Воскресенье , 22 июня 2025

ҚАЗАҚҚА Навальный ҚАЖЕТ ПЕ?

Ресей­де­гі митин­гілер толқы­ны «сай­ла­удан» соң селқос жатқан Қаза­қстан­ды селк еткіз­ген сияқты: «Қаза­қстан аза­мат­та­ры Наваль­ный сын­ды тұлға­ны аңсай ма?» деп, сұх­бат сұра­ды менен Bugin.kz интер­нет-пор­тал­дың тіл­шісі. Сол сұх­бат­тың «ДАТ» үшін толы­қты­ры­лған нұсқа­сы төмен­де­гі­дей болып шықты.

Аңсаған­да қан­дай! Назар­ба­ев­тың жеке дара билі­гі езіп тастаған бүгін­гі қаза­қты қай­дам, ал ежел­гі қазақ рулық қауым­да, Батыр­лар бастап, Билер бел­сен­ді болған қоғам­да өмір сүр­ген халық. Көш­бас­шы көсе­міне күні қараған елдің бүй­рек бұры­шын­да, ми қаба­ты мен зер­де зей­інін­де осы мен­таль­дық қаси­ет­тің фай­лы тұр­мыс-салт­тық сұл­ба­да сақта­лып қалған. Елдің жаз – жай­ла­у­ға, күз – қыста­уға көшу мерзі­мін де руба­сы­лар белгілеген.

Қаза­қты отыз жыл қаңғыр­тқан Назар­ба­ев­тың тарихы да көсем­ге табы­нған халы­қтың сана­сын­да сақталған тәжіри­бенің нәти­же­сі. Әйт­пе­ген­де, бұл бей­күнә халық «Суды­рах­мет­тің» сыл­дыр сөзіне еріп, бір ұрпақтың ғұмы­рын сарп еткен осын­ша­ма уақы­тын қор қылар ма еді?

Сон­ды­қтан бүгін­гі күн­нің көш­бас­шы­сы – қаза­қстан­дық Наваль­ный қаза­қтың мен­та­льи­тетін­де­гі қажет­тілік деп білем. Тіп­ті ертең­гі күні елде әлдебір сая­си тең­селіс баста­лып кетіп, тобыр­дың нөпірі сти­хи­я­лық түр­де алаңға шыға­тын бол­са, халық про­те­стік про­це­сті басқа­рып кете­те ала­тын сер­кені іздей­ді. Бұл бір жағы­нан заң­ды құбылыс.

Екін­ші­ден, «алаңға шығай­ық десек, бастап бара­тын адам жоқ» деп, пеш түбін­де бүр­кеніп жатқан бүгін­гі қаза­қтың салғырт­ты­ғын сыпы­рып тастай­тын «наваль­ный­лар» қажет екенін біз­де­гі митин­гілер дәлел­деп бер­ді. Сырт­та жүріп, халы­қты митин­гі­ге интер­нет­пен «итер­ме­лей­тін» «ДВК-лық» доғал даб­ыл да дал­ба­са болып шықты. Тіп­ті, қала қожай­ын­да­ры­мен келісіл­ген митин­гі­ге 200–300-ден ары адам жинал­май­ты­нын қайтесің?

  • «Қаза­қстан­нан Наваль­ный сын­ды тұлға шығуы мүм­кін бе? Ол үшін қан­дай фак­тор­лар қажет? Финанс, қол­дау, шетел­дік таныс…» деп сұра­ды тағы да сол тілші.

Мүмкін және мүм­кін емес. Мүм­кін бола­тын себебі – әлем­ге әйгілі Дима­шты туды­рған халық сая­сат­тың да сұңғы­ла талан­тын туды­руы ғажап емес. Жал­пы, қазақ дарын­ды халық, одан неше түр­лі құбы­лы­стар күту­ге болады. 

Ал мүм­кін бол­май­тын себеп қоғам­ның қазір­гі күй­і­нен, халы­қтың бүгін­гі бел­сен­ділі­гі­нен, аны­ғы – керісін­ше сая­си салғырт­ты­ғы­нан туын­дай­ды. Елдің билі­гі, назар­ба­ев­тық режим халы­қтың өзгеріс­ке деген ерік-жігерін тұл­дыр қылып, осын­дай марғау күй­дің қорас­ы­на қамап таста­ды. Елде­гі жағ­дай­дың даму дина­ми­ка­сы көп­шілік үшін, орыс­ша­лап айтқан­да – “до лампочки”.

Екін­ші­ден, ел ішін­де адам­дар­дың бір-біріне деген ала­у­ы­зды­ғы пен сенім­сізді­гін туды­ру мақ­са­тын­да билік­тің сая­сат тех­но­ло­ги­я­сы нақақ тара­та­тын лақап пен өсек­тің идео­ло­ги­я­сы үстем­дік құрып тұр. Әлдебір тұлға ту көтеріп шық­са, оны “халық жауы”, “жоба”, “КНБ-ның аген­ті”, т.т. құбы­жық қылып көр­се­ту – Ақор­да­ның айла­сы­нан туын­дай­тын сая­сат. Мұны мен “айда­псал тех­но­ло­гия” деп атай­мын. Ал бей­күнә халы­қтың біраз бөлі­гі осы арам амал­дың айла­сы­на алда­на­ды. Содан барып, ел ішіне “анау – анау екен”, “мынау – мынау екен” деген лаң мен лақап тарай­ды. Содан «Наваль­ный» бол­мақ аза­мат­тың салы суға кетіп, Дон-Кихот тір­лік­пен тау­сы­лып тынады. 

Әйт­пе­се, 90-жыл­дар­дың соңын­да Назар­ба­евқа қар­сы шығып, қоғам­ды соңы­нан ерт­пек болған Әке­жан Қажы­гел­дин несі­мен Наваль­ный емес? Оны “ұры”, “халы­қты тона­ды”, “әйелі еврей екен”, “қаза­қтың тілін де, тінін де біл­мей­ді” деп, билік­тің тех­но­лог­та­ры таратқан қаңқу қоға­мға мей­ілін­ше озбыр­лы­қ­пен сіңіріл­ді. Кеше­гі Қажы­гел­дин­нің бүгін­гі Наваль­ный бола­тын­дай потен­ци­а­лын халы­қтың өзі құртты.

Неме­се алға­шқы “ДВК”-ны бастап шыққан Ғалым­жан Жақи­я­нов пен Мұх­тар Әбля­зов сол кезеңнің нағыз Наваль­ныйы еді. Олар­ды “анау-ақ”, “мынау-ақ” деп, билік қасақа­на таратқан өсек­ке еріп кет­кен кім? Әрине – қазақ!

Неме­се “Ақ жол” мен “Азат” пар­ти­я­ла­ры­ның ақбе­рен сер­кесі Болат Әбі­лов “чем не Наваль­ный?”. Ол тіп­ті билік­тің “төл бала­сы” бол­ма­са да, “Назар­ба­ев­тың жоба­сы екен”, “Сара­ның інісі екен” деген өсек­шіл қазақ оны қол­да­ды ма? Бұл қаза­ққа Бутя­дан асқан қан­дай Наваль­ный керек еді?!

Қаза­қстан­дық Наваль­ный шығуы үшін қан­дай фак­тор қажет деген­де, мен бірін­ші кезек­те аза­мат­тың таза ниетіне халы­қтық сенім фак­то­ры қажет дер едім. Біз билік итар­шы­ла­ры­ның айтақта­уы­мен адал ниет пен арам пиғыл­ды айы­ра алмай­тын қоға­мға айнал­дық. Аза­мат­ты арқа рухы мен көз­жа­нар жалы­ны­нан тани­тын ежел­гі қаза­қты жоғал­тып алдық. Бүгін­гі қазақ сая­сат тех­но­ло­ги­я­сы­ның құлы­на айна­лып бара­ды. Мені осы кері кет­кен үрдіс қын­жы­л­та­ды. Қаза­қстан­дық Наваль­ный­ды шарқ ұрып ізде­удің аста­рын­да біздің сая­си надан­ды­ғы­мыз жатыр!

  • «Қаза­қстан­да Наваль­ный­ға ұқсас тұлға қазір бар ма? Оған кімдер­ді ұқса­туға бола­ды?» – дей­ді менен ком­мен­та­рий сұраған тілші.

Әрине бар! Жанып тұрған жас жігіт Жан­бо­лат Мамай бар. Бірақ біз тағы да “Жан­бо­лат – билік­тің жоба­сы” деген қау­е­сет­ке елі­гіп, ол шақы­рған митин­гі­ге 200–300 адам­нан артық бар­май­мыз. Сөй­те тұра, тағы да қаза­қтың Наваль­ный­ын шарқ ұрып іздей­міз. Ол Наваль­ный қай­дан шыға­ды, егер біз екінің бірі­нен өзі­міз­ге вир­ту­ал­ды дұшпан жасап алсақ?!

Сол сияқты Мұх­тар Әбля­зов ресей­лік Наваль­ный­дан ешбір кемісті­гі жоқ тұлға. Бірақ біз тағы да “Әбля­зов БТА-бан­кінің 6 мил­ли­ард дол­ла­рын ұрлап кет­кен тона­у­шы” деген билік­тің был­шыл­дағы­на сене­міз. Бұл тұп-тура сая­си надан­дық бол­маған­да – не?!

Қаза­қтың Наваль­ныйы бола­тын тағы бір жігіт – Әлнұр Іли­я­шев! Осы өткен сай­ла­удың алдын­да «Оку­пай «Нур отан» деген ұран көтеріп, билік пар­ти­я­сы­ның Алма­ты қала­лық фили­а­лын басып алған Әлнұр нақақ жала­мен сот­та­лып жатқан­да, бұл қазақ оны қорға­уға шықты ма?! «Елім!» деген ерді қорға­уға жара­ма­сақ, сан­да­лып, Наваль­ный іздеу не теңіміз?! 

Был­ты­рғы нара­зы­лық қозға­лы­сы кезін­де жеке дара пикет­ке шығып, алты рет абақты­ға жабы­лып, жал­пы жиы­ны 90 күн­нен астам қамауда оты­рған Асхат Жек­се­ба­ев деген жалын­ды жігіт екі айдан бері Алма­ты «СИЗО»-сында жатыр. Сол аза­матқа құқы­ққорға­у­шы бел­сен­ділер­ден басқа ара­ша түс­кен қазақ бар ма? Сөй­те тұра, енді неге Наваль­ный­ды іздей­міз біз? Біздің көш­ба­ста­у­шы жігіт­тер қамауда жатқан жоқ па?!

  • «Ресей­де­гі про­те­стік көңіл-күй Қаза­қстанға қалай әсер етпек?» деген тіл­шінің сұрағы­на не дейін?

Мәске­удің ауа-райы 2–3 күн­де Қаза­қстанға да келеді деген табиғи-халы­қтық таным бар. Осы табиғи құбы­лыс биы­лғы көк­тем мен күз­де сая­си құбы­лы­сқа айна­лып, біз­ге де келеді. Оның үстіне, Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы Қаза­қстан билі­гінің сыр­тқа тыққан бай­лы­ғын Наваль­ный­дың нұсқа­сы­мен қопра­уды қолға алды. Осы науры­зға дей­ін Баты­стағы пар­ла­мент­тер­дің бірін­де «Маг­нит­ский тізі­мі» ресми қол­да­уға ие болып, нара­зы­лық нөпіріне қосым­ша қуат береді деген болжам бар. Қысқа­сы, «Кіта­п­ха­на­ның» халы­қ­пен «тышқан-мысық» ойы­ны осы­ла­тын күн алыс емес.

Ал Ресей­де­гі нара­зы көңіл-күй­дің Қаза­қстанға қарай үде­ре көшуіне билік пен қоғам қалай дай­ын­да­ла­ды – ол басқа мәсе­ле. Билік қан­дай қам жасай­ды: репрес­си­я­ның бұран­да­сын қыса түсе ме, жоқ әлде халық күт­кен рефор­ма­лық өзгерістер­ге бет бұра ма; қоғам қаза­қстан­дық Наваль­ный­ды шұғыл тауып алып, оның соңы­нан ере ме?

Гәп осы екі сұрақтың жауабында.

  • Келесі сұрақ: «Біз­де Наваль­ный сияқты зерт­теу жаса­уға, шене­унік­тер­дің бай­лы­ғын ашып көр­се­ту­ге мүм­кін­дік бар ма? Ол үшін не керек?».

Әрине ізден­ген және сол ізденіс жолын­да жал­тар­маған, қуда­ла­удан қоры­қ­паған адам үшін мүм­кін­дік бар. Ондай зерт­теу-тек­се­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу үшін жур­на­лист болу шарт емес. Басты­сы – ақиқатқа адал адам болуың керек.

Ал біз­де Наваль­ный сияқты зерт­теу жаса­уға тұра­тын тақы­рып жыр­ты­лып-айы­ры­ла­ды. Аға­сы мен қарын­даста­рын айт­паған­да, бір Болат Назар­ба­ев­тың биз­нес импе­ри­я­сын ақта­рып, оған біт­кен бай­лы­қтың қоя­сын қопа­руға бола­ды. Алма­ты­ның төңіре­гі мен Ала­та­удың ете­гін­де Назар­ба­ев­тың інісі сал­ды­рған сарай­лар Наваль­ный­дың нұсқа­сын­дағы тақы­ры­пқа пара-пар бола­ды деп ойлаймын.

Ең басты­сы – билік­ті уысы­нан шығар­май, Тоқа­ев­тың ту сыр­ты­нан елді шең­гелін­де ұстап оты­рған Назар­ба­ев­тың бай­лы­ғы 200 мил­ли­ард дол­лар бола­ды деген ашық ақпа­рат интер­нет иірі­мін­де өріп жүр. Егер осы деректің дәй­е­гі ақта­ры­ла­тын бол­са, біз­ге Ресей­де­гі нара­зы­лы­қтың нағыз көкесі сон­да келеді.

  • «Наваль­ный­дан Қаза­қстан билі­гі жасқа­на ма, қалай ойлай­сыз» – дей­ді Bugin.kz тіл­шісі.

Несіне қорқа­ды? Бірін­ші­ден, Наваль­ный­ға Ресей мен Путин­нің тақы­ры­бы­нан асқан қызық қажет емес. Екін­ші­ден, Наваль­ный­дың мақ­са­ты – Ресей режи­мін құла­ту, оған Қаза­қстан мен Назар­ба­ев­тың қажеті жоқ. Пут­ин­дік режим бүгін құлай­тын бол­са, ертең Назар­ба­ев­тың режи­мі тоңқа­лаң аса­ды. Біз­де­гі тота­ли­та­риз­мнің бірін­ші тіре­гі – Путин пат­ша. Ол кет­кен күні Назар­ба­ев Қытай­дан табы­луы мүмкін…

Қаза­қстан билі­гі Наваль­ный­дан емес, парақор­лық пен жемқор­лы­қтан қажы­ған халы­қтан қорқуы керек. Ақор­да­ны айдап салып оты­рған «Кіта­п­ха­на» елде­гі ере­ге­сті ушы­қтыр­май­ын десе, шұғыл ара­да нақты сая­си рефор­ма­ны қолға алуы тиіс. Той­ған тоқты­дай том­пиған Тоқа­ев халы­қты «бала­ның ойын­шы­ғы­мен» алдан­ды­рған­ды қой­ып, өзінің назыз пре­зи­дент екені рас бол­са, түбе­гей­лі өзгерістер­ге бет бұрға­ны жөн бола­ды. Қорқы­ны­штың көкесі осы ара­да бұғып жатыр. Ол әзір­ге ғана бұғып жатыр, ертең жанар­тау сияқты атқы­ла­уы мүм­кін. Нәти­же­сі неғай­был тең­селіс сон­да болады…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн