fbpx

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, исламтанушы ғалым, PhD докторы: ДІНДІ САЯСАТҚА қолжаулық ету – АУЫР КҮНӘ!

1.Мұхамеджан! Әркім өзінің табиға­ты мен сана-сезі­міне қарай әре­кет ете­ді.

Адам не айтып, не істе­се де – өзіне істей­ді. Бірақ өтініш, сасық сая­са­тың мен жағым­паз­ды­ғы­ңа асыл діні­мізді ара­ла­стыр­ма­шы! Ақсақа­лы­ң­ды сақа­лы­нан сүй­реп, ақ ора­мал­ды әжеңнің құй­ым­шағы­нан тебесің бе, ол сенің шару­аң, сенің жет­кен жерің!

Қағ­ба­да адам­дарға кедер­гі кел­тіріп, намаз оқы­ған­дарға поли­ция бір рет ескерт­кен­нен кей­ін, құй­ым­шағын сын­ды­ра жаз­дай­тын­дай етіп, құй­ры­ғы­нан қат­ты тебеді деп­сің. Теп­се, адам­гер­шілік­тен айнып, пат­ша­сы­на табы­нып оты­рған Сауди­яң­дағы кей­бір поли­ци­я­ла­рың тебетін шығар. Бірақ мұн­дай айу­ан­ды­қты ислам тұр­мақ, көкіре­гін­де азған­тай адам­ды­ғы бар кез кел­ген адам жаса­май­ды. Жасай да алмай­ды!

«Бұған бүкіл ислам ғұла­ма­ла­ры пәтуа бер­ген», – деп, айды аспан­нан бір-ақ шыға­рып­сың. «Адам­дарға кедер­гі кел­тіріп, намаз оқы­ған адам­ды құй­ым­шағын сын­ды­ра­тын­дай етіп тебу­ге бола­ды», – деген хай­у­а­ни әре­кет­ті қай ғұла­ма құп­тап­ты?! Бүкіл ислам әле­мі ғұла­ма­ла­рын былай қой­ып, бір ғалым­ның атын ата­шы! Айта алмай­сың. Өйт­кені бұл қып-қызыл өтірік. Енде­ше дін­нің атын жамы­лып, өтірік айту, дін­ді сая­сатқа қол­жа­улық ету – ауыр күнә!

Діні­мізді сүй­кім­сіз етіп көр­се­ту­ге, халы­қты дін­нен без­діру­ге сенің қан­дай хақың бар?! Сасық сая­са­ты­ңа, жер­кені­шті жағым­паз­ды­ғы­ңа дін­ді ара­ла­стыр­ма­шы! Өтініш!

2. Мұха­меджан бауы­рым­ның ақта­лып жазған постын оқы­дым. Мені қате ақпа­ратқа алда­ну­дың нәти­же­сін­де эмо­ци­я­мен өзіне қар­сы пікір жазып­ты деген сыңай­да әңгі­ме айтып­ты.

Оу, Мұха­меджан бауы­рым, сөз­деріңе қар­сы шығып, саған рен­жі­ген мен ғана емес, бүкіл халық екенін жақ­сы білесің. Бұл еке­уміздің ара­мы­здағы жеке бастың дауы емес. Мон­таж­далған деп­сің. Ненің мон­таж, ненің шан­таж екенін ажы­ра­та ала­тын­дай жаста­мын деп ойлай­мын. Кез кел­ген ұзақ видео қысқар­ты­лып салы­на­ды. Егер қысқар­тқан­да, мағы­на өзгеріп кет­се, онда өзің­мен толық келі­се­мін. Тіп­ті өзіңді қорғай­мын.

Бірақ не айтқың кел­гені ап-анық тұр ғой. «Мек­ке­де намаз оқы­ған адам­ды жам­ба­сы­нан оңдыр­май тебу­ге рұқ­сат беріп қой­ған дін – қан­дай дін?» деген күдік­ті сау­ал әркім­нің ойын­да қал­ды. Қаси­ет­ті Қағ­ба алдын­да кей­бір адам­дар­дың Аллаға беріліп кетіп, қолай­сыз жер­ге намаз оқы­ға­нын шешудің құй­ым­шаққа қат­ты тебу­ден басқа өрке­ни­ет­ті, адам қадірін кетір­мей­тін басқа мәде­ни­ет­ті жолы жоқ па сон­да?

Міне, осы сөз­дер­мен дін­нің қадірін кетір­дің, сая­сатқа қол­жа­улық еттің. Және бұл сөзіңді, яғни діни аргу­мент­ті көше­ге шыққан халы­қты жасы­на қара­ма­стан аямай қамау үшін, поли­ци­я­ны қай­рау мақ­са­тын­да айтқа­ны­ң­ның қай жері мон­таж?

Сосын, көше­ге біреу алда­нып шыға­ды, енді біреу тары­ғып шыға­ды. Қай­сы­бірі әділ­дік іздеп, аза­мат­тық пози­ци­я­сын біл­ді­ру үшін шыға­ды. Поли­ци­яға: «Алаң­дағы халық – біре­уіңнің әкең, біре­уіңнің – анаң, әпке-қарын­да­сың. Мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гін дөрекілік­ке бар­ма­стан сақтаңы­здар. Әсіре­се жасы үлкен кісілер­ге қат­ты кетіп, жағ­дай­ды одан әрі ушы­қты­рып, халы­қты ашын­ды­рып алмаңы­здар» – десеңіз, нағыз жана­шыр­лық, шынайы мем­ле­кет­шіл­дік болар еді.

Талай постым­да да ашық айтып жүр­мін: мен рево­лю­ци­я­ны қол­да­май­мын. Бірақ әділет­сіздік­ті айтуға, жет­кізу­ге тиіс­піз. Әділет­сіздік­ті айтуға тиіс адам­дар тек сарай­ды мадақтаған­ның нәти­же­сін­де мем­ле­кеті­міз­де көп­те­ген былы­қтар орын алып жатыр. Халық өзің­нен тара­зы­ның басын тең ұстап, мем­ле­кеті­міз­де­гі талан-тараж­ды, жемқор­лы­қты, ысы­рап­шыл­ды­қты, әділет­сіздік­ті де айтуы­ң­ды қалай­ды. Бір­жақты уағы­зға халық мезі болған.

Сосын, өзіңе ғана оңа­ша айта­тын, еке­уміздің ара­мы­здағы жеке бастың мәсе­лесі емес қой. Видеоң бар­лық әле­умет­тік желі­де кең тарап, халық мен­сіз де қызу талқы­лып жатқан бола­тын. Мен дін ада­мы ретін­де өз пози­ци­ям­ды біл­дір­дім, қате сөз­деріңді сына­дым.

«Мон­таж» деп ақтал­май-ақ, «кей­бір сөз­дерім мен мысал­да­рым орын­сыз болып­ты, эмо­ци­я­мен айты­лған қате әрі артық сөз­дер екен. Сол үшін халы­қтан кешірім сұрай­мын» – десең, халық басқа­ша қабыл­дар еді. Әрдай­ым халы­қтың жанын­да болуға тиіс өзің сияқты ақы­нға осы жара­сар еді. «Асыл арна­ны» жабуға қаты­сты пікір­лер­ге қосыл­май­мын. Оны қадаға­лап оты­рған мем­ле­кет пен ҚМДБ маман­да­ры бар.

Жан­бо­лат МАМАЙ:

Халы­қтан

КЕШІРІМ

сұра­сын!

 Жаңаө­зен­де жазы­қ­сыз мұнай­шы­ларға оқ атып, ресми түр­де – 16 адам­ды, Шет­пе­де 1 адам­ды поли­ция мерт қылған­да, Мұха­меджан Таза­бе­ко­втың «пәтуа­сы» қай­да болып­ты? Құран­да «1 адам­ның қанын төк­сең, бүкіл адам­затты қырып салған­мен бір­дей» деген қағи­да­ны неге билік­тің есіне сал­ма­ды сон­да?

Ал күні кеше Аста­на­да бір үйдің бес бүл­дір­шіні өртеніп, ата-ана­сы, оны­мен бір­ге бүкіл қазақ жұр­ты қай­ғы жұтқан­да, таза­бе­ко­втер қай­да қал­ды?

Жоқ­шы­лы­қтың тауқы­метіне ұшы­рап, қары­зға батып, үйсіз-күй­сіз, жұмыс­сыз жүр­ген отба­сы­лар­дың про­бле­ма­сы көтеріліп, билік­тің алды­на мәсе­ле қой­ы­лған­да, жаңағы «даны­шпан­дар» неге көрін­беді?

Көп бала­лы ана­лар зар жылап, «бас­па­на­мыз жоқ, қала­ның әр бұры­шын­да сен­деліп жүр­міз» деп әле­умет­тік әділ­дік сұрағын қой­ған­да, «жам­ба­стан тебу­ге шақы­рғы­штар» неге үнсіз қала­ды?

Мұха­меджан Таза­бе­ков­ке айта­рым: егер әділ­дік, ашы­қтық десеңіз, ол мәсе­лені ең бірін­ші мына билік­тің өзіне қой­ы­ңыз! Кеше сіз қай­рап оты­рған поли­ция қыз­мет­кер­лерінің қолын­да авто­мат та, шоқ­пар да, бро­не­жи­лет те, арнайы құрал­дар­дың бәрі бар. Олар үне­мі жат­ты­ғу­дан өтіп, күш­терін сынап оты­ра­ды. Ал көше­ге шығып, әділ­дік талап еткен аза­мат­тың қай­сысы поли­ци­яға қар­сы күш қол­да­нып­ты? Қай поли­ция қыз­мет­керінің басы жары­лып, көзі шығып­ты? Дұрыс, ешқай­сысы­ның! Себебі көше­ге шыққан­дар­дың бар­лы­ғы да бей­біт түр­де әділет­тілік­ті талап еткен сана­лы аза­мат­тар! Олар­дың қолын қай­ы­рып, күш қол­да­нып, ұрып-соға­тын­дай, олар қыл­мыс­кер емес! Өз елін­де, өз жерін­де оты­рған халы­қтың өз пікірін ашық айтуға неге құқы­ғы жоқ? Толық құқы­ғы бар!

Сон­ды­қтан, Таза­бе­ков мыр­за, сіз құдай­дың атын жамы­лып, халы­ққа қар­сы сөз айт­паңыз! Поли­ция қыз­мет­кер­лерін өз халқы­на қар­сы қой­ып, күш қол­да­нуға үгіт­теу – барып тұрған күнә, қыл­мыс!

Ресей билі­гі Укра­и­на жеріне барып, Дон­басс пен Луган­скі­де соғы­сқа қаты­сып жатқан жал­да­ма­лы жауын­гер­лер мен сар­ба­з­дарға өздерінің діни қыз­мет­кер­лері арқы­лы бата беріп, қай­рап оты­ра­ды. Тіп­ті зымы­ран­да­ры­на дей­ін «қаси­ет­ті» сула­рын шашып, дұға­ла­рын оқы­та­ды. Таза­бе­ко­втер­ге де билік дәл осы­ны істет­кен­дей әсер қал­ды­ра­ды. «Ұры­ң­дар, соғы­ң­дар, аямаң­дар!» дегізіп отыр ашы­қтан-ашық. Ал ертең осын­дай­лар­дың уағы­зын тың­дап, ешкім­ді аямай­мын деген қыз­мет­кер біре­уді опат етсе, оның оба­лы кім­де?

Поли­ци­я­ның алды­на шығып: «Халы­ққа қар­сы күш қол­да­ну­дың кере­гі жоқ. Олар да сен­дер сияқты аза­мат­тар. Қай­та тіл табысып, талап­та­рын орын­дап, әділет­сіздік­ті жеңу керек» десе, нағыз мұсыл­ман­ның, құдай жолын­дағы адам­ның сөзі сол болар еді. Әлі де кеш емес. Халы­қтың алды­на шығып, кешірім сұра­сын!

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ,

жур­на­лист:

МЫНАУ КІМГЕ

ақыл айтып жүр?

Дікең-дікең етіп, /Тазабек/ өзі­нен үлкен­ге де ақыл айтып, көсем­сиді екен. Сау­сақ шошай­тып сөй­леу қаза­қта тексіздік сана­ла­ды. Құдай сал­ма­сын, сон­да бұл Мұха­меджан 15 рет не істеп жүр Мек­ке­де? Не деген табыс десең­ші!

Иә, құл­шы­лы­ғың тек өзің үшін! Оны жаһанға жар сап айту мін­дет емес. Ешкім­нің бетін­де адам­ның намаз оқи­ты­ны, садақа бер­гені, ора­за тұтқа­ны, жел­піл­детіп сурет сал­ма­са, мешіт пен Мек­ке­ге барға­ны жазы­лып тұрған жоқ. Олай бол­са, адам­дар­ды иман­сыз деп айтуға да ешкім­нің құқы жоқ! Мұсыл­ман­ды­қты бетіне боқ жаққан­дай, мұрт­сыз сақал қой­ып, қылғы­нып хиджаб киіп, тұм­ша­ланған­мен өлше­месін ешкім.

Мынау /Тазабек/ дүкен­нен азық алып, үйіне вело­си­пед­пен өз жөніне кетіп бара жатқан жігіт­ті сүй­реп апа­рып ұстаға­нын да көр­ме­ген бе? Жаңа­лық қара­маған ба сон­да? Жиналған­дар неғып сұра­маған? Алаңға бар­май-ақ, көше­ден ұстап, қой­ша сүй­реп, тар көлік­ке тоғы­тқан қаза­қтар­ды да «ұр», «өлтір», «жан­шы» деп, ақыл айтып тұр ма мынау сон­да? Оты­рған орны­нан тұрып, екі­лене сөй­ле­ген бұған сау­сағы­ң­ды шошайт­па деген бір адам жоқ зал­да. Нет­кен бей­ша­ра­лық! Бұған қай сыр­тқы күш арма­нын айтып, ары­зда­нып жүр екен? Рұқ­сат сұра­мап па әйте­уір?

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын:

Бұлар исла­мға жау –

«ПРОВАКАТОРЛАР»!

Бұл Мұха­меджан мен Бек­бо­лат (Тіле­ухан) деген­дер­ді діні­мізді бөл­шек­те­у­ге ҚР билі­гі ішін­де жасы­рын жұмыс жасай­тын­дар шыға­рып қой­ған «про­во­ка­тор­лар» екенін жұрт әлі түгел түсін­ген жоқ. Ислам­ды халы­ққа жек­көріні­шті етіп көр­сетіп қою үшін, билік­те­гі жасы­рын жан­сыздар шыға­рып қой­ған өте қауіп­ті тір­шілік иелері бұлар.

Қажы­лы­ққа 15 мәр­те барып келу­ге қара­жат­ты қай­дан алып жүр­генін ойла­нып көр­мей­сің­дер ме?! Ол қажы­лы­ққа 15 мәр­те бар­дым деген­ді де әдейі қажы­лы­қты мазақ қылу үшін жымысқы мыстан­ды­қ­пен айтып отыр.

Ардақ ӘШІМ,

дис­си­дент (Укра­и­на):

БАСТЫ ИДЕОЛОГТАР

ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?

Мұха­меджан Таза­бек депу­тат емес неме­се үкі­мет­тің де ада­мы емес, демек ол ешкім емес деген сөз. Қай­дағы бір дін­нің ада­мы поли­ция мен әске­ри­лер­ге және сту­дент­тер мен оқу­шы­ларға неге уағыз айтып жүр?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – зай­ыр­лы, демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет. Өкі­мет дін­ге ара­лас­пау керек. Дін де мем­ле­кет­тік мәсе­ле­лер­ге ара­лас­па­уы керек. Егер дін­шіл­дер сая­сатқа ара­ла­са­тын бол­са, түбі Қаза­қстан тео­кра­ти­я­лық елге Иран, Ауған­стан неме­се Сауд Ара­би­я­сы секіл­ді хали­фатқа айна­луы мүм­кін.

«Асыл арна» (Сауд Ара­би­я­сы қар­жы­лан­ды­ра­ды) жетек­шісі, елі­міз­ге вахаб­бизм мен сала­физм дінінің негізін қалаған Мұха­меджан Таза­бек неге мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ге барып, әскер­лер­ге, ЖОО, мек­теп­тер­ге, поли­ци­яға барып уағыз айтып жүр? Осын­дай мүм­кін­дік­ті оған кім­дер беріп отыр? ҰҚК/КНБ ме? Мем­ле­кет­тің басты идео­лог­та­ры Марат Тажин қай­да қарап отыр? Дар­хан Кале­та­ев неге осы сұраққа жау­ап бер­мей­ді? Әлде бұлар /салафиттер/ Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті­мен ауыз жаласқан ба? Әлде бұлар­дың басты идео­ло­ги­я­сы вахаб­бит, сала­фит­тер­мен бірі­гіп жұмыс жасап, Мұха­меджан сияқты­ларға Назар­ба­ев­ты «пат­шам, пат­шам» дегізіп қой­ып, хали­фат орна­тып, елі­мізді монар­хи­яға айнал­дыр­мақ­шы ма?

Егер Мұха­меджан Таза­бек­ке осы­лар рұқ­сат бер­ме­се, ол мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің есі­гі­нен де сыға­лай алмас еді. Демек, бұлар сала­фит­тер­дің қол­ты­ғы­на су бүр­кіп, поли­ци­я­ны бей­біт митинг­ке шыққан халы­ққа қар­сы айдап салып, қан­тө­гіс жасағы­сы келіп отыр. Осы әре­кет­тер арқы­лы нағыз аран­да­ту­шы­лық және бей­біт халық пен поли­ци­я­ның ара­сы­на от жағып, ала­у­ы­зды­қты туды­рға­ны үшін неге Мұха­меджан Таза­бек­ке қыл­мыстық іс қозғал­май­ды?

Демек, Мұха­меджан Таза­бек­ке осын­дай мүм­кін­дік­ті беріп оты­рған­дар, ала­у­ы­здық туды­ру мен аран­да­ту­шы­лық қыл­мысын өкі­мет қол­дап отыр деген сөз. Бей­біт митинг­тер мен акци­я­лар және пикет­тер­ді өткі­зу – бұл халы­қтың Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы.

Пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де Тоқа­ев­тың идео­ло­гия бой­ын­ша орын­ба­са­ры Қале­та­ев Дар­хан неге осын­дай бас­сызды­ққа жол беріп отыр? Пре­зи­дент Қ.Тоқаевтың осы сұраққа жау­ап беруін талап ете­мін!

Сон­дай-ақ бұдан кей­ін елі­міз­де діни уағыз­шы­лар­дың мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ге барып, уағыз айтуы­на қатал түр­де тый­ым салы­нуын да талап етуі­міз керек. Елі­міз­де 5 мың­нан астам мешіт­тер бар екен. Уағы­зда­рын олар сол мешіт­тер­ге барып айт­сын.

Құр­мет­ті бауыр­лар, достар, отан­дастар! Сіз­дер де бұдан былай діни уағыз­шы­лар­ды мем­ле­кет­тік мәке­ме­лер­ге – мек­теп­тер, жоға­ры оқу орын­да­ры, поли­ция мен әскер орын­да­ры­на баруы­на қар­сы­лық көр­се­ту­леріңізді сұрай­мын.

Сон­дай-ақ уағыз­шы Мұха­меджан Таза­бек­тің және т.б. діни уағыз­шы­лар­дың қай қалаға, қай күні барып, уағыз өткі­зетін кесте-жос­па­рын мұқи­ят қадаға­лап және осы жер­ге неме­се өз парақ­ша­ла­ры­ңы­зға ашық жари­я­лап оты­ры­ңы­здар! Мұха­меджан Таза­бек 7 қазан күні Тал­ды­қорған қала­сын­да, 9 қазан күні Ақтө­бе­де, 10 қазан күні Шалқар қала­сын­да жастарға уағыз жүр­гі­зеді екен.

Егер де жос­пар бой­ын­ша кез кел­ген қала­да, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мен қоғам­дық орын­дар­да уағыз жүр­гізілетінін біліп қал­саңы­здар, онда сол қала­лар­дың көше­лері мен алаң­да­рын­да және «Обло­но», «Горо­но» меке­ме­лерінің алды­на барып, жастар­дың сана­сын ула­у­ға жол беріп оты­рған басты идео­лог­тар Дар­хан Қале­та­ев пен Марат Тажин­дер­дің отстав­каға кету­лерін талап етіп, акци­я­лар мен митинг­тер ұйым­да­сты­ры­ңы­здар!

Біз­ге орта ғасыр­дың идео­ло­ги­я­сы керек емес деп, көше­ге шығы­ңы­здар! Жастар мен бала­ла­ры­мы­здың сана­сы­ның ула­нуы­на жол жоқ! Сіз­дер­дің ұл-қызда­ры­ңы­здың сана­сы­ның егесі Мұха­меджан Таза­бек емес, сіз­дер – өздеріңіз­сіз­дер. Сон­ды­қтан бала­ла­ры­ңы­здың сана­сын тек өздеріңіз ғана қорғай ала­сыздар!

Орта ғасыр­дың керітартпа/мракобес идео­ло­ги­я­сы­на жол бер­меңіз­дер, қар­сы­лық көр­сетіңіз­дер!

ТАЗАБЕК –

иман­ды­лы­қтың

ТАЖАЛЫ!

2007 жылы мешіт­тің жаны­нан бір­не­ше видео­кас­се­та сатып алғам. Біре­уі «Шын­дық пен Сұм­дық» деп ата­ла­ды. Онда Ясса­уи және Ары­стан­ба­бқа авто­бу­спен барған­дар­ды жан-жақты әшке­ре­лей­ді. Мүм­кін, дұрыс шығар?!

Бірақ соңын­да Ясса­уи кесе­несін көр­сетіп тұрып, жур­на­лист қыз: «Дін­ге берік Сауди­яда мына­дай кесе­не­лер­ге кел­мек түгілі, әлдеқа­шан құла­тып тастар еді» – деп тұр.

Шошып кет­тім. Сон­да бұлар ата-баба­ла­ры­мы­здың зира­тын қират­пақ па?

Соңын­да титр кетіп жатыр: «Редак­то­ры әрі жоба жетек­шісі Мұха­меджан Таза­бе­ков» деген­ді көзім шал­ды.

Сол жыл­да­ры Мұха­меджан­ның қай­наға­сы, ең басты­сы – иде­я­ла­сы Бек­бо­лат Тіле­ухан­ның сұх­ба­ты шықты. Онда шешен­сін­ген Бекең «Абай ада­сты, Шәкәрім шата­сты. Бұрын біз­де шын таухид болған жоқ. Тек тәу­ел­сіздік алған соң, Сауди­ядан келе баста­ды», – деп бөсті.

Сол жыл­да­ры Мұха­меджан мен Бек­бо­лат ата-баба­мы­здың дәстүр­лі дініне күйе жаққан­да­ры аздай, мың­даған қазақ бала­ла­рын алжа­сты­рып жібер­ді. Осы­ларға еріп, таухид­ты баға­лай­тын жер ізде­ген кей жастар Сири­ядан бір-ақ шықты.

Кей­ін­гі үш-төрт жыл­дан бері бұл еке­уі сала­фи­лік­тен бас тар­тқан сияқты көрініп, бұры­нғы «про­кол­да­ры­ның» бәрін «удо­лять» етіп, тіп­ті ұста­зда­ры әрі досы Дарын Муба­ров та бағы­ты­нан қай­тқан сыңай біл­діреді.

Дарын демек­ші, 2011-12 жыл­да­ры болу керек, Қаза­қстан құқық қорға­у­шы­ла­ры оған іздеу салған. Сауди­я­ны саға­лаған.

2013 жыл­да­ры қай­та орал­ды. Оны тың­даған қан­ша­ма жігіт сот­та­лып кетіп еді. Бек­бо­лат пен Мұха­меджан «кру­той» ғой. Ұзта­зда­рын елге алып кел­ді. Қыл­мыстық істері де жабы­лған сияқты. Енді өздері де сала­фи­лы­ғын жасы­ра­тын қал­ге жет­ті. Бұған да шүкір. Бұрын «ада­сты» дей­тін Абай­дан цита­та кел­тіретін дәре­же­ге жет­ті.

Кей­ін­гі жыл­да­ры Мұха­меджан облы­стар­ды ара­лап, жастарға лек­ция оқып жүр. Поли­ци­я­мен кез­де­су­де сөй­ле­гені тіп­ті масқа­ра! Діни теле­ар­на­ның дирек­то­ры бола тұра, қажы­лы­қта поли­ци­я­ның құй­ым­шақтан теп­кен­ді­гі тура­лы өтірік­ті соғып жібер­ді. Өзі сияқты Мек­ке­ге қажы­лы­ққа талай барған­дар Мұқаң­ның жала­сын әшке­ре­леп жүр. 

Енді Мұқаң­ды да түсі­ну­ге бола­тын шығар?! Поли­ци­я­ны қаза­қтың ата-әже­леріне қар­сы қай­ра­уы керек қой… Мұха­меджан поли­цей­лер­ге алаңға шыққан­дар тура­лы «өздері елу пай­ы­зын «жерт­ва» жасап келіп тұр, при­каз­бен бар­ды­ңыз ғой, жасаңыз шару­аңы­зды», – дей­ді.

 Стоп! Қай­дағы «жерт­ва»? Өткен жылы Арме­ни­яда алаң­да жүз мың­даған адам митин­гі­де тұрған­да, «жерт­ва» түгілі жер­ге бір сірің­ке құлаған жоқ қой. Жемқор билік толық отстав­каға кет­ті.

Мұны айла­кер Мұха­меджан­ның біл­ме­уі мүм­кін емес. Қаза­қстан билі­гін­де 1986 жылы қазақ қызда­рын шашы­нан сүй­ре­у­ге бұй­рық бер­генін, 2011 жылы Жаңаө­зен­де халы­қты поли­цей­лер­дің қуып жүріп атқа­нын жақ­сы біледі. Жоға­ры­дағы жиір­кені­штілер­дің сол қылы­ғын қай­та­лау мүм­кін­ді­гін де ойла­сты­рған шығар? 

Бол­ма­са «50 пай­ы­зын «жерт­ва» жасап келіп тұр» деу – жәй сан­ды­рақ емес, Таза­бе­ко­втың арам­за­лы­ғы. Жемқор билік­тің жал­бақайы Мұха­меджан Қаза­қстан әділет­ті мем­ле­кет­ке айна­ла­ды деп қорқа­тын тәрізді. Халы­қтың әл-ауқа­ты көтеріліп, екінің бірі Евро­па­ны ара­лап жүр­се, көп­шілік­тің көзі ашы­лып кет­се, аяр Таза­бе­ков­ке кім алдан­бақ?! 

Жал­пы Мұха­меджан ақыл­ды жігіт. Бірақ өте арам­за. Бұл әлі талай нәр­сені ойлап тауып, халы­қты алда­сты­ра беруі мүм­кін. 

Түсін­ген­ге Таза­бе­ков – иман­ды­лы­қтың, әділет­тілік­тің, зай­ыр­лы­лы­қтың тажа­лы! 

Қаза­ғы­мы­зды аңқау демес­ке шараң жоқ. Осын­дай­лар­дың қан­ша­ма жыл­дан бері әрқи­лы алда­сты­руы­на алда­нып келеді. Кей­біре­улер «әулие» көретін дәре­же­ге жет­кен. Бала­ла­ры­ңыз бен іні-қарын­даста­ры­ңыз осын­дай­лар­дың қақ­па­ны­на түс­пе­сін!

Қар­лы­ғаш САХ

Жари­я­ланған пікір­лер Фейс­бук желісі­нен алын­ды

Республиканский еженедельник онлайн