсе­ле­лер­дің біріне ара­лас­па­ды­ңыз. «Ары­ста – өрт қыл­мыстың артын жап­ты…» дей­ді жұрт. Гене­рал­дар «табиғи құбы­лыс» деп сан­ды­рақтай­ды. Сіз үнсіз қал­ды­ңыз. Бар бай­лы­ғы­мыз көлең­келі жол­дар­мен сыр­тқа кетіп, мем­ле­кет қары­зға батып, халық қай­ыр­шы­лы­ққа ұшы­рап жатыр. Бұл дегені­міз – Қаза­қстан жоға­ры­да оты­рған­дар­дың мен­ші­гіне айналға­ны. Заң сақ­шы­ла­ры ұры­лар­ды жақтап, бұқа­ра­ның құқын тап­тап жатыр.

Қаза­қстан қарақ­шы­лар мем­ле­кетіне айналды!

Әділет­сіздік пен жемқор­лы­ққа қар­сы шыққан бей­біт­шіл ере­уіл­шілер­ді поли­цей­лер қатыг­ездік­пен жай­пап, көп бала­лы ана­лар мен мүге­дек­тер­ге дей­ін жап­пай қамап жатыр. Жерін қорғаған Макс Боқа­ев пен басқа­лар түр­ме­де отыр. 86-шы Жел­тоқ­сан­ның қаһар­ман­да­ры­ның бүгін­гі лидері Құр­манға­зы Рах­ме­то­вты жасақ­шы­лар еш себеп­сіз үйі­нен алып кетіп, 15 тәулік қамауда ұста­ды. Бел­гілі қоғам қай­рат­кері Жаса­рал Қуа­ны­шә­лин­ді көше­де кетіп бара жатқан жерін­де поли­цей­лер тұтқын­дап, бір­не­ше сағат аудан әкім­шілі­гін­де бостан­ды­ғын шек­те­ген. Бәрі заң­сыз. Бұл шет­сіз, шексіз былық (бес­пре­дел)! Билік нағыз ұйым­дасқан қыл­мысты топқа (ҰҚТ-ОПГ) айналды!

Билік­ке кел­ген ҰҚТ заң­на­маға қосым­ша­лар енгізіп, енді ішкі тәр­тіп орна­туға қару­лы күш­терін пай­да­ла­нуға мүм­кін­дік алды. Демек, елін сырт­тан кел­ген жаудан қорғай­тын арми­я­мыз қару­ла­рын халқы­на қар­сы бұрып жатыр. Қаза­қстанға ГУЛАГ зама­ны тақалды.

Пре­зи­дент мырза!

Сіз бен Мәсі­мов (ҰҚК төраға­сы – Ред.) еке­улеріңіз кезін­де дипло­ма­тия жолын Қытай­дан баста­ды­ңы­здар. Алып көр­ші­міздің тарихын, әдет-ғұр­пын, басқа­ру тәсіл­дерін жетік білетін­деріңіз бай­қа­ла­ды. Аза­мат­та­ры­мы­зды жап­пай қамауға алу­ла­ры­ңыз Қытай­дың «мәде­ни­ет рево­лю­ци­я­сы­на» ұқсап барады.

Ал Қытай­дағы Шың­жаң өлкесін­де құры­лған «тәр­бие-түзе­ту» лагерь­леріне аз ұлт­тар­дың өкіл­дерін: қазақ, ұйғыр, қырғыз бен өзбек­тер­ді жап­пай қамауға алып, жан­да­рын қинап, бауы­здап, ағза­ла­рын сауда­лап жатқан­да­ры­на қар­сы шыққан Қаза­қстан аза­ма­ты Серік­жан Білә­шті қамауға алған­да­ры­ңыз – Қытай­дың гено­цид сая­са­тын ашық қол­дау деген. Қылмыс!

Төрт айға созы­лған қамаудың себебін тер­ге­уші, про­ку­ра­ту­ра өкілі сот алдын­да айта алмай, был­жы­рап қал­ды. Оған қара­ма­стан судья тағы бір айға үйқа­мақты созды. Мақ­сат­та­ры қайт­се де Білә­шті түр­ме­ге тығу. Ұятсыздар!

Серік­жан Біләш Аста­на қала­сы­ның сотын­да айып­кер емес, айып­та­у­шы ретін­де Қаза­қстан­ның былы­ққа батқан, ұлт­тық намысын жоғал­тқан, ар-ожда­ны­нан айы­ры­лған билік­ті сот­тап жатыр десе болады.Серікжанның сот­та сөй­ле­ген сөзі келесі сіл­те­ме­де: https://youtu.be/ZPb3V1PakAE?fbclid=IwAR1d9oentr KiL6eETCojVPSvZ 0jiJWP-fWZdCwLnmrCw-1__GjWmTSQhmEk).

Қытай­да орын алған гено­цид АҚШ, Еуро­па басы­лым­да­рын­да жары­ққа шықты. БҰҰ, өрке­ни­ет­ті ел пар­ла­мент­тері, халы­қа­ра­лық ұйым­дар, дүни­е­ге бел­гілі тұлға­лар бұл хай­у­ан­ды­ққа нара­зы­лық біл­дір­ді. Осы­ған себеп­ші болған – Қаза­қстан аза­ма­ты Серік­жан Біләш. Ол қамауға алы­нып, «зор­лық көріп жатқан Қаза­қстан аза­мат­та­ры, олар­дың туы­ста­ры, қан­даста­ры­мы­здың бас бостан­ды­қта­ры үшін «жаным құр­бан» деп, күрес­ке шыққан. Ол түр­ме­де оты­рып шыққан­дар­дың видеоға түсіріл­ген сұх­бат­та­ры мен лагерь­лер­дің ішін­де адам­дар­ды қор­лап жатқан сәт­терін, қамаудағы нақты мың­даған адам­дар­дың тізі­мін дәлел ретін­де дүни­е­ге жолдаған.

Серік­жан­ның осы әре­кет­терінің арқа­сын­да 800 мың адам бостан­ды­ққа шыққан. Көбі­не­се біздің қан­дастар. Бұл –халы­қа­ра­лық тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың мәлі­меті. Серік­жан Біләш – батыр­дың аты, істе­ген ерлі­гі қаза­қтың тарихын­да алтын әріп­тер­мен жазы­лып, ғасыр­ларға қала­ты­ны сөз­сіз. Бұл жігіт ел ара­сын­да аңы­зға айна­лып, көп­шілік­тің құр­метіне бөленіп жатыр. Оны Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­ну жөнін­де пікір­лер көбеюде.

Ал Серік­жан Білә­шті Қытай үкі­меті өзіне «№ 1 жау» етіп бел­гіледі. Себебі – Қытай мем­ле­кетінің мил­ли­он­даған аз ұлт­тар­дың аза­мат­та­ры­на жасы­рын істе­ген гено­ци­ді дүни­е­ге жария болды.

Серік­жан Біләш Қаза­қстан билі­гінің де «жауы» болға­ны – масқа­ра­ның масқа­ра­сы! Билік­тің кешіріл­мес қыл­мысы! Біздің билік­тің мұн­дай биша­ра жағ­дай­ға түсіп қалуы – Қытай бер­ген неси­е­лер­дің қомақты бөлі­гін жоға­ры лау­а­зым­ды жан­дар жұтып қой­ған. Міне, осы­ның бәрі – «ілгек» болып, Қытай бас­шы­ла­ры­ның қолын­да. Біздің «жұтқы­штар­дың» ауы­зда­ры­на құм құй­ы­лған­дай, үнсіз оты­рған­да­ры – осыдан.

«Қытай Қаза­қстан бас­шы­ла­рын сатып алған» деп ел айтып жүр.

Ресми кез­де­су­лер­де Қытай бас­шы­ла­ры Қаза­қстанға өте риза екен­ді­гін ылғи біл­діреді. Неге риза бол­масқа – қалаға­ны­ның бар­лы­ғын алды. Ал неге олар қаза­қты қыспаққа ала­ды? Жоқ, қазақ та саты­лып кет­ті ме?..

Пре­зи­дент мыр­за! Сіз Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың жұбайы (Сләм Уәли – Ред.) Қаза­қстан аза­ма­ты болып тұрған­ның өзін­де Қытай­дан қорғай алмай қал­ды­ңыз. Шве­ция үкі­меті сіз істей алмаған­ды істе­ді, қан­даста­ры­мы­здың жанұя­сын қорғап, өз аза­мат­ты­ғы­на алды.

Ал енді Серік­жан Білә­шті сіз қорғай алма­саңыз, қаза­қтар сізді «Менің Пре­зи­ден­тім» деп қалай атай­ды?.. Осы­ған қат­ты ойланыңыз.


Халық депу­та­ты

Серік Абд­рах­ма­нов,

Алма­ты,

2019 жыл, 15 шілде

Республиканский еженедельник онлайн