fbpx

Қазақтың басын РЕФЕРЕНДУМ біріктіре ала ма?

Қаза­қтың басын бірік­ті­ру жөнін­де соңғы кез­дері қоғам­да біраз тал­пы­ны­стар болып жатқа­ны көңіл­ге қона­ды. Қоғам бел­сен­ділерінің баста­ма­сы­мен бір­не­ше «Халық құры­л­тайы» өтті.

Десек те, қаза­қтың басын бірік­тіру­ге, сон­дай-ақ күн­нен-күн­ге кері кетіп, құр­ды­мға батып бара жатқан бере­кесіз жүй­ені өзгер­ту­ге осы жиын­дар­дың ешқан­дай әсері болып тұрған жоқ. Бұл баста­ма­лар­дың әзір­ге қоғам­ды өзгер­ту­ге ықпа­лы­ның бол­мауы: бірін­ші­ден, қоғам­ның өзгеріс­ке дай­ын еме­сті­гін көр­сет­се; екін­ші­ден, осын­дай көп­шілік бас қосқан жиын­дар­ды өткі­зу­де­гі ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын­да кемістік көп екенін көр­сет­ті.

Әртүр­лі жиын ұйым­да­сты­ру­дың басы-қасын­да жүр­ген аза­мат­тар мем­ле­кет­те­гі жүр­гізіліп оты­рған солақай сая­сат­тың нәти­же­сін­де билік­тің пәр­менін­сіз шөп­тің басы қимыл­да­май­ты­нын әлі толы­қтай түсін­бей отыр. Соңғы кез­дері кей­бір аза­мат­тар жеке­ле­ген мәсе­ле­лер бой­ын­ша рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де баста­ма­лар көтеріп жатыр. Бұл әлін біл­ме­ген әлдебір әуме­сер­дің жел диір­мен­мен соғы­сқан тарихын еске түсіреді.

Рефе­рен­дум өткі­зу бел­гілі заң­ның шең­берін­де өткізілетін мем­ле­кет­тік іс-шара. Атап айтқан­да, рефе­рен­дум «Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум тура­лы» заң­ның билік­ке ғана бағы­ны­шты талап­та­ры­на сай жүр­гізіледі. Қаза­қстан­да рефе­рен­дум­ды тағай­ын­дау құқы­ғы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­тіне ғана беріл­ген. Ал рефе­рен­дум өткі­зуді және оның алдын ала дай­ын­дық жұмыста­рын жүр­гі­зуді заң­да көр­сетіл­ген­дей, Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум комис­си­я­сы атқа­ра­ды. Орта­лық рефе­рен­дум комис­си­я­сы­ның функ­ци­я­сын орын­да­у­шы – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы (ОСК) болып тағай­ын­далған. Яғни, рефе­рен­дум өткі­зу толы­қтай билік­тің құзы­рын­да. Осы­дан кей­ін қатар­дағы қара халық үшін рефе­рен­дум өткі­зу дегеніңіз – бос қиял, орын­дал­май­тын арман болып қала береді.

Рефе­рен­дум өткі­зудің ең басты қиын­шы­лы­ғы – аза­мат­тық баста­ма­шыл топ құрып, оны ОСК алдын­да тір­кеу. Тір­ке­уден өткен­нің өзін­де рефе­рен­дум­ды қол­дай­тын 200 мың­нан астам қол жинау қажет. Одан кей­ін Пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы­ның келісі­мін алу – тағы сон­дай толып жатқан кедер­гілер бар. Рефе­рен­дум өткі­зу жұмыста­рын дай­ын­дау бары­сын­да билік кез кел­ген осын­дай тосқа­уыл­дар­ды алға тар­тып, рефе­рен­дум өткі­зу мақ­са­тын­да атқа­ры­лған жұмыстар­ды жоққа шыға­ра ала­ды.

Бір мысал кел­тірей­ін. 2003 жылы бір топ бел­сен­ді аза­мат­тар бас бірік­тіріп, «Жер кодексі тура­лы» заңға қаты­сты рефе­рен­дум өткі­зу тура­лы баста­ма көтер­ді. Сол кез­дері көтеріл­ген баста­ма­ның аясын­дағы ынта­лы топ­тың рефе­рен­дум өткі­зу мақ­са­тын­да жүр­гіз­ген орас­ан зор жұмыста­ры­на қаты­сты сыны­қтан сыл­тау тауып, билік аяқ астын­да жоққа шығар­ды. Сөзім дәлел­ді болу үшін, сол кез­дері билік тара­пы­нан қабыл­данған бір­не­ше құжат­ты газет оқыр­ман­да­ры­ның наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көр­дім. (Құжат орыс тілін­де тол­ты­ры­лған­ды­қтан, мәтінін өзгерт­пей, қаз-қал­пын­да кел­тіріп отыр­мын).

Соны­мен, ҚР ОСК-ның 2003 жылғы 27 мау­сы­мын­да қабыл­даған «Поста­нов­ле­ние об отка­зе в реги­стра­ции ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма и вопро­са, пред­ла­га­е­мо­го ею на рефе­рен­дум» деген құжатқа көңіла­уда­рай­ық:

«В соот­вет­ствии с пунк­том 2 ста­тьи 12, пунк­том 5 ста­тьи 13 и пунк­том 1 ста­тьи 21 Кон­сти­ту­ци­он­но­го зако­на Рес­пуб­ли­ки Казах­стан «О рефе­рен­ду­ме» и на осно­ва­нии резуль­та­тов про­вер­ки пред­став­лен­ных ини­ци­а­тив­ной груп­пой рефе­рен­ду­ма спис­ков граж­дан, при­сут­ство­вав­щих на собра­нии по обра­зо­ва­нию ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма, Цен­траль­ная изби­ра­тель­ная комис­сия РК ПОСТАНОВЛЯЕТ: 1.Считать не выпол­нен­ны­ми ини­ци­а­то­ра­ми про­ве­де­ния собра­ния по обра­зо­ва­нию ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма тре­бо­ва­ние пунк­та 2 ста­тьи 12 Кон­сти­ту­ци­он­но­го Зако­на РК «О рес­пуб­ли­кан­ском рефе­рен­ду­ме» по нор­ме пред­ста­ви­тель­ства участ­ни­ков собра­ния от пяти обла­стей Рес­пуб­ли­ки Казах­стан. 2.Отказать в реги­стра­ции ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма и вопро­са, пред­ла­га­е­мо­го ею на рефе­рен­дум.

Пред­се­да­тель ЦИК РК З.Балиева.

Аста­на, 27.06 2003г. №74\95»

Осы қаулы­ның шығуы­на негіз болған құжат­тың мәтіні­нен үзін­ді:

Про­то­кол № 74 засе­да­ния ЦИК РК «Об отка­зе в реги­стра­ции ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма» от 27 июня 2002 года. г.Астана

Пред­се­да­тель­ство­ва­ла: Бали­е­ва З.Я., при­сут­ство­ва­ли –заме­сти­тель пред­се­да­те­ля Тур­ган­ку­лов К., чле­ны комис­сии – Мель­де­шев Б.С., Оспа­но­ва М.А., Охлоп­ко­ва Т.В., Сулей­ман Л.Ж. и дру­гие.

На осна­ва­нии резуль­та­тов про­вер­ки пред­став­лен­ных ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма спис­ков граж­дан, при­сут­ство­вав­щих 14 июня 2003 года на собра­нии граж­дан-пред­ста­ви­те­лей всех обла­стей Казах­ста­на, горо­дов Аста­ны и Алма­ты по обра­зо­ва­нию ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма, ЦИК РК УСТАНОВИЛА:

Не соблю­де­ны нор­мы пред­ста­ви­тель­ства участ­ни­ков собра­ния от пяти обла­стей: По Жам­был­ской обла­сти в спи­сок вклю­че­ны 35 граж­дан. Про­вер­кой уста­нов­ле­но, что не при­ни­ма­ли уча­стие в собра­ни­ии двое жите­лей обла­сти, а пяте­ро граж­дан ука­зан­ных в спис­ке, соглас­но пись­мен­ных спра­вок адрес­но­го бюро УВД обла­сти не явля­ют­ся жите­ля­ми Жам­был­ской обла­сти.

Ары қарай осын­дай анық-қаны­ғы бүгін­ге дей­ін бел­гісіз «фак­тілер­ді» Ақтө­бе, Аты­рау, Қараған­ды, Оңтүстік Қаза­қстан облы­ста­ры­нан да кел­тіріп, ОСК-ның оты­ры­сы төмен­де­гі­дей шешім шыға­ра­ды.

В соот­вет­ствии с пунк­том 2 ста­тьи 12 пунк­том 5 ста­тьи 13 и пунк­том 1 ста­тьи 21 Кон­сти­ту­ци­он­но­го зако­на РК «О рес­пуб­ли­кан­ском реферн­ду­ме» Цен­траль­ная изби­ра­тель­ная комис­сия ПОСТАНОВИЛА:

1. Счи­тать не выпол­нен­ным ини­ци­а­то­ра­ми про­ве­де­ния собра­ния по обра­зо­ва­нию ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма тре­бо­ва­ние пунк­та 2 ста­тьи 12 Кон­сти­ту­ци­он­но­го зако­на РК «О рефе­рен­ду­ме» по нор­ме пред­ста­ви­тель­ства для участ­ни­ков собра­ния от пяти обла­стей Рес­пуб­ли­ки Казах­стан. 2. Отка­зать в реги­стра­ции ини­ци­а­тив­ной груп­пы рефе­рен­ду­ма и вопро­са, пред­ла­га­е­мо­го ею на рефе­рен­дум. Сек­ра­тарь Цен­траль­ной изби­ра­тель­ной комис­сии Рес­пуб­ли­ки Казах­стан В.Фоос.

Аталған рефе­рен­дум­ды өткізу­ге қаты­сты құры­лған ынта­лы топ­ты елге бел­гілі аза­мат, мем­ле­кет қай­рат­кері Бал­таш Тұр­сын­ба­ев басқар­ды. Жам­был облы­сы­нан рефе­рен­ду­мға дай­ын­дық жұмыста­рын мен атқар­дым. Жиын Алма­ты қала­сын­да Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы (ҚДТ – ДВК) қозға­лы­сы­ның аула­сын­да, ашық аспан астын­да өтті. Жиы­нға жал­пы саны 500-ден астам адам қаты­сты. Жиналған жұрт­тың бәрі бірі­гіп, жиын­нан кей­ін Қаза­қстан­дағы демо­кра­ти­я­ны дамы­ту ұйы­мы­ның офисіне дей­ін көше­мен жаяу шеру өткіз­гені­міз есім­де.

Рефе­рен­дум өткізу­ге дай­ын­дық бары­сын­да аймақтар­да көп­те­ген жұмыстар атқа­рыл­ды. Жал­пы бұл мақ­сатқа рес­пуб­ли­ка көле­мін­де көп қара­жат шығын бол­ды. Мен заң­да бел­гі­лен­ген өкіл­дік нор­ма­сы – 30 адам­ның орны­на Жам­был облы­сы­нан Алма­ты­ға 35 деле­гат апар­дым. ОСК-нің тек­се­руін­де кел­тіріл­ген «Жам­был облы­сын­да тұр­май­ды» деген бес адам аны­ғын­да бұрын­нан Жам­был облы­сын­да тұрып келе жатқан жер­гілік­ті тұрғын­дар бола­тын. Мен олар­ды бұрын­нан тани­ты­н­мын. Деген­мен кей­ін­нен біз осы бес адам­ның Жам­был облы­сы­ның жер­гілік­ті тұрғын­да­ры екенін дәлел­де­гені­міз­бен, оны ОСК қабыл­да­май таста­ды.

Билік өз қатесін өзі ешқа­шан мой­ын­да­май­ды. Оны жоға­ры­да кел­тіріл­ген, ОСК қабыл­даған екі құжат­та жіберіл­ген өрес­кел қателік­тен бай­қа­уға болар еді. ОСК-нің қаулы­сы 2003 жыл­дың 27 мау­сы­мын­да қабыл­данған деп көр­сетіл­се, ал про­то­кол­да «2002 жыл­дың 27 мау­сы­мы» деп қате көр­сетіліп тұр. Бұл құжат­тар­дың көшір­месі мен­де сақта­у­лы. Соған қара­ма­стан, сол кез­дері Орта­лық сай­лау комис­си­я­сын­да оты­рған билік­тің қуыр­шақта­ры өздерінің негіз­сіз шығарған шеші­мі­мен рефе­рен­дум өткізу­ге қаты­сты атқа­ры­лған жұмыстар­ды жоққа шығар­ды, ынта­лы топ­ты тір­ке­мей қой­ды.

Бұл кел­тіріл­ген мысал­дан Қаза­қстан­да қара халық өз құқы­ғын пай­да­ла­нып, қоғам­ды толған­ды­рып оты­рған кей­бір өзек­ті мәсе­ле­лер­ді рефе­рен­дум арқы­лы дауы­сқа сала алмай­ты­нын айқын дәлел­де­се керек. Билік әр кез­де өзіне қар­сы жасалған халы­қтық әре­кет­ке қаты­сты «бүй­рек­тен сирақ шыға­рып» оты­ра­ты­ны жаңа тарих­тан бел­гілі жәйт.

Содан бері билік өзгер­ген жоқ. Өздерінің қитұрқы әре­кет­терін әртүр­лі лас тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­ну арқы­лы іске асы­рып келеді. Соған орай, рефе­рен­дум өткі­зе­міз деп, босқа әуре болып жүр­ген аза­мат­тарға айта­рым: бол­май­тын тір­шілік­ке бос әуре болып, орын­сыз қара­жат шашып, халы­қты әуре-сар­саңға салу­дың қан­ша­лы­қты қажеті бар? Одан гөрі нара­зы­лық шара­ла­ры­на қаты­сты атқа­ры­ла­тын ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын, оған кететін қара­жат­ты дұрыс бағы­тқа бұрып, «Халық құры­л­тай­ын» жоға­ры дең­гей­де өткіз­ген жөн болар еді. Ол үшін бар­лық аймақтар­да бел­сен­ді топ құрып, әр облы­стан кемін­де 40–50 адам­ды ресми түр­де өкіл ретін­де сай­лап, олар­ды Алма­ты қала­сы­на жинап, жал­пы­ха­лы­қтық сипат ала­тын «Халық құры­л­тай­ын» өткіз­ген жөн. Егер құры­л­тай­ға жиналған көп­шілік сол жиын­да оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­тағы аза­мат­тар­дың іші­нен бір көш­бас­шы таң­дап жат­са, одан оң нәти­же шығып, сон­да ғана халы­қтың басы бірі­гіп, дауы­сы билік­ке жете­ді деп ойлай­мын.

Өмір­бай САБЫРОВ,

Жам­был облы­стық «Ел бола­шағы» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы,

Тараз қала­сы

Республиканский еженедельник онлайн